66
түсіндіру әдістері негізгі болса, ал әлеуметтік- гуманитарлық
білімде интерпретация және түсіну әдістері негізгі болады.
Заттық және жалпылық ғылыми білімнің бөлінбес бүтіндігін,
тұтастығын көрсетеді. Ғылыми білімнің мәнділігі (мәні, заттылығы)
оның жалпылық сипатына негізделеді. Ғылымның түпкі мақсаты
практикалық қызметтегі заттың өнімге түрлену үрдісі болады.
Ғылыми әрекет осы заңға жауап берсе, нәтижелі болмақ.
Сондықтан ғылымның негізгі міндеті – соларға сәйкес нысанды
өзгертетін және дамытатын заңдылық пен байланыстарды
анықтау. Нысанды зерделеу – ғылыми танымның басты ерекшелігі.
Жалпылық, заттық сияқты адамның рухани өмірінің басқа
түрлерінен ғылымды өзгеше етеді. Ғылымда субъективтік фактор
рөлін атқара алатын, таным нәтижесіне әсер ететін құралдар
үнемі дамыса, онда өнерде керісінше, суретшінің шығармасы
құндылық қатысы тікелей көркем бейнеге енген. Әрине бұл
ғалымның жеке қасиеттері мен құндылықтары ғылыми
шығармашылықта және ғылыми нәтижеге мүлдем әсер етпейді
дегенді білдірмейді. Ғылымда ең бастысы – жалпы байланыстар
мен заңдылықтарға бағынатын затты құрау, адам әрекеті затты
зерттеу қорытындысы негізінде нәтижелі болуы. В.С Степиннің
пікірінше, ғылым оның байланыстарына тән анықталған затты
құрай алмаса, онда оның тартылысы сол жерде аяқталады деген.
Ғылыми таным жүйелілігі ғылымның барлық жағын
сипаттайды, (оның мазмұнын, ұйымдасуын, құрылысын, принцип
түрінде алынған нәтижесін көрсетуін т.б.) ғылыми танымның
ерекше қасиеті болып табылады. Таным ғылым сияқты жалпы
нағыз әлемді тануға тырысады, бірақ ғылыми таныммен
салыстырғанда адамның тіршілік ету үрдісінде төтенше құрылады.
Білім жүйеленбеген: әртүрлі ақпарат көздерінде алынатын
нысандар туралы кейбір түсініктер. Ғылыми таным әрдайым және
бәрінде жүйеленген. Жүйе бір-бірімен байланысты белгілі бір
бүтінді, тұтастықты құратын қосалқы (кіші) жүйелер мен элементтер
жиынтығы екені белгілі. Бұл мәнде ғылыми білім – зерттелетін
әлемнің принциптерімен заңдылықтарымен келісілген категориялар,
заңдар, принциптер бірлігі болады. Ғылымның жүйелігі оның
ұйымдастыруында көрінеді. Жаңа ғылым синергетиканың мәні –
күрделі өзіндік ұйымдасқан жүйе болса, ал ғылыми әдістер ішінде
жүйелік талдау, бүтіндік принципін іске асыратын әдістер кең
таралуда.
Достарыңызбен бөлісу: