Сындарлы оқытудың негізгі қАҒидаттары мектепішілік әдістемелік семинарға әзірленген баяндама әзірлеген: Мұңайтбас Ө. О



бет1/4
Дата18.10.2022
өлшемі22,34 Kb.
#43961
түріСеминар
  1   2   3   4
Байланысты:
Теориялық білім Сындарлы оқыту деген не


Қордай ауданы әкімдігінің білім бөлімінің


№1 Дінмұхамед Қонаев атындағы мектеп-гимназиясы


СЫНДАРЛЫ ОҚЫТУДЫҢ НЕГІЗГІ ҚАҒИДАТТАРЫ


мектепішілік әдістемелік семинарға әзірленген БАЯНДАМА
Әзірлеген: Мұңайтбас Ө.О.
директордың
ғылыми-әдістемелік
жұмыстар жөніндегі
орынбасары


Қордай ауылы, 2015 жыл


Сындарлы оқытудың негізгі қағидаттары

Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстары бағдарламасының өзектілігі Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының мақсаттарымен және міндеттерімен үйлеседі, ал мемлекеттік бағдарламаның басымдықтары, өз кезегінде білім беру саласында көш басында келетін Финляндия, Сингапур және Ұлыбритания секілді прогресшіл елдерге тән заманауи мақсаттармен және құндылықтар жүйесімен барабар. Бағдарламаның жетекші мақсаты – әрбір ел үшін маңызды болып табылатын рухани, мәдени және адамгершілік құндылықтардың негізінде жастарды өз елінің мәдениетін құрметтеуге тәрбиелеу; екіншіден, жастарды жылдам өзгеріп жатқан әлемде өзіне сенімді және табысты болуға мүмкіндік беретін дағдылары мен түсініктерін дамытуға, өмірлік жағдайларда өз білімдерін қолдануға ықпалын тигізетін сыни тұрғыдан ойлауға үйретуді қамтиды (3-деңгей бағдарламасының нұсқаулығы, 4-бет).


Сындарлы оқытудың мақсаты – оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамыту, алған білімін сыныптан тыс жерде, кез келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз ету.
Мұғалім қызметіндегі маңызды дүние – кейбір оқушылардың тақырыпты өзіне оңтайлы бірегей тәсілдермен меңгеретіндігін жете түсінуі. Бұл жағдайда оқушының мәселені (проблеманы, жағдайды, құбылысты т.б.) түсіну деңгейін анықтап, аның түсінігін толықтыруға немесе қайта құруға көмектесі мұғалімнің міндеті болып табылады.
Осы бағдарлама оқыту мен оқу үдерістерін жетілдіру мақсатында өз тәжірибесін жүргізу үшін қажетті білімнің болуын көздейтін, мұғалімнің кәсіби дамуына қойылатын заманауи талаптарға сәйкес келеді. Бұл тәсіл негізгі төрт қағидатқа негізделген, олардың ішіндегі негізгісі «Балалар қалай оқиды?» қағидаты болып табылады, ал қалған үшеуі төмендегі түсініктерді білдіреді:

  • Нені оқыту керек?

  • Оқытудың реттілігін қалай құрылымдау керек?

  • Сіздің табыстылық деңгейіңізді қалай бағалауға болады?



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет