Иіс сезу және көру нервтері: құрылысы, қызметі, зақымдану симптомдары, зерттеу әдістері



бет20/87
Дата10.01.2023
өлшемі0,56 Mb.
#60772
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   87
Сөйлеуді тексеру.
Дәрігер науқаспен сөйлесу кезінде оған бағытталған сөздерді қалай түсінеді (сенсорлық) және қалай айтатынына (моторлы) назар аударып, анализ жасайды.
Сөйлеу қабілетінің бұзылуы – афазия;
Моторлы афазия (Брок афазиясы) – төменгі маңдай ирелеңінің артқы бөліктері зақымдалуында, ал сенсорлы афазия (Вернике афазиясы) – жоғарғы самай ирелеңінің төменгі және ортаңғы бөліктері зақымданғанда дамиды.


Праксисті зерттеу.
Праксис – мақсатты, жоспарлы іс-әрекеттерді орындау қабілеті.
Апраксия – мақсатты іс-әрекеттердің орындалуының бұзылуы.
Моторлы апраксия – қимылдардың бірізділігінің жоғалуы. Оны анықтау үшін науқасқа “жұдырыққабырға-алақан” тесті беріледі. Бұл іс-әрекеттер бірізділігін тез-тез бірнеше рет қайталауды өтінеді.
Идеомоторлы апраксия – қарапайым қимылдарды орындай алмау. Оны тексеру үшін науқасқа тілін шығаруын, ысқыруын, стаканға суды қалай құю керектігін, сіріңкені тұтатуын және т.б. көрсетуін сұрайды.


Гнозисті зерттеу.
Агнозия – көру, есту функциялары, сезімталдық сақталғанымен заттар мен құбылыстарды танып ажырату процесінің бұзылуы. Агнозияның түрлері:
-Иіс сезу агнозиясы;
-Есту агнозиясы;
-Көру агнозиясы;
-Кеңістік сезу агнозиясы;
-Адамды танымау агнозиясы;
-Аутотопоагнозия - өз дене мүшелерін орналасуын анықтай алмау. Бұл синдром көбінесе екі немесе бір ми сыңарының (көбінесе оң) төбе-шүйде аймақтарының зақымдануы кезінде дамиды.
Төбе бөлімі қызметтері:
-Ауырсыну, тактильді және температуралықрецепторларынан ақпаратты қабылдау
-Көру және тактильді қабылдауларды интеграциялау-кеңістік пен дене туралы субьективті түсінік
- Заттың бетінің қасиеттерін, пішіні мен өлшемінбағдарлаумен байланысты сөйлеу функциясыныңсоматикалық сезімталдығы

Төбе бөлік симптомдары


-Анестезия
-Астереогноз
-Апраксия (доминантты жартышарда) – идеаторлы немесе конструктивті
-Аутотопагнозия – науқас өзінің дене бөліктерін танымау немесе бұрмалап қабылдау, сол мен оңды айыра алмау(оң жақ төбе зақымдалғанда)
-Төменгі квадратты гемианопсия – төбе бөлігінің тереңінде
-Псевдополимелия (оң жақ)
-Анозогнозия (оң жақ)
-Акалькулия
-Алексия
-Семантикалық афазия
Төбе бөлік – тітіркену симптомдары:
-Соматосенсорлы Джексон ұстамасы

16.Бас мидың қыртысты қабаты. Мидың жоғарғы қызметтері.Маңдай бөлімінің зақымдалу синдромдары.Зерттеу әдістері.



Ересек адамдарда мидың орташа салмағы – 1375 г, сагитальды размері –16-17 см, көлденең размері – 13-14 см,вертикальды – 10,5 пен 12,5 см тұрақсызданады. Миды шартты түрде
үлкен миға, cerebrum, кіші миға немесе мишыққа, cerebellum, және ми сабауына, truncus cerebri, бөледі.Үлкен ми жарты шарын 14 миллиардтай нерв клеткаларынан тұратын сұр затты
қыртыс жауып тұрады. Үлкен ми мидың ең үлкен бөлімі және бассүйек қуысының көп бөлігін толтырып тұрады. Мидың сыртқы,шығыңқы бетімен, яғни үлкен мидың күмбезді бетімен, facies superolateralis cerebri, сагиталді бағытта мидың бойлық саңылауы, fissura longitudinalis cerebri, өтіп, үлкен миды оң және сол екі ми сыңарларына, hemispherium cerebri dextrum et hemispherium cerebri sinistrum, бөледі.Ми сыңарларын өзара дәнекерлер,commissurae, оның ішінде үлкен дәнекер немесе сүйелді дене ,corpus callosum, қосады.
Бас ми сыңарын 4 үлкен үлесіне, lobi cerebri, бөледі:
1.Маңдай үлесі, lobus frontalis
2.Төбе үлесі, lobus parietalis
3.Самай үлесі, lobus occipitalis
4.Шүйде үлесі, lobus temporalis.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   87




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет