Issn 2308-0590 Индекс 74661 редакциялық кеңес мағауин Мұхтар Қазақстанның халық жазушысы Ғарифолла Есім



Pdf көрінісі
бет9/15
Дата15.02.2017
өлшемі2,06 Mb.
#4157
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   15

Әдебиет

1. Шәкәрім. Үш Анық. Алматы: Қазақстан

және ғақлия ғылыми-әдеби орталығы. 1991.

2. Алтай Ж., Қасабек А., Мұхамбетәли Қ.

 Философия тарихы (жоғарғы оқу орындарына

арналған оқулық) – Алматы: Жеті жарғы, 1999.

3.  Құдайбердиев  Ш.  Шығармалары  /

Өлеңдер,  дастандар,  қара  сөздер/.  –  Алматы,

1988.- 179 б

4. Жұмабаев М. Сүй жан сәулем (Өлеңдер

мен поэмалар). Алматы, 2002. -254 б. (40).

5. Құдайбердіұлы Ш. Тіршілік жан туралы

//Абай журналы. –1994, №9.

6. Абай Құнанбаев. Шығармалар жинағы.

– Алматы: Қазақтың мемлекеттік көркем әдебиет

баспасы, 1961.

7.  О.  Шпенглер.  Закат  Европы.  (перевод

И.И. Маханькова) 1–2 том. Москва: Айрис–Пресс

2004.

8. Ортега-и-Гассет.



Восстание  массс  //

Избранные труды. М.: Весь Мир, 1997. - 701 с.



Резюме

В статье Кадырулы Бақытжана рассматривается проблема «трех истин» Шакарима.

Автором подвергаются критике предыдущие концепции понимания «трех истин».

Тhe article writte by Kadyruly Bakytzhan reveals the  problem of Shakarim’s  “three truths”. He

offers a new way in consideration of human soul’s  problem as the main factor af culture formation.

Resume

52

ШӘКӘРІМТАНУ

2014  №3  (24)

А. АҚТАНОВА, филология ғылымдарының кандидаты, доцент

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

  «ЕҢЛІК -КЕБЕК»:  ШӘКӘРІМ МЕН М.ӘУЕЗОВТІҢ  ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҮНДЕСУІ

Тарихи  уақыт  аумағынан  қарағанда

Шәкәрім  мен  М.  Әуезов  шығармаларындағы

тарихилық, белгілі оқиғалар мен сюжеттік желі

аясында  келуі  де  екі  қаламгер  үндестігін

айқындамақ.         Шәкәрім Құдайбердіұлы мен

Мұхтар  Омарханұлы  поэма  мен  драматургия

жанрын бір-бірімен ұштастырып, ХХ ғасырдың

алғашқы  кезеңінде  көркем  әдебиетімізге

жаңалық  лебін  әкелді.  Шәкәрім  ақын  мен

Мұхтар Омарханұлы арасында ғажайып дәстүр

жалғастығы, үзілмеген арқауы мен үндестігі –

қос қаламгердің  бір тақырыптың  әр қырынан

көрінуіне, әр жанрда жырлануына әкелді.

Шәкәрім 


мен 

М. 


Әуезов

шығармашылығындағы  алғашқы  тоқайласу  -

«Еңлік-Кебек»  оқиғасына байланысты өрбиді.

Екі  қаламгердің  шығармаларындағы  «Еңлік  -

Кебек»  оқиғасына  байланысты    өзара

сабақтастықты  академик  Р.Нұрғали  өз

зерттеулерінде    жақсы  талдап  көрсеткен.

Шәкәрімнің  «Жолсыз  жаза»  деген  атпен

жариялаған  поэмасы,  оның  жазылу  тарихы

туралы әдебиет зерттеушілері  әр түрлі пікірлер

білдіргені  бегілі.  Себебі,  «Еңлік  пен  Кебек»

оқиғасына  байланысты  бес  көркем  шығарма

жарық көрді. Олардың авторларының ұстанған

позицияларына  байланысты  жанрлық  түрлері

де әр алуан. Алғашқы нұсқа қара сөз үлгісінде

«Дала  уалаяты»  газетінің  29,30,31,32,34,40

сандарында  «Ұмытылған»  деген  бүркеншік

есіммен жарияланды. «Дала уалаяты» газетінде

1890  жылғы  46,50  сандарында  «Қазақ

турасынан  хикая»  деген  атпен  екінші  рет

жарияланды.  Екі  нұсқадағы  айырмашылық

кейіпкерлердің есімдерінде ғана. Белгілі ғалым

М.  Мағауин  «Дала  уалаяты»  газетінің

сандарында жарық көрген әңгімені Шәкәрімдікі

емес  Абай  қаламынан  шыққан  дүние  деп

дәлелдер келтіреді [1].

Екі нұсқадағы әңгіме де ең алдымен орыс

тілінде жарияланып артынан қазақша нұсқасы

басылған.  Орысша  нұсқадағы  әңгімелерді

Абайдың орысша оқыған, бірақ дүниеден ерте

озған інісі Халиолла Өскенбаев  жазған дегені

Ә.Марғұланның архивтегі деректері бойынша

ғылыми  қауымға  белгілі.  Онда:  «Кадет

корпусының  соңғы  класында  оқып  жүріп

Халиолла  Н.Ф.  Костылецкийге  қазақ  тілінен

көп сөздер жазып береді, оларды әрі қазақ тіліне

аударып жазады. Оның ішінде «Еңлік-Кебек»,

«Қалқаман-Мамыр», «Есім ханның ескі жолы»,

«Қазақ билерінің ерте кездегі шешімдері» тағы

басқалары  бар...  ХІХ  ғасырдың  90-жылдары

Халиолланың  жазулары  Н.М.Яндрицевті,

Н.И.Наумовты,  Н.Н.Максимовты  қатты

толғандырды. Олардың ортасынан Н.И. Наумов

пен Н.Н.Максимов «Дала уалаяты» газетіне хат

жазып,  Халиолланың  жазуларын    Омбыға

жіберсе деп сұрады. «Еңлік - Кебектің» ғажайып

әңгімесін Н.И. Наумов «Сибирь» газетіне басып

  Ғалым  мақаласында  М.Әуезовтің  тұңғыш  шығармаларының  бірі  «Еңлік-  Кебек»



пьесасының жазылуы Шәкәрім шығармасымен астасып жатканына тоқталып, қос қаламгердің

бір тақырыпты әрқырынан суретеуін сөз етеді.

       Тірек сөздер: «Еңлік-Кебек», поэма, драма, үндестік, шығарма.

ӘОЖ 821.512.122-1


53

шығарды  (1892).  Халиолланың  көп  жазулары

Н.Н.  Максимовтың  архивінде  сақтаулы»  [2.]-

дейді. Белгілі ғалым Ш.Сәтбаева екі әңгімені де

Шәкәрім шығармасы деп танып: «Мы считем,

что  вышеназванные  очерки  написано

Шакаримом  и  является  результатом

проведенного  им  тщательного  анализа

известных  сюжетов  легенд  для  подготовки  и

создания  поэтических  вариантов  поэм

«Калкаман-Мамыр»  и  «Енлик-Кебек».

Думается,  он  решил  вначале  опубликовать

прозаические варианты поэм. Вполне вероятно,

что  бывая  по  служебным  делам  в  Омске  где

выходил  «Сибирский  Вестник»,  он  и  принес

туда  свои  очерки»    [3,42],  –  деп  қорытынды

пікірін білдіреді.

М.Әуезов  пен  Шәкәрім  арасындағы

алғашқы  рухани-шығармашылық  байланыс

басы  болған  «Еңлік-Кебек»  оқиғасы  туралы

айтылған  ғылыми  пікірлер  мен  М.Әуезов

туралы естеліктерді саралай келе жазушының

бұл  қадамын  тиянақты  түрде  дайындағанын

көреміз. Себебі, Шәкәрім мен Тұрағұлдың жас

Мұхтарға осындай маңызды қадам жасап қазақ

даласында тұңғыш рет пьеса қоюға дайындалып

жатқанында ақыл қоспауы мүмкін емес.

«Еңлік – Кебек» оқиғасының  тарихи негізі

бар екенін ешбір ғалым  де теріске шығармайды.

Ондағы тарихи тұлғалар, жер-су аттары, болған

оқиғалар тарихи көптеген мәліметтермен сәйкес

келеді. Шәкәрім де, Мұхтар Әуезов те оқиғаның

негізгі  арқауы  махаббат  трагедиясы  етіп

алғанымен,   заман бейнесін нақтылы көрсету

мақсатында, өмірлік фонына мән береді, тарихи

ақпарат  беріп,  Ақтабан  шұбырындыны

оқиғаның тарихи өзегі етеді.

  Пьесадағы  сюжеттік  желі,  идеялық

нысана, жаңаша өңделген тұстары белгілі ғалым

Р.Нұрғалидың  монографиясы    мен  театр

зерттеушісі Б.Құндақбаев еңбегінде талданған.

Мұхтар  Мағауиннің  де  Шәкәрім

қаламынан туған поэмаға байланысты айтылған

пікірін аса құнды деп танимыз: «...ұмытылмауға

тиіс,  кейінгіні  ойға  қалдырар,  ғибраты  мол

хикая  –  Еңлік  пен  Кебектің  тағдыры.

Шығарманың  негізгі  арқауы  махаббат

трагедиясы  болғанымен,  автор  замана  кейпін

нақтылау,  оқиғаның  ескі  күндерде  өткенін,

ендігі жерде ел арасында мұндай келеңсіз істер

болмауына тиісін дәлелдей түсу үшін хикаяның

өмірлік  фонына  айрықша  мән  береді,  шағын

көлемді  тарихи  ақпар  жасап,  Ақтабан

Шұбырынды күндерін, елдің қырғынға ұшырап,

азып-тозуын  сипаттай  келе,  қазақтардың

қайтадан күш жиып, жауға қарсы аттанғанын,

үлкен  жеңістерге  жеткенін  айтады.  Автор

мақсаты  –  жоңғар  соғыстарының  шежіресін

жасау  емес,  Еңлік-Кебек  трагедиясына  себеп

болған  қоғамдық,  әлеуметтік  жағдайларды

айқындау.  Сондықтан  да,  ақын  ойрат  одағы

жойылғаннан соңғы кезеңде шығыс облыстарға

ауа  көшкен  рулардың  өзара  күресіне  арнайы

тоқталады.  Хандық  өкімет  құлап,  әркім  өз

басына би болған замандағы бұл қақтығыс ел

мүддесінен  емес,  ру  мүддесінен,  ағайынға

тиесілі  жайлау,  қыстауды  тартып  алу

мақсатынан туындаған еді. Әрине, тар жерде

тек  отырып,  аштан  қырылмадың  деп

Тобықтыны кінәлау қиын, бірақ кең қонысының

бір  өңірін  қаны  қарайып  келген  ағайынға

қимаған Матайды да ақтау мүмкін емес. Енді

ағайын арасында күрес басталды. Дәл осындай

кезеңде албырт көңіл, ақ махаббат табыстырған

Тобықты жігіті Кебек пен Матай қызы Еңліктің

тағдыры қандай болмағы айтпаса да түсінікті»

[4,19], – деп  поэма тарихилығы мен көркемдік

арнасына тоқталады.

Шәкәрім Абай идеясын арқау ете отырып,

дүниеге  әкелген  «Еңлік-Кебек»  поэмасында

суреттелетін тарихи шындық біреу, ол – адамзат

қоғамындағы 

мәңгілік 

қозғалыс


диалектикасынан 

шығады. 


Шәкәрім

поэмаларындағы 

оқиғаға 

қатысушы


адамдардың барлығы да өмірде болған адамдар.

Сондай-ақ,  топономикалық  атаулар  да

нақтылы,  бүгінгі  күнге  дейін  халық

қолданысындағы атаулар. Кез келген эпикалық

туынды өткен күннің тарихын суреттесе де, өз

заманы туралы болса да тарихқа    сүйенбеуі

мүмкін емес.Бұл ретте   ғалым

Т. Сыдықов былай дейді: «Осы орайда тарихи

негізі жоқ эпос болмайтынын айта кеткеніміз

жөн.  Эпостың  негізгі  ерекшелігі  –  оның

тарихпен,  тарихи  оқиғалармен  тығыз

байланыстылығы.  Мәселе,  тек  әр  эпикалық

шығармада  осы  тарихи  шындықтың

ШӘКӘРІМТАНУ

2014  №3  (24)


54

қаншалықты дұрыс, кең нақты суреттелінуінде»

[5].

Тарихи шындық пен көркемдік шындық



байланысынан көркем шығарма туындайтынын

ғалым Қажым Жұмалиев түйіп айтқан: « Тарихи

оқиғаның    ізі,  сәулесі  болып  әдеби  мұралар

туып отырды. Олардың кейбіреулері оқиғаның

жалпы,  ұлы  сорабын  сақтаса,  ескірген  сайын

әңгімеде  көмескіленіп оқиғаға қиял араласып,

шын  болған  оқиғамен,  болуға  мүмкін  емес

ғажайып  нәрселер  қатар  келіп  отырса,

кейбіреулері  күні  кеше  ғана  болып  өткен,  ізі

суымаған тарихи оқиғаның негізінде туды. [6, 63]

«Еңлік-Кебек»  пьесасы  мен  поэмаларының

нақтылы  тарихи  шындық  пен    көркем

шындықты саралай отырып жазушы мен ақын

пайдаланған  әдеби  тарихилық  деңгейін

анықтауға  болады.  Шығармадағы  тарихи

оқиғалар  тек  көркем  сюжетке  тарихи  фон

ретінде ғана алынса да оның сол оқиғалалардың

нақтылы  болғандығын  дәлелдейтін  фактілер

көп.  Және  де  бұл  деректер  сол  жастар

басындағы мұң ғана емес, бүкіл қазақ халқының

тағдырындағы ескі өлшемдер мен рулық тартыс

қасіретін де айқындамақ.

Шәкәрім  шежіреші  ретінде  кез-келген

шығармасында  тарихи  деректерден  барынша

мол хабар беріп отырады. Бұл ақын Шәкәрімнің

тарихшылық 

сипаты. 

«Еңлік-Кебек»

поэмасында  ақын  көркем  сюжетті  бастамас

бұрын оқиғаның тарихилығына тоқталады. Сол

заманның тарих деректерін, қазақ пен қалмақ

арасындағы  қырғын  соғыс  нәтижесінде  рулар

арасындағы  жер  бөлінісін  де  тарихпен  сай

өрген. Мысалы,

Содан кейін қалмақты қазақ қуған,

Жиылып шаба берді ойдан, қырдан.

Тарбағатай, Шыңғыстың жан-жағында

Көшпелі көп қалмақ бар бұрын тұрған.

Қырылған соң қаламақтар жаман сасқан

Норжайсаң, Шәуешектен өте қашқан.

Ата қоныс- Арқаны босатып ап,

Қазақ келіп қалмақтың орнын басқан.

  –  деген  жолдар  қазақ  руларының  қалмақтан

босаған  жерлерге  орналасуы,  соның  ішінде

Кеңгірбай мен Қараменде бастаған елдің Матай

руы  қоныстанып  қойған  жерге  сыналай  келіп

отырғаны жалпы негізгі тартысқа апаратын жол

деуге болады. Себебі жер мәселесіне келгенде

Кеңгірбай  бидің  аса  қатал  екендігін  тарихи

оқиғалар дәлелдейді. Шәкәрімге Мағауия жазған

«Еңлік-Кебектен»  кейін  Абай  ел  арасын

араздастырмау  үшін  қайта  тапсырма  беріп,

жазғызғандықтан  ақын  Кеңгірбай  би

аталарының  қаталдық іс-әрекетін шарасыздық

ретінде  көрсеткен.  Кейіннен  Шәкәрім  Қодар-

Қамқа  оқиғасына  байланысты  да  атасы  қажы

Құнанбайдың іс-әрекетін ақтап пікір білдіреді.

Шежіресі  Б.Исабаевтың  еңбегінде  бұл

оқиға  былай жалғасады: «Сыбан Матайға жеме-

жемге келгенде қол қоспаған болды. Өлтіруге

Кебек пен Еңлікті қош көрмеген! Бәсе, бұл соны

медеу етіп, Сыбан жұртынан соны күтіп еді-ау.

Шараң не, есіл Кебек тағдырына сол жазылған

соң... Енді қалған Тобықты жұртын шоқ ұстау

керек. Ер құны болған «атқа қоныс Шыңғысқа

тіс-тырнағымен  жабысып  көрсін!  Ащысудағы

Көкшелерді  Қалбадан  қайыру  керек.  Қабекең

соны  істеді.  Бұл  Көкше  жұртының  мәңгілік

мақтаны  болды.  Көкшелер  осылайша

Шыңғыстың Хан биігін қасиетті Қабекеңнің өз

қолынан алды.

...Матайлар  Еңлік-Кебек  қазасынан  соң

екі-үш  ай  өтпей-ақ,  Шар-Делбегетей  өңіріне

көшіп,  Шыңғысты  босатты.  Тобықтылар

босаған жұртқа бірлеп-екілеп ие бола берді...»

[7,306].


Десек те, ақын тарихи фактыны айналып

өте  алмай,  негізгі  тартыстың  жер  мәселесіне

байланысты өрбитінін оқиға басында «тарихи

фон  ретінде  ғана»  алынатын  кіріспеде  айтып

өтеді. М.Әуезовтің пьесасы – сахналық қойылым

болғандықтан  бұндай  нақтылықтан  гөрі

көркемдік  жағына  баса  назар  аударылған

шығарма. Пьесада да, поэмада да көркемдік сипат

пен  тартысты  оқиғаның  өзегі,  басы  болып

тұрған  негізгі  бейне  –  Нысан  абыз  образы.

Шәкәрімде:

Ол кезде бақсы болған Нысан абыз,

Шын дәулескер бақсының өзі нағыз.

Жын айта ма кім білсін шын айта ма,

Айтқаны келеді деп қылады аңыз.

ШӘКӘРІМТАНУ

2014  №3  (24)


55

 –  деп абыздың бақсылық әрекетін азырақ айтып

өтеді. Ал, М.Әуезов сахна тәртібінің көркемдік

ерекшеліктеріне бағына отырып жасаған. Мұнда

Нысан абыз батагөй бақсы, әрі өз руының қамын

ойлайтын  ақсақал  ретінде  көрінеді.  Абыз

монологына  назар  аударсақ:  «Жаратқанның

жарлығына  ризамын,  аз  ауыл  тобықтының

алақанына салған батагөйі қылды. Сақал-шашым

ағарғанша тұғырымнан тайғаным жоқ. Қарқара

би-төре,  батыр-балуан  әлі  де  болса  алдымнан

өтеді,  оң  батама  ынтық  болады.  Келе  жатқан

күндерді, көмескіні болса да сенеді» – дейді. Бұл

арқылы  Нысан  абыздың  өз  тірлігіне

болжағандарының  барлығы  келмесе  де  елдің

сенетініне риза қария бейнесін көреміз.

  Пьесада  М.Әуезов  нақтылы  айтпаса  да

негізгі Кеңгірбай ойын поэмамен үндес алады.

Кеңгірбай пьесада жеке тұрып, монолог айтпаса

да, Шәкәрім поэмасында суреттелетін түпкі ойы

білінеді. Себебі бұл тарихты Мұхтар Әуезов өте

жақсы білетіндіктен Кеңгірбай биді қанша ақтап

алайын  десе  де,  өз  ойын  жазбауы,  білдірмеуі

мүмкін емес. Тарихты бұрмалау да мүмкін емес.

Д.Дидроның пікірінше, «монолог персонаждар

үшін іс-әрекеттік және көңіл аптығуын басатын

демалыс  болып табылады»; монолог «өте күшті

әсер ететіндіктен» онда «қаһармандардың көңіл

түкпіріндегі  жасырын  ойлары  сөз  етіледі»  [8,

381].  Яғни,  автор  саналы,  бейсаналы  болсын

монолог  қолданғанда  өз  білгенін  кейіпкерінің

аузына салмауы мүмкін емес.

Жазушы Қараменде мен Кеңгірбай дауына

байланысты  оқиғаны  өз  пьесасында  ұтымды

қолданады. Екі бидің ел басқарудағы таласы мен

жер,  мал  дауына  байланысты  өмір  шындығын

көркемдік шындыққа айналдырады. Автордың

мұнысы екі бидің руаралық тартысының Еңлік

пен  Кебек  оқиғасына  ұласып,  екі  жастың

тағдырын  шешуде  оқиғаны  шиеленістіріп

жібергенін көрсеткен. М.Әуезов тарихи оқиғаны

жақсы білген, әрі оны көркемдік тәсіл ретінде

ұтымды қолданған.  Мысалы:

«Қараманде. (ашуланып) Тағы да қасқырша

өз күшігіңді өзің жейін деп пе едің?

Қеңгірбай.  Даданның  улы  тілін      аурулы

денеме  тағы  да  сұқтың  ба?  Кезін  аңдып,

бауырлығыңды  бұдан  бұрын  да  сынағанмын.

Елжіреген жүректі көргенім жоқ-ты.

Қараманде.  Қайтпас  тас  бауыр  қылған

сенің осы менмендігің болатын (тым-тырыс)»,

-  деген  үзінді  Кеңгірбайдың  мінезінің

қаталдығын  көрсетеді.1943  жылғы  нұсқасы

бойынша осы арада оқиғаға Абыз араласады. Екі

бидің ортасында тұрып: «Абыз. (Қарамендеге)

Уа, Қараменде, сені жұрт баба десе, мен сенен

де  гөрі  кәрімін!  Қостамаймын  Кеңгірбайды,

құптамаймын  сені  де.  Елің...елің  жоқ  па  еді

дадандай! Елің болса қолың кәне?! Тіпті тобың

болмасын, 

тобырың 

кәне?! 


Не

тұрысың...Мұтылып  қу  томардай?!  Жапа-

жалғыз  қу  сояудай...Не  көмекке,  қай  керекке

келдім дедің? Ер сәлемі әкелсе, ерте келмес болар

ма,  ер-азамат  тұрғысын!  Сылдыр  сөзбен

шығарып сап, сынайын деп кепсің ғой. Көлгір

сөзбен  көлденең  болғың  кепті  ғой.

Алданбаймын...алданбаймын!

Қараменде. Жетті... жетті тілің сүйегіме!

Тоқтат, Абыз!

Абыз.  Өзің  айт...барыңды  жиын  да,  тек

бауырыңды сүйіп айт, Кеңгірбай.

Би. Бауыр...бауыр менің атам Әнет бабаң

емес пе еді?

Абыз. Не дейсің! Не деп келесің сен? Әнет

бабаң...Әнет бабаң серік пе саған... бұ шақта!

О-о-о!  Соноу...  соноу  ма?..  Қалқаман-Мамыр

етпек пе ең? Ерінің жаны, бөрінің аузына түскен

сұм заман! Сұм заман!» –  деп екі жастың жанын

аман алып қалуды ойлайды. Поэма мен пьеса

арасындағы  осындай  ұқсастықтар  екі

қаламгердің тарихи оқиғадан онша ауытқымай,

әрі Мұхтар Әуезовтің Мағауия нұсқасын емес,

Шәкәрім  поэмасының  негізінде  жазғанын

көреміз.  Поэмадағы  тартыс  пен  пьесадағы

билер  сахнасы  әр  кейіпкердің  бүкіл  болмыс

бітімін әр шыққан сөздерімен шегелей түседі.

Сол  заманның  билері  өз  заманына  лайықты

тілде,  өз  дәрежесіне  сай  сөйлеуі  заңдылық.

Мұхтар Әуезов пьесада қазақ билігінің барлық

інжуін ашып бере алған. Себебі, Абай билігі,

одан кейінгі Шәкәрім билігі туралы бірін бидің

өз аузынан естіп, бірін халық жадынан қанық

жазушыға  билер  сахнасын  бар  көркемдігімен

көрсетпеуі мүмкін емес.

Шәкәрімнің  поэмасында  да  Кеңгірбай

Әнет  бабаның  кесімді  сөзін  еске  алып,  екі

жастың тағдырын шешеді. Ақын би шешімін



ШӘКӘРІМТАНУ

2014  №3  (24)

56

жұмбақтап  айтқан  деп  алып,  оның  жауабын

көпшілікке өзі емес Көбейдің аузымен айтқызады.

Біздің мақсат оқиғаның нақтылы тарихилығын

анықтау  емес,  Шәкәрім  мен  М.Әуезовтің  бір

оқиғаны  беруде  қолданған  көркемдік

ерекшеліктерін  және  әдеби  тарихилықтың

ерекшелігін  көрсету  болғандықтан  есімдер

тарихын көп сөз етпейміз.

Нысан абызға бал аштыруға келген Кебек

әрекетінен  басталатын  поэма  оқиғасының

басында  кіріспе  ретінде  алынған  жалпы

жағдайды  беретін  шумақтар  оқиғадағы

тартыстың  жүйелік  желісі  болып  тұр.

Ғашықтық хикаясының тек екі ру арасындағы

өзара жай тартыс емес бұрыннан келе жатқан

жер дауы мәселесі екенін ақын:

Туысқан қия алмай, «жүр – деп-сен де»,

Көп айтқан Кеңгірбай мен Қараманде.

Бос тұрған соң Шыңғысқа матай қонған,

Біздің ел әне-міне деп жүргенде

... Әр топта да батыр бар некен-саяқ,

Сүтсе де батыры көп Жуантаяқ.

Қырды алып, бөктерге таласыпты,

Матай-сатай дегенді тыңдамай-ақ.

  –  деген  жолдар  арқылы  екі  рудың  бір  жерге

таласа келіп қонып отырғанынан хабардар етсе,

Мұхтар  Әуезов  Нысан  абыз  алдына  келіп

даурыққан батырлар сөздері арқылы көрсетеді.

Абыз, Көбей, Матақ диалогтары арқылы береді.

Жазушы Кебек батырлығы туралы да осы жерде

рулас 


батырлар  аузынан  айтқызып,

таныстырады.

Шәкәрімде  де,  Мұхтар  Әуезов  те  де

Кебектің  Абыздан  бата  сұрайтын  жері  мен

Абыздың «ажалың биік қабақ сұрлау қыздан»

деп  болжау  айтуы  бірдей.  Шәкәрімнің

поэмасында Кебектің сыртқы келбеті мен ішкі

жан  дүниесіндегі  тазалық  пен  адамгершілігі

қатар берілген. Он бесінен аты шыққан батыр

жігіт  еліне  адал  екенін  «Ел  қамы  үшін  өлуге

жанын  салып»  деген  жолда  білдірсе,  «Жауға

батыл, жақынға және әдепті, Кішіні іні, үлкенді

ағатайлап»,  –  деген  жолдардан  батырдың

тәрбиелі,  әрі  адамгершілігі  асқақ  екенін  де

байқаймыз.

Бірақ  пьесада  Мұхтар  Әуезов  кіргізген

кейіпкерлер  де  бар.  Бірнеше  қосылған

кейіпкерлердің  ішінде  наймандар  тобындағы

Еспенбет 

бейнесі 


оқиға 

сюжетінің

трагедиялықпен аяқталуына өз үлесін қосады.

Еспенбет батыр сыбаннан шыққан атақты ақын

Дулат Бабатайұлының  «Еспенбет» дастанының

кейіпкері.  Еспенбет  батыр  бейнесі  көркем

әдебиет  тарихында  бірнеше  шығармада

кездеседі.  Алғашқысы  Дулат  Бабатайұлының

дастаны  болса,  кейінгісі  –  С.Сейфуллиннің

«Көкшетау»  поэмасындағы  Адақ  батыр.

Нақтылы тарих бойынша Еспенбет батыр Еңлік-

Кебек  оқиғасы  кезінде  Шыңғыстау  өңірінде

болмаған.  Егер  болса  да  ол  мұндай  қатыгез

шешімге бармас еді деп ойлаймыз. Себебі, Адақ

деген есімді иеленген ақылына батырлағы сай

адам жер дауы, жесір дауы деп қаталдық етпеген

болар  еді.  Адақ  батырдың  Еспенбет  екендігі

туралы дерек «Қаракерей Қабанбай» атты аңыз,

зерттеу қиссалар жинағында  «Еспенбеттің Адақ

аталуы және Маржан қыз оқиғасы», «Маржан

қыз»  («Шаған  қыз»)  әні  туралы»  деген

тарауларында  толық  берілген.  Авторлары

Зейнолла  Сәнік  пен  Бейсенғали  Садыхан

Кәрібай ақынның аузынан естігендерін жазады

[9].  Еспенбет  батыр  туралы  Ғ.  Зұлқаровтың

интернет  порталда  жарияланған  «Еңлік-

Кебектегі»  Еспенбет  кім?»    мақаласында  да

деректер беріледі [10]. Ал, М.Әуезов Еспенбет

батырдың  есімін  пьесадағы  негізгі  тартысты

күшейту  үшін  алған.  Себебі,  қабырғалы  би

Кеңгірбай  қаймығып,  Кебектің  арасына  түсе

алмауы  үшін  ел  арасында  танымал  тұлғаның

қарсы  жақта  болуы  тартыстың  нағыз

трагедиялық сипат алуына әкелген.    Жазушы

арындаған Еспенбеттің құрық бермей отырған

Көбейді  жеңуі  қара  күшке  салып:  «Жоқ,  мен

ондай емексіткен сөзге еліге алмаймын. Менің

кесер сөзім әлгі. Бір емес екі таңдау тастадым.

Аяғаным  сол  дағы.  Тоқтасып  бауыр  боламын

десең көнесің айтқаныма. Көнбейтін болсаң арам

алыс алашпын. Ораздың түбіне мақсым жетер,

Азған  елдің  түбіне  тақсыр  жетер.  (Қатты)

Тобықты сені аялағаным жеткен. Бұдан артық

менен  бітім  іздеме!  Бұл  айтқаныма  көнбейтін

болсаң, Екінші сөзім – тағы бір берер таңдауым –

тура  тұрысатын  жеріңді  айт,  менің  қолым



ШӘКӘРІМТАНУ


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет