Иіс сезу және көру нервтері: құрылысы, қызметі, зақымдану симптомдары, зерттеу әдістері


Ақпаратты бекіту қабілетінің бұзылысы



бет70/87
Дата10.01.2023
өлшемі0,56 Mb.
#60772
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   87
Ақпаратты бекіту қабілетінің бұзылысы Егер ақпарат бекітілмесе (фиксация) оның сақталуы мен қайта жаңғыру үрдісі іске аспайды. Ақпаратты бекіту жеткіліксіздігі клиникасы ағымдағы оқиғаларды есте сақтаудың бұзылуымен көрінеді, ал бұл құбылыс фиксациялық Ес бүзылысы 125 амнезия деп аталады. Ф иксациялық амнезия Корсаков амнестикалық синдромының негізгі белгісі болып табылады, ол корсаков психозында, қарттық психозда, қан тамырларының зақымдалуы және жүйкелік жасушалардың өлуі нәтижесінде ми қоректенуінің бұзылысында кездеседі. Мұндай аурулар оқыған кітабының мазмұнын еске түсіре алмайды, таңертең қандай тамақ жегенін, керек затты қайда қойғанын есіне түсіре алмайды. Мұндай аурулар дүкенге барып тұрып, не алу керек екенін есіне түсіре алмай қиналады. Орын мен уақыт бойынша бағдарлау бұзылысы орын алады. Ауру бүгін қай күн екенін, қандай ай, қай жыл, аптаның қай күні екенін, үйден сыртта тұрып қайда тұрғанын, емханаға қашан түскенін, емдейтін дәрігердің атын сұрағанда айта алмайды. Фиксациялық амнезиямен науқастың өмірі біркезеңді болады, осы уақыт алдындағы сәттермен байланыссыз өтіп кетеді, сондықтан болып жатқан жайтты түсіну және бағдарлау бұзылады
Өткен тәжірибиенің есте сақталуының бұзылысы Қабылданған ақпараттың (ретенция) сақталуы жөнінде оны қайта еске түсіруге негізделіп, пікір жасалады, бұл — дұрыс емес. Шындығына келгенде, біздің жадымыз — көлемі және мазмұны жағынан біз ойлағаннан едәуір мықты. Бұған гипермнезия деп аталатын клиникалық факт дәлел бола алады. Кейбір ерекше жағдайларда адамның есіне әлдеқашан ұмытылып кеткендей болған жайлар түседі.
Өткен тәжірибені қайта жаңғырту бұзылысы Өткен тәжірбиені қайта жаңғырту (репродукция) бұзылысы фиксация және өткенді есте сақтау бұзылысында үнемі көрініс береді. Бірақ мнестикалық үрдістің осы звеносының ілкі зақымдалуы болуы мүмкін. Церебральды атеросклерозбен ауыратын науқаста өз естеліктерін басқару қабілеті бұзылады; жауапты жағдайда қажеттіні еске түсіре алмайды: есім, атаулы күндерді, нақты атауларды. Белгілі бір уақыт өткеннен кейін, оның қажеті болмаған кезде, бұл мәліметтер оңай еске түседі. Еске түсірудің барлық бұзылыстарын сандық, сапалық және таныстық (көзге таныс) сезімінің бұзылыстарына бөледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   87




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет