Инклюзивті білім беру негіздері


ЭЫДҰ құжаттарында ЕБҚ бар балалардың келесі топтары анықталған



бет10/30
Дата08.10.2022
өлшемі216,33 Kb.
#41892
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   30
ЭЫДҰ құжаттарында ЕБҚ бар балалардың келесі топтары анықталған:
1-топ. Психикалық және дене дамуында түрлі бұзылыстары бар балалар: көру, есту, сөйлеу бұзылыстары, зияты, тірек-қозғалыс аппараты, психикалық дамуы тежелген және эмоционалды-ерік-жігер аясы зақымдалған балалар.
2-топ. Оқытудағы ерекше қиындықтары, мінез-құлық және эмоциялық проблемалары бар балалар. Зердесі қалыпты балалардың ерекше қиындықтары жеке оқу дағдыларын меңгеруде байқалады: оқу, жазу және санау (дисграфия, дислексия, дискалькулия және т.б.). бұл қиындықтар уақытша сипатқа ие және оны мамандардың тиісті көмегімен жоюға болады. Мінез-құлық және эмоционалдық проблемалар ерекше психологиялық факторлардан (отбасында тәрбиенің бұзылуы, ата-ана мен баланың және отбасында қатынастың бұзылуы), сонымен қатар дамуындағы ерекше проблемалардың болуынан (гипербелсенділік және толыққанды көңіл бөлмеуден, аутистикалық бұзылыстар спекторы және т.б.) құрдастарымен және мұғалімдерімен қарым-қатынас жасаудағы әртүрлі қиындықтардан (енжарлық, тұйықтық, жанжалдасуға бейімділігі, тілазарлық, агрессивтілік) пайда болуы мүмкін.
3-топ. Әлеуметтік-психологиялық, экономикалық, тілдік, мәдени ерекшеліктерінен туындайтын ерекше білім беруге қажеттілігі туындайтын балалар. Бұл топқа микроәлеуметтік және педагогикалық қараусыз қалған жағдай төмен отбасынан шыққан немесе бала тәрибесіне көңіл аудармайтын отбасылардан, әлеуметтік қатерлі топтағы отбасы балалары (ішімдікке, нашақорлыққа жақын ата-аналар), сонымен бірге жергілікті әлеуметке бейімделуде қиындықтары бар (босқындар, мигранттар, оралмандар) немесе оқу тілін түсінбейтін және бұл тілде сөйлемейтін балалар кіргізіледі.
ЕБҚ бар балаларды мұндай топтарға бөлу мектепте білім алуында қиындығы бар бірде-бір оқушының назардан тыс қалуына жол бермейді.
ҚР инклюзивті білім беру принциптерін енгізіп отырған жалпы білім беру педагогтары үшін ерекше білім беруге қажеттілігі бар оқушы психикалық және дене дамуы бұзылған (мүмкіндігі шектеулі) бала ғана емес, сонымен қатар оқытуда қиындықтарға тап болған кез келген бала екенін түсінулері маңызды.
Дамуында психифизикалық бұзылыстары жоқ екінші және үшінші топтағы балалар көбінесе психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңеске жүгінбейді және ол арқылы анықталмайды. Сәйкесінше, жалпы білім беретін мектеп балалардың бұл топтарын да өз назарынан қалдырмай және оны уақытында анықтап, оларға көмек көрсетуі тиіс.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет