Инженерлік пәндер кафедрасы



бет7/16
Дата15.07.2022
өлшемі1,58 Mb.
#37676
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   16
Байланысты:
Камшибаева н практика (копия)

5 күн
Тақырыбы: Жұмсақ дәрілік қалыптар өндірісімен танысу


Қысқаша конспект:
Жұмсақ дәрілік түрлерге: жағылмалар, кремдер, пасталар, суппозиторийлер мен жапсырмалар жатады.
Жағылма – сыртқа қолданылатын, консистенциясы тұтқыр жұмсақ дәрілік түр. Жағылмаларды дәрілік зат (әсер етуші) пен негізді (түр беруші) араластыру арқылы алады. Жағылманың негізі ретінде вазелин, вазелин майы, шошқаның тазартылған майы, май тәрізді заттар, балауыз (ланолин, ара балауызы, спермацет) және синтетикалық заттар пайдаланылады. Әрине жағылмалар мөлшерге бөлінбеген дәрілік түр.
Пасталар – құрамында 25%-65% ұнтақ тәрізді заттары бар жағылмалардың бір түрі. Пасталар қою және тұтқыр болып келеді, жағылмаларға қарағанда тері бетінде ұзақ сақталынады. Егер құрамында ұнтақ тәрізді заттың мөлшері 25%-тен кем болса, онда индиферентті ұнтақтар, яғни толықтырғыштар мырыш оксиді (Zinci oxydum), крахмал (Amylum), тальк (Talcum) қосылады. Пасталар мөлшерге бөлінбеген дәрілік түр. Сондықтан олардың жалпы мөлшері жазылады.
Балауыздар (Суппозиторийлер) - бөлме температурасында қатты, дене температурасында балқитын қуыстарға енгізуге арналған мөлшерге бөлінген жұмсақ дәрілік түр.
Жапсырмалар (пластыр – теріге тартатын жабысқақ таңғыш) – дене температурасында жұмсарып, теріге жабысу қасиеті бар жұқа қабатты майысқақ масса. Агрегаттық күйіне қарай қатты және сұйық жапсырмалар деп ажыратылады. Қатты жапсырмалар бөлме температурасында консистенциясы тығыз, ал дене температурасында жұмсарады. Сұйық жапсырмалар (тері желімі) теріде еріткіш буланғаннан соң пленка түзетін ұшқыш сұйықтықтар. Медициналық тәжірибеде қолданылатын жапсырмалар фармацевтикалық өндірістерде дайындалады.



12.05

6 күн
Тақырыбы: Галенді дәрілік препараттар өндірісімен танысу


Қысқаша конспект:
Галендік препараттар немесе экстракциялық препараттар – дәрілік препараттардың ерекше тобы. Галендік препараттар биологиялық белсенді заттардың комплексі болып табылады. Барлық экстракциялық препараттарды алудың негізінде өсімдік және жануарлар шикізатынан дәрілік әсері бар заттарды әртүрлі еріткіштерді пайдалана отырып, оларды сығындап бөліп алу процесі жатады. Галендік препараттарды шартты түрде келесі топтарға жіктейді: тұндырмалар мен экстрактар; жаңа галендік препараттар; органдық препаратар; жас өсімдіктер шикізатынан алынған препараттар;


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет