Инклюзивті білім беру негіздері



бет12/30
Дата08.10.2022
өлшемі216,33 Kb.
#41892
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   30
Байланысты:
Èíêëþçèâò³ á³ë³ì áåðó íåã³çäåð³

Ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалау –оқу процесі барысында оқушыны қолдаудың түрін, формасын, көлемін анықталған оқу қиындықтары, олардың пайда болу себептері мен механизмдері негізінде белгілеу.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 12 қаңтардағы №4 бұйрығына сәйкес ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалау қағидалары бекітілді.
Білім беру ұйымдарындағы ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалау тәртібі төмендегідей бекітілді :
1) мұғалімнің (тәрбиешінің) әрбір білім алушының (тәрбиеленушінің) әлеуметтік-эмоционалдық әл-ауқатын және оқу-танымдық іс-әрекетінің ерекшеліктерін бақылау, сондай-ақ білім алушылардың жетістіктерін критериалды бағалауды пайдалана отырып, оқу-тәрбие процесі барысында ерекше білім беруді қажет ететін балалардың анықтау;
2) психологиялық-педагогикалық қолдау мамандардың ата-аналарының (заңды өкілдерінің) келісімімен оқыту қиындықтары бар балалардың ерекше білім берілуіне қажеттіліктерін тереңдете зерделеу және бағалау;
3) білім беру ұйымының психологиялық-педагогикалық қолдау мамандардың тереңдетілген тексеру нәтижелері бойынша оқыту қиындықтары бар балаларға ПМПК-ға ерекше білім беру қажеттіліктерін одан әрі бағалау;
4) психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеттерінде және оңалту орталықтарында балалардың ерекше білім беру қажеттіліктерін пәнаралық ұжымдық бағалау.
Ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалау тәртібі ЕБҚ бар балалардың оқу қиындықтарына байланысты екі тобын айқындайды.

1.3-кесте. ЕБҚ бар балалар тобы.

Бірінші топ

Екінші топ

Оқу қиындықтарының себептеріне байланысты бірінші топты әртүрлі психикалық функциялардың (ақы-ой әрекеті, қабылдау, зейін, есте сақтау) жеткіліксіздігінен мектептегі белгілі бір дағдыларды меңгеруде қиындықтары бар балалар, сондай-ақ даму мүмкіндігі шектеулі:
1) 1-3 деңгейдегі жалпы сөйлеу қабілеті дамымаған есту қабілеті зақымдалған (есту аймағында есту қабілеті орташа 40-тан 80 децибелге дейін естімейтін және нашар еститін, оның ішінде кохлеарлық имплантациядан кейінгі балалар);
2) көру қабілеті зақымдалған (көзі көрмейтіндер – көру сезімінің толық болмауымен, жақсы көретін көзге көзілдірік киюмен 0,04-ке дейін жарық сезуімен немесе қалдық көрумен және нашар көретін балалар – жақсы көретін көзге көзілдірік киюмен 0,05-тен 0,4-ке дейін көру өткірлігімен);
3) зердесі зақымдалған (ақыл-ой кемістігі бар);
4) психикалық дамуы тежелген;
5) сөйлеу қабілеті зақымдалған (1-3 деңгейдегі жалпы сөйлеу дамымаған, фонетикалық-фонематикалық сөйлеу дамымаған, ринолалия, дизартрия, ауыр тұтығу, жазбаша сөйлеу бұзылыстары бар (дислексия, дисграфия);
6) тірек-қимыл аппараты бұзылған;
7)эмоциялық-ерік бұзылыстары бар (қарым-қатынас және әлеуметтік өзара әрекеттесу бұзылыстарымен (аутизммен), мінез-құлық бұзылыстарымен және қиындықтарымен);
8) күрделі (біріктірілген) бұзылыстармен балалар кұрайды.

Екінші топқа ақыл-ой және физикалық дамуы бұзылмаған балалар кіреді, олардың ерекше білім беру қажеттіліктері олардың білім беру процесіне енуіне кедергі келтіретін әлеуметтік-психологиялық және басқа факторлармен анықталады:
1) әлеуметтік осал топтағы отбасыларда тәрбиеленетін, микроәлеуметтік және педагогикалық қараусыз қалған балалар;
2) жергілікті қоғамға бейімделуде қиындықтарға тап болған балалар (босқындар, мигранттар, қандастар);
3) мүгедектігі бар балалар.



Даму мүмкіндіктерінің шектелуіне байланысты оқу қиындықтары бар бірінші топтағы балалардың ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалау келесі қажеттіліктерді анықтау үшін жүргізіледі:
1) оқу жоспары мен оқу бағдарламаларын өзгерту;
2) оқу нәтижелерін бағалау тәсілдері мен критерийлерін өзгерту;
3) оқытудың вариативтік, арнайы және баламалы, оның ішінде мінез-құлықты қолданбалы талдау қағидаттарына негізделген әдістерін пайдалану;
4) оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендер (бұдан әрі – ОӘК) іріктеу, жеке оқу материалдарын дайындау;
5) педагог-психологты, арнайы педагогті (оның ішінде олигофренопедагог, сурдопедагог, тифлопедагог, логопед (логопед-мұғалім), педагог-ассистентті арнайы психологиялық-педагогикалық қолдау;
6) оқу бағдарламасын таңдау (жалпы білім беретін, арнайы);
7) кедергісіз орта құру және оқу орнын бейімдеу;
8) компенсаторлық және техникалық құралдармен қамтамасыз ету;
9) әлеуметтік педагогті сүйемелдеу;
10) сәйкес жүріп-тұруы қиын мүгедектігі бар балаларға арналған жеке көмекшінің қызметі.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет