ол болып аударылады. Ағылшын тілінде he ерлер туралы айтқанда
қолданылады: boy scout, man student; mate nurse, he - goat, he - elephant. She, керісінше, əйелдер, қыздар, бикелер туралы айтқанда
қолданылады: she-goat, she - elephant, girlfriend. Кейде -ess жалғаулары
əйел адам екендігін білдіруде колданылады: waitress, lioness, actress, hostess. Lady сөзі сыпайыгершілікті көрсетеді, бірақ бұл сөз əйелдер туралы
ресми, ғылыми жəне медициналық контексте қолданған жағдайда ғана
қолданылады: Lady - doctor, business lady, lady of quality, Lady Diana. Артикль (The Article) Ағылшын тілінде екі артикль бар: белгісіз жəне белгілі артикль.
Белгісіз артикль one сан есімінен, белгілі артикль that (анау) сілтеу
есімдігінен шыққан.
Артикль қолданылады: - əрбір жалпы есім алдында.
Артикль қолданылмайды, егер зат есім алдында: - сілтеу немесе тəуелдеу есімдіктері,
- тəуелдеу септігінде басқа зат есім,
- есептік сан есім,
- no болымсыздығы тұрса.
Мысалы: This is my book. I have no book. It’s teacher’s book. Зат туралы бірінші рет айтқанда белгісіз артикль а (an) қолданылады. Осы затты екінші рет айтқанда белгілі артикль the қолданылады. Белгісіз артикль. Белгісіз артикль бір класқа жататын заттардың ішіндегі бірі деген
мағынадағы зат есімнің алдында қолданылады.
Мысалы: I bought a book yesterday.(сондай заттардың бірін) I have an apple. (бір) Егер де сөз дауыссыз дыбыстан басталса, онда сөздің алдында а [ə] артиклі қойылады.
Мысалы: а table үстел, a book кітап
Егер сөз дауысты дыбыстан басталса, онда сөздің алдына аn [ən] артиклі қойылады.
Мысалы: an apple алма, an old man шал, қарт адам.
Белгісіз артикль тек жекеше түрдегі саналатын зат есімдердің
алдаында тұрады. Саналмайтын зат есімдер мен көпше түрдегі зат
есімдердің алдында артикль қолданылмайды.