10.5 Құқықтың
гносеологиялық
формалары
Легистік
(юридикалық-позитивтік)
гносеология негізінде ресми биліктің
бұйрықтарын, мәжбүрлік – міндеттейтін
шешімдерін құқық ретінде мойындау
(және ұғыну) принципі жатыр. Анығында,
осындай позитивистік-прагматикалық бағыттағы легистік гносеология
көбінесе мына жәйттерге жүгінеді:
Ресми билік бұйрықтарының (мәжбүрлік – міндеттейтін
шешімдерінің) түрлерін (формаларын), яғни әрекеттегі құқықтың
(позитивтік құқықтың, заңның) формалды шығу тетіктерін, көздерін
анықтау, топтастыру және жүйе - жасамдау;
Заң шығарушының пікірін (позициясын), яғни ресми акт
мәтінінде көрсетілген билікті қолдау бұйрықтарының нормативті-
реттегіш мазмұнын анықтау. Легистік гнеосеологияға сүйенсек, құқық
туралы ақиқат заң шығарушының (сувереннің, мемлекеттің) ерігін,
позициясын, пікірін білдіретін заңда берілген. Сондықтан құқық
жөніндегі ақиқи білім, ресми – биліктің пікір болса да, пікір сипатында
қалады. Осындай құқық түсінудің логикасы бойынша, құқық жасаушы,
құқық деген не және ол бей құқықтан қалай ажыратылатынын білу тек
билік ғана шешетін болып шықты. Ал оны танып – білу, ең болмағанда
заңда (әрекеттегі құқықты) берілген биліктік – бұйрықтық пікірді дұрыс
түсіндіріп, көрсете алумен шектеледі.
Бірақ құқық догмасын зерделеу арқылы құқық теориясын
позитивистік шектеу, шын мәнінде құқықты ғылыми зерттеуді кәсіби-
техникалық
сипаттаумен
ауыстыруға,
құқықтануды
заңтануға
алмастыруға әкеледі.
Заңның (әрекеттегі құқықтың) позитивистік гнеселогиясы заңның
мәнін тануға емес, әрекеттегі құқық туралы жаңа білім (өз болмысында
берілген заңда жоқ) алуға емес, керісінше, заңды адекватты
(юридикалық-догматикалық мағынада) сипаттауға бағытталған. Осы
құқық түсіну бойынша, құқық туралы барлық білім, алдын ала
позитивтік құқықтың өзінде, оның мәтінінде ресми берілген, сөйтіп
құқық туралы позитивистік ілімнің негізгі мәселесі – заң мәтінін дұрыс
ұғынып, түсіну және осы мәтінде кездесетін, орын алған ресми –
құқықтық білімді, заңшығарушының пікірі мен позициясын тиісті
қарастырып
мазмұндау
болып
табылады.
Сонда
құқық
гносеологиясының мәселенамасы (проблематиканы) көбінесе ресми акт
мәтінін дұрыс лигвистикалық талдау туралы мәселеге саяды.
Гносеологиялық тұрғыда алғанда табиғи құқықтық көзқарас
құқықтың объективтік табиғатын ұғынудың, оның ақиқатына жетудің
теориялық (философиялық-құқықтық, ғылыми) зерделеудің тарихи ең
алғашқы әрекеті, түрі болып табылады. Танымның осы әдісі құқықты
193
теориялық түсініктеу мен зерттеу ауқымындағы ойлаудың алғы шарты
мен бастапқы танымдық арқауы ретінде табиғи және позитивтік құқықты
ажыратуға әкеледі.
Құқықтық ойлау тарихында табиғи және позитивтік құқықты
ажырату нақты берілген позитивтік құқық туралы теориялық
рефлексияның гносеологиялық формасы және осындай рефлексияның
нәтижелерін тұжырымдау болып табылады. Өйткені заңды (позитивті
құқықты) кешенді теориялық тұрғыда тану, оның ресми болмысы мен
эмпириялық мазмұнына тоқтамай, заңның объективтік негіздері мен
сапаларын, құқықтық мағынасы мен маңызын, құқықтық табиғаты мен
мәнін іздеу, танымдағы нысанның (заңнан) абстракциялану және сөйтіп
оны теориялық ұғыну мен зерттеудің салдары мен нәтижесі ретінде оның
парасаттық-мағыналық моделін (табиғи құқық формасында, құқық
идеясы және т.б.) ойтопшылау.
«Табиғи құқық» деген жалпы атау мен бірыңғай терминнің
астарында табиғиқұқықтың әрқилы (өзінің мазмұны, мәні және ұғымы
бойынша) варианты мен әрұдайылық мағынасы жатыр.
Табиғи құқық туралы (өзгермелі позитивтік құқықтан өзгеше)
көзқарастардың жалпы теориялық-танымдық негізі – «табиғилықтың»
«жасандылықтан» шартсыз басымдылығын мойындайтын және олардың
қарама-қарсылықты бағалануын өзінде қамтитын құқық саласындағы
«табиғилықты жасандылыққа» қарсы қоятын принцип болып табылады.
Бұл – құқықтың әмбебаптық (универсалдық) принципі.
Осы принцип шеңберінде «жасандылық» алдын ала позитивтік
құқықта берілген , сондықтан «табиғилық» (табиғи құқық) одан бұрын
берілген (құдай, парасат, заттар табиғаты, адам табиғаты және т.б.)
позитивтіктен алдыңғы (позитивтікке дейін, позитивтіктен жоғары)
құқық ретінде түсіндіріледі. Сонда «табиғи» дүниебітімнің кеңістік пен
уақыттағы алдын ала берілуі (шартсыз беделді, адамның жоғарғы тұрған
истанция)
бірмезгілде
онтологиялық,
гносеологиялық
және
аксиологиялық маңызжға ие: «табиғи» (табиғи құқық) бастапқы, сөзсіз
дұрыс, ақиқи және әдепті, әйтеуір бір сонымен, жақсы, ал «жасанды» -
екінші, туынды, нашар, бейдұрыс, бейақиқи және ол «табиғилықтан»
ауытқыған (адамдарға тән қателік, зомбылық, өз қалауына сай және т.т.)
себепті есептен шығарылуы керек, немесе ең болмағанда «табиғылыққа»
сәйкес келтіріп, түзетілуі керек.
Юснатурализмнің әрқилы қағидаларының гносеологиялық мүддесі-
табиғи құқықтың тиісті версияларының (оның позитивтік құқықпен
ажыратылуы мен қарсы тұруындағы) ақиқаттығы мен айқындалуын
түбегейлеуге бағытталған.
Осы тұрғыда қарастырғанда – құқықтың заң идеясының өзі, табиғи
және плзитивтік құқықтың өзара байланыстық аспектілері, әрекеттегі
194
құқықты табиғи құқықтың ережелері мен талаптарына, сәйкестендірудің
нақты формалары мен бағыттары және т.б. ескерілмей, тасадан тыс
қалады. Табиғи және позитивтік құқық арасындағы өзгешеліктің салдары
юснатуралистік көзқарасқа тән құқықтық дуализм, яғни табиғи
құқықтың да және позитивтік құқықтың да қосамжарланып өмір сүруі
мен бірмезгілде әрекет етуіне мүмкіндік жасау болып табылады.
Осы құқықтық дуализм табиғиқұықтық көзқарас шеңберінде бола
тұра, сонымен бірге табиғи құқықты құқықтың философиялық идеясы,
құқықтың философиялық ұғымы ретінде түсіндіретін философиялық-
құқықтық қағидаларда өз шешімін таба алмады. Алайда, осы
философиялық қағидаларда құқық танымы және т.б. идеялар құқықтық
заң ұғымы деңгейіне көтеріле алмады (құқықтың объективтік мәніне
сәйкес келетін бірізділік юридикалық-формаландырылған қағидалар мен
позитивтік құқық құрылымдары деңгейіне дейін).
Либертарлық гносеология негізінде құқықты мән ретінде және
құбылыс ретінде түсінудің барлық өзекті танымдық-маңыздылық
аспектілері мен варианттарын теориялық дамыған формада көрсететін
құқық пен заңның ажыратылуы мен арақатынасының (сәйкестігі немесе
сәйкессіздігі) жалпы теориясы жатыр. Осы жағдай либертарлық
гносеология шеңберінде, өзге қағидаларда кездесетін теориялық-
танымдық тұрғыда алынған барлық құндылықтарды оңтайлы өзгертілген
түрде пайымдауға мүмкіндік береді.
Мәні мен принципі формалды теңдік болып табылатын теориялық-
танымдық тұрғыдағы либерталдық қағида анықталған құқық ұғымы
түрінде – заң (позитивтік құқық) жөніндегі білім мен ақиқатты
теориялық зерделеу мен топшылаудың қажетті гносеологиялық моделі
ретінде көрініс табады. Сөйтіп, осы берілген қағида құқық туралы жай
пікірден (нақты заң ретінде өзінің субъективтік биліктік бітімінде) ақиқи
білімге танымдық өту процесін – құқық туралы ақиқатты ұғынуға, құқық
ұғымына, яғни құқықтың объективтік (биліктің ерігі мен қалауына
тәуелсіз) мәнділік қасиеттері мен оның жалпыміндеттік көріну,
нақтылану, білдіру формалары туралы теориялық (ұғымдық) білімге
өтуді көрсетеді. Либертарлық гносеология бітімінде құқық пен заңның
байланысы мәселесі, заңның мәнділік қасиеті мен заңның құқықтық
сапасының критерийі ретіндегі құқықтың объективтік қасиеттерін түсіну
мен түсіндіру, құқықтық заң (формальды теңдік принципіне
сәйкестенген, позитивті құқық) ұғымын зерделеу мәселесі тұр. Осы
көзқарас тұрғысында алғанда құқық пен заң туралы ізденістегі ақиқат
құқықтық заңның табиғаты, қасиеттері мен сипаттары туралы, әрекеттегі
құқық ретіндегі оның орнығуының алғышарты мен қалыптасуы туралы
объективтік ғылыми білім болып табылады.
195
Осындай гносеологиялық көзқарас құқықтың объективтік мәні мен
заңды тұжырымдаудың (позитивтік құқық актілерін) субъективтік
(биліктік-еріктік)
процесінің
айырмашылығы
мен
қатынасын
айқындауға, құқықтық реттудің нақты салалары мен қатынастарына
қатысты формалды теңдіктің құқықтық принципін, жалпы міндеттік
нормативтік нақтылаудың жасампаздық процесі ретінде құқықтың
позитивтенуін талдауға мүмкіндік береді. Сөйтіп, тек осы мағынада ғана
заңшығарушылық тұрғыдағы заңнама туралы, жалпы міндеттік заңның
нақты нормаларындағы құқықтық бастамалар мен талаптардың
шығармашылығы (ғылым ережелері мен қорытындыларын ескеретін
заңшығарушының жасампаздық әрекетінің нәтижесінде) туралы айтуға
болады.
Заңды (позитивтік құқықтық) құқықтық құбылыс ретінде түсіну
және оның мәндік қасиеттерін талдау, сонымен бірге заңның жалпы
міндеттілігі мәселесін түсіндіруді, оны мемлекеттік қорғаумен
қамтамасыз етуді, құқық бұзушыларға мәжбүрлеу шараларын қолдану
мүмкіндіктерін және т.т. мәселелерді өзінде қамтиды. Заң (позитивтік
құқықтық)
санкцияларының
осындай
ерекшелігі,
юридикалық
гносеология санатында заңшығарушының ерігімен (немесе қалауы) емес,
керісінше,
құқықтың
объективтік
табиғаты
мен
(оның
жалпымаңыздылығымен және т.б.) айқындалады. Ал бұл дегеніміз,
осындай санкция (мемлекеттік қорғаумен қамтамасыз етілген және т.б.)
тек құқықтық заң жағдайында ғана жөні бар және юридикалық негізге ие
болуды білдіреді.
Сөйтіп, либертарлық гносеологияның маңызды бағыты мен
құрамдас бөлігі – мемлекетті құқықтық түсіну, формалды теңдік
принципінің әрекеті мен көрінуінің институционалды-биліктік формасы
болып табылады.
196
Достарыңызбен бөлісу: |