Байланысты: ІІ. Затты сапалы рамын аны тау сапалы анализді жіктелуі
г). Н2СrO6надхром қышқылының түзілуі Күкірт қышқылы қатысында хромат-иондарына сутек пероксидімен әсер еткенде көк түсті надхром қышқылы түзіледі:
2СrO42- + 2Н+ ↔ Cr2О72- + Н2О К2Сr2О7 + 4Н2О2 + H2SО4→ 2Н2CrO6 + 3K2SО4 + 3Н2О Сr2О72- + 4Н2О2 + 2Н+→ 2Н2СrО6 + 3Н2О Сулы ерітінділерінде надхром қышқылы тұрақсыз, Сr(III)-ке дейін ыдырап ерітіндіге жасыл түс береді. Сондықтан оны органикалық қабатқа экстрак-циялайды. Анықтау шегі 2,5 мкг. Бұл реакция көмегімен барлық аналити-калық топ катиондары қатысында хромды анықтауға болады.
Тәжірибе: Cr3+ катионын пероксидпен тотықтырғаннан кейінгі калий бихроматы ерітіндісін қайнағанша қыздырады, содан соң суытып, оған 5 там-шы Н2О2 және 6-7 (0,5мл) тамшы амил спирті немесе эфир қосып араласты-рады, үстіне тамшылатып H2SО4 (1 моль/л) ерітіндісін қосады. Жоғары органикалық қабат қарқынды көк түске боялады.
Реакцияның жүру жағдайы: 1) реакцияны (рН = 2-3) қышқылдық ортада жүргізу қажет;
2) Н2СrО6 сулы ерітіндіде өте тұрақсыз, сондықтан реакцияны эфир немесе изоамил спиртінің қатысында жүргізу керек, себебі ол онда жақсы ериді;
3) хромды тотықтыруды катализатор (Ag+ ионы) қатысында жүргізеді.