127
жаңа гносеологиялық ситуация туралы сөз қозғауға болады. Математика
дамуының болашағы және оны негіздеуді ұғыну математикалық
дәлелдеудің арнайы критерийлері пайда болғандағы адам және машина
арақатынасына байланысты бола бастайды.
ХХ ғ. ғылымындағы байқалатын тенденциялардың ішінде
ғылымдағы, әсіресе жаратылыстанудағы математика маңыздылығының
жоғарлауын атауға болады (кез-келген білім саласының ғылымдылығы
ондағы математиканы пайдалану дәрежесімен анықталады деген пікір
антикалық заманнан қалыптасқан). Осы тенденцияны жиі «ғылым
математизациясы» деп атайды. Бұл құбылыс философиялық-әдістемелік
мәселелерді туындатады және терең ойластыруды талап етеді.
ХХ ғ. көптеген ғылымдарда математикалық гипотеза және
математикалық модельдеу әдістері кең қолданыла бастайды. Олардың
қолданылуы қазіргі кездегі ғылымда тек пәк объектілер орын алатынына
байланысты (әлі болмаған немесе қағидалы байқалмайтын объектілер).
Математикалық гипотеза әдісі әртүрлі ғылымдардағы үнемі түсіндіру
мен болжамдау мәселелерін шешу арқылы кең түрде мүмкін болатын
математикалық конструкцияларды таңдауды ұсынады. Математикалық
модельдеу әдісі объектіні тұтастай елестетуге, жақындауға мүмкіндік
береді, ол күрделі түрдегі өзін-өзі ұйымдастыру объектілерін зерттеуде
маңызды. Сонымен қатар, аталмыш әдістер адам өмірінің кез-келген
саласындағы құбылысты болжамдауға мүмкіндік береді, сондықтан тек
қана жаратылыстануда емес, әлеуметтануда, экономикада және басқа
әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдарда да кең тараған. Әсіресе, қазіргі
кездегі космология мен әлеуметтік экологияны атауға болады.
Сонымен, математика философияны, оның мәнін, пәнін және
даму заңдылықтарын анықтайды; қазіргі кездегі ғылым мен
мәдениеттегі алатын рөлін анықтайды.
Достарыңызбен бөлісу: