Ислам дәуіріндегі әдеби ескерткіштердің зерттелуі. Түркі халықтары әдебиеті тарихында ислам дәуірі (X-XII ғасырлар) ерекше орын алады. «Ислам дәуірі әдебиеті»


«Алып Ер Тоңға» дастанының қысқаша мазмұны төмендегідей



бет30/97
Дата21.12.2023
өлшемі303,2 Kb.
#142156
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   97
«Алып Ер Тоңға» дастанының қысқаша мазмұны төмендегідей: Түркілердің атамекені Тұранға көрші отырған Иран елінің әскері қайта-қайта шабуыл жасап, тыныштық бермейді. Тұран елінің сұлу қыздарын, асыл бұйымдарын, қоңды малдарын тартып әкетіп жатады. Сол заманда Тұран елінде «арыстандай айбарлы, жолбарыстай жүректі, көк бөрідей тәкаппар» Ер Тоңға деген батыр жігіт бар екен. Ер Тоңға елден көп нөкер жинап, Иран әскеріне қарсы шығады. Тұран мен Иран әскері Дехистан деген жерде кездеседі. Бұл жер екі биік таудың ортасындағы кең жазира дала болады. Екі жақтың әскері үш күн, үш түн дамылсыз шайқасады. Жап-жасыл дала енді қып- қызыл қанға боялып кетеді. Адам өліктері тау-тау болып үйіліп қалады. Ақыры Тұран әскері жеңіп, Иран әскері ойсырап жеңіледі. Сол күннен бастап Ер Тоңғаны «алып» деп атай бастайды. Енді ол халық алдында Алып Ер Тоңға деп аталады да, Тұран патшасының тағына отырады.
Шу дастаны. Дастанда сақтар шежіресінің аңызға айналған деректері берілген. Өзінің идеялық мазмұны мен көркемдік дәрежесі жағынан «Алып Ер Тоңға» дастанынан кейінгі аса маңызды туынды «Шу» дастаны екенін түрік ғалымы С. К. Қараәлиоғлы ерекше атап көрсетеді. Атақты Ескендірдің түркі еліне жасаған әскери жорығы, Ескендір мен Шу батыр арасындағы келісім бойынша соғыс майданына екі жақтың барлық әскері емес, әр жақтан қырық нөкерден шығып соғысқаны, ақыры Шу батырдың қырық нөкері жеңіп шыққаны, бейбіт келісімге қол қойылғаны дастанда егжей-тегжейлі баяндалады. М. Қашқаридің «Диуани лұғат ат-түрік» атты еңбегінде Шу батыр біздің заманымыздан бұрынғы VI ғасырда өмір сүрген сақ билеушілерінің бірі екені айтылады.
12.Ғұндар дәуіріндегі жырлар және батыр бейнесі. («Атилла», «Көк бөрі», «Ергенекон», «Алып Ер Тұңға», «Мөде батыр» ).
Ғұндардың тарихы. Ғұндар, хундар - түркі халықтарының жағдай ата-тегі, Біздің заманымыздан бұрынғы бірінші мыңжылдықта қалыптасқан тайпалар одағы. Ғұндарды әр елде, түрлі замандарда түрліше атап келгені мәлім. Мәселен, қытайлар - ху, сюңгу, гректер - хойvol, латын тілінде сөйлейтіндер - unni, Батыс елдері - huns, орыстар - хунну, түркі халықтары күн, хұн, ғұн деп атаған. Ғұн тайпалары б. з. б. 3 ғасырдың соңына қарай бір орталыққа бірігіп, ғұндар ордасын - ғұндар мемлекетін құрды. Аса қуатты, жақсы қаруланған, соғыс өнеріне жетік әскер қалыптасты. Алғашқы кезеңде ғұндар Байқал көлі өңірін, Монғолияны, Қытайды, Шығыс Түркістанды мекен етті. Б. з. б. 2 ғасырда қазіргі Батыс Қазақстан жерінде ғұндар ордасы пайда болды. Ғұндар ордасы Еділ мен Жайық өзендері аралығында орналасқан еді.
Ғұндардың дәстүрлі құқық жүйесі болды. Бұл құқық жүйесі бойынша мынадай мәселелер көзделген деуге болады: «Ұрлық жасап, кінәлі болған адамның жері алынады. Шайқаста жаудың басын шауып алған немесе оны тұтқынға алған адамға бір кеспек шарап сыйланады, қолға түсірілген олжа соған беріледі, ал тұтқынға алынғандар соның құлдары мен күңдері етіледі. Ұрыс даласында қаза тапқан адамның сүйегін кім әкелсе, оның отбасының бүкіл мүлкін сол алады». «Ғұндар» бертін келе - «түркілер» деп аталып кетті. Бұл сөз - «күшті», «сұңғақ бойлы», «салт атты жауынгер» деген ұғымдарды білдіреді. Біздің заманымыздың бірінші ғасырында ғұндар Арал теңізі мен Каспий маңына шығып, ондағы аландар мен асарларды Батысқа қарай ығыстырып жіберді. Кейінірек олар Шығыс және Орталық Еуропаға қоныс аударды. Сөйтіп, «халықтардың ұлы қоныс аударуы» Қазақстанның, Орта және Алдыңғы Азияның, сондай-ақ Еуропаның этностық және саяси картасын едәуір дәрежеде өзгертті. Түрлі түркі тайпаларының шыққан тегі, яғни арғы ата-бабалары ғұндар екенін Батыс пен Шығыстың көптеген ғалымдары тарихи, саяси және мәдени тұрғы- данжан-жақты зерттеп, аса құнды ғылыми еңбектер жазған. Ғұндар түркі тайпасының арғы атасы екенін қытай тарихынан келістіре аударған жүйрік ғалымның бірі - Абел Ремюза. Ескі дәуірдегі ғұндардың түрік екенін ең алғаш айқын суреттеген - академик А. А. Куник.
Енді осы ежелгі дәуір әдебиетінде ғұндарға қатысты жырларға және ондағы батырлар бейнесіне жеке тоқталайық.
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   97




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет