I теоретические основы логопедии



Pdf көрінісі
бет50/256
Дата26.01.2022
өлшемі5,47 Mb.
#24344
түріОқулық
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   256
Ш  артикуляциясын  меңгерген  жағдайда  Ж  дыбысының  айтылу 

кемшілігін  түзету  қиынға  түспейді.  Бала  Ш  дыбысын  созып  айтып,  оған 

даусын қосса жеткілікті. Оны логопедтің өзі жасап көрсетеді, ол үшін баланың 

қолын аузына тақайды /ауа ағынын сезіну үшін/, екінші колын тамағына тигізіп 



 

97 


ұстайды  /тербелісті  сезіну  үшін/,  содан  кейін  бала  өзінің  Ш  және  Ж 

дыбыстарын айтуын өзі тексере алады. 

 

Нәтижеге жеткен соң буын, сөз, сөз тіркесі материалдармен  дыбыстың 



дұрыс айтылуын бекітеді, оны Ш дыбысынан ажыратып алады. 

 

Егер  3  дыбысы  дұрыс  болса  №  5  зонд  көмегімен  С  дыбысының  Ш 



дыбысын қалыптастырған жолмен Ж дыбысын түзету қиын емес. 

 

Ш  дыбысы  болса  Щ,  Ч  дыбыстарын  айтуда  қателік  бола  бермейді.  Ол 

тек Щ мен С, Ч мен Ц парасигматизмі жағдайында ғана кездеседі. 

 

Щ  дыбысын  түзету  үшін,  ол  С  түрінде  айтылса  №  5  зонд  немесе 

шпатель қолданылады. Онда тілді механикалық құралмен аздап көтеріп және 

кейін  ығыстырып  /жоғарғы  артикуляция/  немесе  тек  кейін  ығысқан  /төменгі 

артикуляция/  дыбысты  дұрыс  айтуға  қол  жеткізеді,  одан  соң  әуелі 

механикалық көмектен кейін оның жаттығулармен бекітеді. 

 

Ч  дыбысы  Ц'  /немесе  Ц/  дыбысымен  алмасқанда  Щ  дыбысын 

түзеткендей  механикалық  әдіс  ұсынылады.  Бұл  дыбысты  түзету  үшін  Т 

дыбысы негіз болатын тәсілді де ұсынуға болады. Егер тіл астына № 5 зонд 

көмегімен  дыбысты  айтқан  кезде,  тіл  шетін  аздап  көтеріп,  сәл  шегіндірсе 

төмендегісі пайда болады.  Щ дыбысынан Ч дыбысы ғана шығып қоймайды, 

егер Ч буын меңгерілген болса одан Щ дыбысын алуға болады. Бұл жағдайда 

әуелі  ұзартып  алып,  содан  соң  біріккен  дыбыстан  оның  фриктивті  бөлігін 

ажыратса жетеді /ЧЩ-ЧЩ,Щ/. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   256




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет