Сабақтың тақырыбы: Транскрипция. Трансляцияның кезеңдері. Модуль /пән атауы: Биология Педагог



бет1/3
Дата19.10.2023
өлшемі42,16 Kb.
#119451
түріСабақ
  1   2   3
Байланысты:
1 Транскрипция


Ғ.Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық-техникалық колледжі
Оқу сабағының жоспары


Сабақтың тақырыбы: Транскрипция. Трансляцияның кезеңдері.
Модуль /пән атауы: Биология
Педагог: Абуталипова Айгерим Мухтаркызы
Күні:
1.Жалпы мәліметтер
Курс, оқу жылы, топ:1-курс, 2023-2024 оқу жылы, ДШБ 23-9. МКБ 23-9.
Сабақ түрі: Аралас сабақ
2. Мақсаты, міндеттері:
Транскрипция және трансляцияның кезеңдерін сипаттау және салыстыру.
3. Күтілетін нәтижелер:
- Нәруыз биосинтезінің транскрипция және трансляция кезеңдерін атайды және
талдайды;
- Транскрипция және трансляцияның кезеңдерін сипаттап, салыстыра алады.
4. Қажетті ресурстар:
Ноутбук, интерактивті тақта, презентация, бейнекөрсетілім.
1. Е.А.Очкур, Ж.Ж. Құрманғалиева, М.А. Нуртаева Биология 1- бөлім 10 сынып.
2. Е.А.Очкур, Ж.Ж. Құрманғалиева, М.А. Нуртаева Биология 2- бөлім 10 сынып.
3. Сейтембетова А.Ж., Лиходий С.С. Биологиялық химия. –Алматы:«Білім», 1994.
4.Сеитов З.С. Биохимия.– Алматы: «Қазақ университеті», 2001.
5. Сабақтың барысы
І.Ұйымдастыру кезеңі.
а) Студенттермен амандасып, сабаққа дайындығын тексеру
ә) Топқа бөлу, топ басшысын сайлау.
ІІ. Үйге берілген тапсырманы сұрау
Рибонуклеин қышқылы және дезоксирибонуклеин қышқылы молекулалары құрылысының ұқсастықтары мен айырмашылықтары.


ІІІ. Жаңа сабақ
Транскрипция. Трансляцияның кезеңдері.
Транскрипция (лат. transcrіptіo – қайта көшіріп жазу) – тірі жасушалардағы рибонуклеин қышқылының (РНҚ) биосинтез процесі.
Ол дезоксирибонуклеин қышқылы (ДНҚ) матрицасында жүреді. Транскрипция аденин, гуанин, 
тимин және цитозиннің қайталанбалы тізбегінен тұратын ДНҚ молекуласындағы генетикалық ақпараттың іске асуының бірінші кезеңі. Транскрипция арнайы ДНҚ және РНҚ полимераза
ферменті арқылы жүреді. Транскрипция нәтижесінде РНҚ молекуласының полимерлі тізбегі түзіледі. Бұл тізбек ДНҚ молекуласының көшірілген бөлігіне комплементарлы болады.
Транскрипция үш кезеңнен тұрады: инициация, элонгация жəне терминация.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет