Ылым тарихы мен философиясы


Философия  мен ғылымның   бірізділігі



Pdf көрінісі
бет12/103
Дата07.01.2022
өлшемі1,74 Mb.
#17045
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   103
Философия  мен ғылымның   бірізділігі. Егер фальсификациялау 
принципі философия мен ғылым арасындағы айырмашылықтарды 
көрсететін болса, онда оларды не біріктіреді?  Поппер бойынша, 
философия мен ғылым тығыз байланысты. Олардың ортақ негіздері – 
«таза мағына» мен әлемді тануға деген талпыныс.  
«Барлық  адамдар  философтар»,  -  деп  айтады  Поппер. 
Сондықтан,  ғалымдар  да  осылардың  ішінде.  Поппер  философияны 
біржақты  және  тура  анықтауға  қарсы.  Философия  конвенционалды 
болып  келеді.  «Анықтамада  тура  көрініс  табатын  және  бөліп 
көрсетілетін  философияның  негізі  жоқ».  Поппер  үшін  философия 
жалпы  таныммен  алмасып  отырады.  Философияның  мәселелерінің 
бастысы  –  бұл  «кез  келген  ойлай  алатын  адам  қызығатын  мәселе». 
«Бұл  әлемнің  бөлігі  ретінде  бізді  де  қоса  алғанда  әлемді  тану 
мәселесі». Поппердің айтуынша, оның философия мен ғылымға деген 
қызығушылығы  оның  «өзіміз  өмір  сүріп  отырған  әлемнің  жұмбағы 
туралы және осы әлем жайлы адамның білімінің жұмбағы туралы  бір 
білгісі» келгенімен байланысты.  
Поппер  қолданатын  «әлемді  тану»  ұғымында  екпін  «тану» 
ұғымына  да,  «әлем»  ұғымынада  түсуі  мүмкін.  Біздің  ойымызша, 
Поппер үшін әлем  «танымын» бөліп  көрсету маңызды болып келеді, 
және  ол  сөйтіп  жасайды.  Ол  былай  деп  жазады:  «Адамзат  білімінің 
феномені,  сөзсіз,  біздің  әлемтануымыздың  үлкен  таңғажайыбы.  Ол 
тез  арада  шешіле  қоймайтын  мәселені  құрастырады».  Бірақ  Поппер 
үшін  таным  ол  шектелмеген,  абстрактілі  таным  болып  келеді.  Бұл 
«әлемді»  тану.  Тура  әлемді  тану  үрдісінде  таным  үрдісінің 
мамандануы  анықталады.  Тіпті  Поппер  ғылыми  танымның 
мағынасын  бөліп  көрсетеді.  Ғылыми  білімнің  өсуі  әсіресе  әлем 
туралы  адамзат  білімінің  «құпияларын»  шешу  үшін  қызмет  етеді. 
Сонымен,  ғылым  танымның  философиялық  мағынасын  шығаруда 
маңызды  фактор  болып  табылады.  «Әлемді  тану»  ұғымының  өзі 
философия мен ғылым арасындағы тығыз байланысты көрсетеді деуге 
болады.  
Дәл  осы  ғылыми  таным,  оның  өсімін  зерттеу  Попперге 
философиялық дәстүрлерді қайта қарауға және өзінің философиялық 
концепциясын құрауға мүмкіндік берді, оның эпистемологиясына да, 
сондай-ақ  қоғамдық  философияға  да  шығармашылық  негіз  болды. 
Аристотельдің анықтамаларының эссенциалистік әдістерін сынағанда 
ол    жаңашыл  дүниетанымның  тәжірибелеріне  сүйенеді.  Платон  мен 
Аристотельдің эссенциалистік көзқарастары «жаңа заман ғылымының 
әдістерімен  қарама  қайшылықта  болып  келеді».  «Ғылымда  «білім» 
осы  сөзді  Платон  мен  Аристотель  түсінетін  мағынада  жоқ,  яғни 
қорытындыны  сипаттайтын  мағынада.  «Ғылымда  біз  ешқашан  да 


 
 
34 
шындыққа  жеттік  деп  айту  үшін  жеткілікті  негізге  ие  бола 
алмаймыз». 
Поппер  ғылымның  «мағынасыз»  философиялық  боссөздерді 
алып  тастауындағы  рөлін  бөліп  көрсетеді.  Философия,  Поппердің 
пайымдауынша,  неопозитивистер  ойлағандай  тек  әлем  туралы 
адамзаттың айтқан сөздерінің мағынасын анықтайтын іс әрекет болып 
қана  қоймай  ғылым  сияқты  өз  алдына  күрделі  мәселелерді  қоя  және 
талқылай  алады.  Поппер  философия  мен  ғылымның  ұқсастықтарын 
метолодологиялық  аспектіде  көреді.  Философияға  тек  өзіне  тән 
«логикалық  және  лингвистикалық»  әдіс  тиесілі  деп  есептеген 
неопозитивистерге  қарсы,  Поппер  жалғыз  философияға  ғана 
маманданған әдіс жоқ деп анықтайды.  
Осымен қоса, «белгілі бір ортақ әдіс» бар деп есептейді Поппер. 
Ол  тек  қана  философияға  ғана  жатпайды,  ол  «табиғи  ғылымдарға 
философиядан  аз  емес  мөлшерде  тиесілі».  Осы  әдістің  негізі  ретінде 
рационалдылықты  және  сыншылдықты  ала  отырып,  Поппер: 
«Белгілі  бір  мәселенің  қандай  да  бір  шешімін  ұсынарда  біз,  сол 
арада  жедел  түрде  осы  шешімді  жақтамай,  оны  жоққа  шығаруға 
тырысуымыз керек» деп айтады.  
Сонымен,  К.  Поппердің  ғылым  философиясына  қосқан  үлесі  
болып ғылыми таным үшін метафизиканың мағыналығын көрсетуге 
көмектескен  индукцияның  сыны  мен  фальсификациялау  идеясы 
табылады. 
 
Осы  күрделі  мәселеден  біріншіден  К.Поппердің  ғылым 
методологиясы  және  гносеологиялық  тұжырымдамасын  атауға 
болады.  Поппер  ғылым  теориясына  реалистік  көзқарас  жүргізді: 
әлем,  теория  туралы  сезулері  бола  тұра,  оның  көзқарасы  бойынша 
шынайы өмірдің ғылым күнделікті әртүрлі аспектілерін сипаттауға 
мүмкіндік береді.Ол сонымен қатар философия ғылымының негізгі 
мәселесі  болып  дайын  теорияларды  талдау  ғана  емес,  керісінше 
ғылыми  білімнің  дамуын  зерттеу  болып  табылады.  Осыған  орай 
ғылыми теорияны жасанды, логикалық арқылы талдауды ұсынатын 
неопозитивистерге қарсы шығады. 
 
Поппер  өзін  неопозитивизмнің  жақтаушысы  деп  санамаса  да, 
керісінше  өзінің  оған  деген  сындық  қатынасын  көрсеткенмен  де 
оның 
көптеген 
философиялық 
доктринасы 
неопозитивизм 
дәстүрімен  байланысты.  Қоғам  дамуы  –  бұл  ғылым  дамуының 
нәтижесі  деген  анықтаманы  қолдауы  О.Конттың  теориялық 
зерттеулерінің  негізгі  идеясы  болды.  Барлық  позитивистер  сияқты, 
Поппер  де  шығатын  гипотезалардың  қалыптасу  құралы  ретінде 
индукцияны жоққа шығарады. Мысалы, ғылыми теорияны дәлелдеу 
туралы  сөз  болған  уақытта,  ғылым  методологиясы  тек  дедуктивті 


 
 
35 
логика құралдарымен ғана шектелмейтін неопозитивистермен де ол 
өте  тиянақты  дедуктивист  болып  қалыптасады.  Неопозитивистерге 
сәйкес  теориялық  қағидалар  мен  заңдардың  эмпириялық 
дәлелдемесі,  шынайы  әлемнің  фактілерін  бақылау  барысында 
тексерілетін  эмпириялық  заңдардың  шығарылуымен  жүзеге  асады. 
Неғұрлым эмпириялық заңдар көп шығарылса, олар бір-бірінен көп 
ерекшеленсе  және  оларды  дәлелдейтін  фактілер  көп  болса, 
соғұрлым  теория  негізделген  болып  саналады.  Гипотезаның 
нақтылау деңгейінің сандық көрсеткіші болып логикалық мүмкіндік 
табылады,  ол  гипотезаны  нақтылаудың  эмпириялық  фактілерімен 
түсіндіріледі. 
Теориялық 
мүмкіндік 
елестерге 
негізделген 
индуктивті логика неопозитивизм шеңберінде қалыптасады. 
 
Өзінің  ғылыми  білімін  логикалық  қайта  қалыптастыруда 
Поппер  индуктивті  әдістің  абсолютизациясына  қарсы  шықты. 
К.Поппер  ғылыми  білімнің  өсу  заңдарын  сипаттайтын  адекватты 
механизмі ретінде индуктивті логика бола алмайды деп есептейді. 
 
Бэкон-Миль  индуктивистік  дәстүріне  тән  ғылыми  теориялар 
индуктивті жалпылама нәтижесі сияқты емес, ал ғылымның ерекше 
көзқарасы  шығармашылық  жұмбақтарының  нәтижесінде  пайда 
болды.  Егер  Миль  «индукцияны  жалпы  ұсыныстарды  табу  мен 
дәлелдеу  процесі»  деп  анықтауға  болады  десе,  онда  К.  Поппер 
өзінің 
«Ғылыми 
жаңалықтың 
логикасы» 
атты 
кітабында 
көрсеткендей жаңа білім табу «психологиялық процесс, ал дәлелдеу 
логикалық дедукция нысанында ғана мүмкін». 
 
Бірақ  Поппер  индукцияны  ғылыми  таным  әдісі  ретінде 
толығымен  жоққа  шығармайды.  Ол  теорияны  қандай  бір  ғылыми 
қоғам 
мен 
сынды 
талқылау 
процесі 
бекітілетінін 
анықтайтындығына сүйенеді. Ғылыми танымдағы барлық жағымды 
жақтар  нақты  сол  уақыттағы  өздерінің  сынды  талқылауына,  қай 
категория  қажет  екендігіне  байланысты  жағымды  болады. 
Сондықтан да қандай теория  абсолютті дәлелденген деп  саналмаса 
да,  Поппердің  аты  бойынша,  ғылыми  білімнің  негізі  ретінде 
жақсылап  тексерілген  теорияны,  ол  тексерудің  қатыстылығын 
ескере  оырып  таңдау  керек.  Ғылыми  білімнің  осындай  негізгі 
бағыты рационалды болып саналады. 
 
Поппер әр уақытта «теория» түсінігін бұрмалайды. Ол ғылыми 
теорияны біз әлемді ұстап, оны рационалдылау, түсіндіріп, өзімізге 
бағындыру үшін қолданылатын «символикалық формула»,  «схема» 
немесе  «желі»  деп  атайды.  «Біз  желі  ячейкаларын  өте  ұқсату  үшін 
еңбектенеміз».  Бұл  метафора  Поппердің  түсіндіруге  негізделген 
ғылыми  қызметінің  мәнін  көрсетеді.Істің  мәнін  түсінуді  Поппер 
ғылыми, 
рационалды 
қызметтің 
соңғы 
мақсаты 
ретінде 


 
 
36 
қарастырады.  Ол  былай  деп  жазған:  «Менің  ойымша  ғылымның 
мақсаты – қанағаттандырарлық түсіндірмелер іздеу...». 
 
Түсіндірмелер қанағаттандырарлықтай болуы үшін белгілі бір 
-  қажетті  қасиеттерге  ие  болуы,  ең  алдымен  нақты  логикалық 
талаптарды  қанағаттандыруы  керек.  Ғылыми  түсіндірмені  Поппер 
«себепті түсіндірме» деп атайды. 
 
Поппердің  айтуы  бойынша,  ғылыми  гипотезаларды  тексеру 
таза дедуктивті процесті білдіреді және ол индукцияға қандай да бір 
қатынасты  талап 
етпейді. 
Поппер 
ғылымның 
дедуктивті 
методологиясын қалыптастырады. Дедуктивті позиция оны ғылыми 
теорияны  негіздеу  мүмкін  емес,  оны  тек  жоққа  шығару  мүмкін 
деген қорытындыға әкеледі. Егер теория тексеруден өтпесе, онда ол 
«модус  толенс»  дедуктивті  ережесіне  сәйкес  жоққа  шығарылады. 
Ғылыми 
заңдары 
универсалды 
ұсыныстар 
нысанына 
ие 
болғандықтан, 
«барлық 
Х 
элементтеріне 
Х, 
барлық 
Y  
элементтеріне Y, барлық Y элементтеріне Z R  – ға қатынасы бар», 
онда  осы  тұжырымды  «modus  tollens»  схемасы  бойынша  жоққа 
шығаруы  үшін  классикалық  нормаларға  сәйкес  бір  ғана  жоққа 
шығарушы  элемент  қажет.  Бірақ  бұл  эмпирикалық  дәлелдеу,  яғни 
бекіту үшін жүзеге аспайтын көптеген эксперименттерге қарағанда 
нақты  жүзеге  асырылатындай  болуы  керек.  Нақты  осы  аталған 
формальды логикалық ой Поппердің фальсификациондық негізінде 
жатыр. 
 
Поппер,  ғылыми  теориялар  әлем  жайында  жоғары  хабардар 
шешімдер  болып  табылады,  бірақ  олар  әр  түрлі  эксперименттік 
құралдар  арқылы  тексерілуі  мүмкін  деп  ойлайды.  Жалпы  алғанда, 
егер  жаңа  проблема  бұрынғы  проблемада  қарастырылғаннан  басқа 
түрлі  аспектілерге  баланысты  болса,онда  прогрессивтілік  алға 
басушылық  нәтижесінде  зерттелуші  құбылыстың  жаңа  көріністері 
және  оларды  терең  түсіну  шығатын  даулы  жағдайға  жатқызуға 
болады 
 
Фальсификация  идеясы  –  Поппер  логикасының  регулятивтік 
идеясы.  Оны    қайта  қарастыру  процесінде  концепцияның  алғашқы 
вариантының түрлі аспектілерін өзгертіп, бірақ негізгі бағытта олар 
сақталынады.  Поппер  ұстанған  ғылымның  даму  механизмінің 
түсінігі  қазіргі  кезеңдегі  батыстың  ғылым  философиясының 
айналымы шеңберінен шыққан жоқ. 
 
Қазіргі кезде саналы түрде қарастырылып отырған шындыққа 
сай  теориялар  тұрғысында  танымның  проблемалары  емес  негізгі 
ретіндегі  фактілер  фальсификаторлар  жиынтығы  немесе  «қиын 
фактілерді»  құрайды.  Фальсификация  процедурасы  жай  ғана 
теориямен бақылау арасындағы  дуэль емес, ол қарсылас теориялар, 


 
 
37 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   103




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет