3.2 Адаптивті білім беру технологиялары (инклюзивті оқыту) Ерекше білім беру қажеттіліктері бар адамдарды оқыту кезінде пәнді табысты игеру үшін мынадай бейімделген білім беру технологиялары қолданылуы мүмкін:
- қашықтықтан (ақпараттық-коммуникациялық) білім беру технологиялары;
- бағдарламаланған оқыту технологиясы (арнайы құралдардың (бағдарламаланған оқулық, арнайы оқыту машиналары, компьютерлер және т.б.) көмегімен алдын ала әзірленген оқыту бағдарламасы бойынша дербес жеке оқыту технологиясы);
- пәнге бағытталған технологиялар (мақсат қою процесі, яғни мақсаттар білім алушылардың іс-әрекеттерінде көрсетілген олардың нәтижелері арқылы қалыптасады);
- тұлғаға бағдарланған технологиялар (мысалы, есту қабілеті бұзылған білім алушылар компьютерлік техникамен, аудиотехникамен, бейнетехникамен, электрондық тақтамен және т.б. оқитын оқу аудиториясының жабдығы);
оқу материалын игеруге көмек көрсету үшін білім алушылармен қосымша жеке консультациялар өткізу.
Құзыреттіліктер: - нақты мәселелерді талдау үшін әдіснамалық таңдауды негіздеу және қоғамды зерттеудің әртүрлі жолдарын айыра білу;
- ғылымның әлеуметтік-гуманитарлық түрі немесе басқа да ғылымдар саласында қоғамдағы нақты жағдай қатынасын бағалау, болатын қауіп-қатерді ескере отырып оның даму болашағын жобалай алу;
- кәсіби әлеуметтегі, сонымен қатар, қоғамдағы шиеленістерді шешуде бағдарламалар жасай алу;
- түрлі қарым-қатынас аясында зерттеу жобалық қызметтерін жүзеге асыра алу, қоғамдық бағалы ілімді түрлендіру (генерациялау), оны жобалау;
- әлеуметтік маңызы бар мәселелер бойынша өз пікірін дұрыс білдіре және дәлелді түрде қорғай білу.
4.2 Оқыту нәтижелері: Бағдарламаны меңгеру қорытындысы бойынша білім алушы келесі оқу нәтижелеріне ие болады:
Оқу пәнінің модулін құрайтын барлық ғылымдар саласының (әлеуметтану, саясаттану, мәдениеттану, психология) пәндік білімін түсіндіре және жеткізе алуы (ұғым, ой, теория);
1) әлеуметтік-саяси модуль пәнінің базалық ілім жүйелерінде біріктіру үдерістерінің өнімі ретінде қоғамның әлеуметтік-этикалық құндылықтарын түсіндіру;
2) нақты оқу пәні мен модуль пәнінің мәнмәтінінің өзара әрекеттесу нәтижесінде ғылыми әдістер мен зерттеу тәсілдерін пайдалана білу;
3) оқытылатын пәннің аясында ғылыми ой мен теория мазмұны негізінде әртүрлі саладағы әлеуметтік қарым-қатынастың жағдайын түсіндіру;
4) әлеуметтік және тұлғаралық қатынастар, тіл, мәдениет, саяси бағдарламалар, қазақ қоғамының әртүрлі кезеңде дамуы туралы ақпаратты нақтылау және негіздеу;
5) қазақстандық қоғамда жаңарудағы әлеуметтік, саяси, мәдени, психологиялық институттардың мәнмәтінінде олардың рөлінің ерекшеліктеріне талдау жасай алу;
6) іскерлік, мәдени құндылықтар жүйесіне тең келетін түрлі қарым-қатынастағы әртүрлі жағдайларды сараптау;