1. NaOH, КОН әсері Мырыш тұзының ерітіндісі сілтілердің әсерінен ақ түсті тұнба түзеді:
ZnCl2 + 2NaOH → Zn(OH)2↓ + 2NaCl Zn2+ + 2ОH- → Zn(OH)2↓ Мырыш гидроксиді амфотерлі қасиет көрсететіндіктен кышқылдарда және сілтілердің артық мөлшерінде ериді. Сілтілердің артық мөлшерінде комп-лексті қосылыс түзіледі:
Zn(OH)2↓+ 2NaOH → Na2[Zn(OH)4] Na2[Zn(OH)4] → Na2ZnО2 + 2H2О Zn(OH)2↓ + 2HC1 → ZnCl2 + 2H2О Zn(OH)2↓ + 2Н+ → Zn2+ + 2H2О
Тәжірибе: 5-6 тамшы мырыш тұзы ерітіндісіне 1-2 тамшы NaOH немесе КОН ерітіндісін қосқанда ақ түсті Zn(OH)2 тұнбасы түзіледі. Тұнбаны екіге бөліп, біріншісіне 2н NaOH, ал екіншісіне 2н НСl ерітіндісін қосып тұн-баның ерігіштігін байқау керек.
2. Аммиак ерітіндісі NH4OH Zn2+ катионымен әрекеттесіп Zn(OH)2 мырыш гидроксидінің ақ тұнбасын түзеді, реагент көп болса, ол ериді де аммиакатты комплексті қосылыс түзеді [Zn(NH3)4](OH)2:
ZnCl2 + 2NH4OH → Zn(OH)2↓ + 2NH4Cl Zn2+ + 2NH4OH → Zn(OH)2↓ + 2NH4+ Zn(OH)2 + 4NH4OH → [Zn(NH3)4](OH)2 + 4H2О Тәжірибе: 2 тамшы мырыш тұзының ерітіндісіне 2н NH4OH ерітіндісін тамшылатып қосып, тұнбаның түзілгенін және артық мөлшерінде тұнбаның еріп, аммиакатты қосылысқа өткенін бақылау керек.
3. Аммоний және сілтілік металдар карбонаттарымырыш катионымен ақ түсті негіз тұздардың тұнбасын түзеді:
2ZnCl2+2Na2CО3 + Н2О → Zn2(OH)2CО3↓ + 4NaCl + CО2↑ 2Zn2+ + 2СО32- + Н2О →Zn2(OH)2CО3↓ + CО2 Бұл түзілген тұздың құрамы ерітіндінің концентрациясы мен температура-сына байланысты.
Тәжірибе:2 тамшы мырыш тұзының ерітіндісіне 2 тамшы Na2CО3 немесе К2CО3,(NH4)2CО3 ерітіндісін қосып, тұнбаның түзілгенін байқау керек.
4. Сульфид - иондарының әсері Zn2+катионы сульфид-иондарыменS2- бейтарап, әлсіз қышқылдық немесе әлсіз негіздік ортада (2≤ pH ≤9) әрекеттескенде ақ түсті ZnS тұнбасын түзеді:
ZnCl2+ H2S → ZnS↓+2HCl Zn2+ + H2S → ZnS↓ + 2H+
ZnCl2 + (NH4)2S → ZnS↓+ 2NH4Cl Zn2+ + S2- → ZnS↓ Түзілген ZnS тұнбасы минералды қышқылдарда (НCl, HNO3, H2SO4) ериді, ал сілтілерде және СН3СООН қышқылында ерімейді:
ZnS↓ + 2НСl → ZnCl2 + H2S↑ Тәжірибе: ZnCl2 мырыш хлоридінің 3-4 тамшысына 2-3 тамшы CH3COONa натрий ацетатының ерітіндісін қосып және 5-7 тамшы күкіртті сутегі суын (немесе аммоний сульфидін) қосып, тұнбаның түзілгенін байқауға болады. Универсалды индикатор қағазымен ерітіндіні тексеру керек. Қандай рН мәнінде ZnS мырыш сульфиді ериді?
Тәжірибе жүргізу жағдайлары: 1) реакцияны сірке қышқылды ортасында жасайды, осы жағдайда қалайы-дан басқа IV топ катиондары кедергі келтірмейді;
2) реакцияға тотықтырғыштар кері әсерін тигізеді.
5. Калий гексациано-(ІІ) ферраты К4[Fe(СN)6 Zn2+ катионымен калий-мырыш гексацианоферратының K2Zn3[Fe(CN)6]2 ақ түсті тұнбасын түзеді, тұнба сұйытылған НСl ерімейді, сілтілерді ериді:
3ZnSО4 + 2K4[Fe(CN)6] → K2Zn3[Fe(CN)6]2↓ + 3K2SО4 3Zn2+ + 2[Fe(CN)6]4- + 2K+→ K2Zn3[Fe(CN)6]2↓ Осы реакция Zn2+ катионын Al3+ катионынан ажыратуға мүмкіндік береді.
Тәжірибе: 2-3 тамшы ZnCl2 ерітіндісіне 2-3 тамшы калий гексацианофер-раты (ІІ) ерітіндісін қосып, қыздырады және тұнба түзілгенін бақылайды.
Реакцияның жүру жағдайы: 1) реакцияның жүруіне K4[Fe(CN)6] реагентімен комплексті қосылыс түзетін Ni2+, Со2+, Fе + т.б. иондар кедергі келтіреді;
2) реакцияны әлсіз қышқылдық ортада жасау қажет, сілтілік ортада еріп кетеді.
6.Натрий гидрофосфатының Na2HPO4 әсері Мырыш катионы натрий гидрофосфатымен әрекеттескенде минералды қышқылдарда (НСl, HNО3, H2SО4), сілтілерде және сірке қышқылында еритін ақ түсті мырыш фосфатын түзеді:
3ZnCl2 + 2Na2HPО4 → Zn3(PО4)2↓ + 2HCl + 4NaCl 3Zn2+ + 2HPО42- → Zn3(PО4)2↓ + 2H+ Орта қышқылдық болғандықтан мырыш фосфаты толық тұнбаға түспейді, сондықтан сутегі иондарының концентрациясын азайту үшін NH4OH ерітін-дісін қосады, рН = 5,5 - 7 аралығына болуы тиіс.
Тәжірибе: 1-2тамшы мырыш тұзы ерітіндісіне 1-2 тамшы натрий гидро-фосфаты ерітіндісін қосқанда ақ түсті тұнбаның түзілгенін байқау керек.
7. Калий тетрароданомеркуратының (ІІ) K2[Hg(SCN)4] әсері (микро-кристаллоскопиялық реакция) Калий тетрароданомеркураты (ІІ) мырыш ионымен бейтарап немесе әлсіз қышқылдық ортада крест немесе дендрид тәрізді түссіз кристалдар түзеді
(5 сурет)ал қышқыл ортадағы кристалдар үшбұрышты немесе сүйір болып келеді:
ZnCl2 + K2[Hg(SCN)4] → Zn[Hg(SCN)4]↓ + 2KCl Zn2+ + [Hg(SCN)4]2- → Zn[Hg(SCN)4]↓ Тәжірибе: Әйнек шыныға 1 тамшы ZnCl2 ерітіндісін тамызып, үстіне 1-2 тамшы сірке қышқылын және 1 тамшы K2[Hg(SCN)4] қосып, буландырады. Түссіз кристалдардың түзілгенін микроскопен қарайды. Аммоний тетраро-даномеркуратымен (ІІ) де (NH4)2[Hg(SCN)4] мырыштың тетрароданомер-куратын (ІІ) түзеді.
Тәжірибе жасау жағдайлары: 1) анықтайтын ерітіндіні міндетті түрде сірке қышқылымен қышқылдау керек;
2) ерітінді өте сұйытылған болмауы керек, сұйық болған жағдайдаоны құрғатып буландырып барып реактивті тамызып анықтайды;
3) егер Cu2+, Ni2+, Cd2+ катиондары болса Zn2+ катионын анықтау қиынға соғады;
4) егер Со2+ катионы қатысында тұнба көк түске боялады.