Ii блок түркі қағанаты дәуіріндегі әдебиеттің өзгешелігі туралы баяндаңыз


Қорытындылай келе, М.Жұмабаевтың аңызға негізделген поэмаларының негізі қобыз екенін аңғарамыз



бет34/127
Дата02.06.2022
өлшемі12,93 Mb.
#36200
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   127
Байланысты:
гось экзамен ІІ блок

Қорытындылай келе, М.Жұмабаевтың аңызға негізделген поэмаларының негізі қобыз екенін аңғарамыз. Бірақ, ақынның Қорқыт поэмасындағы Қорқыттың философиялық ойлары, ақынның идеялары «Өмір не?» деген сұраққа жауапты қобыздың күмбір үнінен тапқан тәрізді. Әрине, өмірдің мәні не екендігін біз Ислам дінінен таба аламыз. Ия, онда айтылғандай, мына шолақ өмір Алланың сынағы болып табылады, Алланың парыздарын өтеуіміз болып табылады. Сондай ақ, ақынның Қойлыбайдың аңызы атты поэмасында да, қазақтың шамандықтан қалған бақсы атауының іс-әрекеті, жын-шайтандарға жақын болғандығы жақсы суреттеледі. Осы поэмаға арқау болған аңыз-әңгімелер М.Жұмабаевты көркем суреттелуі шебер поэма жазуға алып келгендігі белгілі болып отыр.


«Оқжетпестің қиясында» – 1923 жылы Ташкентте жарық көрген Мағжан Жұмабаевтың поэмасы.Бұл поэмада Кенесары хан туралы бір аңыз қазақ елі тағдырына байланысты үлкен тақырыпқа ұласқан. Шығарма эпикалық туынды. Қазақ халқы бодандық бұғауына көндікпеген ел. Соның дәлелі - Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліс. Тарихта із қалдырған айтулы оқиғаны үлкен көркемдік идеяға көтеруде дәл осы туындының орны ерекше.Бұл поэмадағы басты идея - тәуелсіздік үшін күрес. Ақын өзі таңдаған ойдың айналасында тарихи деректер мен материалдарды еркін түрде пайдаланған. Халық жағдайын, ондағы батырлардың ерліктерін суреттеп жазу дәстүрін Мағжан Жұмабаев та жалғастырады. “Оқ жетпестің қиясында” поэмасы арынды шабытпен басталады:
Арқада Бурабайға жер жетпейді
Басқа жер ойды ондай тербетпейді,
Бурабай кӛліменен Кӛкшетауды
Кӛрмесең кӛкіректен шер кетпейді.
Қиясы мен бұлт құшқан Оқжетпестей,
Басқа тау ойды аспанға ӛрлетпейді.
Арқада Бурабайға жер жетпесе,
Алашта Кенекеме ер жетпейді
Кӛкшеде күңіренген Кенен қайда?!
Дариға жүрегімді дерт ӛртейді.
Мағжан поэмаларының бір ерекшелігі ақын қай шығармасында болмасын алғашқы түйдекті шумағынан жазар тақырыбының мәнін, айтар ойын айқындап тастайды. Әрі бастау – әрі түйін.
Құдай-ау, мәңгілікке қарғамасақ,
Кенедей енді неге ер тумайды?!
Кене жоқ, ізін басар іні де жоқ,
Дариға, жүрегімді дерт улайды, – деп күңіренеді. Поэмадағы лирикалық сезіммен ұштастырылған асқақ романтика осы күңіреністен нәр алады. Мағжан өзіндік бұл стилімен өз эстетикасын оқырманға танытады.
. Ұрпақ жүрегіне от жағып, санаға сәуле құяды.

Мағжан Жұмабаевтың ақындық кемеліне келгенде жазған поэмасы – «Батыр Баян». Қазақ поэзиясының інжу-маржанына айналған осы поэмада Мағжанның өмір туралы ұстанымы, көзқарастары жыр қанатында самғап, өнер қалыбына құйылған.


«Батыр Баян» поэмасын Ш.Елеукенов қазақ әдебиетінде Мағжан Жұмабаевтың реалистік психологиялық поэмаларының негізін қалағандығын айтып кеткен болатын. Және де, осы поэманы Ш.Елеукенов реалистік-психологиялық поэма деп таныды. Бұл Мағжан Жұмабаевтың жаңашылдығы деп көрсеткен болатын.
Мағжан Жұмабаевтың поэмаларын зерттеген зерттеушілеріміздің бірі – Ж.Балтоғаева да «Батыр Баян» поэмасын психологиялық сарында жазылғандығын айтып кеткен болатын. «Поэма психологизмі өте күрделі. Поэма адам жанының ұңғыл-шұңғылын негіз етіп алмайтын жанр деп қарасақ та, Мағжан білімі, мүмкіншілігі, қабілеті арқылы поэмаға ширығу, асқақтықты дәл осы құбылыстар арқылы берген. Мұнда адам мінезінің астары, жан-дүние ішкі қыртыстары, сезім толқыныстары мен психологиялық тартыстар образды түрде көрініс тапқан».
ХХ-шы ғасырдың басындағы қазақ әдебиетінің тарихында өзіндік бейнешілдік стилімен дараланған, Мағжанның жаңашылдығы әлем әдебиетіндегі символизмнің пайда болуымен де байланысты.
Батыр Баян мен Абылайханның қанды жорықтары ел бірлігін сақтаудан шыққандығын еңіреп отырып, келер ұрпақтың есіне салады. Нені ескертіп отырғаным санаңа жетті ме деп ымдайды. Сөйтіп, мемлекет болып қалу үшін халықтың бір тұтас бірлігі мен батылдығы керек деген идеяны астарлап айтуда сентиментализмді тәсіл етіп қолданады.
Ал, жаңашылдығы - ұлттың ұмытылып бара жатқан тарихын еске салуда символдық образдарды ерлікке шақыратын құрал ретінде пайдалануы. «Батыр Баян» поэмасында Баянның інісін не үшін өлтірген себебін өз-өзінен сұрату арқылы оның мәнісін іздеп табуды оқырмандардың өзіне жүктейді.
Сөйтіп, тарихы белгісіз атанған қазақтың тегін еске салып, намысын оятып, тәуелсіздік үшін күресуге ымдайды. Жаңа заманның өзі келісе алмайтын солғын тұстарына қарсылығын білдіреді. Бұл арқылы ертеде қандай ел едің деп, жасыған жандарына қуат беріп, рухы өлуге айналған елді «тірілтуге» тырысады. Сол арқылы этнос пен этностың арасында тең еместік деген кедергіні жойып, мәдениет пен тарих алдында тең емес халықтар болмайтындығын дәлелдейді. Бұдан Мағжанның символистік тәсілдері санаға психологиялық сендіру арқылы үстемдігін жүргізуге негізделгені байқалады. Сол арқылы ол өз құдіретіне өзі сенбей жасқанып тұрған халықтың бойына жігер, ойына қуат пен рух беріп, санасындағы күдік пенен күмәннің ара қатынасын үзіп, өз-өзіне баға беруге үйретіп, ұлттық сезімін ояту арқылы болашаққа сеніммен қадам басуға тәрбиелейді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   127




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет