Қысқамерзімді жоспар Сабақтың тақырыбы: Анаэробты және аэробты тыныс алу. Анаэробты және аэробты тыныс алу үдерістерін химиялық реакция теңдеулерін қолданып қарастыру. Анаэробты және аэробты тыныс алудың тиімділіктері



бет5/39
Дата05.12.2022
өлшемі256,99 Kb.
#55050
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39
(Ұ) «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау. Оқушыларға жалпылама төмендегі сұрақтар беріледі. Әр оқушы өз оймен бөліседі.
Бір-бірінің пікірін толықтырып, пікір алмасады.
Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады.

Білу және түсіну сұрақтарына жауап береді:
1. Бұлшық еттің қажуы дегеніміз не?
2. Бұлшық еттің қажуының үш себебін сипаттандар.
3. Неге дене жүктемесі кезіндегі ағзада сүт қышқылы жинала бастайтынын түсіндіріндер.

Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.
Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.
Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.

Қалыптастырушы бағалау: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.

Сабақтың ортасы
Мағынаны ашу.
26 мин.

Оқулықпен жұмыс. Оқулықтағы жаңа сабақтың мәтінін оқуға тапсырма береді, бақылайды.

«ДЖИГСО» әдісі: Топтық жұмыс. Мәтінді оқып, топта талқылайды. Топтар арасында ақпарат алмасады.

Оқушыларды ынталандыру мақсатында «Мадақтау сөз» әдісі арқылы бағалайды. Қолдауды қажет ететін оқушыларға жетелеуші, бағыттаушы, түрткі сұрақтар қойып, қолдау көрсетеді.

Тақырып бойынша презентация көреді.

Жеке жұмыс

Қолдану айдарындағы тапсырманы орындатады. Нұсқау, бағыт-бағдар, қолдау көрсетеді.

1. Бұлшық еттің қажуы, дене жүктемесі және ағзада энергия алу үдерістері арасындағы байланысты анықтайды
2. Полицейлер, әскери қызметкерлер, төтенше жағдай қызметкерлері үшін спорттық жаттығулар міндетті түрде «аэробты» және «анаэробты» жаттығулардан тұратынына болжам жасайды.

Дескриптор:
1. Ағзада қалай және неге оттек тапшылығы қалыптасатынын талдайды. Ағза оны қалай жоюға ұмтылатынын анықтайды.
2. Критерийлер бойынша спорт түрлерінің энергетикалық алмасу ерекшеліктерін жүйелейді. «Анаэробты» түрлері бұлшық ет күшін, ал «аэробты» түрі төзімділікті дамытады деп бір жақты айтуға болама соны талдайды.

Оқулық, жұмыс дәптерлері, құрал-саймандары, АКТ

Жұптық жұмыс

Талдау айдарындағы тапсырманы орындатады. Нұсқау, бағыт-бағдар, қолдау көрсетеді.

1. Графикті талдап (24-суретті қарайды), адам ағзасын энергиямен қамтамасыз етуге дене жаттығулары қалай әсер ететінін анықтайды.
2. «Дене жүктемесі кезіндегі ағза» деген сызба сызады. Сызбада мынандай термин сөздерді қарастырады: «глюкоза, гликоген, сүт қышқылы, АТФ, көмірқышқыл газы, оттек, су, қан, бұлшық ет, бауыр, аэробты үдеріс».

Дескриптор:

1. Графикті сызады оны талдайды.


2. Сызба салып оны қарастырады.

Оқушыларды ынталандыру мақсатында «Мадақтау сөз» әдісі арқылы бағалайды. Қолдауды қажет ететін оқушыларға жетелеуші, бағыттаушы, түрткі сұрақтар қойып, қолдау көрсетеді.



Оқулық, жұмыс дәптерлері, құрал-саймандары, АКТ

Сабақтың соңы
Ой толғаныс.
Рефлексия
7 мин.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет