118
қасиеттері жүйелі. Сәйкесінше оған кіретін элементтерге тәуелді, яғни
олардың бар және жоқтығына, дамуы немесе жүріс тұрысының
траекториясына қатысты. Куматаид тек бір қасиетпен немесе бірнеше
қасиеттерімен жекешелендіруге болмайды. Бүкіл әлеуметтік өмір
осындай жүзуші куматаидтармен толы. Оның тағы бір сипаттамасы -
қызмет етуінің белгілі бір предикативтігі: халық болу, мүғалім болу, бір
топтың мүшесі болу, Куматаидтан жүріс-тұрыстық біршама типтік
ерекшеліктерінің қалыптасуын күтуге болады.
Жаңа ғылыми ізденістер білімнің қағидалы гипотетикалығына назар
аударады. Постклассикалық емес әлем бейнесін суреттеуде флуктуацияға
(бастапқы шарттардың кездейсоқ өзгеруі) қарамастан мүмкін
траекториялар жиынтығы (жүйенің эволюциялану жолы) анықталады
және шектеледі. Кездейсоқ флуктуациялар мен бифуркация нүктелері
жүйе траекториялардың өздері белгілі бір атракторға тартылады және
соның нәтижесінде жүйенің алғы шарттарын болар болмас өзгертіп,
тұрақты жағдайға әкеледі.
Синергетикалық парадигмада жүйелердің асқынған жүріс тұрыс
режимі танылады. Синергетикалық объектінің күрделілік критериі
өзіндік ұйымдастыру белсенділігінің көрсеткіші болып табылады.
Синергетика тең емес жүйелерді немесе теңдіктен алшақ тұрған жүйені
зерттейді. Мұндағы тұрақсыздық белгілі бір параметрлер саласындағы
кездейсоқ қозғалыстар дегенді білдіреді. Ғалымдар белгілі бір
жағдайларда кеңістік бейненің уақытында үнемі өзгеріп отыратын
өзіндік ұйымдасудың макроскопиялық құбылысы мозаика, сақина,
спираль, т.б. түрінде пайда болады деген тұжырым айтады. (Г. Николис,
И. Пригожин) "Тұрақсыздық біткен жерде жаңа құрылым туындайды
дейді "- Г.Хакен.
Достарыңызбен бөлісу: