Информатика пәнін оқытуда инновациялық технологияларды қолдану



бет3/26
Дата06.01.2022
өлшемі130,74 Kb.
#12688
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26
Байланысты:
инф

АЛҒЫ СӨЗ

Ұсынылып отырған әдістемелік құрал жалпы білім беретін мектептерде оқыту мен тәрбиелеудің мемлекеттік стандарт талаптарына сәйкес жасалған.

ХХІ ғасыр – жаңа технология мен ақпараттандыру ғасыры. Республикамызда болып жатқан өзгерістер халыққа білім беру жүйесінің барлық буындарында білім мен тәрбие беру жаңа сатыға көтеруді, сабақ өту әдіс – тәсілдерін жетілдіруді талап етіп отыр. Жас ұрпаққа заман талабына сай білім беру әр ұстаздан шығармашылықпен жұмыс істеуді, үлкен ізденісті талап етеді. Оқушылардың жеке білімдерін анықтау және бағалау тұрғысында олармен деңгейлік тапсырмалар бойынша жұмыс жүргізу тиімді. Басты мақсат – оқушыларды өздігінен ізденуге ұмтылдыру. Ерекшелігі – жаңа технология бойынша өздерінің білімдерін бағалай білу.

Сонымен қатар, әдістемелік құралдың мақсаты — оқушылар компьютерді жетік меңгеру, ақпараттық — коммуникация құралдарын талапқа сай пайдалана алу, ақпарат алмасудың негізгі көзі – Интернет желісін тиімді пайдалану болып табылуда. Ақпараттық технологияның негізгі мақсаты – оқушыны қазіргі қоғам сұранысына сай, өзінің өмірлік іс — әрекетінде дербес компьютердің құралдарын қажетті деңгейде пайдаланатын жан — жақты дара тұлға ретінде тәрбиелеу.

Оқытудың жаңа технологияларының барлығы оқушылардың өз бетінше білім алу дағдыларын қалыптастыруға бағытталған. Сонымен қатар, оқытушы оқыту барысында қажетті ақпараттық, техникалық құралдарды пайдаланып, оқушының терең білім алуына жағдай жасайды.

Информатика пәнінен сыныптан тыс шараларда тапсырмаларды орындау арқылы оқушылардың пәнге деген қызығушылықтары артады.

Бұл әдістемелік құрал жалпы білім беретін мектеп мұғалімдеріне, білім беру жүйесінің қызметкерлеріне, мектеп оқушыларына ұсынылады.

Қазіргі білім жүйесінің ерекшілігі – тек біліммен қаруландырып қана қоймай, өздігінен білім алуды дамыта отырып, үздіксіз өз бетінше өрлеуіне қажеттілік тудыру. Бiлiм беру саласында инновациялық үрдiстi жүзеге асыру мұғалiмдерден өз мінез-құлықтарын, ұстанымдарын, мүмкіндіктерін түрлендiрудi талап eтедi.

Дамыған елдердегі білім беру жүйесінде ерекше маңызды мәселелердің бірі – оқытуды ақпараттандыру, яғни оқу үрдісінде ақпараттық – коммуникациялық технологияларды пайдалану. Қазіргі таңда елімізде білім беру жүйесінде жаңашылдық қатарына ақпараттық кеңістікті қүру енгізілді.

Информатика сабағында ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы оқушылардың ақпараттық құзіреттілігін қалыптастыру, қазіргі заман талабына сай ақпараттық технологияларды, электрондық оқулықтарды және Интернет ресурстарды пайдалану оқушының білім беру үрдісінде шығармашылық қабілетін дамытуға мүмкіндік береді. Оқушылардың ақпараттық құзырлылығы мен ақпараттық мәдениетiн қалыпастыру қазiргi таңда үздiксiз педагогикалық бiлiм беру жүйесiндегi ең көкейтестi мәселелердiң бiрiне айналып отыр.

Информатика сабақтарында ақпараттық — коммуникациялық технологияларды пайдаланудың тиімділігі:

·оқушының өз бетімен жұмысы;

·аз уақытта көп білім алып, уақытты үнемдеу;

·білім-білік дағдыларын тест тапсырмалары арқылы тексеру;

·шығармашылық есептер шығару кезінде ақпараттық процестерді түсіндіру арқылы жүзеге асыру;

·қашықтықтан білім алу мүмкіндігінің туындауы;

·қажетті ақпаратты жедел түрде алу мүмкіндігі;

·экономикалық тиімділігі;

·іс-әрекет, қимылды қажет ететін пәндер мен тапсырмаларды оқып үйрену;

·оқушының ой-өрісін дүниетанымын кеңейтуге де ықпалы зор.

Оқытушы сабағында ақпараттық – коммуникациялық технологияларды пайдалану арқылы оның тиімділігін жүйелі түрде көрсете біледі. Ақпараттық — коммуникациялық технологияны пайдалану оқытудың тиімді әдістерінің бірі деп ойлаймын.

Оқытушы үшін электрондық оқулық – бұл күнбе-күн дамытылып отыратын ашық түрдегі әдістемелік жүйе, оны әрбір оқытушы өз педагогикалық тәжірибесіндегі материалдармен толықтыра отырып, әрі қарай жетілдіре алады. Электрондық оқулық арқылы үй тапсырмасын, жаңа сабақты түсіндіруге және тест тапсырмаларын орындауға болады.

Қазіргі таңда мен өз тәжірибемде оқушыларға информатика сабағында электрондық оқулықты пайдаланып келемін. Онда әр тарауда тақырыптың мазмұны, тапсырмалар, тараудағы оқу материалдары бойынша берілген анимациялық тәжірибелер оқушыларға информатика сабағына көрнекілік түрінде көрсете отырып түсіндіруге ыңғайлы.

Сонымен қатар тақырыпты қорытындылау үшін тест сұрақтары берілген. Бұл тест сұрақтарының нәтижесі әр оқушыға жауап беру деңгейіне қарай пайыздық көрсеткішпен бағаланып беріледі. Бұл әдіс оқушының білімін көтеруге, сабаққа ынтасын қалыптастыруға оң әсер ететіндігі сөзсіз.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет