38
ИМАНИ ГҮЛ
соғып, үнемі қозғалыста болатын жалғыз ағза. Адамның
орта өмірі бойынша 2,5 миллиард рет соға отырып, 300
миллион литрдей қан айдайды. Ұйықтап жатқан уақыттың
өзінде жүрегіміз сағатына 340 литр қан айдайды екен.
Алақаныңызды қанша минут үздіксіз ашып-жұмып
тұра аласыз? Алақан бірнеше минуттан кейін-ақ талып,
бұл әрекетіңізді тоқтатуға мәжбүр боласыз. Ал енді өмір
бойы жүрегіңізді бір мезет тоқтатпастан, денеміздің
түкпір-түкпіріне сағатына жүздеген литр қанды
айдатқызып тұрған қандай күш? Тағы да кездейсоқтық
па? Жоқ әлде...
Неліктен?
Егер барлық нәрсе кездейсоқ пайда болса...
Неліктен жаратылыстағы
барлық нәрсе ерекше
керемет?
Неліктен
жаратылыста ешбір ақау, кемшілік жоқ?
Неліктен ең озық аппараттар сүтті,
балды жасай
алмайды?
Неліктен ең дамыған
қалалар ормандағы тазалыққа
жете алмайды?