I теоретические основы логопедии



Pdf көрінісі
бет49/256
Дата26.01.2022
өлшемі5,47 Mb.
#24344
түріОқулық
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   256
С  дыбысы  артикуляциясына  тән  қалыпқа  кейін  шегінеді,  сөйтіп  тіл  мен 

алдыңғы тістер арасындағы саңлау ұлғаяды /22-сурет/. Кейде, қуыс жеткілікті 

кең болғанда төменгі қатаң Ш, Ж дыбыстары пайда болуы мүмкін. 

Әдетте    төменгі    артикуляцияда    бұл  дыбыстар    елеулі жұмсарады.Ш, Щ, 



Ч дауыссыздарды   /әсіресе   Ш  мен  Ж/  айту кемшіліктерінің    тууына     

шарт        болатын  сөйлеу    артикуляциясының        аномалиясынан  басқа,        тіл    

асты    сіңірінің   қысқалығы, таңдайдың    биік-жіңішке    болуын      атауға 

болады.  С, Ц, 3   дыбыстары мен Ш, Ж, Ч, Щ дыбыстарын   қатар   қамтитын   

сигматизм 

жағдайында 

кейбір 

ерекшеліктерде 

болмаса 

жұмысты        

алдынғысынан        (ысқырық дыбыстардан) бастаған тиімді. 

 

 



 

 

 



 

 

 



22-сурет. 

Щ  және Ч дыбысының төменгі 

фонемасының  көрінісі 

 

   Ал  бүкіл  Ш,  Ж,  Ч,  Щ  дыбыстарын  қамтитын  сигматизмде  әдетте  түзетуді 



Ш дыбысынан бастайды. 


 

95 


 

Мектепке  дейінгі  немесе  төменгі  сынып  балаларының  тіл  кемшілігін 

түзету  жұмысы  еліктеу  негізінде  жүргізіледі,  төңіректегі  дыбыстарды  есту 

кабылдау  қабілетіне  негізделеді  /паровоздың  пышылы,  күшті  желдегі  ағын 

шуылы т.б./. Еліктеу негізін  құрайтындар тіл қалпын айнадан көрсету /аздап 

ашылған  ауызбен,  оның формаларын  қол  бетімен  бейнелеу/.  Сонымен  қатар 

қолмен, кең, жылы ауа ағынын сезіндіру де қолданылады  (23-сурет). 

 

Егер бұлар нәтиже бермесе, арнаулы тәсілдер пайдалану керек. Егер Ш 



дыбысы  бұзылып  айтылған  жағдайда,  Р  дыбысы  дұрыс  айтылатын  болса, 

соңғысын  қажет  артикуляцияға  негіз  етіп  алуға  болады.  Ол  үшін  балаға  Р 

дыбысын  үнсіз  немесе  сыбырлап  созып  айна  алдында  айтқызады,  сосын 

бәсең  дыбыстар  пайда  болғанша  тербеліс  тоқтағанша  дем  шығару  үшін 

жайлата түседі. 

 

Р дыбысын айту кезінде шпательді  немесе 

№  5  зондты,  тілдің төменгі  ұшына  тигізіп, 

алдыңғы 


шетінен 

тербелісін 

тежесе,  дыбыстауды  жайлатпай  да  алуға 

болады.  /24-сурет/.  Ауызды  ашып,  оған 

механикалық 

әсер 


ететін 

бірнеше 


жаттығу жасап, қажетті артикуляцияны  

қайталау  дағдысын  қалыптастырған  соң 

алынған  дыбысты  тісті  қысып  айтуға 

болады /дыбыс 

тұншығып 

төмендеп 

шығады  жаттығулар 

сериясының 

ең 

соңында  артикуляцияны  ерінді  дөңгелек- 



теумен  

толықтырады /дыбыс  тұншыға   

түседі/, сонда Ш дыбысы дұрыс айтылатын 

болады.  

                

 

                         24-сурет № 5 зонд 



 

 

Келесі      тәсіл      Т      дыбысын  негізге  алуды  көздейді.  Балаға  айна 



алдында Т дыбысын 3-4 секунд интервалмен бірнеше рет айтқызады. Сосын 

жаттығу  өзгертіліп,  артикуляция  жақындалған  тістермен  емес,  жартылай 

ашылған  ауызбен  қайталанады,  бірақ  тілдің  алдыңғы  шеті  тіске  емес, 

альвеолаға жабысатыны ескертіледі. 

Сонан соң альвеоларлы Т дыбысын   аспирациясымен /шұғыл   дем   шығару/  

 

 



25-сурет. № 5 зондымен 

айтылады,  алғашқы  сияқты.  Осы  кезде  дыбысқа 

жеңіл  қысқа  шу  қосылады.  Әрі  қарай  бұл  шу 

созылып  айтылады.  Онан  соң  тек  тілді  ауыз 

қуысына  қарай  тереңірек  жылжытып  тістерді 

жақындатып, ерінді дөңгелету керек. 

Ш    дыбысын    қалыптастырудың келесі тәсілі-зонд 

қолдану.  Оған  негіз  болатын  С  дыбысының  дұрыс 

 



 

96 


Ш фонемасының қоюға 

қолданылуы

 

артикуляциясы.  Балаға      С      дыбысы  бірнеше      рет  



дауыстысы       бар       буын     құрамында     /С-С-А/  

создырып айтқызады. Ізінше ашық жағдайда тіл астына № 5 зонд қойылады, 

сосын  тілді  қысып  айтқызады  /25-сурет/.  Баланың  осыны  орындауға 

талаптануы /механикалық әсерінен/ шудың түрін өзгертеді. Зондтың көлбеуі 

мен  ауыз  ішіне  сұғыну  тереңдігін  реттей  отырып,  жұмысты  осы  сатыда,  ең 

дұрыс  акустикалық  тиімділігін  беретін  қалыпты  таңдап  алу  керек.  Тіл 

артикуляциясы  бекітілісі  болмайынша  баланың  есіне  Ш  дыбысын  салуға, 

оған  осы  әріпті  көрсетуге,  жаттығуларға  осы  дыбыс  бар  сөздерді  қосуға 

болмайды.  Материал  ретінде  са,  со,  се,  сы,  аса,  асо,  ас,  асе,  асы,  ос,  эс 

буындарын  алуға  болады.  Барлық  жағдайда  дауыссыз  дыбыс  созылып 

айтылуға  тиіс.  Жаңа  артикуляция  қалыптасқан  соң  балаға  қандай  дыбыс 

алынғанын  айтуға  Ш  әріпін  көрсетуге,  осы  дыбыс  бар  сөздерді 

жаттығуларды қосуға болады. Өте қиын жағдайда Ш дыбысын қоюды тілдің 

қажетті  формасы  мен  қалпын  қалыптастыруға  бағытталған  артикуляциялық 

әзірлік  жаттығулардан  бастау  керек.  Оған  тілді  «күрекке»  ұқсатьш  шығару, 

тіл  ортасында  жырашық жасап  үрлеу  жатады,  одан  әрі  тілді  жоғарғы  тіспен 

жоғарғы  ерін  арасындағы  қуысқа  сұғу,  жалпақ  тілмен  жоғарғы  ерінді  жалау 

оған  тілді  жапсыру,  осы  қалыпта  қағазға  үрлеп,  оның  қиғаш      жоғарғы   

желбіреуін   бақылау   жүзеге   асады.   Егер   тілдің жоғарғы ерінге өздігінен 

көтерілуі,  сол  қалыпта  тұруы  мүмкін  болмаса,  оған  шпательді  немесе 

саусақты  пайдалану  керек.  Тілді  жоғарғы  ерінге  тигізіп  үрлейді.  Ол  жүзеге 

асқан  соң  тілді  жоғарғы  тістердің  сыртына  қозғауға  болады.  Осы  қалыпта 

үрлегенде ағылшынның дыбысын еске салатын шу шығады. 

 

Жаңа  артикуляцияны  бекіткен  соң  кезекпен  жұмыстың  ақырғы 



сатысына  көшеді.  Әр  сатыға  сөйлеу  органдарының  тиісті  қалпы  бекігенше 

қанша  уакыт  қажет  болса,  сонша  кідіру  керек.  Бұл  сатылар  тілдің  таңдайға 

қарай,  одан  әрі  жылжуын,  тістердің  айкасуын,  ақырында  еріннің 

дөңгеленуінен тұрады. 

 

Одан  кейінгі  міндет-артикуляцияны  Ш  дыбысы  бар  буындар  мен 



сөздерде  бекіту,  қажет  болғанда  оны  жасалу  механизмі,  айтылуы  ұқсас 

дыбыстармен  дифференциялау.  Ш  дыбысын  қалыптастыру  мен  бекітуге 

байланысты  жаттығуларды мөлшерлеу қажетін атап көрсету  керек, себебі бұл 

жаттығулар тыныс аппаратын тез шаршатады. 

 

Ш  дыбысының  артикуляциясының  /сондай-ақ  ж,  р,  л/  қысқарған  тіл 

асты  желбезегінің  қимылын  қиындатқан  жағдайда,  логопедиялық  жұмыстан 

бұрын  тіл  желбезегін  айыру  операциясы  өтуге  тиіс.  Алайда  тәжірибеде  бұл 

әдісті операцияны қажет етпейтін балаларға қолдану орын алып жүр. Көбінесе 

аздап қысқарған желбезегін жаттығу көмегімен де созуға болады. 

 

Өте  сирек  жағдайда,  тіл  ұшынан  механикалық  әдіспен  көтеруге 



болмағанда ғана операция қажет болады. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   256




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет