12. Білім беру мекемесінің психологы өз іс-әрекетін әкімшілікпен, педагогикалық
ұжыммен, ата-аналармен, медициналық қызметпен, кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі
бөлім қызметімен, т.б. тығыз байланысты жүргізуге міндетті.
13. Өзінің
іс-әрекетінде
мектеп
психологы
ұйымдық-психологиялық,
дамытушылық, психофасилитациялық, психопрофилактикалық, психодиагностикалық
және психокоррекциялық бағыттарды жүзеге асырады
П с и х о л о г:
• оқу-тәрбие үрдісінің барлық субъектілерімен жұмыс істеудің формаларын және
әдістерін таңдауға, жұмыстың белгілі бір кезеңге арналған маңызды бағыттарын атап
көрсетуге, жұмыстың көптеген түрлерін жүргізу кезектілігін белгілеуге;
• оқу орнының басшылығына психологиялық қызметтің тиімді іс-әрекетіне қолдау
көрсететін идеялар ұсынуға;
• оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыру жөніндегі қажетті мектеп құжаттамаларын оқып-
үйренуге;
• оқу-тәрбие үрдісімен байланысты әр түрлі мәселелерді талқылайтын жиындар
мен мәжілістерге белсенді қатысуға;
• педагогикалық және мектеп ұжымдарында әр түрлі психологиялық зерттеулер
мен тестілер жасауға, пайдалануға, түзетуге және жүргізуге;
• тәжірибелік психологияның ғылыми орталықтармен, жоғары оқу орындарының
психология кафедраларымен, психологиялық ассоциациялармен, психолог-практиктермен
тұрақты іскерлік байланысты жүзеге асыруға;
• әр түрлі конференцияларға, семинарларға, симпозиумдарға тәжірибе алмасу мен
өз біліктілігі мен кәсібилігін жетілдіру мақсатында қатысуға;
• мектеп
әкімшілігіне,
педагогтарға,
ата-аналарға,
оқушыларға
әртүрлі
психологиялық мәселелер бойынша ұсыныс-кеңестер беруге қ ұ қ ы л ы.
П с и х о л о г:
• Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің нормативті актілерін,
құжаттарын, бұйрықтарын, нұсқауларын басшылыққа алуға;
• Өзінің іс-әрекетін өз кәсіби біліктілігінің және қызметтік міндеттемелерінің
шеңберінде жүргізуге;
• Психология мен педагогиканың әртүрлі салаларындағы ең жаңа жетістіктерді
білуге және насихаттауға; диагностиканың, түзетудің, алдын алудың ғылыми негізделген
әдістерін өз іс-әрекетінде қолдануға; өзінің кәсіби деңгейін жетілдіру үшін үнемі
еңбектенуге;
• Тәжірибелік психологтың этикалық кодексі нормаларын басшылыққа алуға;
• Мектеп қабырғасындағы диагностикалық, психокоррекциялық, консультативтік
іс-әрекетіне тиісті кәсіби әзірлігі жоқ біліксіз адамдарды жібермеуге;
• Кез келген мектеп құжаттамасына (тәрбие беру жоспарларына, білім беру
бағдарламаларына, педагогикалық кеңестің шешімдеріне, ағымдағы оқу-тәрбие поцесіне,
т.б. ) психологиялық талдау жүргізуге;
• Мектеп ұжымындағы әртүрлі деңгейдегі тұлғааралық қатынастарды (Оқытушы-
администратор, оқытушы-оқытушы, оқытушы-оқушы, оқушы-оқушы) бақылауда ұстауға,
талдауға және түзетуге;
• Әкімшілікпен, оқытушылармен, оқушылармен, ата-аналармен бірлесе отырып,
білім беру үрдісінің барлық субъектілерінің табысты бейімделуі мен тиімді іс-әрекетіне
қолдау көрсететін ғылыми негізделген білім беру, тәрбиелеу, түзету,т.б. бағдарламаларды
жасауға және енгізуге;
• Еркін формадағы психологиялық құжаттаманы (дискеттер, үн таспаларды,
перфокарталарды, т.б.) жүйелі түрде жүргізуге және сақтауғам і н д е т т і.
Достарыңызбен бөлісу: