50 Температураның микробтардың өсуіне әсерін айтып беріңіз. Микроорганизмдерге температураның әсері. Ортаның температурасы — микроорганизмдерге әсер ететін негізгі факторлардың бірі. Өсімдіктер мен жануарлардан микроорганизмдердің айырмашылығы — микроорганизмдер температураның өзгеруіне төзімді келеді. Мәоелен, пішен таяқшасы +5 — 57°, кәптеген сапрофит бактериялар +20—35° арасында тіршілік етуге бейімделген. Бірақ ауру қоздырушы паразит микроорганизмдердің басым кәпшілігі тірі организмде, солардың дене қызуының шамасында +35 —Зб°-та тіршілік етеді.
Әр түрлі микроорганизмдер топтары үшін температураның үш нүктесі бар. Олар оптимальды, максимальды және минимальды температуралар.
Оптимальды температурада микроорганизмдерге ең қолайлы жағдай туады. Бірақ көптеген спора түзуші микроорганизмдердің әніп-өсуі мен олардың споралар түзуі қажетті оптимальды температураға үнемі сәйкес келмейді. Мәоелен, өсіп дамуы үшін + 37° керек болса, олардың спора түзуге қажетті температурасы +■31°. Сүт қышқылы бактерияларыкың оптимальды температурасы + 25—30°, ал термофильді микроорганизмдер үшін +45° шамасын-да болады.
Минимальды температура — бүл тіршілікке қажетті температураның ең тәменгі шегі. Ал температура бұдан темендесе, микроорганизмдер тірщілік ете алмайтын болады. Максимальды температура микроорганизмдер тіршілік ететін температураның жоғарғы шегі. Бұдан жоғарыласа микробтар тіршілік ете алмайды. Әдетте ортаның температурасы минимальды жағдайдан тәмендегенде микробтар кейбір жануарлардың қысқы ұйқыға кеткені тәрізді күйге душар болады. Мұны микробтардың анабиозы деп атайды.
Осы көрсетілген тіршілікке керекті температураның үш нүктесі әр түрлі микроорганизмдер үшін түрліше болады. Оны 4-таблицадан байқауға болады.
Лаборатория жағдайында микроорганизмдерді оптимальды температурада өсіреді. Мәселен, ауру қоздырушы — патогенді микробтарды термостаттарда (микробтарды есіретін арнаулы құ.—рал) +36 — 37°-та өсіреді.
Әр түрлі температураға бейімделулеріне байланысты барлық микроорганизмдерді психрофильді, мезофильді және термофильді деп үш топқа бәледі Психрофильді, яғни салқын сүйгіш микроорганизмдер, төменгі температурада жақсы тіршілік етеді. Олар үшін оптимальды температура -\-10°, минимальды 10° пен 0° арасында, ал максимальды температура +30° шамасында болады. Бүл топқа кейбір шіріту бактериялары, зең саңырауқүлақтары, суларда тіршілік ететін бактериялар және кейбір темір бактериялары жатады. Сонымен қатар бүл топқа тоңазытқышта сақталатын, тағамдарды бүлдіретін кейбір микробтар да жатады.
Мезофильді бактериялар, орташа температурада тіршілік етедз. Бүл топқа көптеген сапрофит, шіріту бактериялары, барлық ауру қоздырушы — патогендік микроорганизмдер мен зең саңырауқұлақтары жатады. Бұлардың өсуіне қажетті оптимальды температура +30°, минимальды температура +10°, ал максимальды температура + 43—50° шамасында болады.
Термофильді бактериялар, едәуір жоғары температурада тіршілік етеді, оларды жылу сүйгіш микроорганизмдер деп те атайды. Оларға қажетті оптимальды температура +50—60°, минимальды + 30° және максимальды +70—80° шамасында болады. Бұл топқа жататын микроорганизмдер ыстық бүлақтарда, өздігінен қызған дәндерде, шөпте және көңде кездеседі. Олардың көпшілігі +85° температурада өлмейді, Осы топқа көрсетілген микроорганизмдерден басқа көптеген топырақ бактериялары, актиномицеттер, микроскоптық саңырауқүлақтар (пеницилл, аспергилл т. б.) жатады