Sr2+ катионын анықтау. Ол үшін соңғы ерітіндінің бір бөлігіне гипс суын қосып (немесе (NH4)2SО4), су моншасында 15-20 минут қыздырады. Тұнбаның түзілуі Sr2+ катио-нының бар екенін дәлелдейді. Sr2+ катионының бар екеніне көз жеткізу үшін осы тұнбадан нихром сымына алып жалында анықтап, түсін байқау керек. Кармин-қызыл түс Sr2+ катионына тән.
Са2+катионын анықтау. Егер стронций катионы болса, онда кальций ионын калийдың гексациано-ферратымен (ІІ) K4[Fe(CN)6] аммоний хлориді қатысында анықтайды. Егер стронций катионы болмаса, онда кальций ионын аммоний оксалатының көмегімен анықтайды, сонда сірке қышқылында ерімейтін СаС2О4↓ кальций оксалатының ақ тұнбасын түзеді.
Кесте 9. Үшінші аналитикалық топ катиондарының қоспасын анықтаудың жүйелі жолы (тұнбасыз)
Бақылау сұрақтары мен жаттығулар 1. ІІІ аналитикалық топ катиондарының периодтық жүйедегі орны, қасиет-тері.
2. Неліктен ІІІ аналитикалық топ катиондарын топ реагентімен тұнбаға түсіру кезінде С2Н5ОН қосады?
3. Зерттелетін иондардың толық тұнбаға түскенін қалай тексереді?
4. Неліктен Ва2+ ионын K2Cr2O7 реактивімен анықтау кезінде СН3СООNa қосады?
5. ІІІ аналитикалық топ катиондарының сульфаттарын неліктен карбонат-тарға айналдырады?
6. CaSO4 және SrSO4 не себептен BaSO4 қарағанда карбонатқа жеңіл ауысады?
7. ІІІ аналитикалық топ катиондарының қоспасының анализі барысында Ва2+ ионын Са2+ мен Sr2+ катиондарынан қандай реагенттің көмегімен бөліп алуға болады?
8. ІІІ аналитикалық топ катиондарының қоспасының анализі барысында Са2+ мен Sr2+ катиондарын бір-бірінен қалай бөліп алуға болады?
9. Са2+ катионының күкірт қышқылымен анықтау барысында кальций ионының сезімталдылығын қалай арттырады?
10. Кальций катионына тән спецификалық реакцияны атаңыз.
11. Үшінші топ катиондарының қоспасына күкірт қышқылымен әсер ет-кенде қай ион бірінші тұнбаға түседі?
12. Барийды кальций мен стронций иондарынан қалай бөліп алуға болады?
13. Гипс суына ацетонды қосқанда тұнбаның түзілу себебін түсіндіріңіз.
ІІІ аналитикалық топ катиондары бойынша тест сұрақтары
1. ІІІ аналитикалық топқа топтық реагент болып табылады:
A)
B)
C) HCl
D)
E)
*****
2. Сірке қышқылды ортада калий хроматымен тұнбаға түсетін катион:
A)
B)
C)
D)
E)
*****
3. IІI Аналитикалық топқа жататын катион:
A)
B)
C)
D)
E)
*****
4. Барий, стронций, кальций катиондары бар ерітіндіге күкірт қышқылын ақырындап қосса, алдымен тұнбаға не түседі?
A) барий сульфаты
B) кальций сульфаты
C) барлығы бір уақытта
D) стронций сульфаты
E) кальций мен стронций сульфаты
*****
5. Жалынның түсін кармин-қызыл түске бояйтын катион:
A) кальций
B) барий
C) калий
D) натрий
E) стронций
*****
6. Кальций катионынын анықтаудың спецификалық реакциясы:
A) аммоний оксалатымен
B) күкірт қышқылымен, микрокристаллоскопиялық реакция
C) жалынның боялу реакциясы
D) аммоний карбонатымен
E) гипс суымен
*****
7. Стронций және кальций катиондарының қатысында барий катионын анықтау:
A) бейтарап ортада аммоний оксалатымен
B) сілтілік ортада аммоний оксалатымен
C) бейтарап ортада калий дихроматымен
D) сірке қышқылды ортада калийдің дихроматымен
E) сірке қышқылды ортада аммоний оксалатымен
*****
8. Барий және кальций катионын бөліп алу:
A) натрий карбонатымен
B) күкірт қышқылымен
C) сірке қышқылы қатысында калийдің дихроматымен
D) хлорсутек қышқылымен
E) сірке қышқылы қатысында гипс суымен
*****
9. Кальций және стронций катиондарын бөлу:
A) күкірт қышқылымен
B) хлорсутек қышқылымен
C) аммоний карбонатымен
D) гипс суымен
E) аммоний сульфатымен
*****
10. ІІІ аналитикалық топтың катиондарын І аналитикалық топ катионда-рынан бөліп алу үшін:
A) күкірт қышқылын қосады
B) хлорсутек қышқылымен
C) натрий гидроксидімен
D) аммиак ерітіндісімен
E) натрий карбонатымен
*****
11. Сірке қышқылында еритін тұнба:
A) CaC2O4 B) BaCO3 C) BaSO4 D) Ag2SO4 E) CaSO4 *****
12. Ерігіштігін төмендету үшін этил спиртін қосатын тұнба:
A) SrSO4 B) PbSO4 C) CaSO4 D) Ag2SO4 E) BaSO4 *****
13. және иондарын бөлу үшін қолданылатын реагент:
A) Н2SO4 B) NH3 C) NaOH
D) (NH4)2SO4 E) CH3COONH4 *****
14. Ерімейтін ІІІ аналитикалық топ катиондары сульфаттарын оңай еритін қосылыстарға айналдырады:
A) НСl + НNО3 қоспасымен өңдеу арқылы
B) NH4ОН қатысында қыздыру арқылы
C) НNО3 қатысында қыздыру арқылы
D)қатысында қыздыру арқылы
E) Nа2СО3қаныққан ерітіндісімен өңдеп, қышқылдарды еріту арқылы
*****
15. Жүйелік анализде стронций ионын кальций ионы қатысында анықтауға болатын реактив:
A) гипс суы
B) аммоний оксалаты
C) калий хроматы
D) натрий карбонаты
E) сұйытылған күкірт қышқылы
*****
16. CrO42- ионымен нашар еритін тұз түзбейтін катион:
A)
B)
C)
D)
E)
*****
17. CaSO4 еритін реагент:
A) (NH4)2SO4 B) NaOH
C) НСІ
D) СН3СООН
E) Н2SO4сұй. *****
18. Кальцийдің ұшқын тұздары жалынның түсін қандай түске бояйды:
A) кірпіш қызылға
B) жасылға
C) күлгінге
D) көгілдірге
E) ашық қызылға
*****
19. Барийдің ұшқын тұздарынан жалынның түсі боялады:
A) қызылға
B) сары-жасылға
C) күлгінге
D) көгілдірге
E) ашық қызылға
*****
20. Стронцийдың ұшқын тұздарынан жалынның түсі боялады:
A) кірпіш қызылға
B) жасылға
C) күлгінге
D) көгілдірге
E) кармин қызылға
*****
21. Ca(NO3)2 және Вa(NO3)2 қоспаларын бөлу үшін:
A) сұйытылған азот қышқылымен өңдейді
B) сұйытылған хлорсутек қышқылымен өңдейді
C) аммоний оксалатымен өңдейді
D) натрий карбонатымен өңдейді
E) калий дихроматымен өңдейді
*****
22. Кальций ионын реактивімен анықтау үшін қажетті жағдай:
A) қыздыру
B) аммоний хлоридін қосу
C) суыту
D) аммоний ацетатын қосу
E) спирт қосу
*****
23. BaSO4, CaSO4, SrSO4, PbSO4 сульфаттарын концентрлі аммоний ацетаты ерітіндісімен өңдегенде ерітіндіге көшетін ион:
A)
B)
C)
D) Pb2+ E) , Pb2+ *****
24. Барий ионына спецификалық реакция:
A) барий сульфатының түзілуі
B) барий оксалатының түзілуі
C) барий карбонатының түзілуі
D) барий хроматының түзілуі
E) жалынның боялуы
*****