Информационное письмо


Оқытудан күтілетін нәтижелер



Pdf көрінісі
бет2/73
Дата08.04.2023
өлшемі1,61 Mb.
#80473
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   73
Оқытудан күтілетін нәтижелер: (Блум таксономиясы бойынша) 
Курс аяқталғаннан кейін студенттер білуі керек: 
- Мектеп психологиясының кезеңдері бойынша сипаттама бере білуді және алған 
білімдерін іс - тәжірибеде қолдана білуді; 
- Әрбір кезеңнің өзіне ғана тән ерекшелігі болатындығына танымдық процестерінде 
индивидуалдық - психологиялық ерекшеліктерін үнемі ескеріп отыруды;
- Дамудың әр кезеңіндегі қарым - қатынас, қоғаммен, отбасы мүшелерімен, ұстаздармен, 
өз құрбыларымен қарым- қатынас ерекшеліктері, осы қарым- қатынас түрлерінің бала дамуына 
әсерлерін анықтауды. 
Курс аяқталғаннан кейін студенттер жасай алуы керек: 
-мектеп оқушысы тұлғасының психологиялық ерекшеліктері туралы түсінікке ие болуды; 
-оқушының психологиялық даму ерекшеліктері бойынша алған білімдерін тәжірибеде 
қолдана білуді;
-сабақты ұйымдастыруда қолданылатын психологиялық әдіс-тәсілдерді тәжірибеде 
қолдана алу ептілігі. 
Игерілетін дағдылар: 
- ғылыми-зерттеу жұмысының дағдылары; 
- педагогикалық қарым-қатынас дағдылары; 
- психологиялық алдын алу және психологиялық диагностика дағдылары. 
Пререквизиттер: 
Жалпы психология, анатомия- физиология, философия, тарих, мәдениет тану 


Постреквизиттер
- гуманитарлық пәндер 
2.Оқытушылар туралы мәлімет, байланыс ақпараттары:
Есенова Света Нургалиевна, 87782390905, sveta.n.72@mail.ru 
3 . Курстың саясаты:
1. Сабаққа қатысу 
Студент сабаққа қатысуға міндетті. Қалдырылған сабақтар пәннің оқу-әдістемелік 
кешенінде көрсетілгендей толық көлемде орындалу қажет. Пәннің 3/1 себепсіз қалдырса
курстан шығарылады. 
2. Аудиториядағы тәртіп 
Студент сабаққа кешікпеу, сабақ уақытында сөйлеспеу, ұялы телефоның сөндіру, оқу 
үрдісіне белсенді қатысуы қажет. 
3. Үй тапсырмасы 
Үй тапсырмасы міндетті түреде көрсетілген мерзімде орындалуы қажет. Үй тапсырмалары 
негізінде қорытынды баға шығарылады. 
4. Жеке тапсырмалар 
Семестрлік жеке тапсырмалар міндетті болып табылады. Олар реферат (баяндама, 
хабарлама т.б.) ретінде орындалып, қорғалады. Бұл тапсырмалардың әрқайсысы бағаланып, 
қорытынды баға шығарылады. 
5. Бақылау жұмысы. 
Бақылау жұмысы сабақ уақытында орындалып, тапсырылады. Студенттердің білімін 
бақылау негізінен тест тапсырмаларын орындату арқылы тексеріледі. 
6. Пікірлесу. 
Пікірлесу әр топта кесте бойынша жүзеге асады. Студенттердің білімін бақылау тест 
тапсырмаларын орындату арқылы жүргізілуі мүмкін. 
7. Ерекше білімді қажет ететін студенттердің жеке даму ерекшеліктері мен қабілеттері 
ескеріле отырып, тапсырмалар беріледі. Көру қабілеті бұзылған студенттер үшін 
аудиолекциялар, есту қабілеті бұзылған студенттер үшін видео (титрмен), мәтіндік, тест 
тапсырмалары, презентациялар қарастырылған. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   73




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет