ҚҰҚЫҚ негіздері



Pdf көрінісі
бет273/389
Дата16.05.2022
өлшемі3,62 Mb.
#34605
1   ...   269   270   271   272   273   274   275   276   ...   389
Бiрiншiден, түрақты белгiлi бiр аумақта орналасқан жердiң бiр бөлiгi; 

Екiншiден, тұйықталған шекарасының болуы; 

Үшiншiден,  заңда  белгiленген  тəртiппен  жер  қатынастары  субъектiлерiне 

бекiтiлiп берiлетiндiгi; 



Төртiншiден,  жер  учаскесiне  құқықтарды  растайтын  арнайы  құжаттарының 

болуы. Мысалы, жер учаскесiне жеке меншiктiң мемлекеттiк актiсi  т.б. 

Жер  учаскесiнiң  екi  түрi  бар.  Ол  бөлiнетiн  жəне  бөлiнбейтiн  жер  учаскесi. 

Бөлiнетiн  жер  учаскесi  дегенiмiз – өзiнiң  нысаналы  мақсатын  өзгертпей  жəне 

өртке  қарсы,  санитарлық,  эколо-гиялық,  құрылыстық  жəне  өзге  де  мiндеттi 

нормалар мен ереже-лердi бұзбай бөлiктерге бөлуге болатын, бөлiнгеннен кейiн 

əрқайсысы  дербес  жер  учаскесiн  құрайтын  жер  учаскесiнiң  түрi.  Егер  бұлай 

болмаған  жағдайда  жер  учаскесi  бөлiнбейтiн  деп  танылып,  жер  учаскесiне 

құқықты куəландыратын құжатта көрсетiледi. 

Жер үлесi дегенiмiз – бiр жер учаскесiне екi немесе одан да көп тұлғалардың 

құқықтары  болған  жағдайда,  сандық  тұрғыдан  анықталған  үлес.  Жер  үлесi 

бiрнеше түрлерге бөлiнедi:  

 ортақ меншiктегi жəне ортақ пайдаланудағы жер үлесi; 



380 

 

қонымды жер үлесi; 



 шартты жер үлесi.  

Екi немесе бiрнеше тұлғаның меншiгiндегi жер учаскесi олар-ға ортақ меншiк 

құқығымен тиесiлi болады. Ортақ меншiктегi немесе ортақ пайдаланудағы жер 

үлесi ортақ үлестiк меншiк құқығында (пайдалану), мысалы: ауылшаруашылық 

серiктестiк-терiнiң  жерге  меншiк  (пайдалану)  құқығы  немесе  ортақ  бiрлескен 

меншiк  құқығында  (пайдалану),  мысалы:  ерлi-зайыптылардың  жерге  меншiк 

(пайдалану) құқығы болуы мүмкiн.  

Қонымды  жер  үлесi  кондоминиум  объектiлерi  болып  табылады. 

Кондоминиум дегенiмiз – жылжымайтын мүлiкке меншiктiң (өзге де құқықтың) 

ерекше  нысаны,  бұл  ретте  жылжымайтын  мүлiктiң  жекелеген  бөлiктерi  жеке 

жəне  заңды  тұлғалардың  бөлек  дербес  меншiгiнде  болады,  ал,  жылжымайтын 

мүлiктiң  бөлек  меншiкке  жатпайтын  бөлiктерi,  оның  iшiнде  жер  учаскесi  де, 

оларға  ортақ  үлестiк  меншiк  құқығымен  тиесiлi  болады  жəне  бөлек 

меншiгiндегi  жылжымайтын  мүлiк  бөлiктерiне  құқықтардан  ажыратылмайды.  

Мысалы: көп пəтерлi үйдiң ауласы, шатыры, баспалдақ алаңы, лифт т.б. 

Шартты  жер  үлесi  дегенiмiз – таратылған  немесе  қайта  ұйымдастырылған 

ұжымшар  мүшелерiнiң,  мемлекеттiк  емес  болып  қайта  құрылған  мемлекеттiк 

ауыл шаруашылығы ұйымдары қызметкерлерiнiң сандық тұрғыдан анықталған 

үлесi.  

Ғалым 


Ə.Е. 

Бектұрғановтың 

пiкiрiнше, 

құқықтық 

қатынасқа 

қатысушылардың  барлығы  бiрдей  құқық  субъектiсi  бола  бермейдi.  Құқық 

нормалары  құқықтық  қатынасқа  қатысушылардың  құқықтық  жағдайын 

белгiлеп, 

олардың 

мəртебесiн, 

керек 

болса, 


құқықтық 

қатынасқа 

қатысушылардың  мүмкiншiлiктерiн  де  белгiлеп  бередi.  Жер  құқығы 

қатынастарының  субъектiсi  кез  келген  тұлға  бола  алмайды,  тек  əрекет  етушi 

заңмен  анықталған  құқықтар  мен  мiндеттерге  ие  жəне  құқықтық  қатынастарға 

қатыса  алатын  тұлғалар  ғана  болуы  мүмкiн.  Сондай-ақ  ол  құқықтарға  ие  болу 

деңгейi  жер  құқығы  қатынастарындағы  субъектiлердiң  құқықтық  дəрежесiн 

анықтауда негiзгi өлшем болып табылады.  

Жер құқығы қатынастары субъектiлерiнiң құқық көлемi мынадай жағдайларға 

тəуелдi болады: 

– субъектiнiң түрiне; 

– субъектiнiң заңи маңызы бар əрекетiне;  

– аталған жер құқығы қатынастарының ерекшелiгiне; 

–  құқық қатынастары субъектiсiнiң өз функциясын  жүзеге  асыру  жағдайына 

байланысты болады. 

Жер  құқығы  қатынастары  субъектiлерiнiң  қатары,  мазмұны  жəне  олардың 

құқықтарының ара-қатынасы елдегi жер саясаты жəне əлеуметтiк-экономикалық 

қайта құрулар сипатына тəуелдi өзгерiп отырады. 




381 

 

Кеңес  одағы  кезiнде  мемлекет  жерге  меншiк  құқығы  қатынас-тарының 



айрықша  жеке  субъектiсi  болғаны  бəрiмiзге  аян.  Ал,  жерге  жеке  меншiк 

институтын  енгiзген  соң  жерге  меншiк  құқығы  қатынастарының  субъектiлерi 

қатарына жеке тұлғалар мен мемлекеттiк емес заңды тұлғалар қосылды. 

Қазiргi кезде мемлекет заң бойынша жеке меншiкке берiл-меген жəне беруге 

болмайтын  жер  қорына  меншiк  құқығын  сақтап  отыр.  Мiне,  осыған  сəйкес, 

мемлекет жерге мемлекеттiк меншiк құқығы қатынастарының субъектiсi болып 

табылады.  Жер  құқық  қатынастарының  субъектiлерi  дегенiмiз – жер  құқығы 

қатынастарына қатысушылар болып табылатын жəне соған орай құқықтары бар 

əрi  осы  құқық  қатынасында  мiндеттер  атқаратын  жеке  жəне  заңды  тұлғалар, 

мемлекет.  Мысалы:  мемлекеттiк  органдар,  жердiң  меншiк  иелерi,  жер 

пайдаланушылар,  қазақстандық  тұлғалар,  шетелдiк  тұлғалар,  халықаралық 

ұйымдар жəне т.б. 

Жер құқық қатынастарының мазмұны дегенiмiз – жер құқық қатынастарына 

қатысушылардың  заңдармен  белгiленген  немесе  реттелген  құқықтары  мен 

мiндеттерi. Бұл тұжырым бiр-бiрiмен байланысты үш элементтен тұрады: 

2.  


Жер  құқық  қатынастарына  қатысушылар  (субъектiлер-жерге  меншiк 

иелерi,  жер  пайдаланушылар,  жер  құқық  қатынастарын  реттеушi  мемлекеттiк 

органдар); 

3.  


Жер 

құқық 


қатынастарына 

қатысушылардың 

(субъектiлер-дiң) 

құқықтары  мен  мiндеттерiн,  өкiлеттi  органдардың  өкiлдiк-терiн  реттейтiн 

заңдардың (өкiлдi жəне атқарушы органдардың құзыреттерi туралы) нормалары;  

4.  


Заңдарда  жəне  заңи  құжаттарда  белгiленген  жер  құқық  қатынастарына 

қатысушылардың құқықтары мен мiндеттерi. 

Осындай  жайттардан  шығатын  жер  құқығы  қатынастары  субъектiлерiнiң 

құқықтарын  былайша  жiктеуге  болады:  əрекет  немесе  əрекетсiздiк  ретiнде 

көрiнетiн  белгiлi  бiр  мiнез-құлыққа  жататын  құқық.  Мысалы,  Жер  кодексiнiң 

64-бабының 1-тармағына  сəйкес,  жер  учаскесiнiң  меншiк  иесi  осы  жерден 

дербес  шаруашылық  жүргiзуге  жəне  бұл  шаруашылық  жүргiзудiң 

коммерциялық  құпиясы  туралы  мəлiметтердi  басқа  тұлғаларға  бермеуге 

құқылы.  Бiрiншi  жағдайда,  əрекетке  құқық,  екiншi  жағдайда,  əрекетсiздiкке 

құқық жүзеге асырылады. 

Жалпы,  жер  құқығы  қатынастары  субъектiлерiнiң  барлық  құқық  түрлерi 

субъективтi  сипатқа  ие  болуымен  қатар,  субъек-тiнiң  еркiне  толық  тəуелдi 

болып табылады.  

Ал,  ендi  жер  құқығы  қатынастары  субъектiлерiнiң  мiндеттерi  дегенiмiз – 

заңмен  анықталған  басқа  тұлғаның  субъективтi  құқығына  сəйкес  мiндеттi 

тұлғаның мiнез-құлқының заңмен анықталған түрi мен көлемi.  

Жер  құқығы  қатынастары  субъектiлерiнiң  мiндеттi  мiнез-құлқы  мынадай 

сипатта көрiнедi: 

– қандай да бiр əрекеттi жасау мiндетi (белсендi мiндет); 



382 

 

– қандайда бiр əрекеттi жасамау мiндетi (бəсең мiндет). 



Жер  құқығы  қатынастарының  субъектiлерiнiң  құқықтары  мен  мiндеттерi 

иеленушiлерге  қарай  жалпы  жəне  арнайы  болып  екiге  бөлiнедi.  Бұл  құқықтар 

мен  мiндеттер  жер  құқығы  қатынастары  субъектiлерiнiң  бəрiне  тəн  құбылыс. 

Сондай-ақ,  бұл  субъектi-лердiң  жекелеген  санаттарына  тəн  арнайы  құқықтар 

мен  мiндет-тер.  Қазақстан  Республикасы  Жер  кодексiне  сəйкес,  жер  меншiк 

иелерi мен жер пайдаланушылардың бiрқатар құқықтары мен мiндеттерi бар. 

Жер  учаскелерiнiң  меншiк  иелерi  мен  жер  пайдаланушылардың  жер 

учаскелерiн пайдалануға құқықтары:  

1) жер учаскесiн оның нысанасынан туындайтын мақсатта пайдалана отырып, 

жерде дербес шаруашылық жүргiзу;  

2)  ауыл  шаруашылығы  жəне  өзге  де  дақылдар  мен  екпелер  себу  мен 

отырғызуға, өндiрiлген ауыл шаруашылығы өнiмi мен жер учаскесiн пайдалану 

нəтижесiнде алынған өзге де өнiмге жəне оны өткiзуден түскен табысқа меншiк, 

шаруашылық жүргiзу, оралымды басқару;  

3)  өз  шаруашылығының  қажеттерi  үшiн  жер  учаскесiнде  бар  құмды,  сазды, 

қиыршық  тасты  жəне  басқа  да  кең  таралған  пайдалы  қазбаларды,  шымтезектi, 

екпелердi, жер үстi жəне жер асты суларын, кейiннен мəмiлелер жасасу ниетiн 

көздемей,  белгiленген  тəртiппен  пайдалану,  сондай-ақ  жердiң  өзге  де  пайдалы 

қасиеттерiн пайдалану;  

4)  жер  учаскесi  мемлекеттiк  қажеттiктер  үшiн  алып  қойылған  (сатып 

алынған) жағдайда келтiрiлген шығынды толық көлемiнде өтетiп алу;  

5)  жердi  аймақтарға  бөлудi  ескере  отырып,  меншiк,  шаруашылық  жүргiзу, 

оралымды басқару құқығымен жер учаскесiнiң нысаналы мақсатына сəйкестiкте 

тұрғын  үйлер,  өндiрiстiк,  тұр-мыстық  жəне  өзге  де  үйлер  (құрылыстар, 

ғимараттар) салу;  

6)  белгiленген  құрылыс,  экологиялық,  санитарлық-гигиеналық  жəне  өзге  де 

арнаулы  талаптарға  сəйкес,  суландыру,  құрғату  жəне  өзге  де  мелиорациялық 

жұмыстар жүргiзу, тоғандар мен өзге де су айдындарын жасау құқығы бар.  

Жер  учаскелерiнiң  меншiк  иелерi  мен  жер  пайдаланушылардың  жер 

учаскелерiн пайдалану жөнiндегi мiндеттерi:  

1)  жердi  оның  нысаналы  мақсатына  сəйкес,  ал,  уақытша  жер  пайдалану 

кезiнде – жер учаскесiн беру актiсiне немесе жалдау шартына (өтеусiз уақытша 

жер пайдалану шартына) сəйкес пайдалануға;  

2) санитарлық жəне экологиялық талаптарға сəйкес, өндiрiс технологияларын 

қолдануға,  өздерi  жүзеге  асыратын  шаруашылық  жəне  өзге  де  қызмет 

нəтижесiнде  халықтың  денсаулығы  мен  қоршаған  ортаға  зиян  келтiруге, 

санитарлық-эпидемиологиялық,  радиациялық  жəне  экологиялық  жағдайдың 

нашарлауына жол бермеуге;  

3) жердi қорғау жөнiндегi iс-шараларды жүзеге асыруға;  



383 

 

4)  жер  салығын,  жер  учаскелерiн  пайдалану  төлемақысын  жəне  Қазақстан 



Республикасының заңдары мен шартта көзделген басқа да төлемдердi уақытылы 

төлеуге;  

5)  жануарлар  дүниесiн,  орман,  су  жəне  басқа  да  табиғи  ре-сурстарды 

пайдалану  тəртiбiн  сақтауға,  жер  учаскесiнде  орна-ласқан,  Қазақстан 

Республикасының  заңдарына  сəйкес,  мемлекет  қорғауындағы  тарих,  сəулет 

ескерткiштерiн,  археологиялық  мұра  мен  басқа  да  объектiлердi  қорғауды 

қамтамасыз етуге;  

6) жер учаскесiнде шаруашылық жəне өзге де қызметтi жүзеге асыру кезiнде 

құрылыс,  экологиялық,  санитарлық-гигиеналық  жəне  өзге  де  арнаулы 

талаптарды (нормаларды, ережелердi, нормативтердi) сақтауға;  

7)  мемлекеттiк  органдарға  Қазақстан  Республикасының  жер  заңдарында 

белгiленген жердiң жай-күйi мен пайдаланылуы туралы мəлiметтердi уақытылы 

табыс етiп отыруға;  

8) басқа меншiк иелерi мен жер пайдаланушылардың құқықтарын бұзбауға;  

9)  топырақтың  ластануына,  қоқыстануына,  тозуына  жəне  оның 

құнарлылығының  нашарлауына,  сондай-ақ  топырақтың  құнарлы  қабатын 

сыдырып  алу  құнарлы  қабаттың  бiржола  жоғалуын  болғызбау  үшiн  қажет 

болған жағдайларды қоспағанда, басқа тұлғаларға сату немесе беру мақсатымен 

оны сыдырып алуға жол бермеуге;  

10)  Қазақстан  Республикасының  Жер  кодексiнде  көзделген  тəртiппен 

сервитуттар берудi қамтамасыз етуге мiндеттi. 

Жер  құқығы  қатынастары  субъектiлерiнiң  құқықтары  рұқсат  ету  нормалары 

арқылы  көрiнiс  табады.  Олардың  мiндеттерi  шектеу,  тыйым  салу  нормалары 

арқылы iске асады. 

Ал ендi жер құқық қатынастарын төмендегiдей бөлiп қарастырамыз: 

1) материалдық жер құқық қатынастары құқық субъектi-лерiнiң тiкелей жерге 

қатысты құқықтары мен мiндеттерiн анықтаушы нормаларды құрайды. Басқаша 

айтқанда,  бұл  құқықтар  құқық  нормасымен  қарастырылған  құқықтар  мен 

мiндеттердi жүзеге асыру арқылы қалыптасады. Мысалы, жер учаскесiн кепiлге 

салу  (ҚР  ЖК-нiң 76-бабы),  жер  учаскесiн  оның  нысанынан  туындайтын 

мақсатты  пайдалана  отырып,  жерде  дербес  шаруашылық  жүргiзу  (ҚР  ЖК-нiң 

64-бап, 1-тармақ, 1) тармақшасы,  басқа  меншiк  иелерi  мен  жер 

пайдаланушылардың  құқықтарын  бұзбау  (ҚР  ЖК-нiң 65-бап, 1-тармақтың 8) 

тармақшасы; 

2)  жер  процессуалдық  құқықтық  қатынастар  материалдық  құқықтық 

қатынастардың  пайда  болуын,  тоқтатылуын  жəне  жүзеге  асыру  тəртiбiн 

анықтайтын  нормаларда  көрiнедi.  Яғни,  құқықтық  реттеуге  жер  құқық 

қатынастары    түспейдi,  оларды  жүзеге  асыру  тəртiбi  түседi.  Оған  жерге 

қатысты  мəмiленi  тiркеу  тəртiбi  жатады.  Жердi  сатып  алу-сату  шарты  жер 



384 

 

ресурстарын басқаратын өкiлеттi органның тиянақты тексеруiнен кейiн мiндеттi 



түрде тiркелуге жатады. 

Сонымен  қатар,  Жер  кодексiнiң 69-бабының 1-тармағына  сəйкес,  жеке 

меншiк  иесi  немесе  жер  пайдаланушы  көршi  жер  учаскесiне  жеке  меншiк 

немесе  жер  пайдалану  құқығының  субъектiсiнен,  ал,  қажет  болған  жағдайда 

өзге  учаскеге  де  жеке  меншiк  немесе  жер  пайдалану  құқығының 

субъектiлерiнен  осы  учаскелердi  шектеулi  пайдалану  құқығын  (жекеше) 

сервитут  табыстауды  талап  етуге  құқылы.  Мiне,  осылардың  барлығы    жердiң 

процессуалдық құқық қатынастары  арқылы жүзеге  асырылады. 

3)  Реттеушi  жер  құқық  қатынастары    заңи    жауапкершiлiктi  қолдануға 

байланысты  емес  жер  құқық  қатынастарын  жүзеге  асыру  процесiнде 

қалыптасады.  Мысалы,  Жер  кодексiнiң 85-бабына  сəйкес,  егер  меншiк  иелерi 

немесе мемлекеттiк емес  жер пайдаланушылар жер пайдалану құқығын сатып 

алған болса, жер учаскелерiн мемлекеттiк қажеттiктер үшiн   олардан алып қою 

Жер  кодексiне,  ал  онымен  реттелмеген  бөлiгiнде  Қазақстан  Республикасының 

өзге де заң актiлерiне сəйкес сатып алу тəртiбiмен жүзеге асырылады. 

Бұл  шара  мемлекет  тарапынан  қолданылған    санкцияны  бiлдiрмейдi, 

керiсiнше  заңда  қарастырылған    жағдай  мен  тəртiпте    жүзеге  асырылады. 

өйткенi,  меншiк  иесiнiң  шеккен  шығындарының  барлығы  өтеледi.  Бұл 

құқықтық  қатынастар  реттеушi  жер  құқық  қатынастары  нысанында  жүзеге 

асырылады, себебi мұндай алып қою қандай да бiр жер құқық  нормаларын бұзу 

болып табылмайды. 

4)  Қорғаушы  жер  құқық  қатынастары  жасалған  құқық  бұзушылыққа 

жауапкершiлiк шарасын қолдануға  байланысты пайда болады. Мəселен, жердiң 

құнарлы қабатын химиялық заттар шығарып тастау арқылы нашарлатқан заңды 

тұлғалар,  заң  актiлерiне  сəйкес  əкiмшiлiк  жауапкершiлiкке  тартылады.  Кейбiр 

жағдайда  осындай  құқық  бұзушылықтан  басқа  құқық  салаларымен 

қарастырылған қорғау қатынастары туындайды.  

Қорғау  құқық  қатынастары    жер  заңының  бұзылуының  барлық  жағдайында 

пайда  болады.  Мысалы,  жердiң  нысаналы  мақсатын  заңсыз  өзгерту  жер 

учаскесiн  алып  қоюға  негiз  болады  (жер  құқығы  жауапкершiлiгi);  келтiрiлген 

залалды өтеу (азаматтық құқықтық жауапкершiлiк; айып төлеудi қолдану (əкiм-

шiлiк құқықтық жауапкершiлiк). 

Жер  құқық  қатынастарының  жiктелуi  қосымша  келесiдей  негiздер  бойынша 

жүзеге асырылады:  





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   269   270   271   272   273   274   275   276   ...   389




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет