Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар Тұлғаның қалыптасуына әсер тетеін факторлар?
Әлеуметтікорта дегеніміз не?
Тұлғаның қалыптасуына кім және қалай әсер етеді?
№4 Дәріс тақырыбы: Жеке тұлғаны дамыту, қалыптастыру, тəрбиелеу факторларының сипаты жəне өзара байланысы
1.Жеке тұлға туралы түсінік.
2.Тұлғаның дамуы жəне оның факторлары.
Ғылыми материалистік тұрғыдан қарағанда адам биологиялық табиғат перзенті. Іс-əрекет, қарым-қатынас, еңбектің, қоршаған ортаның əсері арқасында жəне қабілеті мен бейімділігі негізінде жеке тұлға ретінде танылады. Бұл жағынан мынадай төрт жүйені атап көрсеткен жөн:
1) Психикалық жаратылыс қасиеттері – жас ерекшеліктеріне қарай дамуы, темпераменті,
болмыс бітімінің жетілуі.
2) Психикалық процесс – зейін, ес, ерік, ойлауы т.б.
3) Тəжірибенің өрістеуі – дағды, білік, əдет.
4) Танымдық бағдар алуы – көзқарас, қызығушылық, ынта-ықылас.
Адам – жер бетіндегі тірі организмнің жоғары сатысы, қоғамдық-тарихи іс-əрекетімен мəдениет субъектісі, ол қарым-қатынас иесі. Демек, оның іс-əрекеті, сезімі, ойлау ерекшелігі өзі өмір сүріп отырған қоғамдық-тарихи жағдайға да тəуелді. Осыған байланысты тəрбие беру мақсатын анықтап, оның мазмұнын, ұйымдастырудың нақты жолдары мен əдістерін белгілеу –тұлғаның қалыптасуындағы ең маңызды мəселе. Тəрбиенің ықпалды əсері барысында тұлғаның рухани жəне дене қабілеттері дамып, эстетикалық танымы, сезімі жетіліп, дүниеге деген көзқарасы өрістейді. Ал көзқарастың дамуы – дүниенің даму заңдылықтарын терең ашып, өзінің оған деген қарым-қатынасын белгілеуге жол ашады. Сонымен, адамның жалпы дамуына өзара екі бағыт –биологиялық тіршілік иесі болып туады, алайда өз дамуы барысында ғана əлеуметтік тіршілік иесіне айналады. Жеке тұлғаның ең басты белгісі – оның əлеуметтік мəнінің болуы жəне оның əлеуметтік функцияларды атқаруы. Тұлғаның дамуы – педагогика мен психологиядағы ең басты категорияның бірі. Даму заңдылықтарын психология психиканың дамуы деп түсіндірсе, педагогтар адамның дамуына мақсатты түрде басшылық жасау деген теорияны ұсынады. Сыртқы жəне ішкі факторлардың əсерінен тұлғаның дамуы сапалық жəне сандық үрдіске түседі. Тұлғаның өзгеруі оның жасының өсу кезеңдеріне, айналасын танып, тиісті дағдыларды меңгеріп қарым-қатынас жасауға араласа бастаудағы тəлім-тəрбиесі мен байланысты. Оның басты салалары мынау:
Денесінің өсуі – бұлшық еттерінің жетіліп, барлық дене мүшелері өркен жайып, пішін болмысы дамиды. Психикалық дамуы – ойлау, қабылдау, зейін, ес т.б.
Əлеуметтік жағынан дамуы – адамгершілік, имандылық, таным түсінікті сезіну, əлеуметтік қарым-қатынасты саралай білу тб.
Тұлғаның дамуына ықпалды əсер ететін факторлар жəне оның қозғаушы күштері жөнінде ғалымдар арасында пікірталас жетерлік. Оның ішінде екі салаға назар аударған жөн: Тұлғаның дамуы биологиялық, табиғи, тұқым қуалау факторларына байланысты деп санайтын биологизаторлық көзқарасты ұстанушылар. Ал екінші саладағы тұлғаның дамуындағы басты фактор əлеуметтік (социологизаторский) жағдай деп санайтындар. Бұлардың пайымдауынша тұлғаның дамуын шыққан тегі мен ортасына байланысты, балаға білім бергенде осы ерекшелікті ескере отырып топтастыру керек деген бағдарды ұстанады.Осыған байланысты кеңестік дəуірдің 20-30 жылдарында педология деген ғылым болды да, бірақ кейіннен тоқтатылды.
Қазіргі кезеңдегі педагогика тұлғаның дамуына ықпал ететін екі факторды – биологиялық жəне əлеуметтік жүйені бірлікте қарайды. Биологиялық тұрғыдан келгенде тұқым қуалау жағы, ал əлеуметтік тұрғыдан отбасы, əлеуметтік жəне қоғамдық жағдай ескеріледі. Əрине, бұл екі фактор тепе-тең деген түсінік болмау керек. Өйткені тұлғаның табиғи болмысындағы нышандар, оның даму мүмкіндіктері өзінен өзі шешіле салмайды. Қалай болғанда да балаға тəрбие берудің рөлі зор екендігін педагогика ғылымы айқындап та, жан-жақты дəлелдеп те отыр. Тəрбиенің жүзеге асып, баланың бойына дарытудағы басты фактор – оқыту мен білім беру екені белгілі. Тұлғаның дамуындағы ішкі факторларға байланысты белсенділікке, былайша айтқанда, іс- əрекеті, еркі, қызығушылығы, сезімі, қабілетіне мəн беру керек. Осы орайдан тəрбиелей отырып оқыту, оқыта отырып тəрбиелеу деген қағида өріс алған. Демек, көрсетіліп отырған ішкі факторлармен біріккен нəтижесінде тұлға дамып, өркен жаяды. Тəлімгерлік жасаушы адам алдымен тұлғаның жас ерекшелігіне, дербес өзгешелігіне, психологиялық болмысындағы сипатына зейін қойып, тəрбие мен білім берудің мақсатын, мазмұнын жəне əдіс-тəсілдерін нақты жағдайға үйлесімді басшылық жасай білсе, оның нəтижесі айтарлықтай, жоғары деңгейде болады.
Жеке тұлға мен қоғамдық ортаның қарым–қатынасы философия, психология, педагогика, тарих т.б. қоғамдық ғылымдардың көптен айналысып жүрген көкейкесті мәселелері. Жеке тұлға деген не, оның тұлғалық ерекшеліктері неге байланысты, әр адамның айналасын танып білуінің сыры неде деген мәселелерге тоқталамыз.Адам баласы материалдық және рухани өмірдің ортасында тіршілік етеді де, өзі өмір сүріп отырған қоғамның, ұжымының, ұлттың, рудың мүшесі ретінде өзіндік ақыл-парасатымен, жеке бастың өзіне тән ақыл-ой, ерік-жігер, мінез-құлық ерекшелігімен көрінуге тырысады. Қоғам мүшелерінің бәріне ортақ біркелкі мінез-құлықтық қасиеттің болуы мүмкін емес. Әр адам өзінше жеке тұлға.Адамдар тұлға болып, өзіндік жеке бас ерекшелігімен бірден дүниеге келмейді. Әрбір жеке тұлғаны қалыптастыру, тәрбиелеп жетілдіру қажет. Өзіне немқұрайды қарайтын кейбір қоғам мүшелері басқалар қалай өмір сүрсе, мен де солай өмір сүремін деген принципті ұстанғанымен, шын мәнінде өмірде олай емес.Жеке тұлғаның ерекшелігі дегеніміз – ол оның өзіне тән мінез-құлқындағы, іс-әрекетіндегі, көзқарасындағы ерекшелігімен даралануы.Қоғамдық тұлғаларға ортақ этикалық бірыңғай талаптардың болуына қарамастан, қоршаған орта жөнінде әр адамның қалыптасқан өзіндік ой-пікірінің, көзқарасының болуы, олардың өзі көріп білген құбылысқа деген көзқарасын, ой-пікірін білдіруі заңды құбылыс. Мәселен, біреулер айналасындағы құбылысқа таңдана, тамашалай қараса, енді біреулер сын көзімен қарап, ой қорытуы, сын-пікірлер айтуы мүмкін.Адамдардың қоршаған ортадағы құбылыстарды түсініп қабылдауы да әр түрлі. Ол әр адамның жеке басына тән физиологиялық, психологиялық, биологиялық ерекшеліктеріне байланысты. Мәселен, біреулердің бір нәрсені жасауға іскерлік қабілеті болса, екінші адамда оның болмауы, біреудің ұйымдастырушылық қабылеті күшті болса, екінші бір адамның ұйымдастыру ісіне қабілетсіз болуы, біреуі білімді тез қабылдаса, екінші адамның білімді сылбыр, баяу қабылдауы, біреудің дене күші дамыған болып келсе, екінші адамның абстракциялық ойлау қабілетінің баяу дамуы, біреулердің сурет салуға немесе ән салуға бейімділігі болуы мүмкін. Жеке бастың бұл ерекшеліктері адамдардың басқалармен ұжымдық қарым-қатынасында байқалады.Сонымен бірге, адамның өмірде үздіксіз тәрбие құшағында болатынын, бұрынғы игерген білім, білік, дағдылары біртіндеп көмескіленіп, оның орнына жаңа білім, білік, дағдыларды меңгерумен шұғылданатынын ескеруге де тура келеді. Жеке тұлғаның ой-санасының, білім көлемінің толысуына байланысты оның өмірге көзқарасы, белгілі құбылыстарға баға беруіңде де өзгерістердің болуы, толысып жаңарып отыруы заңды құбылыс. Бұған қоса, әлеуметтік ортаның, отбасы мүшелерінің, жолдас-жораларының, таныстары мен достарының да белгілі мөлшерде әсер ететінін ескерсек, жеке тұлғаның ерекшелігінің басым болуына оның да ықпалының зор болатынын байқамыз.Өмірде бір анадан туған егіз балалардың түр жағынан бір-біріне ұқсас болуы мүмкін. Ал олардың мінез-құлқы, іс-әрекеті, өмірге деген икемдік, қабілеті бірдей болмайды. Сондықтан әр адамды өзінше дараланған жеке тұлға деп қараймыз. Бір қоғамда өмір сүрушілерге ортақ әлеуметтік, моральдық-этикалық заңдардың ортақтығына қарамастан, жеке тұлғалардың әлеуметтік қарым-қатынаста айна қатесіз бірдей болуы да мүмкін емес. Олай болса, «жеке тұлға» деген түсінікке не кіреді? Адамның саналық, мінездемелік қасиеттерінің қандай түрлері жеке тұлғаны анықтай алады дегенге, ол сана мен өзін-өзі саналандыру қасиеттері деуге тура келеді. Сана ақыл-ойдан туындайды. Адамның ақыл-ойы біркелкі дамымайды. Адамдар бірін-бірі бағалауда қателіктер жіберуі де мүмкін. Олар көбінесе өзінің жеке басын басқалардан артық бағалауға тырысады. Абайдың өмірде «Көре алмас іші тар, несі артық менен»деушілердің көп болатыны дөп басып айтуы да осы ойға саяды. Сонымен бірге, жеке тұлға өзін-өзі бағалауға да, өзінің іс-әрекетін, оның нәтижелерін басқалардың бойындағы қасиеттермен салыстырып көре, тани білуге, соған теңелсем, сондай болсам екен деп ұмтылыс, іс-әрекет жасауға да қабілетті.
Қазақ мәдениеті жас ұрпақты тәрбиелеп дамытудың өте маңызды, бай қайнар бұлағы. Оның ғасырлар бойғы тарихы, адам өмірінде болатын маңызды оқиғаларды, жеке тұлғаның даму ерекшеліктерін айқындайтын ұлттық салт-дәстүрлері, оның ғылымы, шығармашылығы мен өнері, ғажайып бай тілі даналық, адамгершілік, парасаттылық сияқты қасиеттерге толы, ал ол қасиеттер өнегелі, творчестволық жағынан дамыған жеке тұлғаны қалыптастыруға үлкен себін тигізеді. Бұған әрине, тәрбие жұмысы отбасында ғана жетуге болады. Бұл жерде балалардың этникалық ерекшеліктерін ескере отырып, оқытып тәрбиелеудің айтарлықтай икемді және белсенді әдіс – тәсілдері үлкен роль атқарады.Жеке тұлғаның белгілі бір мәдени ортада болуы оның тұлғалық және танымдық дамуына ерекше әсерін тигізеді. Осыған байланысты, жеке тұлғаның белгілі бір мәдениетінің субъектісі ретінде дамуына себепші болатын екі түрлі факторлар бар. Оның біріншісі – сол халықтық мәдени ерекшеліктері болса, екіншісі – сол ерекшеліктерді түсініп меңгеруге себепші болатын баланың ойлау қабілетін, танымдық процестерін, темпераментін, мінез – құлқын саналы түрде танып ажырата білу.Қазақтардың этнопсихологиялық ерекшеліктеріне адалдық, ақниеттілік, жаужүректілік, шыдамдылық, қарапайымдылық, жомарттық, қонақжайлық сияқты т.б. тарихи қалыптасқан қасиеттерді жатқызуға болады. Бұл қасиеттердің барлығы жеке тұлғалық белгілер болып саналады.Ақыл-ой (интеллектуалды) мәдениетті-тәрбиенің аса маңызды құрамдарының бірі. Адамның ақыл-ойының дамуы оның интелектілік, ойлай білу қабілетінің, білімдік-танымдық қызметінің дамуымен сипатталады. Шапшаң ойлай алатын, мәселеге тез талдау жасай отырып, логикалық дұрыс қорытынды жасай алатын жеке тұлғаны тәрбиелеудің қажеттілігі әрбір адамның ақыл – ой қабілетін дамытумен тығыз байланысты қарастыру үшін қажет болып отыр.Ақыл-ойдың дамуы, рухани күштер мен қабілеттердің дамуы көп жағдайда адамның денсаулық жағдайына, төзімділігіне, жүйке жүйесінің мықтылығына қарай айқындалатын болғандықтан, ол дене тәрбиесімен тығыз байланыста қарастырылады.Дене тәрбиесінің міндетіне мыналар енеді: денсаулықты нығайту және шынықтыру, дененің дұрыс дамуына және организмнің жұмыс істеу қабілетін арттыруға көмектесу; қимылдық дағдылар мен біліктерді қалыптастыру және жетілдіру, қимылдың жаңа түрлерін үйрену және оның біліммен байланыстарын хабарлап отыру; оқушылардың қоғамдық пайдалы еңбекке, өмірге, Отанды қорғауға даярлығын қамтамасыз ету; оқушылардың бойында санитарлық-гигиеналық дағдыларды, еңбекті және демалысты, ой еңбегі сабақтарын дене шынықтыру жаттығуларымен және алуан түрлі практикалық қызметпен дұрыс алмастыра білуді қалыптастыру.Адамгершілік мәдениеті тұлғаны жан-жақты дамыту жүйесінің жетекші сыңары, адамгершілік сананы, сезімді және мінез-құлықты қалыптастыру үрдісі ретінде қалыптастырылады.Адамгершілік тәрбиесіндегі құндылық қоғамның мүшесі ретінде де, жеке тұлғаға қажеттілік ретінде де маңызды болып саналады. Қоғамдық құндылықтарға Адам, отбасы, еңбек, білім, Отан, Жер бетіндегі бейбітшілік, т.б. жатады.Адамзат мәдениетінің басты қайнар көзі еңбек болып табылады.Еңбек дегеніміз – бұл еңбекке жаңаша қарау, еңбек процесінде дұрыс қарым – қатынасқа (еңбексүйгіштік) түсу, еңбек ете білушілік қабілеттердің қалыптасуына психологиялық тұрғыдан даярлық жасау болып табылады. Оқушыларды еңбекке тәрбиелеу міндеттері: оларды жалпы қоғамдық және пайдалы қызметке даярлау, олардың бойында қажеттілік ретінде еңбекке деген саналы көзқарасты қалыптастыру, мамандықты дұрыс таңдауға даярлық жасау. Бірақ, ең бастысы еңбек тәрбиесі процесінде мәні-сен жасаған затта өзіндік қолтаңбаның болу қажеттігін қалыптастыру, адамдарды, заттарды, дүниені өзгертуші ретінде еңбектің жасампаздық құдіретін бағалау екенін атап айтқан жөн.Оқушылардың саяси мәдениеттілігін қалыптастыруды тұлғаның идеялық жалпы мәдениетінің түйінді өзегі деп қарастыру қажет.Бүкіл тәрбие жүйесінің бағыттылығы ретінде (ғылыми көзқарас, саяси саналылық, ізгілік, елжандылық, жоғары азаматтылық, ұлттық, халықтық тұтастық, әлеуметтік белсенділік) саяси тәрбиенің міндеттерінде жан-жақты түрде қарастырылады.Басқа міндеттер арасында тұлғаның жан – жақты дамуының өзіндік сыңары ретінде құқықтық тәрбие де белгілі рол атқарады. Ол кез келген адамның, әсіресе жас ұрпақтың құқықтық санасын, құқықтық мәдениетін қалыптастырудың қайнар көзі.