Іі. Заттың сапалық ҚҰрамын анықтау



бет38/125
Дата15.12.2023
өлшемі1,44 Mb.
#139505
түріҚұрамы
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   125
г). Н2СrO6 надхром қышқылының түзілуі
Күкірт қышқылы қатысында хромат-иондарына сутек пероксидімен әсер еткенде көк түсті надхром қышқылы түзіледі:


2СrO42- + 2Н+Cr2О72- + Н2О
К2Сr2О7 + 4Н2О2 + H24 2CrO6 + 3K24 + 3Н2О
Сr2О72- + 4Н2О2 + 2Н+ 2СrО6 + 3Н2О
Сулы ерітінділерінде надхром қышқылы тұрақсыз, Сr(III)-ке дейін ыдырап ерітіндіге жасыл түс береді. Сондықтан оны органикалық қабатқа экстрак-циялайды. Анықтау шегі 2,5 мкг. Бұл реакция көмегімен барлық аналити-калық топ катиондары қатысында хромды анықтауға болады.
Тәжірибе: Cr3+ катионын пероксидпен тотықтырғаннан кейінгі калий бихроматы ерітіндісін қайнағанша қыздырады, содан соң суытып, оған 5 там-шы Н2О2 және 6-7 (0,5мл) тамшы амил спирті немесе эфир қосып араласты-рады, үстіне тамшылатып H24 (1 моль/л) ерітіндісін қосады. Жоғары органикалық қабат қарқынды көк түске боялады.
Реакцияның жүру жағдайы:
1) реакцияны (рН = 2-3) қышқылдық ортада жүргізу қажет;
2) Н2СrО6 сулы ерітіндіде өте тұрақсыз, сондықтан реакцияны эфир немесе изоамил спиртінің қатысында жүргізу керек, себебі ол онда жақсы ериді;
3) хромды тотықтыруды катализатор (Ag+ ионы) қатысында жүргізеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   125




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет