53
пікірталасқа
қатысты
(Дж.Хорган,
В.Гейзенберг,
Ж.Делез,
П.Фейерабеннд, М.Фуко, Ф.Лиотар, В.Паули және тағы басқалары).
«Ғылымның соңы» деген түсінік тек қана үлкен үрдістің ауысуын
ғана білдірмейді, сонымен қатар ғылымның қарастырып отырған
парадигмасының ауысуын, парадигмалық негіздемесін және қазіргі
таңдағы мәдениетті өркениеттегі ғылымның орнының өзгеруін
білдіреді. Қазіргі таңда көбіне мынадай уәждемелер айтылып жүр:
әлем дегеніміз біртұтастық және ғылым өзінен өзі холистикалық
дүниетанымнан шыға алмайды; ғылыми төңкеріс қажет, ол ғылым
деген түсініктің өзінің шеңберінен де шығуы тиіс. Мұндай ерекше
құбылыс – мәдениет. Мұнымен көптеген авторлардың постмодерндік
ментальды мәдениет клишесіне үндеуі түсіндіріледі.
Ғылым философиясы (әсіресе тарихи мектептер) мен
гуманитарлық
таным
философиясының
бірігуінің
негізінде
ғылымның жаңа парадигмалық негіздемесі іздестірілуде, оның
зерттеу аймағының шеңберінде плюралистік ғылым философиясы
пайда болады (К.Хюбнер).
Сұраққа жауап беру үшін біз бұл екі бағыттың жаңа ғылымның
және оның мәртебесін құраудағы дәрежесін қарастырамыз, олардың
әрқайсысының негізгі мәселелері мен түсінігін қарастырамыз,
соңында жаңа әдіснамалық парадигманы шығару үшін барлығын
қорытындылаймыз.
ХХ ғасырда пайда болған постмодернизм соңғы үшінші «уақыт
бағыты» («дух времени») дүниетанымын түсіндіреді. 1980 жылдың
басында батыс зерттеушілері постмодернизмның мәселелерін күн
тәртібіне қойған. Соның кейбір өкілдерімен танысайық.
Достарыңызбен бөлісу: