Инклюзивті білім беру негіздері



бет25/30
Дата08.10.2022
өлшемі216,33 Kb.
#41892
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30
ЖЕКЕ ОҚУ БАҒДАРЛАМАЛАСЫН әзірлеу ПМПК ұсынымдарына сәйкес жүзеге асырылады.
Пән бойынша жеке оқу бағдарламасын құрастырған кезде (ақыл-ой бұзылыстары бар оқушы үшін) оқу бағдарламасының әрбір бөлімінде оқушының «жақын даму аймағында» жатқан білімі мен дағдыларына қатысты оқу мақсаттары және өзінің мазмұны жағынан оларға жақын дағдылар айқындалады.
ЕБҚ бар балаға жеке оқу бағдарламасын жасай отырып, мұғалімдер мен психологиялық-педагогикалық қолдау мамандары тобы оның оқу жетістіктері критерийлерінің көрсеткіштерін анықтайды. Бұл ретте белгілі бір оқу сатысындағы барлық балалардың білім беру бағдарламасын игеру және даму динамикасының көрсеткіштері пайдаланылады. Мысалы, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру сатыларының жоспарланған оқу нәтижелері. Бұдан әрі, білім алушылардың мүмкіндіктеріне қарай, негізгі білім беру бағдарламасын игеруде де, табысты әлеуметтену үшін қажетті дағдыларды қалыптастыруда да әрбір баланың жеке ілгерілеу өлшемдері қалыптастырылады. Бұл тұста инклюзия негіздерін игеруші педагогқа ЕБҚ бар оқушылардың оқу бағдарламаларын бейімдеуге және іске асыруға бағытталған арнайы технологиялар көмекке келеді.



Жалпы сыныпқа енгізілген ақыл-ой бұзылыстары бар оқушылар үшін олардың зерде бұзылыстары мен мүмкіндіктеріне қарай Үлгілік арнайы оқу бағдарламалары негізінде жеке оқу бағдарламалары әзірленеді.

Келесі талап - бағалау критерийлері. ЕБҚ бар білім алушылар үшін қысқартылған/жеке оқу бағдарламасы әзірленген жағдайда, мұғалім бағалау критерийлерін осы оқу бағдарламасының талаптары/мақсаттары шегінен шықпай, білім алушының жеке күтілетін нәтижелері негізінде өзі әзірлейді.





Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы
125 бұйрығы.


14-8. Ерекше білім берілуіне қажеттіліктері бар білім алушыларды бағалау кезінде мұғалім сараланған және/немесе жеке тапсырмаларды қолданады, сондай-ақ білім алушының ерекшеліктерін есепке ала отырып, оның ішінде жеке оқу бағдарламаларын іске асыру кезінде бағалау критерийлеріне өзгерістер енгізеді.

Оқу жетістіктерін бағалау қысқартылған немесе жеке бағдарлама шеңберінде жүзеге асырылады. Бағдарламаның әрбір мақсаты үшін жеке, сараланған бақылау-диагностикалық тапсырмалары іріктеледі.


«Инклюзия жағдайында жаратылыстану-математикалық және гуманитарлық білім берудің жеке бағдарламаларын құрастыру бойынша әдістемелік ұсынымдар» деп аталатын оқу құралының қосымшаларында ЕБҚ бар балаларға арналған қысқартылған немесе жеке оқу бағдарламаларын әзірлеу кезінде қолдануға арналған материал - әдістемелік құралдарды табуға болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет