8 күн Есептік құжаттаманы ресімдеу (күнделік, есеп, мінездеме). Дифференциалды сынақ
Тәжірибе күнделігі
Күні, айы, жылы
Уақыты
Жұмыс тізімі
03.05.2022ж
14:00-17:00
«ЖАНАФАРМ» ЖШС Біздің алғашқы тәжірибелік күніміз өткен компаниялардың бірі «Жанафарм» ЖШС. Біз онда команияның тарихы, жұмыс істеу принцптері және техникаларымен таныстық. Компания 1995 жылдан бері жұмыс істейді. Көбіне қатты қалыптағы препараттарды жасайды. Оларда дәрілер негізінен 2 типті болып келеді.
Ангисептер – әсер ету спектрі кең, сіңіруші таблеткалар болып келеді. Ангисептер ангина, гингивит, стоматит, ауыз қуысы ауруларын емдейді. Препарат негізі прополис болып келеді. Ангисепт –антибактериалды және қабынуға қарсы әсері бар прополис.
Ангисепт HL – түймедақ экстракты-қабыну кезінде жасуша клетка регенирациясын тездетеді.
Ангисепт MT – жалбыз және эвкалипт экстракты-аллергияға, микротарға қарсы әсері бар және кариескеде қолданылады.
Ангисепт SV – шалфей экстракты, дезинфекциялық және қан тоқтататын әсері бар. Ангисепт дәрілік препаратының 5 түрі. Ангисепт HL түймедақ қосылған; Жалбыз және эвкалипт қосылған; Ангисепт MT Календуламен; Ангисепт CL. Ангисепт прополиспен. Шалфей бар Ангисепт SV.
Агриппиндер – дозалау жеңіл ,ыстықты басушы, анелгезиялық, қабынуға қарсы жіне жергілікті анестезиялық әсерлері бар. Агриппин SR -антиагрегациялық және анельгезиялық әсерлері бар (қабыну және ыстық басатын). Агриппин дәрілік препаратының 2 түрі: Ацетилсалицил қышқылы бар Агриппин - Агриппин SR, Парацетамол қосылған Агриппин - Агриппин. Барлық СО2 сығындыларын өздері жасайды. Олар: СО2 түймедақ сығындысы, СО2 жалбыз сығындысы, СО2 эвкалипт сығындысы, СО2 қырмызы сығындысы, СО2 шалфей сығындысы. Ол жерде СО2 көмірқышқыл газын экстракциялау-бұл салыстырмалы түрде жаңа технология. СО2 сығындылары – өсімдік шикізатынан сұйық күйге Сығылған көмірқышқыл газының көмегімен алынатын биобелсенді заттардың күрделі майда еритін кешендері болады деген бізге. Алынған сығындылар өсімдіктің пайдалы қасиеттерінің барлық жиынтығына ие екенін білдік. Келесі бір препараттары цветаминдер. Цветаминдердің 5 түрін шығарады және олар жоғарғы тыныс жолдарын емдеуге тиімді.