139
ол өзін-өзі ұйымдастыратын күрделі жүйелердегі энтропияның
қайтарылмайтын өсімін көрсетті.
Күрделі өзін-өзі дамытатын жүйелердің ұйымдасуы мен өзін-өзі
ұйымдасуы ұғымдары қазіргі кездегі ғылым әдістемесінде орта болып
табылады. Ұйымдасуымен өзін-өзі ұйымдасуын зерттеу осы
құбылыстардың физикалық негіздерін бөлу мен байланысты, кейін ол
«синергетика» деп аталған. «Синергетика» (грек. Synerqos-біріге
әрекет ететін) терминін Г.Хакен өзін-өзі ұйымдасу үрдістеріндегі
ұжым рөлін анықтау үшін енгізген.
Синергетика-жаңа ғылым емес, ғылымдарды біріктіруші жаңа
бағыт. Синергетиканың мақсаты- жаратылыс-ғылыми, техникалық,
әлеуметтік-гуманитарлы білім салаларындағы өзін-өзі ұйымдасу
үрдістерінің жалпы әдістері мен жалпы заңдылықтарын айқындау.
Басқаша айтқанда, синергетиканы білімдердің пәнаралық саласы
ретінде анықтауға болады, эволюция мен күрделі жүйелердің өзін-өзі
ұйымдасуының әмбебап заңдылықтарын табуға, нақты алатын болсақ
тең емес, сызықты емес жүйелерді ашуға бағытталады.
Классикалық
термодинамикаға
қарағанда
дүниенің
синенергетикалық суретінде көптілік мүмкінділігі шектеулі болса да
анық байқалады.
Синергетика хаостан тәртіп және тәртіптен хаос, бір
реттіліктен басқа құрылымның реттілігі қалай пайда болатынын
зерттейді.
Жүйенің ашықтылығы сыртқы ортамен зат және қуатпен
айырбас қабілетін зерттейді.
Жүйенің өзін-өзі ұйымдасу қабілеті болуы үшін, екі бастама
болуы қажет: реттемелі – кіріс қайнар көзі есебінен құрылымның бір
мағыналы болуын өсірмейтін, және хаотикалық, ағым арқылы бір
мағыналықты тарататын.
Хаос және реттілік бастамалары өзара күрделі тең емес
қатынастарға түседі, және де тең емес жүйе парадоксальды түрде
белгілі бір теңдікте болып дамиды.
Сызықтық емес жүйелер оның эволюциясының көптеген
жолдарының болуын білдіреді. Егер жүйенің параметрлері хаос
немесе реттілік жағына өзгеретін болса жүйе тең емес болады,
соңында таңдау мәселесі пайда болады, атап айтқанда жүйе
бифуркация нүктесіне жақындайды. Осы нүктеден өткеннен кейін
жүйенің өмір сүру реті өзгереді: өлімге ұшырамау үшін жүйе жаңаша
құрылады. Уақыт өте келе ол салыстырмалы теңдік пен тұрақтылыққа
ие болады. Бұнда салыстырмалы теңдік туралы айтылады, себебі
табиғат пен өмірдегі болып жатқан үрдістерге синергетикалық