Іі. БӨлім. Орта ғасырдағЫ Қазақстан тарихы VІ-ХVІІ ғғ


Әл-Якуби (ІХ ғ.) Әл-Факих



бет28/79
Дата08.12.2023
өлшемі218,07 Kb.
#135030
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   79
Байланысты:
ерте орта дамыған қаз тарих

Әл-Якуби (ІХ ғ.)
Әл-Факих

-Оғыз мемлекеті жайлы деректерді өз жазбаларында берген.

Орыс жылнамалары

-Жылнамаларда оғыздар печенегтерге, хазарлар мен Еділ бұлғарларына қарсы күреске байланысты торк деп аталады.

МЕМЛЕКЕТІНІҢ ҚҰРЫЛУЫ

ІХ ғ. аяғы – Х ғ. басы

-Печенектермен болған ұзақ күрес оғыздардың мемлекет құруына ықпал етті.Сырдарияның орта және төменгі ағысында Оғыз мемлекеті құрылды.

Астанасы

- Янгикент (Жаңа Гузия) –Жаңакент қаласыСырдарияның төменгі ағысында орналасқан. Көшпелі және отырықшы мәдениет тоғысында орналасты.



Жер аумағы

- Сырдарияның орта және төменгі ағысы, Арал бойы, Каспий теңізі аралығы.
-«Мафазат-әл-Гуз» (Оғыз даласы)

  • Батыста -Хазарияға дейінгі жерді;

  • солтүстік Каспий маңын;

  • орталық, оңтүстік-шығыс Қарақұм және Қызылқұм аймағын алып жатқан.

-Х ғасырдаСырдариядан Кавказға дейінгі аумақ Оғыз даласы аталды.

ҚОҒАМДЫҚ ҚҰРЫЛЫСЫ

Әскери демократия

-Оғыз мемлекетінің қоғамдық құрылысы

Жабғу (ябғу)

- Оғыз мемлекетінің жоғарғы билеушісі. Жоғарғы билік мұрагерлік арқылы қалып отырды. «Оғызнама» дерегінде жабғу өзінің жерін 12 аймаққа бөліп басқарған.

Инал

- Тақ мұрагерлері.

Атабек

- Жабғудың «инал» атты мұрагерін тәрбиелеуші. Жабғудың арнайы тағайындап қойған адамы.

Күл-еркіндер

- Жағбу кеңесшілері.

Сюбашы

-Оғыз қоғамында маңызды рөл атқарған бас әскербасы- қолбасшы лауазымы. Жабғу сюбашылармен кеңесіп, көп жағдайда оларды тыңдап отырған. Сюбашылар әскери кеңеске сүйенді.

Хатун (қатын)

-Сарай маңындағы өмірде маңызды рөл атқарған, жабғу әйелдерінің атағы.

Халық жиналысы

-Халық жиналысы жылына 1(бір) рет шақырылды.Қанқаш -Оғыздарда күл-еркін тарапынан шақырылған шонжарлар кеңесі.Ел басқарудың ең жоғарғы орны болған: Ұлы және кіші құрылтай.-Боз оқтар оғыздарда жабғуды сайлағанда артықшылыққа ие болған.

САЯСИ ТАРИХЫ

ІХ ғасырдың аяғында

-Оғыздар хазарлармен  бірлесе отырып, Еділ мен Жайық аралығындағы печенегтерді бағындырды .
-«Оғызнама» дастанында «Итиль өзені деген бір өзен бар еді......жағасында Қаратау маңында ұрыс болды.......жойқын соғыс болды......Итиль өзені суы қып-қызыл болды»деп печенегтердің оғыздардан ойсырай жеңілгендері баяндалады.

Сыртқы саясатындағы 
басты мақсаттары

-«Оғыз билеушілерінің сыртқы саясатында алдарына қойған басты екі мақсат байқалады. Біріншіден,Қара теңіз, Дон өзенінің бойына жақсы жайылымды қолға қарату.Бұл жерлерді жаулап алуларына Хазар қағанаты бөгет болған.Екіншіден, Маңғыстау мен Үстіріт, Еділ бойынан өтіп, Еуропаны Азиямен байланыстыратын аса маңызды сауда жолдары қызықтырды.Орыс қалаларымен сауда жасауды да ойластырды». Бұған орыс мемлекеті де мүдделі еді.Хазарияның талқандалуы орыс көпестерінің Шығыс елдеріне шығуына жол ашты.
-Белсенді сыртқы саясат нәтижесінде оғыздар оңтүстікте Мауараннахрмен шектесіп, батысында Кавказ аймағына жетті. Х ғасырдаСырдариядан Кавказға дейінгі аумақ Оғыз даласы аталды.
-Оғыздар Еуразияның саяси және әскери тарихында маңызды рөл атқарды.

965 жылы

-Оғыздар хазарларға қарсы Киев Русімен әскери одақ құрды.
-«Оғызнама» дастаны: «Ұрысбек оғлы Сақлаппен келісім жасалған» дейді. Мұндағы «Ұрысбек оғлы Сақлап» деп отырғаны – орыстың кінәзі Святослав.

985 жылы



-Оғыздар Киев кінәзі Владимирмен одақтасып, бұлғарларғажорық жасады. Торктар-орыс жылнамаларындағы оғыздардың атауы. Бұл Оғыз мемлекетінің саяси жағынан күшеюіне ықпал етті.

Х ғасыр

-Белсенді сыртқы саясат нәтижесінде оғыздар оңтүстікте Мауараннахрмен шектесіп, батысында Кавказ аймағына жетті. Х ғасырда Сырдариядан Кавказға дейінгі аумақ Оғыз даласы деп аталды.

Х ғ. аяғы мен ХІ ғ. басы

-Мемлекетте салық жүйесі жұмыс істеді.
-Әли ханның кезінде шектен тыс алынатын алым-салықмемлекет жағдайының күрт нашарлауының және халық көтерілістерінің жиілеуінің басты себебі болды. Салжұқ көсемдері дағдарысты өз мақсаттарына пайдалана білді. Олар оғыз билеушілеріне қарсы көтеріліске басшылық етті.

ХІ ғ. басы

-Салжұқтар Оғыз мемлекетіндегі саяси тұрақсыздықты пайдаланып, Жент қаласын басып алды.
-Салжұқтар- оғыз тайпаларының бірі. ХІ ғасырдың ортасында Хорезм мен Иранды басып алып өз мемлекетін құрды.Ғасырдың екінші жартысында Ирак пен Оңтүстік Кавказ бен Кіші Азияны жаулап алып, империя құрды.

Шахмәлік жабғу

Шахмәлік- Әли ханның мұрагері Оғыздардың соңғы жабғуы.Оғыз мемлекетінің күшеюіне үлес қосқан билеуші.
-1041 жылы Шахмәлік Хорезмді жаулап алды.1043 жылы ол көтеріліске шыққан салжұқтардың қолынан қаза тапты.

ХІ ғ. ортасы

-Қыпшақтар оғыздарды Сырдария, Арал бойынан біржола ығыстырды.
-Оғыз мемлекеті біржола құлады.

1299 жыл

-1220 жылы оғыздардың қайы тайпасының басшысы Ертұғрыл моңғол шапқыншылығынан құтылып, Сырдариядан Анадолы жеріне Селжұқ мемлекетіне көшеді.
-Ертұғрылдың ұлы Осман селжұқтармен бірігіп, Кіші Азияда (Түркия) 1299 жылы Осман мемлекетін құрады.

-Оғыздар түрікмендердің, әзербайжандардың, түріктердің ата-бабалары болды. Олар жылжыған жолында үндіеуропалықтармен араласа отырып, еуропеоидтік белгілерді көбірек иеленгенмен, өз тілдерін жоғалтпады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   79




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет