30
Ол маған бірнеше сұрақ қойды.
He did not make any mistakes in his dictation.
Ол диктанта ешқандай қате жіберген жоқ.
2.
Some, any есімдіктері сөйлемде саналмайтын
зат есімнің алдында
қолданылады жəне олар
біразы, аздап, азғана, қанша болса да деп
аударылады.
Мысалы: Bring me some milk, please.
Маған аздап сүт алып келіңізші.
Is there any butter on the table?
Үстелдің үстінде май бар ма?
Some есімдігі кейбір деген мағынада көпше түрдегі зат есімнің
алдында қолданылады.
Мысалы: Some trees remain green all the year round.
Кейбір ағаштар жыл бойы жасыл болады.
Some есімдігі сөйлемде сан есімнің алдында тұрады жəне
шамамен
деп аударлады.
Мысалы: There were some fifty people there.
Онда шамамен 50 адам болды.
Ағылшын
тілінде any есімдігі жекеше түрдегі саналатын жəне
саналмайтын зат есімнің алдында тұрады.
Аny кез-келген деп аударылады.
Мысалы: You may come here at any time.
Сенің осында кез-келген уақытта келуіңе болады.
Достарыңызбен бөлісу: