68
болады. Бұл жағдайда ғылыми құралдарға қосымша логикалық-
әдістемелік принциптер, қосымшалық принциптер, белгісіздік
принципі, классикалық емес логика тағы басқа енгізіледі.
Егер ғылыми зерттеу затын құру мүмкін болмаса, ғылымилық
өлшем жүзеге аспауы мүмкін. Бұл кез-келген бүтіндікке қатысты,
яғни дәйектеме мәнінде объективтелмейтін принципиалды, немесе
Гуссерльдің сөзімен айтсақ, логикалық құралмен айтылмайтын
алдын-ала түсінік сияқты «кеңістік», «фон» қалса, онда ғылыми
таным түсіну мен интерпретациялық өзіндік әдістері ретінде
герменевтикалық процедуралармен толығады. Оның мәні оның
бөлшектерімен элементтері ашық болу үшін ең алдымен бүтінді
танып алу қажет.
Ғылымилық өлшемдердің қатынасы ғылымның үнемі
дамуын, мәселелік кеңістіктің кеңеюін, ғылыми ізденімнің жаңа
тиімді құралдарының туындауын растайды. Ғылымилық өлшемдері
ғылым дамуындағы маңызды регулятивтік элементтер болады. Яғни,
ғылым шынайылықтың жалпы және заттай түсінігі ретінде
бақылаушы (растаушы және қайталаушы) деректерге, рационалды
түрде қалыптасқан және жүйеленген ойлар мен жағдайларға,
дәлелдеуді қажет етуге сүйенеді. Ғылымилық өлшемдері ғылымның
ерекшелігін анықтайды және адами ойлаудың жалпы және әмбебап
тануға бағытталғандығын көрсетеді. Ғылым тілі логикалығы мен
жүйелілігімен (ұғымдарды нақты қолдану, олардың байланысын
белгілеу, олардың ізділік негізі, бірінен соң бірінің шығуы)
өзгешеленеді. Ғылым бүтіндік құрылыс болып табылады. Ғылыми
кешеннің барлық элементтері өзара байланысты, белгілі қосалқы
жүйелер мен жүйелергебірігеді.
Достарыңызбен бөлісу: