Ii блок түркі қағанаты дәуіріндегі әдебиеттің өзгешелігі туралы баяндаңыз


Орта ғасырлардағы әдеби мұралар және олардың көтерген басты мәселелеріне тоқталыңыз



бет13/127
Дата02.06.2022
өлшемі12,93 Mb.
#36200
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   127
Орта ғасырлардағы әдеби мұралар және олардың көтерген басты мәселелеріне тоқталыңыз.

Орта ғасыр, дәлірек айтсақ, X-XII ғасырлар – Орта Азия мен Қазақстан халықтарының ана тілі мен әдебиетінің өркендеп-өсуіндегі жаңа басқыш болды. Өйткені бұл кезде араб халифатының билігі жойылыпы, ел басқару ісін жергілікті жерлердегі феодалдар мен ақсүйектер өз қолдарына алған еді. Енді араб тілі бұрынғыдай міндетті мемлекеттікт іл болудан қалды. Сонымен, X-XII ғасырларда түркі әдеби тілі жан-жақты дамып, жетіле түсті. Мұның өзі түркі халықтарының, соның ішінде, қазақ, өзбек, ұйғыр, қырғыз, т.б. халықтардың этникалық құрамының қалыптаса бастауы мен олардың әлеуметтік-қоғамдық өмірдегі ролінің біртіндеп арта түсуіне байланысты болды. Сөйтіп, “қыпшақ, оғыз, қарлұқ және ұйғырт айпалары мен халықтарының тілдері негізінде X-XII ғасырларда араб графикасының түрік жазуы қалыптасты. Әдебиеттің көптеген ескерткіштері аралас қарлұқ-ұйғыр және қыпшақ-оғыз тілдерінде жазылды.” Бұл кезде Орта Азия мен Қазақстанда ӘбуНасырәл-Фараби, ӘбуӘли ибн Сина, Әбу Райхан Беруни сияқты есімім әшһұр энциклопедист ғалымдардың ішіндеӘл –Фараби тұлғасы оқшауланып тұрды. Сонымен қатар орта ғасырларда Махмұт Қашқари, Жүсіп Баласағұн, Ахмет Иүгінеки, Ахмед Яссауи сияқты көркем сөз зергерлері мен тілші – ғалымдар түркітіліндегі көркем әдебиеттің шарықтап, өсіп-өркендеуіне мол үлес қосты.
Орта ғасырдағы ең танымал әдеби туындылар- “Құтадғу білік”, “Диуани лұғатат — түрік”, “Хибатүл-хақайық”, “Диуани хикмет” сынды шығармалар Қарахан мемлекетіндегі тайпалар мен халықтардың бәріне түсінікті, ортақ тіл болып табылатын түркі тілінде жазылды.
Әбу Насыр әл-Фараби (870-950) Отырар қаласында дүниеге келді. Ол- ғалым, ақын, әдебиетші, «Шығыстың Аристотелі». 150 ге тарта ғылыми еңбек жазды. Музыка, математика,логика, философия, астраномия, әдебиеттану ғылымдарымен шұғылданған. 16 жасында оқу іздеп бағдатқа барады. Араб, парсы, грек тілдерін үйренеді. Күндіз бағбан болып, түнде ғылыммен айналысқан Бұхара, Шаш, Бағдатта білім алды. Өмірінің соңы Дамаскіде өтті. Шығыс ғалымдары оны Аристотелден кейінгі екінші ғұлама деп атаған.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   127




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет