Тақырып 10. Қазақстанның мәдени саясаты. «Мәдени мұра» Мемлекеттік Бағдарламасы. «Мәдени мұра» Мемлекеттік Бағдарламасы мәдени саясат саласы ретінде. Дәстүр мен жаңашылдықтың даму реті (динамика), мәдени тәжірибенің сабақтастық және
тарату механизмдері. Мәдениет экологиясы: қиындықтары мен мәселелері. Қазақстандықтардың экологиялық мәдениетінің қалыптасуы мен дамуы. Жергілікті тарихты қарастыру жұмысын жасау мен дамытудағы мәдени институттар, мәдени ұйымдардың рөлі.
Әдебиеттер 2,11,12,13 8. Практикалық (семинарлық) сабақтар
Семинар тақырыбы 1. Мәдениет морфологиясы. Тапсырмалар:
1. Мәдениет және оның адамның өмірі мен қызметіндегі орны мен рөлі
2. Мәдениет мәні туралы білімнің, мәдениет морфологиясы мен анатомиясының мәдениет туралы ғылым үшін мәнін ашып көрсету.
3. Мәдениеттің мағынасы, қызметтері мен морфологиясын анықтауға ыңғайлардың көптігінің мәнін бағалау
Тапсырмаларды орындауға әдістемелік нұсқаулар (қысқаша)/ Ғылыми зертеу кітаптары мен жұмыс. Семинар сабағын білім алушы ауызша және жазбаша көрсетілген тақырыптың әр сұрақтарына дайындалып келуі керек. Әдебиеттер 3-9, 13-15 негізгі; 1-5, 8-12 қосымша
Семинар тақырыбы 2. Мәдениет тілі. Тапсырмалар:
1. Мәдениет морфологиясы мен анатомиясы: олардың мәдениет конфигурациясын зерттеудегі рөлі
2. Жалпы қабылданған тілдік нормалар. Ұлттың мәдени кодының сақталуындағы қазақ тілінің рөлі.
Тапсырмаларды орындауға әдістемелік нұсқаулар (қысқаша)/ Ғылыми зертеу кітаптары мен жұмыс. Семинар сабағын білім алушы ауызша және жазбаша көрсетілген тақырыптың әр сұрақтарына дайындалып келуі керек. Әдебиеттер 3-7, 11-15 негізгі; 1-4, 9-12 қосымша
Семинар тақырыбы 3. Мәдениет семиотикасы. Тапсырмалар:
1. Мәдениет және өркениет: өзара байланысы мен ерекшелігі
2. Мәдениеттің негізгі типтерінің негізгі өлшемдерін салыстыру (архаикалық, отырықшы, индустриалды мәдениет өлшемдері).
Тапсырмаларды орындауға әдістемелік нұсқаулар (қысқаша)/ Ғылыми зертеу кітаптары мен жұмыс. Семинар сабағын білім алушы ауызша және жазбаша көрсетілген тақырыптың әр сұрақтарына дайындалып келуі керек. Әдебиеттер 1-7, 13-15 негізгі; 3-7 қосымша