Ii блок түркі қағанаты дәуіріндегі әдебиеттің өзгешелігі туралы баяндаңыз


Қарақалпақ жыршыларының сөз етуіне қарағанда



бет112/127
Дата02.06.2022
өлшемі12,93 Mb.
#36200
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   127
Қарақалпақ жыршыларының сөз етуіне қарағанда (Бекмұхамбет, Ерполат, Қияс) Сыпыра жырауды Тоқтамыс өз сарайына Едіге емес, Нұраддин арқылы алдырады. Бұл уақытта Сыпыра жырау 360 жаста еді делінеді. Тоқтамыстың кеңесшілері Нұраддинді Сыпыраны алып келуге жұмсағанда, негізгі мақсаты Нұраддиннің жер түбінде тұратын Сыпыраға жете алмай, өлуін көздеген болатын. Тоқтамыс Сыпыра әкемді көрген, сол қарияны тірі деп естимін, тыңдағым келеді деп сылтау қылады. Нұраддин жолдағы қаншама қиындықтарды жеңіп, Сыпыраға жеткенде оның қырық баласы әкелерінің жол жүруіне қарсы болады. Себебі жырау қартайған, төсектегі адам екен. Жырау балалары соңында іздеушісі жоқ Нұраддинді өлтіріп тастамақ болады, бірақ екі ортадағы ұрыста Нұраддин басым шығуына байланысты, үстіне әлденеше қабат төсек салынған шанаға мініп, Сыпыра хан сарайына келеді. Тоқтамыс оны қарсы алып, құрмет көрсетіп, ләген толы ділдә, жағасы алтын, жеңі зер тон сыйлайды. Өсиет, толғау айтуын өтінеді. Толғау айтқан жырау оның бас уәзірі Кеңжанбайдың (қарақалпақта Кенжембай) жаман қылықтарын әшкерелейді.
Кеңжанбайды құл дейді, құл баласы құлға ұқсайды дейді. Әлгіндегі ләгенге ділдә салып әкелуді хан Кеңжанбайға тапсырады. Ал оның пейілі тарылып, ләгенді ділдәмен емес, бағасы жоқ қара пұлмен толтырып, үстіне қызыл себелеп әкеледі. Міне, осы оқиғадан жырдағы Сыпыраның «Атаңа нәлет, Кенжембай» деген толғауы пайда болады. [2. 47]Осындайлардың сөзі, билігі жүріп тұрғанда, «жесір қатын, жетім ұл ақсақ пен майыптың, мүсәпір мен ғаріптің, бұлардың күні неге ұқсар» деген сын айтады. Жыраудың осы сыны Өтенияз нұсқасында былай аяқталады:
Сөз сөйлеймін қара бек,
Менен саған сөз керек,
Астына қарап пұл салып,
Үстіне қызыл себелеп,
Алдаймын деп келдің бе
Атаңа нәлет, бәдірек,
Жыраудың «Едіге» жыры ішіндегі тағы бір толғауы «Ауыз айғақ, тіл тайғақ». Ол толғау Есемұрат нұсқасында толығырақ берілген. Мұнда ол жыраудың монологынан тұрады. Бұл сөзін де жырау ханның рұқсатымен айтады. Толғаудың негізі мазмұны әртүрлі символдық образдармен жақсы күннің үнемі бола бермей, жаман күндердің де келетінін ұғындырып, бұл пікірін толған дарияның бір уақытта құрғап, табанының шаңы шығып қалуымен, жайқалған дарақтың қурап қалуымен астарлай жеткізеді. Жыраудың астарлы сөзінің негізінде Алтын Орда мемлекетін ыдыраудан сақтап қалу керек деген меңзеу жатыр. Бұл монологтың ішінде тауып айтылған суретті сөздер негізгі айтпақ оймен астасқан. 
«Едіге» жырының ішіндегі ұлттық версиялардың бәрінде кездесетін Сыпыраның «Қартыңмын» толғауы бір-біріне өте ұқсас. Біреуінде «кәріңмін» десе, екіншісінде «бабаңмын» деген сияқты азды-көпті айырмашылық қана бар. Сондай–ақ, бірінде 120–ға, екіншісінде 160–қа, үшіншісінде 360–қа келіп отырған жыраудың осы жерде тізбелеп айтатын көрген хандарының аттарында өзгешеліктер бар. Бұлардың бәрі эпос табиғатына сыйып кете береді. Эпостың әр жолынан тарихи шындық іздеу қате нәрсе. Себебі эпос көркем туынды, оның жанрлық табиғатына байланысты қалыптасқан айырмашылықтары бар. Бұл жерде эпостың айтайын деп отырғаны нақты тарихта болған хандардың есімі емес, жыраудың ұзақ жасағандығын білдіру. Даналығын сезіндіру. Жаңағы айтқан 120, 160, 360 та эпикалық сандар. Бұлар «көп» деген мағына береді. Яғни, Сыпыраның көп жасағанын меңзейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   127




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет