1.7 Ғылымның эволюциялық моделі (Т.Кун және И. Лакатос)
бұл теориялардың бастапқы эмпирикалық мазмұны және оның даму
арасындағы қиын қатынас. Білім дамуының жалпы схемасы
мынадай түрге ие: бастапқы проблема – оны шешуге ұсынылатын,
сыналатын теория сын және байқалған кемшіліктерді жою – жаңа
проблема. Ғылым прогресі қол жеткен «проблема өзгерісімен»
өлшенеді. Поппер концепциясына сәйкес теорияны егер ол шешуге
тиіс арналған мәселелерден басқа мәселелерге келтірсек
прогрессивті болады. Поппердің бастапқы концепциясында орын
алған «ғылымилық», «прогресшілдік», «шындыққа сәйкестіктің
бағасына
жетер
теория
емес»,
«проблеманың
өзгеруін»
қалыптастыратын теориялардың жүйелілігі бағалы болады.
XX ғасырда ғылым философиясын-
дағы ерекше орынды американдық
философ және ғылым тарихшысы
Томас Сэмюель Кунның концепциясы
алады (1929-1996). Өзінің «Ғылыми
революциясының құрылымы» атты әйгілі кітабында Кун ғылымның
табиғаты, оның жұмыс істеуінің ортақ заңдылықтары және өрістеуі
туралы жеткілікті түрде ұсыныстарды айтты.
Кун позитивистердің дәстүрлеріне қайшы келетін мынандай
анықтамаға тоқталады: ғылымның шынайы теориясын жасаудың
жолы ғылым тарихын зерттеу арқылы өтеді, ал оның дамуы ескінің
үстіне жаңа білімдерді қосу жолымен емес, алда жүретін
ұсыныстардың түпкілікті өзгеруі және ауыстырылуы, яғни кезең
аралық болып тұратын ғылыми көтерілістер жолымен жүреді.