Issn 2308-0590 Индекс 74661 редакциялық кеңес мағауин Мұхтар Қазақстанның халық жазушысы Ғарифолла Есім



Pdf көрінісі
бет1/15
Дата15.02.2017
өлшемі2,06 Mb.
#4157
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15

1

ISSN 2308-0590

Индекс 74661

РЕДАКЦИЯЛЫҚ КЕҢЕС

Мағауин Мұхтар

Қазақстанның халық жазушысы



Ғарифолла Есім

 академик



Жанболатов Сұлтан

профессор (Қытай)



Мырзахметұлы Мекемтас

филология ғылымдарының докторы, профессор



Сыдықов Ерлан

     Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық

университетінің ректоры,

тарих ғылымдарының докторы, профессор



Қалижан Уәлихан

М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер

институтының директоры,

филология ғылымдарының докторы, профессор



Әбдіғазиұлы Балтабай

Түркі академиясының ғалым хатшысы,

 филология ғылымдарының докторы, профессор

Жұртбай Тұрсын

"Отырар кітапханасы" ғылыми орталығының

директоры, филология ғылымдарының докторы,

профессор



Хакім Мерием

PhD, профессор (Түркия)



Жақып Бауыржан

"Қазақ энциклопедиясының" бас директоры,

филология ғылымдарының докторы, профессор

Ескендіров Мейір

тарих ғылымдарының докторы, профессор



Еспенбетов Арап

филология ғылымдарының докторы, профессор



Рамазан Айгүл

 филология ғылымдарының докторы, профессор



Әубәкір Жандос

Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік

тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-

мұражайының директоры



ШӘКӘРІМ

 ғылыми-танымдық журнал

Қазақстан Республикасы

Мәдениет және ақпарат

министрлігінде 2013 жылдың

10 қазанында қайта тіркеліп,

№13921-Ж куәлігі берілген.

2005 жылдан шыға бастады.



БАС РЕДАКТОР

Әмірбеков Шәріпбек

Ағабайұлы

Семей қаласының Шәкәрім

атындағы мемлекеттік

университетінің ректоры, саяси

ғылымдарының докторы

БАС РЕДАКТОРДЫҢ

ОРЫНБАСАРЫ

Смағұлова Ақмарал

Төлеуғазықызы

«Шәкәрімтану» ғылыми-зерттеу

орталығының директоры,

филология ғылымдарының

кандидаты

ЖАУАПТЫ ХАТШЫ

Қадыров Айбар Қабыкенұлы

филология ғылымдарының

кандидаты, доцент

© Семей қаласының Шәкәрім

атындағы мемлекеттік

университеті, 2014

© «Шәкәрімтану» ғылыми-

зерттеу орталығы, 2014



2

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

ШӘКӘРІМТАНУ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ОРТАЛЫҒЫ



Шәкәрім. Ғылыми-танымдық журнал.

МАЗМҰНЫ

ӘДЕБИЕТТАНУ ЖӘНЕ ТІЛ БІЛІМІ

АСЫЛ СӨЗ

Құдайбердіұлы  Шәкәрім.  Алты  әңгіме  (Л.Толстойдан)...........................................................................89

Besirli Hayati. Turk kulturunde guc, iktidar, itaat ve sadakatin yemek sembolizmi esasinda degerlendirilmesi.......62

Әнес Ғарифолла. Мәтін және дискурс: қолданысы, мағыналық және тілдік ерекшеліктері................74

Jundibayeva ArayInovasyonel gelisim yolunda ve kuresellesme surecinde kazak ve turk genclerine sekerim

biliminin katkilari.......................................................................................................................................79



Түсіпбаева Сәуле. Жарқын бейне...............................................................................................................84

Есімбекова  Қарлығаш.  Ағылшын  және  қазақ  тілдеріндегі  фразеологиялық  антонимдердің

құрылымдық компоненттері.....................................................................................................................86

ШӘКӘРІМТАНУ

Базарбаев Мүсілім. Шәкәрім ақын............................................................................................................16

Әбдиманұлы Өмірхан. Шәкәрім Құдайбердіұлы......................................................................................25

Мәдібай Қанипаш. Ш. Құдайбердіұлының аудармашылық шеберлігі.................................................38

Қадырұлы  Бақытжан.  Шәкәрімнің  «Үш  анығы»  немесе  таным  таразысындағы

ақиқат......................................................................................................................................................46



Ақтанова  Айман.  «Еңлік-Кебек»:  Шәкәрім  мен  М.Әуезовтің  шығармашылық

үндесуі.......................................................................................................................................................52

 

АБАЙТАНУ


АЛАШТАНУ

Мұхамеджанова 

Нұргүл. 

Алаш 


қайраткерлері 

«Айқап» 


журналының

беттерінде...............................................................................................................................................59



Құдайберген Жұбанов. Абай - қазақ әдебиетінің классигі...................................................................2

3

2014 №3 (24)

Қ.  ЖҰБАНОВ,  ірі  энциклопедист  ғалым,  лингвист,  түрколог,

әдебиеттанушы

АБАЙ – ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНІҢ КЛАССИГІ

АБАЙТАНУ

Тірек сөздер: Абай, ақындық, халық әдебиеті, сыншылдық.

Тіл білімі саласындағы алғашқы қазақ профессоры Қ.Жұбановтың бұл мақаласы осыдан 80

жыл бұрын "Әдебиет майданы" журналында жарияланған еді. Мақалада ғалым Абайдың қазақ

әдеби тілін дамытудағы орнын, ақындық шеберлігін, сазгерлігін тұңғыш көрсетіп, әділ бағалайды.

Ғалымның 115 жылдық мерейтойына орай мақаланы арнайы жариялап отырмыз.

І.Еленбеген ерекшелік

1

 



Абай туралы кітапшаның үзіндісі.

“Бармақ  өлшеуі”  деп  түріктер  буын  негізді  метриканы



айтады.

3

 



“Қаба діл”– тұрпайы тіл деген мағынада.

4

 “Нәфис әдебиет”– көркем әдебиет.



5

 

“Ғаруз”–  Араб-парсы  өлең  жүйесі,  дауысты



дыбыстардың кезектесуінен сүйенген болады. Абайдың

1858 жылдарда жазған: “юзі раушан, көзі гауһар, лафилдек

бет үші әһмәр...” дейтін өлеңі осы жүйемен жазылған.

Қазақ әдебиетінің тарихындағы Абайдың

ұстайтын 

орнын 


босағаға 

қарай


ысырмалаушылар,  оған  да  місе  тұтпай,

табалдырықтан шығарып тастаушылар, менің

байқауымша, даусыз бір моментті ескермей жүр:

ол өз тұсында, жалғыз қазақ қана емес, басқа

көршілес  елдерден  де,  Абайдың  әдебиеттегі

үздіктігі.

Армения  мен  Грузияны  былай  қойып,

басқа елдердің өткенін шолып қарасақ, ең озығы

Қазан татарлары екен де, өңгелері содан кейін

қарай тізіледі екен.

Өзбекстан,  Түркменстан,  Тәжікстан,

Қырғызстан, Қарақалпақстан – қысқасы – бүтін

Орта  Азия  ХІХ  ғасырдың  ұзын  бойында  ескі

мәдениетінің кірлі көрпесін қалың жамылып,

батыс ауасынан әлі тыныс ала қойған жоқ еді.

Түрікмен  әдебиетінің  атасы  саналатын

Мағдум  -  құлидың  да  күрделі  еңбегі  –  ескі

шағатай әдебиетінің шеңберінен шығып, аз да

болса,  халық  әдебиетінің  үлгісіне  жуыса

жүргендігі  ғана  еді.  Бірақ,  тозған  мұсылман

күншығысының  мәдениеті  қалыбын  бұзып,

көнерген қалып  даналығының тар  аумағынан

шығып, әдебиет маңдайын жаңа арнаға қарай

бұрған, жер жүзі әдебиетінің кеуде жеріне қарай

жетелеген ақын-жазушы, – ол кезде, Орта Азия

былай тұрсын,  Ресей күн  шығысы ғана  емес,

мемлекетті ел –Түркияда да кем болған. Онда

да «бармақ өлшеуі»

2

 өлең «Қаба діліні»



3

 «қара


халық»  белгісі  болып  саналып,  «нәфис

әдебиетте»

араб-парсы «ғарузының»



«қаңсығы


таңсық» көрінетін-ді.

Татарстанда Абай мен бастас екі-ақ адам

бар  еді.  Мұның  бірі  –  Чиһабудтин  Маржани,

екіншісі – Каюм Насири.

Еділ  бойын  басқан  ескі  фанатизм

тұманының  арасынан  алғаш  сәуле  берген,

татардың  жаңа  өсіп  келе  жатқан  жас

буржуазиясына  мәдениет  жөнінен  жол

ашпақшы  болған  ХІХ  ғасырдың  соңғы

жарымындағы  татар жаңашылдары  осы  екеуі

болатын. Маржани – шіріген ислам, іргесін ақыл

ӘОЖ 821.512.122



4

АБАЙТАНУ

2014 №3 (24)

кездемесімен  жамамақ  болған,  схолластикаға

қарсы  шығып,  енді  ақылға  бағындырып,

мектепке дейінгі ғылымы мен орыс тілін енгізу

қамында өткен, өзінше, Қазанның Лютері 

6

 еді.



Дін жөнінде Абайдың ұстаған жолы да осы жол

болады.


Бірақ, «Лютер шіркеудің», «Авги азбарын»

7

ғана  тазалап  қоймай,  неміс  тілінің  азбарын



тазартып, осы күнгі неміс фразасының іргесін

қалаған...

8

  болса,  Маржани  дін  реформасын



ұсынғаннан, тарих жайында біртіндеп зерттеу

жүргізгеннен  әрі  аспаған:  татар  тілін  ислам

ласынан  арылтудың  орнына,  шығарған

кітаптарын араб тілімен жазып, ауызекі сөзін де

көбінесе, арабша сөйлеген оқымысты бір молда

ғана еді.

Маржанидің  бұл  кетігін  толтырған  –

замандасы  Қ.Насири  болды.  Бұл  да  Маржани

сияқты, ескіше оқыған молда болғанның үстіне,

орысша білімі бар, Қазанның ғылым орындарына

қатынасып  жүрген  адам  еді.  Ескі  түркі

кітаптарындағы  шағатай  тілі  үлгісін  жойып,

татар әдебиеті тілін қазақ төңірегінің сөйлейтін

тілінше құруға ең алғаш еңбек сіңірген адам осы

Насири еді. Бірақ, соның өзінің Насиридің «таза

татаршасы»  да  Абайдың  қазақшасындай  таза

бола алмай, араб-парсы сөздерін көп кіргізген

бүйрелеткі тіл болатын.

Сөйтіп  ХV-XVI  ғасырлардағы  неміс

Лютерінің  бір  өзі  атқарған  қызметін  ХІХ

ғасырдың соңғы жарымындағы тартыстарында

Маржани  мен  Насири  екеуі  бірігіп  барып

атқарған.  Онда  да  дін  жамау  мен  тіл  тазарту

жөнінде ғана. Әйтпесе, Лютердің ХVI ғасырда

марсельеза  болып  кеткен  құралындай  (хорал)

музыка мен әдебиет майданында мынау екеуінің

6

 

Мартин Лютер – 1483-1546 жылдарда жасаған, “Оямов”



дәуірінің атақты дін реформашысы. Неміс тіліне библияны

(тәурат)  аударған,  өз  жанынан  да  дінге  қатысты  көп

нәрселер жазған адам.

7

Агви  азбары  (агиевы  конюшни).    Ескі  грек



мифологиясында Елида елінің патшасы Авгидің малы өте

көп болған,  қора-азбары неше  жылдай тазартылмайды

екен,  мұның  арасында  өзен ағызып,  тек  Геркулес  қана

тазартыпты-мыс дейді Бұрын айтқанда: Агви азбары” деп

қоқып жатқан нәрсені айтады.

Энгельс Ф. “Диалектика природы”. ГИЗ. 1931, 110-б.



еңбектері болмаған. Ал Абайға келсек, мұның

жөні басқарақ секілді.

Энгельс  Ренесанстың  тарихи  ірі  мәнін

айта  келіп,  ол  дәуірдің  ірі  адамдар  керек

қылғанын, сол дәуір тудырған титандардың бірі

Лютер екенін айтады.

9

 Сол Лютердің Энгельс



көрсеткен  еңбегі  жоғарыда  айтқандай,  дін

реформасын жасау үстіне, дін жайында жазған

кітаптарын  неміс  тілінде  жазғандығы,  жаңа

шіркеу  музыкасын  жазып,  оған  жаңа  түрлі

дұғалар  шығарып  беруі  болады.  Бір  елдің

әдебиетін, тілін жасауда мұндай еңбек сіңірген

адамды біз Энгельсше бағалай білетін болсақ,

ХІХ ғасырда қазақ аулында жасаған, сеңсең тон,

шидем күпі киіп, Шығысты жайлаған Абайдан

пролетариат төңкерісіне басшы болуды немесе

«Капиталдың»  авторы  болуды  талап  етуіміз

орынсыз; бойына шақтап топ пішуіміз керек.

Неміс  прозасының  іргесін  қалаған  М.

Лютердің тырнақ алды еңбегі «Жаңа өсиетті»

(«Новый завет») аударғаны болатын. Оның 1521

жылдан  1534  жылға  дейін  13  жыл  ұдайынан

істеген  әдебиет  еңбегі  тәуратты  (библияны)

неміс  тіліне  аудару  болған.  Сонда  да  оған

Энгельс:  «Библияны»  неге  аудардың?»  –  деп

ұрыспай, тілге сіңірген еңбегін бағалап отыр.

«Абайдың  аударғаны  құран  емес,  Байрон  мен

Лермонтов,  Пушкин  мен  Гете,  Крылов.  Өз

жанынан  жазғандары  да  дінге  қатысты

трактаттар ғана емес, «Өткірдің жүзі, кестенің бізі

өрнегін ондай сала алмайтын» сұлу өлең, сөз.

Сонда да оған «діншілсің» – деп ұрсып,

«Мен» менен «менікінің» айырылғанын

«Өлді» деп ат қойыпты өңкей білмес», –

дедің, идеализмге түсіп кеттің, –

деп өкпелейміз-ау.

Бұл әрине,

«Түзу кел, қисық-қыңыр, қырын келмей,

Сырын танып іс бітпес, ішін көрмей», –

деп жалынып кеткен Абайдың «арызын» құлаққа

ілмегеніміз ғой. Әйтпесе:

Энгельс Ф. “Диалектика природы”. ГИЗ. 1931, 110-б



.

5

АБАЙТАНУ

2014 №3 (24)

«Өлді» деуге сыя ма, ойлаңдаршы,

Өлмейтұғын артына сөз қалдырған? деген

сияқты  даусыз  ақиқатты  да  көрген,  образды

көркем  сөз  бен  пәлсепелік,  концепцияның

қайсысы қай жерде жүргенін де аңғарған болар

едік.

«Асау жүйрік аяғын шалыс басқан



Жерін тауып артқыға сөз...»

болса да бір сыр қай кезде дұрыс басқан жерін

де «шалыс» деп шатаспаған болар едік.

Абайдың ақындығын, басқа қасиеттерін

былай  қойып,  тек  әдеби  тілімізді  жасаудағы

еңбегінің  өзін  қанша  алсақ  та,  онда  ақымыз

кететін түрі жоқ. Оның үстіне Абайдың ірі ақын

болғанын,  оның  өлеңі  бол,  қара  сөзі  бол,

бұрынғы халық ақындарынан да, шағатайшыл

молда ақындардан да озып, соны жол салғанын

ескерсек, Абай бейнелі ақын ол кезде, қазақта

ғана  емес,  көрші  елдерде  де  болып

жарымағанын көру қиын емес.

Өйткені, алған «Мұхаммедие» ізімен, түрік

тілінде жазып жүріп барып, бері келе Европа

үлгісіне түскен, сөйтіп татар өлеңі тарихында

жаңа  дәуір  туған  Абдолла  Тоқайлар  «Қан

сонарда бүркітші шығады аңға» жазылған да,

туған да жоқ еді. 

10

Қырымда сол жылы Ресей пантуркизмнің



атасы Измайл Гаспринский «Тілде, істе пікірде

бірлік», «жоғалсын татаршылық!» ұрандарын

көтеріп,  «Тәржіман»  газетін  шығарды.

«Тәржіманның» тілін біраз жеңілтіп алған Оспан

түрігінің тілі еді. Оның «Тілі де бірлігінің» астары

–  бүкіл  түрік-татар  халықтарының  ана  тілін

құртып,  жойып,  бәрінде  Оспан  түріктерінің

тіліне шоқындыруы еді. Соның әлегінен Қырым

татарлары енді-енді құтылуға айналып, өзінің

ана тілін жаңа-жаңа тауып келе жатыр. Жуырда

болып өткен «Тіл, емле конференциясы» ғана

Қырым татар әдебиет тіліне орнықты, тура жол

белгіледі.

Азербайжанда Абай өлгеннен екі жыл соң

«Шелале», «Пуюзат» журналдарының басында

Ахмет  Қамал,  Сабрибей-заде  Налид  Һусейн-

заде сияқты түрікшілдер отырып алып, «Сенің

тілің  бұзылған  Оспан  тілі...  Сенің  өзіңде  тіл

жоқ...»

11

 деп, Азербайжан еңбекшілерінің өз тілін



өзіне бермей, осынысы үшін Гаспринскийден

Һүсейн-заде алғыс алып еді.

12

Азербайжан  халқының  ана  тіліне



жеңдіріңкіреп  жазылған  Нариман  жолдастың

«Тойы» Абай өлгеннен көп кейін жазылған еді.

Рас,  Азербайжанның  бұл  жөнінде  бас

бәйге  алатын бір  реті бар.  Өйткені темір  жол

барып ұштасып, Бакуды капитализм арнасына

алып жіберген кезден – 900 жылдардан көп ілік,

ХІХ  ғасырдың  орта  жөнінде,  ескіліктің  қай

тарауына да төтепкі беруге талаптанған онда бір

адам  болды.  Ол  –  Мырза  Фатали  Ахундов

болды. Мырза Фатали араб жазуынан қашумен

бірге  ескі  Шығыс  мәдениетінің,  ескі  халық

надандығының  әр  түріне  де  қарсы  күш

жұмсаған, сонымен қатар бірнеше әдеби мұра

да  қалдырып  кеткен  адам  еді.  Азербайжан

халқының  ана  тілі  де  алдымен  соның

шығармаларында ғана болмашы орын алған еді.

Бірақ,  түркияшілдік  ауруынан  ол  да  тазарып

болмаған еді.

Сөйтіп,  Абайды  көрші  елдердегі

замандастары,  бастастарымен  салыстырғанда

Мырза Фталиден басқа ешкім де шеңдесе алмай

шығады. Ұлт тілінен де озат шығады. Өйткені

ол  кезде  таза  халық  тілімен  жазып  тұрып,  ол

жағынан классик әдебиет үлгісімен шығарған ол

елдерде адам болған жоқ.

Абайдың,  бір  қатар  сыншылар  ескермей

жүрген, бір оқшаулығы осы.

Абайдың өзгеден өзге қылатын оның тағы

бір ерекшелігі бар: бұл – Тоқай мен Дәрдімәддей,

Ғали Асқар Қамал мен Фатих Әмірхандай, тіпті

– Маржани мен Насиридай – кезінің қолайлы

жағдайы, жарыққа шығарған, өсіңкі тұрмыс тілегі

тікелей  тудырған  емес.  Ол  –  ойлау  дәуірінің

толқынынан  пайда  болған  неміс  Лютері,

француз  Малербі  де  емес.  Сондықтан,

ренессанстай  ұлы  нөсердің  ірі  жемістері:

10

 Бұл өлеңді Абай 1882 жылы жазған. Тоқай 1986 жылы



туған.

11

 “Пуюзат” журналы, №21.



12

 “Шелале” журналы, №1-дегі Гаспринскийдің хаты қара.



6

АБАЙТАНУ

2014 №3 (24)

Леонардо да Винчи, Албьрехт Дюрер болу да

Абайға «бұйырмаған».

Абай  –  шағатайдың  жайсыздығы

тудырған  басып  қараңғылық  ішінен  келер

таңның шолпаны болып елестеп, тұнып тұрған

тымырсық та келер дауылдың дауылпазы болып

күңіренген адам. Бұл – өз ортасының Дантесі

сияқты. Бірақ, Данте – ескінің соңы, жаңаның

алды  еді.  Орта  дәуір  мен  ояну  дәуірінің

аралығындағы  көпір  еді.  Ал  Абайдың  алды

жоққа жуық та, арты ғана бар: ол – соны дәуірдің

басы, жаңалық желісінің шат бұршағы сияқты.

Өйткені Рим емес, үдере көшкен қайшылық өмір

ғой.

Абайдың  осы  алды  жоққа  жуықтығы,



салған  жолының  сонылығы  еленбеген

ерекшелігінің бірі.



ІІ. Абай және шағатай әдебиеті.

Абайдың  алды  жоқ  емес,  жоққа  жуық.

Өйткені Абайдың алдында да әдебиет болды.

Ата мұрасы, Абайдың еншісіне тиген әдебиет

қазынасы екі түлік болатын:

Бірі – емшек сүтімен қатар құлағына кіріп,

сүйегіне сіңген ананың «әлди, әлди, ақ бөпем»,

атаның «сал-сал білек, сал білегі», қойшының

әні,  қыздың  сыңсуы,  қаралы  қатынның

жоқтауынан бастап көркемдік сезімін шарбыдай

шырмаған халық әдебиеті.

Екіншісі – қажы аулы, ордалы ауыл болған

Құнанбай аулына ала-бөле таныс ескі Орта Азия

үлгісі – шағатай әдебиеті.

Абайдың  алды  осы  екеуі  ғана.  Абайдан

бұрынғы қазақ әдебиеті бұл екеуінің шарасынан

шығып көрмеген-ді. Абайды кернеген ақындық

қуаты алғаш тасып төгілгенде, осы қолдағы бар

қалыпқа құйылған. Бірқатар сыншылар соңғы

кезде  Абай  шағатай  әдебиетінің  шеңгелінен

шыға алған жоқ деп мойындайтын сияқты. Бірақ

менің  байқауымша,  Абай  мұны  13-19

жастарында ғана жалтыратып тағынып, сонан

кейін суынып, тастап кеткен тәрізді.

Шағатай әдебиетінің алды мен көзге түсер

ерекшелігі  –  мистицизм,  диуаналық  лирика.

Онда бастан-аяқ өртенген ғашықтықтан басқа

нәрсе 


болып 

жарымайды. 

Оның

ғашықтығының түрі де бөлек, объекті кім екені



белгісіз:  құдай?  Әйел  ме?  –  тіпті,  еркек  пе?

Ғашықтығы жыныссыз ғашықтық.

– Кәне, Абайда бұл бар ма? – Ұшқыны да

жоқ.


«Жам-у  жәм  ишра  хузур  суы  насибумүр

мәдам,


Саәия-та  тәркі  жам  әйләп,  геда  болдум

сеңа».


Рюмка ішіндегі салдуарлық суы мәңгілік

                                                                  несібем

(еді), -

Ей, арақ құюшы – рюмкадан баз кешуге де

                                                                  бардым

саған.


(«саған» деп ғашығына айтады - Қ. Ж.) Пенде

(кедей)  болдым  деген  сияқты  диуаналықты

Абайдан  тауып  болмайды.  Абай,  «Шырақтар,

ынталарың  «менікінде»  болмасын  деуімен

дүниеге қол сілтеген сопы болып шықпайды. Ол

«мен»-ді кірлететін «менікіне» ғана қарсы. Иран

–  шағатай  мистицизмінің  қашып  құтыла

алмайтыны  –  сол  «мен»  –  «нәпсі»  емес  пе?

Сондықтан Абай ғашықтықты қаншама өзегін

өртей суреттесе де, ғашығының «аяғын жалап»,

басын  бүкпейді.  Берілгені  сонша  ма,  «Саған

құрбан мал мен бас» деп өліп кетуге даяр, бірақ

Абайдың  көксеген  өлімі  «еңкейіп  өлу»  емес,

«мендігін»  сақтай,  шалқайып  өлуі.  Абай

Науаишылап:

Дедім зауқың тұтып, шытақыңны өбей,

Көз, қашыңа сүртубен, қабағыңны өбей,

Гүлдек юзің исләбән дудағыңны өбей,

Йоқ, йоқ әгәр десең дудағыңны өбей.

(Қызығыңды көріп, қызылыңнан (бетіңнен

–  Қ.Ж.) сүйейін деп едім, көзіңе қасына үйкеп,

қабағыңнан сүйейін деп едім, гүлдей жүзіңнен

иіскеп ерніңнен сүйейін деп едім, «Жоқ! Жоқ!» -

десең,  егер,  аяғыңнан  сүйейін  деп  едім)  –

демейді.

Дүние  азабының  тізесі  болып,  көресіні

көре-көре  «құдай  салдыға»  көнген,  өлім  мен

тіршіліктің жігін жоғалтқан қарсыласар дәрмен

көксемей,  тағдырдың  лағынет  қамытына

мойнын өзі сұққан көнбестілік, құлдық идеялы



7

АБАЙТАНУ

2014 №3 (24)

– міне, шағатай әдебиет мистицизмі салған жол

осы.

Абай бұдан аулақ. Бұл – қолмен болмаса



да, оймен бостандық іздеп, «көппен көрген ұлы

тойды» бұзбақ болған адам. Тағдыр қамытынан

қалай  босанудың  жолын,  әдісін  рас  таба

алмаған. Бірақ бұлқынбады деу зорлық.

Міне,  осы  біріндегі  «меннен»  қашу,

біріншідегі  «мен»  ардақтау  –  осы  Абай  мен

шағатайдың басын бір қазанға сыйдырмайтын.

Бұл жағынан Абайды шағатайға ұқсатушы

да  жоқ  болу  керек.  Бірақ  біз  Абайдың  пікір

бағыты,  әдеби  нысанасы  сопышылдық

жолынан  аулақ  екенін  айтумен,  осы

аулақтықтың  Абай  өлеңінен  поэтикалық

техникасына  да  шалығын  тигізгендігін

мойындағымыз  келеді.  Өйткені  Абайдағы

тұтастық, түгелдік, гармония оны шалағайлыққа

жібермеген. Абай – ойшыл ақын. Өлеңін пікір

кернеп  тұр.  Оның  сезімі  ойшыл  сезім.  Бірақ

оның ойы да – сезімшіл ой. Сондықтан Абай

өлеңінің мазмұны түрін көрсетіп тұрады да, түрі

мазмұнын  көрсетіп  тұрады.  Абайдың  тілінің

сөздігі  (лексикасы),  грамматикасы,  Абай

өлеңінің  өлшеуі,  ырғағы,  ұйқасымы,  Абай

суретінің бейнесі – бәрі бірге қосылып та, жеке

тұрып  та  негізгі  тақырыптың  күйіне  билеп

тұрады.  Оның  сөздері  тек  бермек  ұғымын

жеткізерлік  амал  болып  поэтикасы  өлең

қалыбына сиярлық қана болып қоймайды: бірі

олай,  бірі  бұлай  да  кетпейді:  солардың

әрқайсысы үлкен симфония оркестріндегі жеке

музыка аспаптары сияқты, өздері бір-бір күй

тартып тұрады да, бәрі қосылып негізгі күйді

шығарады,  тақырып  соның  бәріне  дирижер

болып тұрады. Дін, құдай жайын өлең қылса,

«Мәкен берген, һалық қылған – ол ләмәкән»,

Уә  күтубиһи  дегенмен  ісі  бар  ма?»  –  деп

арабшалап  кетеді:  орыс  мектебі,  Салтыков,

Толстойды сөз қылса, жаңа кәсіпке шақырса,

«здравомыслящий», «занимайся прямотой» деп

орысшалап  та  қояды.  Берілген  көңілдің

шабытына,  көтеріңкі  бәсендігіне  қарай,

түрленіп,  грамматикалық  формалары  бірде

шұбалаң, бірде жүрдек болып келеді. Сөйтіп

Абай өлеңінің мазмұны өзіне лайық түрге орана

келсе, түрі де бойына шақ мазмұнын жамылып

келеді.  Түр  мен  мазмұн  тек  жарасып

отырмайды, «бірі-біріне ауысып, бірінен-біріне

құйылып» отырады.

Осындай  іш  пен  сырттың  біте  қайнап,

қосылған  Абайында  шағатайдың  іші  болып,

сырты болмауы немесе сырты болып тұрып, іші

болмауы мүмкін  де емес.  Ондай диссонансты

Абай гармониясы көтермейді.

Рас, алғашқы әзірде, өлең дүниесіне қадам

басқан кезде, шағатай қармағына Абай да ілінген.

Бірақ,  көп  ұзамай  ол  қармақтан  бұлқынып

шығып кеткен сияқты. Әзірге белгілі бір кезеңіне

жататын үш-ақ өлеңі бар. Оның да бірінің бас-

аяғы жоқ. Бірақ, осы аз өлеңінің өзін жазылған

мезгілдері мен формалары арасындағы үйлесімі

жағынан алып қарағанда, шағатай қаумасынан

Абайдың бір аттаса-ақ шығайын деп тұрғанын

көру қиын емес.

Үш  өлеңінің  екеуі  1858  жылы  (13

жасында) жазылған да, қалған біреуі бұдан алты

жыл кейін 1864 жылы жазылған. Міне, осы алты

жылдың өзі шағатай әдебиеті мен Абай арасында

едәуір  сына  болып  табылған.  1858  жылы

жазылған өлеңдерінің екеуі екі басқа өлең екеніне

ешкім таласа алмас. Өйткені бірін қызға айтқан

да, біреуі иран-шағатай ақындарына арналған.

Екі өлеңнің өлшеуі де екі басқа. Бірақ солай бола

тұрып, осы екі өлең бір-біріне сондай ұқсас, бұл

ұқсастықты әлдеқалай бола қалған деуге сияр

емес. Бұл екеуінде мезгіл бірлігіне Абайдың әдеби

көзқарасының, әдеби техникасының бірлігі де

сай келіп, ол Абайдың қай Абай екенін айтып

тұр.  Ол  –  иран,  шағатай  әдебиетінің

классиктерімен  танысқан,  оларды  ұғынған,

шеберлігіне қол қойған, сондықтан:

Физули, Шамси, Сайхали,

Науаи, Сағди, Фирдоуси,

Қожа Хафиз – бу һәммәси

Мәдет бар, я, шағири – Фәрияд»,

– деп, солардан мәдет-жәрдем тілеген Абай. Ол

–  әлі  бұлардың  өнеріне  осы  көзімен  қарауға

шамасы келмеген, тек еліктей берген Абай.

Міне, бұл Абай өлеңдері осы екі өлеңі –

шын  мағынасымен  шағатайша  шыққан.  Өлең

ұйқасымының  лажсыздығы  (заруата  шағрия)

қуып  әкеп  таққанда,  әсіресе,  артықша  орын

алатын араб-парсы сөздері шұбар тіл керек пе?

Халық  метрикасын  менсінбей,  ғаруз  өлшеуін



8

АБАЙТАНУ


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет