Иіс сезу және көру нервтері: құрылысы, қызметі, зақымдану симптомдары, зерттеу әдістері.
I Nervus olfactorius, II. Nervus opticus екеуіде сезімтал нерв болып табылады. Иіс сезу және көру нервтері ми түбіршіктері және құрылымы жағынан орталық нерв жүйесі өткізгіштеріне таяу болып келеді.
Иіс сезу анализаторы үш невроннан тұрады. Біріншісі, мұрын шырышты қабықшасына орналасқан биполярлы клеткалардан басталады, ал олардың аксондары иіс сезу жішелеріне яғни fila olfactoria топтасап орналасады. Кейін иісті сезіну жіпшелері тор сүйектің lamina cribrosa арқылы өтіп, бас сүйек қуысына кіреді де қос иіс жуашықтарына аяқталады.
Екінші неврон клеткалары иіс сезіну жуашықтарына bulbus olfactorius орналасқан, олардың аксондары иіс сезу жолын құрастырады кейін мидың мандай бөлігі астындағы иіс өзегі бойымен ми қыртысы астындағы иіс сезіну үшбұрышындағы біріншілік иіс сезіну орталықтарына жетеді.
Ал, Үшінші неврон клеткалары substantia perforata anterior мен septum bellucidumнің иіс сезу бұрышында орналасқан, олардың аксондары алдыңғы ми дәнекерінде жартылай аяқталып, қарама- қарсы жағына өтеді кейін жартылай өз жағына сүйелді дененің үсті және астымен өтіп, самай бөлігінің іш жағындағы ат басты теңіз балығына ұқсас ирелең мен аммонов мүйізінде орналасқан ми қыртысы иіс сезу орталықтарына келіп жетеді. Осы жерде алуан түрлі иісттер айқындалып оларға сапалық мән беріледі.
Иіс сезу анализаторларын зақымдану белгілері мен тексеру әдісі. Зақымдану симптомдары: Аносмия – иісті мүлдем сезінбеу.
Гипосмия – иісті толық сезінбеу.
Гиперосмия – иісті шамадан тыс қатты сезіну яғни иіс сезімінің өршуі.
Дизосмия – иістің сипатын айқындай алмай басқаша сезіну.
Иіс елесі – жоқ иістерді сезініп тұрғандай болуы.