Іс әрекеттің жемісті түрлерін дамыту. Бейнелеу іс әрекеті. Құрастыру іс әрекеті. Іс-әректеттің жемісті түрлерін дамыту



бет1/2
Дата14.03.2023
өлшемі33,34 Kb.
#74300
  1   2
Байланысты:
Іс әрекеттің жемісті түрлері


Күні: 20.01.2021 тобы: МД-9-18
Пәні: Психология
Оқытушы: Идрисова М.А
Тақырыбы:
Іс әрекеттің жемісті түрлерін дамыту. Бейнелеу іс әрекеті. Құрастыру іс әрекеті.
Іс-әректеттің жемісті түрлерін дамыту.
Ойын баланың психикалық дамуына әсер ететін бірден-бір іс-әрекет емес.
Бала сурет салады, жапсырады, құрылыстар тұрғызады. Әшекейлер ояды, қашайды. Осы бала іс-әрекетінің барлық түрлеріне ортақ нәрсе-олардың белгілі бір нәрсені жасауға, сурет салуға, құрастыруға, құрақ құрауға бағытталған болуы. Бірақ бұл іс-әрекеттің әрқайсысының өз ерекшеліктері бар. Қимылдың ерекше тәсілдерін игеруді талап етеді және баланың жетілуіне өзінің арнайы ықпалын тигізеді.
Бейнелеу іс-әрекеті. Баланың бейнелу іс-әрекетінің бастамалары ерте балалық шақата жататынын көргенбіз. Мектепке дейінгі балалық шақтың басында бала әдетте жеке заттарды бейнелеуге мүмкіндік беретін графикалық бейнелердің (өте шектелген болса да) біршама қорына ие болады. Әйтсе де бұл бейнелердің заттың өзімен ұқсастығы өте аз.
Салынған суреттен сол заттың өзін тани білу бейнелеу іс-әрекетін жетілдіру стимулдарының бірі болып табылады. Бұлайша жетілдірудің біршама ұзақ жолы бар. Балалар салатын суретке олардың тәжірбиесінің түрлі формалары енеді.Оларды бала заттармен іс-әрекет жасау, графикалық іс-әрекеттің өзін көру арқылы қабылдау және үлкендердің үйретуінен алады. Үлкен адамның салған суреті заттың көру арқылы қабылданатын қасиеттерін ғана бейнелейді. Бала болса өзінің барлық тәжірибесін жұмсайды. Сондықтан балалар салған суреттер арасында көру арқылы қабылдауға тән бейнелер арасында олардың өздері көріп, қолында ұстап жүрген заттардан басқаларды да кездестіруге болады. Айталық, балалар сүйір бұрышты жазық фигураны (үшбұрыш делік) қолымен сипағаннан кейін оны сопақша пішін түрінде суретке түсіреді де одан тарайтын қысқа сызықшалар таратып қояды. Осы сызықшалар арқылы бейнелейтін фигураның сүйір бұрыштылығын көрсеткісі келеді. Сүйір бұрышты фигуралардың бұлайша бейнеленуі осы мақсатта бұған дейін қалыптасқан дөңгелек түрінде тұйықталған графикалық бейнеге жуықтауға тырысқандық деп түсіндіруге болады.
Балалар бейнелейтін заттың графикалық формасы алдымен үш сәтке: баланың қолында бар графикалық бейнелерге, затты көру әсеріне және олармен іс-әрекет жасау процесінен игерілетін қимылдық-сезімдік тәжірибеге байланысты. Оның үстіне бала өзі салған суретте заттан алған әсерді бейнелеп қана қоймай, оған қоса сол затты өзінің қалай түсінетінін, ол жөніндегі өз білімін де көрсетеді. Мысалы, әйел адамның тұлғасын анасының суретке қалай салғанын бақылаған бала әуелі аяқтың, содан кейін барып көйлектің суретін салу керек екенін талап етеді.
Баланың солғын, баяу ғана елес беретін суреті бейнеленетін затты оның өзі дәл де толық көрсетуге айтарлықтай тырысатындығын көрсетеді. Бала адамның суретін салғанда көбінесе оның шашын, құлағын, денесін, қолдарын бейнелейді, оның өнері өзінің танымынан едәуір кейін қалып қояды. Өз түсінігі бойынша маңызды деп таппағаның бәрін бала суретте көрсетпейді.
Күрделі заттарды бейнелеуде олардың шынайы ерекшеліктерін көрсетуге балалардың қалай тырысатындығын аңғару үшін төмендегідей бақылау жүргізілді. Балаларға ақтиіннің тұлыбы көрсетіледі. Әрбір бала ақтинмен ойнауға оның тұмсығын, аяқтарын көруге, түгін сипаттауға мүмкіндік алады. Сонымен бірге әр бала бұл тұлыпты не үшін ұстап көруге берілгені жөнінде хабарсыз болады. Бес минуттан кейін баланың қолынан ақтиін тұлыбы алынып, оның суретін салу ұсынылады. Демек, зат жөнінде көру, сондай-ақ қимылдық-сезімдік білімдеріне сүйену тән.
Құрдастарының жасаған бейнелерін тани білу балаларға тән. Мысалы, балаларға белгілі ойыншықтардың ешқайсысына ұқсамайтын ойыншықтарды көрсетті. Балалар оларды көріп, ұстап, ойнап көрді. Мектеп жасына дейінгі балалар ойыншықтарға үйренген және олардың аттарын жадында сақтап үлгерген соң әрбәр жас тобының бірнеше балалрына барлық ойыншықтардың суретін салу ұсынылады. Әуелі балалар суретті есте сақтауы бойынша салады (ойыншықтарды жасырып қойған). Екінші рет балалар суретті алдында тұрған ойыншықтарға қарап отырып салды.
Содан кейін барлық суреттерді ойыншықтармен таныс, бірақ өздері салмаған балаларға көрсетті. Балалар өз құрдастары салған ойыншықтардың суретін танитын болып шықты,тоның үстіне белгілердің жетерліктей саны көрсетілген бейнелерді ғана емес, оған қоса кішкене суретшінің көзқарасы бойынша, бір-екі басты белгі көрсетілген суреттерді де ажырата білді.
Балалар суретті шындықты көрсетуге бағытталғанымен үлкендердің көргісі келетіндей суретке жиі сәйкеспейді. Бір бала өзі салған машинаның суретінде доңғалақ санын құрастырушылардың белгіленген санынан әлдеқайда көп етіп көрсетсе де екінші бала мұндай суретке күдіктенбейді. Мұндай суретті қарап отырған үлкен адам оның машинаға мүлде ұқсамайтынын («Жіпке тізілген моншаққа көбірек ұқсайды!») айтып баланы мінейді. Мектепке дейінгі бала бұған ренжейді. Ол өзара түсініспеушілікке риза емес.
Бірақ, бала үлкен адамға қанша қарсы тұрса да, ол алдымен үлкендердей болуға ниеттенеді. Сондықтан баланың салған суреті белгілі мәдениетке қолданарлықтай бағытта ақырындап, бірақ дұрыс дамиды. Графикалық бейнелер құруда бала көбінесе көру жеріне бағытталады. Бұған, сөз жоқ, өз көзқарастары бойынша суретті онды деп қабылдамай, заттың тікелей өзіне қарауды ұсынатын үлкендер себепші болады.
Заттың өзін көріп сурет салу үлкендердің арнайы әсерінің ықпалынан пайда болады. Егер алдына қойылған заттың суретін салып отырған балаларды байқап қарасақ, мектепке дейінгі балалардан ортақ мінез-құлық ерекшелігін аңғаруға болады.
Балалар затқа сәл көз тастап жіберіп қағазға оның суретін жылдам және батыл түрде сала бастайды. Әдетте бала заттың өзін ұдайы бақылауды қажет етпейді, сондықтан заттың өзі оның алдында тұрса да оның салған суретін ұғым арқылы салынған сурет ретінде бағалауға болады.
Үйрету барысында жасалатын жағдайлар балалардың графикалық бейнелерді жетілдіруіне, бейнелейтін заттарға тән белгілерді көрсететін жаңа элементтерді енгізуіне түрткі болады. Графикалық бейнелер біртіндеп шынайы затқа неғұрлым сәйкесе бастайды. Дегенмен балалар салған суретте дағдылы графикалық бейнелерді баянды етудің әйгілі бағыты тән.
Бейнелерді бұлайша баянды ету белгілі жағдайларда бұлжымас үлгіге айналады. Бейнелеудің үлгілері өте тұрақты тірек болып табылады, өйткені ол бейнелеудің қарапайым талаптарына сай келеді және айналадағы адамдардың қадіріне ие болады. Кенінен тараған бұлжымас үлгілерге үйлерді, гүлдерді, ағаштарды т.б. бейнелеу жатады. Мұндай бұлжымас үлгілердің тұрақтылығы ғажайып- ондаған жылдар бойы олар ұрпақтан ұрпаққа беріліп отырады. Бұлжымас үлгіні меңгере отырып, бала оны бір суреттен екінші суретке ауыстырады да оны жетілдіруге онша қам жемейді. Сурет салу барысында пайда болған арнай міндет қана бұлжымас үлгіні өзгертпестен суретке жеке детальдарды қоса салуға баланы мәжбүр етеді. Мысалы, суретші жас қызалақ бала өзінің салған суреттерінде өзін және әкесін көрсету үшін екі адамның біреуіне шиыршық түріндегі шашбаудың, екіншісіне түтіні шамадан тыс будақтап тұрған папиросты көрсетіп қояды.
Мектепке дейінгі жастағы балалармен мынадай тәжірибе жасалады. Оларға емен жаңғақтарынан жасалған кішкене адамдардың бірінен соң бірін көрсетті. Әуелгі адамның мойыны болмады. Басқаларының мойыны болды, бірақ әрбір келесі адамның мойыны алдыңғы адам мойынынан жарты сантиметрдей ұзын болып отырады. Балалар адамдардың суретін тездеп сала бастады, бірақ едәуір уақыт мойынға ешкім назар аудармады. Олардың көбі суретті алты-жеті рет салғаннан кейін ғана байқады. Мұндай жағдайда балалар (тиісті орнына) шамадан тыс ұзын мойынның суретін салады немесе бастың жоғарғы жағынан оның тік күйдегі суретін қоса салады, тағы біреуі бастан төмен қарай бүтін тұлғаны бойлай галстукке ұқсатып ұзын мойынды бейнелейді. Бұл мысал қатып қалған бұлжымас үлгілер шынайы затпен сәйкес етіп сурет салуды қиындататынын көрсетеді.
Графикалық бейнелерді банды етіп, оны бұлжымас үлгіге айналдыру баланың сурет салуын дамыту үшін зор қауіп туғызады. Егер осы процесті бақылап отырмаса, бала өзі игеріп алған белгілі заттардың жобасынан басқа ештеңенің суретін сала білуді үйрене алмай қалуы да мүмкін. Қатып қалған бұлжымас үлгілерді бұзу үйрету міндетіне жатады.
Сонымен баланың салған суретінде графикалық бейнелерді дамыту бағыты, осы бейнелерді нығайту, графикалық бұлжымас үлгіге айналдыру бағытымен ұшырасады. Бала суретінің тағдыры едәуір дәрежеде осы бағыттардың біреуінің басым келуіне байланысты. Ал мұнын өзі негізінен үйрету ерекшеліктерімен анықталады. Дайын үлгілерді көшіре салуға негізделген үйрету бұлжымас үлгілерді өшіреді, суреттердің графикалық формасын жетілдіреді. Сондықтан тәрбиешілер балалардың бейнелеу іс-әрекеттерінің дамуына ерекше назар аударулары қажет.
Сурет салуды дамыту барысында баланың түстерді пайдалану қажеттілігі пайда болады. Мұнда түсті пайдаланудың екі бағыты айқындала бастайды. Біріншісі түсті өз қалауы бойынша қолданады, яғни ол зат пен оның бөлшектерін олардың шынайы түсіне сәйкес келмейтін кез келген бояумен бояйды. Мәселен, салынған адамның суретінде бір қолы қызыл, екінші қолы көк болуы; адамның басындағы шаштардың тұлымдары әр түрлі түске боялуы да мүмкін. Екінші бағыты бала бейнелейтін затты оны шынайы түсіне сәйкес етіп бояуға тырысуы. Мұнда балалар кейбір заттардың түсін міндетті түрдегі белгі ретінде пайдаланды және заттың бейнесін реңксіз бір қалыпта көрсетеді. Мұны заттың түсін білуде балалар көбіне өз қабылдауымен емес, үлкендердің сөзіне сүйенеді деп түсіндіруге болады. Сондықтан балалар салған суреттер бұлжымас түстерге толы болады (жасыл шөп, діңі қоңыр, жапырағы жасыл ағаш, қызыл немесе сары күн).
Балалар салған суретте түсті еркін қолданудың терең негіздері болады. Тек мүлде кішкене балалар (екі-үш жасар) кез келген түстегі бояулардың бәріне бірдей қарайды. Қолына қыл қаламды алып, ешбір талғамсыз, қағазға неше түрлі бояуларды жаға бастайды. Бояулардың қайсысы ең әдемі деп сұрағанда, баланың беретін жауабы: «Бәрі де әдемі». Алайда үш-төрт даста жағдай бірқатар өзгереді.
Суреттің өзіне балалардың өз көзқарасын білдіру балалар суретіне тән ерекшелік болып табылады. Барлық «әдемі» атаулыны балалар айқын бояулармен бейнелейді, сымбатты өрнектерді де қолданады. «Ұсқынсыздарды» күңгірт бояулармен бояп, суреттерді әдейі нашар салады. Суретші адамның суретін де ұқыпты салады, бейнелейтін адамға деген жағымсыз көзқарасын бейнелеудің ерекше жолдарын таба біледі. Бала жауыздың, жалмауыз кемпірдің, сотқардың суретін қалай солай сала береді, өйткені оның көзқарасы бойынша олардың суретін әдемілеп салуға онша тырысудың қажеті жоқ. Сонымен, түс пен суретті салудың ұқыптылығы баланың суреттің мазмұнына деген көзқарасын көрсетеді.
Суретті жан сезімімен қабылдап және бәр түсті екінші түспен артық бағалай отырып, бала өзі ұнататын түсті заттың шынайы түсін көрсету үшін емес, бейнелейтін әдемілеуге қолданады. Сондықтан балалар бейнелейтін заттарды олардың өзіне тән келмейтін түсті жолақтармен немесе өрнектермен бояйды.
Қазіргі балалардың дамуына бейнелеу іс-әрекеті өзіндік ықпалын тигізеді. Сурет салу кезіңде бала заттардың ұқсас топтарының белгілері ретінде көрінетін көмескі графикалық бейнелерден нақтылы шанайы заттың өзін тікелей бейнелеуге көшеді. Бейнелеу іс-әрекетін осы бағытта дамыту баладан алдымен ойлау мен қабылдауды дамытуды қарап қана қоймай, көре білуді де талап етеді, бұл заттар қабылданған бейнелеу қағидалары бойынша мүмкіндік дүниесін береді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет