Ислам мәдениеті мен білімін қолдау қоры имани гүЛ ҚАйрат жолдыбайҰЛЫ


кейін  Аллаға  тәуекел  ет.  Еш  күмәнсіз  Алла  Тағала



Pdf көрінісі
бет14/27
Дата29.12.2016
өлшемі3,36 Mb.
#686
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   27

кейін  Аллаға  тәуекел  ет.  Еш  күмәнсіз  Алла  Тағала 
тәуекел  еткендерді  жақсы  көреді»,  -  деп  мүминдердің 
басқа біреуге емес, тек Өзіне ғана сенім артып, бас июлерін 
бұйырады. 
Рызық
Рызық  сөздікте:  «Азық,  жейтін,  ішетін,  жал-
пы  пайдаланатын  нәрсе»  деген  мағыналарды  білдірсе, 
шариғаттық терминде: Ұлы Жаратушының жан иелеріне 
жеп-ішу, пайдалану үшін берген несібеге айтылады.

191
ИМАНИ ГҮЛ
Барлық  жан  иелерінің  рызығын  беруші  тек  қана 
Алла  Тағала.  Құранда:  «Жер  басып  жүретін  барлық 
жан иелерінің рызығын беру тек қана Алла Тағалаға 
тән»
100
. 
«...Қалаған  жан  иесінің  рызығын  кеңейтіп, 
қалағанікін тарылтады»
101
 - деп барлық жан иелерінің 
мол, яки аз етіп рызығын беруші шексіз құдірет иесі тек 
Алла Тағала екенін білдіреді.
Біз қолымыздан келгенше еңбек етіп, рызық табу үшін 
Алла тарапынан қойылған барлық заңдар мен себептерді 
орындаймыз.  Сосын,  Алланың  нәсіп  еткен  азды-көпті 
тағдырымызға жазылған рызығымызға қол жеткіземіз.
Адал рызықтың себептерін орындаған адамға – адал, 
ал  харам  рызықтың  себептерін  орындағанға  –  харам 
рызық беріледі. Адал рызық тапқан құл сауапқа кенелсе, 
хараммен қоректенген құл күнәға белшесінен батады.
Еңбек етіп, тер төкпей жатып тағдырды сылтау ету 
дұрыс  емес.  Алла  құлдарының  кейбіреулеріне  рызық-
нәсібесін  көп  етіп  берсе,  енді  біреулеріне  аз  береді. 
Бір  адамның  бай  болуы  –  Алланың  ол  құлын  жақсы 
көретіндігінің  немесе  кедей  болуы  –  жек  көретіндігінің 
белгісі  емес.  Оның  берген  байлығы  да,  кедейлігі  де 
құлдарына берілген сын.
Еңбек  еткен  ешбір  құлын  Алла  Тағала  аш 
қалдырмайды.  Бұл  дүниеде  әркім  өзіне  тағайындалған 
рызығын  жейді.  Ешкім  ешкімнің  рызығына  аузын  сала 
алмасы анық.
Тағдырдағы әділдік
Мұса  (алейһиссәлам)  бір  күні  «Уа,  Раббым,  маған 
әділдігіңді  көрсетші»  деп  өтініш  жасаған  екен.  Алла 
100
 Һуд сүресі/6.
101
 Шура сүресі/12.

192
ИМАНИ ГҮЛ
Тағала Мұса алейһиссәламға: «Бұлаққа маңына барып, 
онда  болып  жатқан  барлық  оқиғаларды  қадағалап, 
бақыла»,  -  деп  уахи  етеді.  Муса  (алейһиссәлам) 
Раббысының  айтқанын  бұлжытпай  орындап  бұлақтың 
маңына барып тасаланып қалады.
Бұлақтың басына бір атты адам келіп атын суарып жа-
тып, қалтасындағы алтынын түсіріп алады. Алтынының 
түсіп қалғанынан бейхабар бұл адам артына қарамастан 
жөніне кете барады. Ол кете салысымен, бір кішкене бала 
бұлақтың басында жатқан алтынды көре сала дереу алады 
да  қойнына  тыққан  күйде  қаша  жөнеледі.  Бала  кете  са-
лысымен,  бұлақтың  басына  бір  соқыр  адам  келеді.  Осы 
мезетте әлгі алтынын түсіріп алған атты адам жоғын іздеп 
қайта  келіп  қалады.  Атты  адам  соқыр  адамға:  «Алты-
нымды қайтар, сенен басқа бұл жерге ешкім келген жоқ, 
алтынды сен алдың», – деп жағасына жабысады. Соқыр 
адам: «Мен алған жоқпын», - деп қанша ақталса да, атты 
адам сенбейді. Сөйтіп, атты адам соқыр адамды сол жерде 
мерт етеді. Мұса алайһиссәлам бір қарағанда зұлымдық 
сияқты  көрінген  бұл  оқиғалардың  мән-мағынасын  Алла 
Тағаладан  сұрайды.  Сонда  Алла  Тағала:  «Атты  адам 
бұрын баланың әкесінің алтынын ұрлаған еді. Біз сол 
алтынды  балаға  мұрагер  етіп  қайтардық.  Ал  анау 
соқыр  адам  баяғыда  атты  адамның  әкесін  өлтірген 
еді.  Енді,  міне,  атты  адамға  соқырдан  әкесінің  өшін 
әпердік».
Ажал
Ажал  сөзі  –  «уақыт,  мезет»  және  «алдын-ала 
белгіленген  уақыт»  деген  мағыналарды  білдіреді. 
Шариғаттағы  терминде  –  адам  баласы  және  басқа  жан 
иелері  үшін  белгіленген  өмірдің  бітуіне,  яғни,  өлім 
уақытына айтылады.

193
ИМАНИ ГҮЛ
Әрбір адамның өзіндік ажалы бар. Алла Тағала әрбір 
адамға  белгілі  бір  уақытқа  дейін  өмір  сыйлаған.  Ажал 
деп осы белгіленген уақыттың бітуін айтамыз. Құранда: 
«Араларыңда өлімді біз белгілеп, тағайындадық...»
102
 
– делінеді.
Әр пенде Ұлы Жаратушымыз тарапынан алдын ала 
тағайындалып,  белгіленген  ажалынан  бір  мезет  бұрын 
яки  кейін  қалмай,  дәл  уақытында  өліммен  қауышады. 
«Мунафиқун»  сүресінде  былай  делінеді:  «Ажалы  келіп 
жеткен ешбір адамды Алла Тағала (ажалынан) мүлде 
кешіктірмейді»
103
 
Ажалдың  уақыты  ешбір  себеппен  өзгермейді. 
Пайғамбарымыздың  «Туысқандармен  жақсы  қарым-
қатынаста  болу  –  өмірді  ұзартады»  мағынасындағы 
хадисіне Ислам ғұламалары екі түрлі түсінік береді.
1.  Ғұмыры  мол  сауап,  қайырлы  амалдармен 
берекеттеніп,  аз  уақытта  бейне  бір  көп  уақыт  өмір 
сүргендей болады.
2.  Алла  Тағала  мұндай  құлдарының  жақсылық  жа-
сайтынын  алдын  ала  әзәли  ілімімен  білгендігі  үшін  ол 
құлының өмірін әу баста ұзақ етіп тағдырына жазған.
Сұрақ:
Әрбір  адамның  ажалы  алдын-ала  тағдырында 
белгіленген. Ал енді осы ажалы жеткен адамды өлтіргеннің 
күнәсі не? Бәрібір сол уақытта өлетін еді ғой.
Тағдыр себеп пен оның нәтижесіне біртұтас қарай-
ды.  Яғни,  Алланың  әзәли  ілімінде  әр  адамның  ажалы 
мен ажалына себеп болар іс-қимылдың қай уақытта, қай 
жерде жүзеге асатыны алдын ала белгілі болғандықтан 
тағдырға  солай  жазылған.  Өлген  адамның  өлім  уақыты 
102
  Уақиға сүресі/60.
103
 Мунафиқун/11.

194
ИМАНИ ГҮЛ
ғана емес, онымен бірге оның өліміне себеп болатын іс-
әрекет те алдын ала білінгендіктен, себеп-нәтиже тағдырға 
бірге жазылған. Өлген адамды ол адам өлтірмегенде, оның 
өлімі немен жүзеге асатыны бізге беймәлім. Мысалы, жол 
апатынан болды дейік. Онда оның тағдырына ажалы «жол 
апатынан болады», деп жазылар еді.
Демек,  оны  өлтірген  адам  өз  қалауы  мен 
өлтіргендіктен ақыретте жауапқа тартылады.
Тағдырға байланысты тартысуға  
неліктен тыйым салынған?
Бірде  Пайғамбарымыз  (с.а.у.)  тағдырға  байланысты 
сөз  таластырып  отырған  сахабаларын  көріп:  «Сендер-
ге осыларды істеу әмір етілді ме? Жоқ, әлде Мен сен-
дерге  осы  үшін  жіберілдім  бе?  Сендерден  бұрынғылар 
(адамдар)  осы  тақырыпта  тартысқандықтан  құрып 
кеткен», - деп тағдыр турасында тартысудың дұрыс емес 
екенін білдірген.
Пайғамбарымыздың  тағдырға  байланысты  қажетсіз 
сөз таластыруды тыюының хикметін былай деп түсінуге 
болады.
1. Адамның өз қалауымен болатын және қалауының 
тысында болатын тағдыры бар. Қалауынан тыс болатын 
тағдырдың  себептері  мен  хикметтері  бізге  беймәлім. 
«Ақыл  жаратылған,  жаратушыны  толық  түсіне  ал-
майды» демекші, ақылымыз қалауымыздан тыс болатын 
тағдырдың себептері мен хикметтерін және сырын толық 
шеше алмайды. Адамның туылған жылы, әке-шешесінің 
кім болуы, ұлты, жынысы және қалауынан тыс болатын 
аурулар  мен  пәлекеттердің  хикметтері  мен  сырларын, 
себептерін  түсіну  үшін  өзімізді  қинау,  бір-бірімізбен 
сөз  таластыру  түбі  жоқ  тұңғиыққа  батумен  бірдей. 

195
ИМАНИ ГҮЛ
Пайғамбарымыздың  тыйған  тартыс  мәселесі  тағдырдың 
осы екінші түріне байланысты болуы мүмкін.
2.  Адам  баласы  жалпы  тағдырды  толық  әрі  дәл 
түсіне  алмайды.  Өйткені  тағдыр  тақырыбы  –  өте  қиын 
әрі күрделі мәселе. Сондықтан әрбір мұсылман тағдырға 
байланысты  мәселелерді  дін  мамандарынан  сұрап,  осы 
тақырыпқа байланысты жазылған кітаптарды оқып түсіне 
алғанынша  түсініп,  ал  түсінбей  ақыл  жеткізе  алмаған 
мәселелерін Алланың шексіз ілімі мен әділдігіне тапсы-
рып, адамдармен бос дау-дамайға кірмегені жөн. Алла ең 
дұрысын біледі.

196
ТАҒДЫРҒА ИМАН КЕЛТІРУДІҢ  
ПАйДАЛАРЫ
Тағдырға иман адамды жауапсыздық пен 
паңданудан сақтайды.
Адам  табиғатында  өз  қателігін  мойындамай, 
екінші  біреуге  сілтеу  немесе  тағдырға  жала  жа-
уып,  жауапкершіліктен  қашу  бар.  Әрдайым  жасаған 
күнәларына  әр  түрлі  сылтау  құрастырып,  бас  сауғалап 
қашып кетер жол іздейді. Міне, осы өз ерік-қалауымен 
жасаған  күнәларын  тағдырға  жауып,  жауапкершіліктен 
қашқысы  келетін  адамның  алдына  Алла  Тағала  тара-
пынан  берілген  «дербес  ерік-қалауы»  шығып,  «Қайда 
барасың? Сен істеген әрбір ісіңді өз ерік-қалауыңмен 
атқардың.  Сондықтан  күнәларыңа  тағдырды  сыл-
тау  ете  алмайсың»,-деп  тозақтың  қызыл  отын  көзіне 
елестетіп, жауапкершілігін есіне салады.
Сондай-ақ,  адам  табиғатында  қолы  жеткен 
жетістіктермен мақтанып, паңдануы тағы бар. Күнәларынан 
ақталып, тағдырды сылтау еткен әлгі адам істеген кейбір 
жақсылықтары  мен  қолы  жеткен  бәзбір  жетістіктерін 
көлденеңдетіп:  «Мен  істедім,  мен  бүйттім,  мен 
сөйттім» деп, дем арасында өзгеріп, күбідей ісініп шыға 
келеді.  Менмендігі  бара-бара  ұлғайып,  тәкаппарлыққа 
айналып, ақыры әрбір ісін жаратқан Ұлы Жаратушысын 
ұмыт қалдырып, кердең басып, айналасындағы адамдарға 
мысқылдай қарап, жеңінің ұшымен сәлем береді.
Осындай  нәпсісіне  адамдық  тізгінін  ұстатып, 
тәкаппарлыққа,  менмендікке  құл  болып,  мұрнын 
шүйіргісі  келетін  пенденің  алдына  «тағдыр»  шығып: 

197
ИМАНИ ГҮЛ
«Сенің мақтануға, паңдануға ешбір ақың жоқ. Барлық 
жақсылыққа апарар жолды көрсетіп, ниетіңе жеткізіп 
сәтін салған, ізгілікті жаратып, жетістікті нәсіп еткен 
Алла емес пе?», - деп құлдың шамасын көзіне көрсетіп, 
«тәкаппарлықтан аулақ бол!» дейді.
Иә, адамның қолы жеткен жетістіктері мен жасаған 
игіліктеріне  иелік  етуге  еш  ақысы  жоқ.  Себебі,  әрбір 
жақсы істің жасалуын Алла Тағала қаламаса қалай жүзеге 
асар еді? Құлдың ниет етіп, істегісі келген ізгі ісіне «жоқ» 
деп Ұлы Жаратушысы тосқауыл қойса, құлдың қолынан 
не келер? Адамға істің жақсысын ажырата білетін ақыл 
сыйлаған, қабілет берген, оның жасауға ниет еткен әрбір 
ісін жүзеге асырған Ұлы Иесі емес пе?! Иә, жақсылықты 
қалаған – біз, ал оны жаратқан – Алла Тағала.
Жақсылық атаулыны жүзеге асырудағы адамның алар 
еншісі  лифтің  ішіндегі  түймені  басуындай-ақ.  Мысалы, 
лифтпен жоғары қабатқа шығуды қалап, саусағыңыздың 
ұшымен  түймені  басасыз,  сөйтіп,  лифт  сізді  қалаған 
қабатыңызға  шығарады.  Шыққаннан  кейін  «лифтіні 
жоғарыға мен шығардым» деп, мақтана алмайсыз. Өйткені 
сіз лифтіні емес, лифт сізді шығарды.
Таразының  екі  басын  тең  ұстап,  астамшылық  пен 
нұқсандықтан  бойын  аулақ  ұстаған  тақуа  жан  барлық 
істеген  күнәлары  үшін  «нәпсімді  тыңдап,  шайтанның 
арбауына  алданып,  жаманшылықты  таңдаған,  қалаған 
менмін, олай болса өзім кінәлімін» деп Ұлы Иесінен істеген 
күнәларының кешірілуін тілесе, қолы жеткен жетістіктері 
үшін «Алла Тағалам мұны нәсіп еткен Сенсің, сәттілігін 
салған  тағы  Өзіңсің!»  деп,  жақсылықтың  шынайы  иесі 
Алла  Тағалаға  рахметін  білдіріп,  өзінің  борыштарлы-
ғын  сезінеді.  Мұндай  тақуа  жанның  жадында  әрдайым: 
«Саған келген барлық жақсылық Алладан, ал басыңа 

198
ИМАНИ ГҮЛ
келген барлық жамандық нәпсіңнен»
104
, - деген қасиетті 
аят жаңғырып тұрады.
Басына қиыншылық түскен жан  
тағдырдан жұбаныш табады. 
Тағдырға иман етіп, әрбір істің Алланың рұқсатынсыз 
іске  аспайтынына  жүрекпен  сенген  кез  келген  адам  ба-
сына келген қиыншылықтар мен пәлекеттердің әсерінен 
өз-өзін жеп, іштей тынып, үмітсіздікке бас имейді. Ұлы 
Жаратушысының құлын жақсылықпен де, қиыншылықпен 
де  сынайтынын  білгендіктен:  «Алла  Тағалам,  маған  са-
быр  бер!  Сауабыңа  кенелейін»  деп,  келешекке  деген 
үмітін  қанат  етіп,  қайрат-жігерін  қамшылайды.  Басына 
келген  айықпас  ауруға:  «сау  болғанда  бәлкім  Аллаға  де-
ген  мұқтаждығымды  ұмытып,  әр  түрлі  күнәға  батар 
ма  едім?  Бәлкім,  Алла  маған  сауап  жинаудың,  Өзіне 
жақындаудың жолын осылай берген шығар. Ендеше, ауру-
ларым күнәларыма кәффарат болар» деп, сынық көңіліне 
медет  табады.  Мал-мүлкін  жоғалтып  алса,  яки  басқа 
біреудің қолында кетсе: «Алла Тағала менің тағдырыма 
жазбаған  ғой,  бұйырмаған  екен,  барлық  мал-мүліктің 
шынайы иесі – Ұлы Жаратушым Сен өзіңсің, қалағаныңа 
бересің, қалағаныңнан аласың» деп, Ұлы Иесінің алдында 
басын барынша иіп, әр нәрсенің Оның қалауымен ғана бо-
латынын жадында тағы бір рет жаңғыртып, түгесілмес са-
уабы мен жәннаттағы мәңгілік сый-сияпатынан үміт етеді. 
Себебі, сабыр сақтап, шүкір еткен құлдың мына дүниеде 
жоғалған пәни мал-мүлкі ақыретте мәңгілік мал-мүлікіне 
айналып, жәннат төрінен менмұндалап тұрады.
Жобасын  жасап,  жеті  рет  өлшеп,  бір  рет  кескен 
ойындағы  ісі,  армандаған  мақсаты  орындалмай  қалса, 
104
 Ниса сүресі/79.

199
ИМАНИ ГҮЛ
«қайырлысы болсын» деп, сабыр танытады. Ал тағдырға 
иманнан нәсібін ала алмаған байғұс жандар басына түскен 
жоғарыда  айтылған  қиыншылықтар  мен  пәлекеттерге: 
«Неге бұлай болды, қап, әттеген-ай», – деп санын сабалап, 
айналасынан кінәлі пенделерді іздеп, басын тастан-тасқа 
ұрып,  өмірден  түңіліп,  үмітсіздіктің  қараңғы  әлемінде 
тұншығып жатады.
Тағдырға иман ержүректік пен  
батылдыққа бастайды.
Басына не келсе де, Алланың рұқсатымен, қалауымен 
келетініне бек сенген жанның бойына ерекше батылдық 
бітеді. Ар-намысын таптауға төніп келген дұшпаннан ота-
нын, дінін, халқын қорғау үшін ерен ерлікпен шайқасады. 
Ажалының  алдын  ала  Ұлы  Жаратушысы  тарапынан 
белгіленгенін  білгендіктен  «тағдырымдағы  өлімім  қай 
жерде,  қай  уақытқа  белгіленсе,  міндетті  түрде  сол 
жерде, сол мезетте өлімді татамын, жазмыш ажалым 
мұндай  қасиетті  соғыста  емес,  үйде  жылы  төсекте 
жатсам да келіп жетер» деп «алғалап» ұран тастап, жау 
жүрегін аузынан шығарады.
Белгілі  бір  пайдалы  іске  кірісер  болса,  алдымен, 
барлық  қолынан  келер  қажетті  іс-шараларды  атқарып, 
керекті  себептерді  орындағаннан  кейін,  «тағдырыма 
жазылғанын, бұйырғанын, Алланың қалағанын көрерміз, 
жазмыштан  озмыш  жоқ»  деп,  тәуекелге  бел  байлай-
ды.  Шегіншектеп,  қорқу  тағдырға  сенген  жанның  пәк 
дүниесіне аяқ баспайды.

200
ИМАНИ ГҮЛ
Тағдырға иман қанағатқа тәрбиелеп, көре 
алмаушылық пен қызғаныштан сақтайды.
Барлық  адамның  бұл  дүниеде  дәм  татар  рызық-
несібесі  алдын  ала  Ұлы  Жаратушысы  тарапынан 
белгіленгеніне  иман  еткен  жан  өзіне  жүктелген 
міндеттерін,  қолынан  келер  барлық  себептерді 
атқарғаннан кейін Жаратқанның берген үлесіне ризалық 
білдіріп, қанағатты пір тұтып, басқалардың мал-мүлкіне 
сұқ көзбен қарап, пәк жүрегіне қызғаныш сезімін қонақ 
етпейді.
Тағдырға иман адамды жүйелі жұмыс істеуге,  
әрбір ісін тап-тұйнақтай атқаруға тәрбиелейді.
Жаратылыстағы әр нәрсенің арнайы есеппен, белгілі 
жүйемен  жұмыс  істеп  тұрғанын  көріп,  одан  сабақ  ала 
білген  жан  әрбір  ісін  тап-тұйнақтай  атқаруға,  жоба-
жоспарсыз  ешбір  істі  бастамауға  тырысады.  Жүйелілік 
оның табиғатына сіңіп, тұрақты мінезіне айналады.

201
АДАМНЫҢ НЕГІзГІ МІНДЕТІ
Өмір  өзендей  аққан  бойы  өтіп  жатыр.  Үйреншікті 
күн арайлап атып, алаулап батуда. Адамдардың көбі пәни 
дүниенің қамын жеп, өздерінің мына дүниеге қайдан, не 
үшін  келгендерін,  қайда  баратындарын  ұмытқан.  Бәрі 
сағым  қуғандай  бір  арманнан  екінші  бір  арманның,  бір 
белестен екінші белестің ізіне түсуде. Біріне енді жеттім 
дегенде, екіншісі анау жақтан мен мұндалап тұрады. Бірақ 
адам  бәрібір  тоймайды,  бәрібір  қанағаттанбайды.  Енді 
асыл арманыма, аңсаған мақсат -мұратыма жеттім деген-
де, өлім оны өкшелеп жетеді. Сөйтіп, адам мына пәнидің 
алдамшы  қызылына  қызығып,  қайран  бір  ғұмырды  жоқ 
етеді.
 Бұл күнде адамдар өмірдегі өзіне жүктелген мінде-
тін  орындау  үшін  тамақ  ішпейді,  керісінше,  тамақ  ішу 
үшін өмір сүреді. Яғни, өмірдегі мақсаты – қарын тойды-
ру. Ойланғанға екеуі екі бөлек. Тамақты мақсат ететіндей 
ғаламдағы  ең  саналы  жаратылыс  –  адамның  осындай 
мағынасыз  жаратылғаны  ма?  Сонда  адамның  құрсағын 
тойдыруы үшін мектепте он бір жыл, университетте бес-
алты жыл оқып, сол бір қарнының қамы үшін өтірік пен 
өсек айтып, басқаны қызғанғаны ма? Сол үшін қан төгіп, 
жауласқаны ма? Сонда адам бар ғұмырын құрсақтың қамы 
үшін арнайтындай осыншама төмен деңгейге түскені ғой... 
Жо-жооқ,  әлемдегі  ең  саналы,  ең  кемел  жаратылыстың 
әсте мұндай төмен болуы мүмкін емес. Мал екеш малдың 
өзін  алып  қарасақ,  әрқайсысының  белгілі  бір  мақсат 
үшін жаратылған көреміз. Қорадағы мөңіреген сиырдың 

202
ИМАНИ ГҮЛ
да  өзіндік  міндеті  бар.  Таңертең  өріске  барып,  кеш  ауа 
желінін сыздата аппақ сүт әкеледі. Кім үшін? Адам үшін. 
Ара  да  таңның  атысы,  кештің  батысымен  мыңдаған 
гүлдерге қонып жүріп, кешке улы денесінен шипасы мол 
бал  тарту  етеді.  Демек,  бұл  өмірдегі  әрбір  жаратылыс 
иесінің өзіндік міндеті бар. Олар саналы болмаған күннің 
өзінде  сол  міндетін  мүлтіксіз  орындауда.  Ал  ең  көркем 
жаратылыс иесі адамның міндеті не? Ол сиыр, ара сияқты 
денесінен басқаға пайдалы бір нәрсе шығара ма?
Иә, ең көркем жаратылыс иесі адамның да өз сана-
сы  мен  абырой-дәрежесіне  қарай  өзіндік  үлкен  міндеті 
болға  тиіс.  Егер  адамның  да  өзіндік  орны  мен  міндеті 
болмаса,  онда  оның  кім  болғаны?  Жай  ғана  асхана  мен 
дәретхананың  ортасында  жүріп,  ас  қорытып-шығарудан 
аспайтын жанды аппарат болғаны ма?! Жо-жооқ, әсте олай 
емес! Ең кемел жаратылыс иесі адамның өзіне тән жоғары 
міндеті бар. Ол міндет бәрінен де жоғары, аса абыройлы 
міндет.
Ол – өзін жоқтан бар еткен құдіреті шексіз Ұлы Жа-
ратушыны тану. Ол − күллі жаратылыс атаулының бойы-
нан Алла Тағаланың тіл жетпес шеберлігі мен ұлылығын 
көріп,  Оның  құдірет-күшінің  алдында  таң  қала  бас  иіп, 
құлшылық жасау.
Ол − өзіне тегін берілген сансыз жақсылық, нығметтер 
үшін Ұлы жаратушы Иеге алғыс-рақметін білдіріп, Оның 
алдында мәңгілік қарыздар екенін сезіну.
Бұған  қоса  табиғатындағы  қызғану,  сабырсыздық, 
жалқаулық,  қанағатсыздық  сияқты  жаман  қылықтардан 
арылып, бойындағы асыл қасиеттерді шыңдап, сан алуан 
сезімдерін кемелдендіріп, әр түрлі қабілеттерін жетілдіру 
арқылы «кәміл адам» тұғырына көтерілу. Сөйтіп, «кәміл 
адам» күйінде о бастағы асыл мекені – Жәннатқа оралу. 
Хақ Тағаланың ризашылығына бөленіп, ондағы мәңгілік 

203
ИМАНИ ГҮЛ
бақытқа,  бұрын-соңды  көз  көріп,  құлақ  естімеген,  ақыл 
ойлап  елестете  алмаған  Ұлы  Жаратушысының  өлшеусіз 
ғажайып  сый-сияпатына  қауышу  һәм  бұның  бәрінен  де 
қымбаты − жұмақта Алла Тағаланың аса көркем дидарын 
тамашалап шексіз ләззатқа кенелу.
Хақ тағалаға деген құлшылықтың мәні
Күллі жаратылыс атаулы − Алла Тағаланың құдіреті 
мен құзіретін, шеберлігі мен шексіздігін, өлшеусіз ілімі мен 
теңдессіз ұлылығын танытар жеке-жеке құдайылық мөр. 
Біз осыларға қарап Оны таныдық, әлі де тану үстіндеміз. 
Алла Тағала Құран Кәрімде: «Мен жындар мен адам ба-
ласын  «тек  қана  (мені  танып),  маған  ғибадат  етсін» 
деп жараттым»
105
 – дейді.
Демек,  Алла  Тағала  бізді  бұл  дүниеге  Өзін  мына 
жаратылысқа қарап тапсын, танысын, білсін, құдіретінің, 
шеберлігінің,  ілімінің  алдында  таң  қалып,  бас  исін, 
құлшылық етсін деп жіберген. Мысалы, кез келген атақты 
суретшінің  табиғатты  өрнектеген  суретіне  қарап  таң 
қалып, тамсана таңдай қағамыз. Оның өнерін, шеберлігін, 
талантын  мойындап,  оған  мақтау  айтамыз.  Тіпті  сол 
суретшімен бір сәт бірге болуды мәртебе санап, суретке 
түсіп жатамыз. Ал, енді сол суретшінің салған суретін бір 
сәт бағалап көрелікші!... Өспейді, өнбейді, төрт мезгілде әр 
түрлі құбылысқа енбейді, ағаштары жеміс бермейді, сула-
ры ақпайды, құстары сайрап, балықтары жүзбейді. Міне, 
біздер  осындай  жансыз,  жасанды,  көшірме  суреттерге 
қарап таң қалып, таңдай қағып жатамыз. Бірақ сырттағы 
көркемдігі ғажап мына шынайы әлемге көңіл бөлмейміз. 
Ондағы жұпар исі аңқыған сан алуан гүлдерді, әр түрлі 
жеміс-жидегін шашу еткен ағаштарды, құрлық пен теңізді 
105
 Зарият сүресі 56-аят.

204
ИМАНИ ГҮЛ
мекендеген сансыз қасиетке ие жанды-жансыз атаулыны, 
көздің  жауын  алар  жасампаздыққа  тұнып  тұрған  жалпы 
табиғатты  жаратқан  негізгі  Ұлы  Суретшіні,  шебер  Жа-
ратушыны  елемеуге  бола  ма?  Саналы  адам  үшін  нағыз 
мақтауға  ие  сол  Жаратушы  емес  пе?  Қалай  ғана  Оның 
құдіретінің,  шеберлігінің,  ұлылығының  алдында  таң 
қалып,  Оған  мадақ,  мақтау  айтпастан  жайбарақат  жүре 
аламыз?!  Неліктен  ғибадат,  мінәжатымыз  арқылы  Ұлы 
Құдіретпен бірге болуды өзімізді мәртебе санамаймыз?
Ендеше,  адам  баласының  ең  басты  міндеті  –  Ұлы 
Жаратушыны  тану.  Оның  ұлылығын  дәріптеп,  «Аллаһу 
әкбар», «Алла Тағалам сен қандай ұлысың!» деп бас иіп, 
мадақ айту.
Иә,  Оның  құдіреті  мен  құзіретінің,  шеберлігі  мен 
шексіздігінің, өлшеусіз ілімі мен теңдессіз ұлылығының 
алдында  таң  қала  бас  иіп,  мақтау  айту  –  құлшылықтың 
нағыз өзі.
Намазымыздың әр рәкатында үнемі оқылатын «Фа-
тиха» сүресіндегі: «Бүкіл мадақ та, мақтау да тек қана 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет