Информационное письмо



бет2/4
Дата15.02.2023
өлшемі62,57 Kb.
#68113
1   2   3   4
Байланысты:
3-4

Орта - адам дамуына табиғи және әлеуметтік орта ықпал жасайдыТабиғи орта-бұл түрлі табиғат жағдайының адам тұрмысына, қызметіне ықпал жасауы. Жылы және суық климат жағдайы халықтардың тұрмысына, әрекетіне елеулі ықпал етеді.Климаты ыстық жерлерде егін шаруашылығымен шұғылданады. Табиғат жағдайына олардың мінез-құлықтары да ерекше байқалады. Әлеуметтік орта - жеке адамның мінез-құлқының дамуына ықпал жасайтын әлеуметтік қатынас, олардың көп қырлы іс-әрекеттері. Әлеуметтік ортаға мектептің ықпал жасауы нәтижесінде баланың дүниеге көзқарасы, құлықтық, эстетикалық және осы сияқты болымды қасиеттері дамып қалыптасады. Егер адамдардың қалыптасуына ортаның қатысы шамалы болса, онда орта адамдардың талабын қанағаттандырмайды. Сондықтан адам өзінің дамуы үшін қажетті материалдарды осы әлеуметтік ортадан жинайды. Егер бала әлеуметтік ортадан тыс қалса, онда оның даму дәрежесі жануарлардан жоғары болмайды.

Баланы əлеуметтендіру факторларының бірі - қоғамның алғашқы ұжымы болатын – отбасы, бала оның ықпалын бəрінен бұрын, тез қабылдағыш қасиеті артып тұрған кішкентай кезінде ерекшесезінеді. Отбасы жағдайы, оның əлеуметтік деңгейі, ата-аналарының айналысатын кəсіптері, материалдық жағдайы жəне олардың білім деңгейі баланың өмірлік жолын айқындайды. Балаға ата- аналар беретін саналы жəне мақсатты тəрбиемен қатар, отбасының жағдайы да ықпал етеді жəне бұл ықпал өскен сайын, ол тіпті баланың тұлғалық қалыптасуында көрініс табады. Жасөспірімдік өтпелі кезеңнің ерекшелігі – жасөспірімнің өз ата-аналарымен, мұғалімдерімен жəне жалпы үлкендермен, құрбыларымен, барлық жағдайы бойынша өзіне тең немесе тең еместермен қарым- қатынасында қайта бейімделу байқалады. Бұл қайта бейімделу жағдайы бірте-бірте болуы мүмкін немесе аяқ астынан мінез көрсетеді. Жасөспірім үшін үлкендер мен өз қатарластары мəртебесінің деңгейі бірдей болмайтындығынан қайта бейімделу процесі əртүрлі көрініс береді.


Өз құрбыларымен қарым-қатынаста болуға деген қажеттіліктің орнын ата-аналар толтыра алмайды, ол баланың бойында 4-5 жасында басталады да, жасы өскен сайын дамиды. Құрбы- құрдастарымен қарым-қатынастың болмауы мектеп жасына дейінгі балалардың жеке тұлғалық коммуникативті мүмкіншіліктері мен ақыл ойының дамуының кешеуілдеуіне айтарлықтай əсерін тигізеді. Жасөспірімдердің мінез-құлықтары мен іс-əрекеттері өз мəні жағынан ұжымдық-топтық болып табылады.
Жасөспірімдерді өмірдің қарама-қайшылықтары қызықтырады, бұл жастағылардың қажеттілігі - өздерінің айналадағы адамдарға деген қарым-қатынасын, əлемдегі өзінің орнын табу.
Ал бұл қажеттілік басқа адамдармен қарым-қатынастары қанағаттандырады. Бұл қажеттілікті қанағаттандыруда əдебиет пен өнердің атқаратын рөлі ерекше. Əдебиет жасөспірімнің алдына адамзаттық қарым-қатынастардың, мінез-құлықтардың, сезімдердің аса бай да күрделі мəнін ашып береді: ол əрбір кейіпкерден өзін көретін болады, өзінің сезімдері мен құмарлық- құштарлықтарының дұрыстығына жауап іздейді. Ал музыка – адамның сезімдерінің əміршісі. Оның тілі толқу үстіндегі адамға түсінікті. Сондықтан да жасөспірімдердің тыңдайтын музыкасына қатты көңіл бөлу керек.
Жасөспірімдер қоғамдық-өндірістік еңбекке қатысады. Ол тек еңбек арқылы ғана қоғамдық өмірде өз орнын таба алады. Білім жасөспірім үшін еңбектің бастысы болып табылады. Кейбір жасөспірімдердің оқу пəндеріне деген ықыласының төмендеуінің əсерінен сабақ үлгерімі нашарлайды. Ғылым мен мəдениеттің əртүрлі саласымен қызығушылықпен айналысу жасөспірімдерге тəн.
Жасөспірім өзіне дос болатын адамды өз ұжымындағы жолдастарының арасынан табады.
Жасөспірімнің досы – жасөспірімнің екінші өзі, ол оның ойын білетін қызығушылықтары мен сезімдерінің куəгері жəне жақсы ниеттегі сыншысы. Ал жасөспірімдік шақтың орта тұсында қыз балалардың бойында ер балалар арасынан, ер балалардың бойында қыз балалар арасынан дос табуға деген қажеттілік оянады. Осылайша, ақылға салынған мақсатты қарым-қатынастағы достық қалыптасады, осыдан келіп жастық шақтың алғашқы махаббаты да оянуы мүмкін.
Жасөспірімдермен жұмыстағы негізгі педагогикалық идея: іс-əрекет түрлеріндегі жетістікке жағдай жасау, бұл сынып ұжымы алдында өзін-өзі сенімді ұстауына мүмкіндік береді; құндылықтарын қалыптастыру; мінез-құлқы мен рухани дамуына қарым-қатынастарын ұлғайтады.
Жасөспірімдер тəрбиесі, бірінші кезекте, олардың физиологиялық дамуына байланысты
белгілі бір қиындықтар туғызады, бұл олардың танымдық процесіне жəне тəрбиесіне ықпал етеді. Жасөспірімдердің физиологиялық даму ерекшеліктерін жəне бұл ерекшеліктердің баланың жетілуінде көрініс табуын, жақсы ортаның, мектеп ұжымындағы достары мен жолдастарының болуын ескере отырып дұрыс ұйымдастырылған тəрбие арқылы жəне отбасындағы жағдайы арқылы жасөспірімнің жеке тұлғасын қалыптастыруға педагогикалық басшылықтың шамасы жетеді.
Демек, осы жастағы оқушылармен жүргізілетін жұмыстың маңызды міндеті тəрбиешілердің мектептегі жəне мектептен тыс кездегі балалардың əрқайсысымен жеке жұмыс жүргізіп, қажетті əдептілікті сақтай отырып, педагогикалық ұстамдылық пен шыдамдылыққа негізделген қызметтерін дұрыс ұйымдастыру болып табылады. Жасөспірімдер өмірінде, əсіресе, толық орта білім алу жолына таңдау жасайтын кезде, олардың бойында əртүрлі мамандықтарға, мектеп пəндерінің ішіндегі белгілі бір пəнге деген қызығушылығы пайда болады.
Жоғары сынып жасындағы балалардың сипаттамасы. Жасөспірім шақтың біраз бөлігі орта мектептің жоғары сыныбына сəйкес келеді жəне жеке тұлғаның қалыптасу процесінде айтарлықтай маңызды рөл атқарады. Бұл жаста (15-17 жаста) адамның тұлғалық жағынан пісіп-жетілу кезеңі аяқталады, оның өмірге көзқарасының негізгі сипаттары қалыптасады, үлкен өмір алдындағы ең алғашқы рет өз бетімен шешім қабылдап, болашақ кəсібін таңдау міндеті жүзеге асырылады.
Қоғамда балалық шақтан жастық шаққа өту кезеңі тек қана оның тұлғалық жағынан пісіп- жетілуінің ғана белгісі емес, сонымен бірге мəдениетке ұмтылу, белгілі бір деңгейіндегі білім, нормалары мен дағды жүйесін игеруі, сол арқылы жеке тұлға еңбек етіп, қоғамдық қызметтер атқара алады жəне əлеуметтік жауапкершілікті сезінеді.
Жасөспірім шақ пен жастық шақтың арасында айқын көрініп тұрған аралық шек жоқ, ол шартты түрде ғана алынады, тіпті көп жағдайда бірімен – бірі үйлесімді болып келеді. 14-15 жаспен 16-17 жас аралықтары кей жағдайларда ерте жастық шақ болып есептеледі, ал кейбір жағдайларда жасөспірімдік шақтың соңы деп атылады. Жас шамасы бойынша кезеңге бөлу схемасында жасөспірімдік шақ бозбалалар үшін 13-16 жас, қыз балалар үшін 12-14 жас, ал жастық шақ жігіттер үшін 17-21 жас, қыздар үшін 16-20 жас болып анықталған.
Балалықтан есейген шаққа өту сол қоғамның бала мен үлкенге қоятын нормалар мен талаптарының арасындағы айырмашылықтың болуына байланысты. Дамудың бастапқы кезінде пайда болған физиологиялық даму адамның жас мөлшеріне, жынысына байланысты.15 жастың мəн-мағынасын бір қалыпқа салып айтып беру мүмкін емес, себебі бұл кезде баланың өзіндік ерекшеліктері тез айқындалып келе жатады. Бұл 15 жастағы жаңа өзгерістер, яғни, отбасындағы да, мектептегі де қарым-қатынастарында қиыншылық туғызатын тəуелсіз болуға ұмтылысының айқындалуы, өзін сырттай бақылап отырғандардан бостандыққа шығуға деген құштарлығы өзін-өзі алып жүре алатындай өзін-өзі тəрбиелей алудың бастауы. Осының барлығы жасөспірімнің жандүниесінің тез жараланып қалғыштығына жəне сыртқы зиянды əсерлерге тез бой алдырғыш болуына себеп болады. Ал 16 жасқа келгенде мінездегі тепе-теңдік тағы да орнығады: келіспеушілік күйдің үнемі жоғары болуымен алмасады, өзіне өзі ие бола алу қабілеті де артады, əсерленгіштігінің де қалыпқа түскені, көпшілдігі, болашаққа деген зор сенімі аңғарылады.
Бозбалалық шақ деген ұғым əрқашан да өтпелі кезең, жыныстық жағынан жетілу болып
табылатын физиологиялық процесс деген ұғыммен тығыз байланысты. Физиологиялық процесс шартты түрде екі фазаға бөлінеді: пубертаттық кезеңнің алдындағы немесе дайындық кезеңі; өзіндік пубертаттық кезең, бұл кезеңде жыныстық жетілудің негізгі процестері жүзеге асырылады; пубертаттық кезеңнен кейінгі кезең, бұл кезде адам ағзасы толық физиогиялық жетілу деңгейіне жетеді.
Егер осы бөлінулерді əдеттегі жас мөлшері бойынша біріктіріп қарайтын болсақ, пубертаттық кезеңнің алдындағы кезең жасөспірімдік щаққа дейінгі кезеңге сəйкес келеді, ал пубертаттық - жасөспірімдік кезеңге, пубертаттық кезеңнен кейінгі кезең - жастық шаққа сəйкес келеді. Жастық шақ ақыл-ой қабілеттілігі артуының маңызды кезеңі. Жоғары сынып оқушылары “Неге” деген сұраққа үнемі жəне табанды түрде жауап іздейді жəне берілген жауаптың жеткіліктілігіне əрі негізділігіне өз күдігін білдіріп отырады. Олардың ойлау қызметі əлдеқайда белсенді жəне еркін. Олар мұғалімдерге сын көзбен қарайды. Пəннің қызғылықтығы туралы жастардың түсінігі жасөспірімдерге қарағанда басқаша: егер алтыншы сыныпта оқитын пəннің сыртқы мəнін бағаласа, тоғызыншы сыныпта өзінше ойлануды талап ететін пəндер қызықтырады. Олар бір нəрсені қорыта айтуға, жеке деректердің негізінде жатқан жалпы қағидалар мен заңдылықтарды іздеуге құштар.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет