Issn 2308-0590 Индекс 74661 редакциялық кеңес мағауин Мұхтар



Pdf көрінісі
бет13/14
Дата03.03.2017
өлшемі1,98 Mb.
#6208
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14

2014 №1 (22)

ӘОЖ  821.512.122



Мақалада ақын, журналист, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Әбубәкір Қайранның

өлеңдер мен толғаулары туралы автордың терең талдаулары орын алған.

Тірек сөздер: Ә.Қайран, толғау, ақын, поэзия.

77

ӘДЕБИЕТТАНУ ЖӘНЕ ТІЛ БІЛІМІ

жазады.


Әбубәкір 

Қайранның 

өлеңдері

оқырманының  санасында  алқара  аспанды  қақ

тіліп,  ағып  бара  жатқан  жұлдыздай  із

қалдырады.  Ойландырады.  Жүрегіңнің

түкпірінде  әлдеқашан  ұйықтап  қалған,  сезім

ұяшықтарын  оятады.  Қоғамда  болып  жатқан

жайттарға  жүрегін  ауыртпай  қарай  алмайтын

ақынның  қай  жинағын  алып  оқысаңыз  да

міндетті  түрде  сол  болған  оқиға  туралы  ақын

жанының  тебіренісін  табасыз.  Ақынмен  бірге

егілесіз, қайғырасыз, болмаса қуанасыз.

Әбубәкір  Қайранның  ақындық  сүрлеу-

соқпағы  қазақ  өлеңінің  күре  даңғылына  небір

асу  белдерді  басып  келіп  қосылған.  Оның

балалық  бал  дәурені  Тарбағатай  тауларының

бөктерінде, қазақы қаймағы бұзылмаған ауылда

өтуі  Әбубәкірдей  ақынның  «ой  қазанына

түскенде,  бұрқ-сарқ  қайнап,  асылдарын

қақпақтан 

асыра 


лақтырмасқа 

шара


қалдырмағандай».

Қазақ  по эзиясы  –  т амырын  тереңге

тартқан, көркемдік дәстүр жалғастығы арналы,

жеке тұлғалары дараланып көрінген поэзия.

«Не  үйренсең  де  алдыңда  үлгі  тұтар

нысанаң болсын, содан үйрен, соған қарап өркен

жай. Ондай нысана біз үшін Абай болмақ» [2,

11  б.]  –  деген  еді  қазақ  ойшылы  Шәкәрім

Құдайбердиев.

Ақын  Әбубәкір  Қайран  по эзиясынан

жоғарыда  айтылған  Шәкәрім  пікірін  берік

ұстанғаны  айқын  аңғарылады.  Елі  үшін  терін

төгіп жүрген ақын шығармашылығы жайлы сөз

қозғамау  мүмкін  еме с.  Сол  с ебепті  о сы

мақаламызды 

«Әбубәкір 

Қайранның

шығармашылық ғұмырбаянына» арнадық.

Әбубәкір  Қайран  әдебиет,  өлең,  ақын

жайында былай дейді: «Әдебиет өзенінің арнасы

анау-мынауға бұрылып кететін арық-жыра емес.

Бұл  –  Тәңірдің  өзі  қасиетті,  қалаулы  қолымен

жасаған терең де тентек, арналы да адуын дария.

Ол  мыңдаған  жылдар  бойы  аласапыран

замандардың  тепкі-тегеурініне  төтеп  берген

және әлі төтеп береді. Қазіргі кезде қалам ұстап

жүрген үлкенді-кішілі ақын-жазушылардың бәрі

бірінші тәңірге, екінші өлең – арнаға табынсын»

[3].

Әбубәкір  Қайран  халықаралық  «Дала»



журналында,  со ндай-ақ  «Қазақ  т арихы»

журналында  бас  редактордың  орынбасары

қызметтерінде  де  терең  шығармашылық

шеберлігін  шыңдайды.    1980  жылы  «Бастау»

сериясымен тұңғыш кітабы жарық көрген. «Ақ

сәуле», «Мазасыз әлем» және балаларға арналған

ұжымдық жинақтарда өлеңдері жарияланады.

Ақын  көптеген  республикалық  жыр

мүшәйраларының  жеңімпазы,  2003  жылы

Махамбет  Өтемісұлының  200  жылдығына

арналған жыр мүшәйрасында бас жүлдені жеңіп

алды.


Жақында  «Кенесары»    атты  үлкен

дастанды тәмамдаған ақын Әбубәкір Қайранов

баспасөз саласында сарсыла еңбек етіп келеді.

Кезінде  «Жалын»  баспасында,  «Балдырған»,

«Қазақстан  мектебі»  журналдарында,  «Қазақ

әдебиеті» газетінде абыройлы қызмет атқарды.

Қай  заманның  болсын  қалтарыс,

бұлтарысындағы қалт еткенді қапы жібермейтін

ақын  жүрегі,  «Ерасыл»  атты  өлеңдер  мен

балладалардан  жинақталған  кітапта  да  ақ

жарылып, өршіл өлеңдерін өлмес рух деңгейіне

көтеріп,  елеңдеген  оқырманға  енші  берердей

еңселі, есті дүниелерді ұсынады.

«Арбаусыз  көзім  –  шындығым»,

«Қансырап қонсам – ұшпаймын», «Жанарымда

жасы  қалды  жаңбырдың»,  «Балладалар»  атты

төрт бөлімнен тұратын жыр жинағы үшін 2004

жылы  халықаралық  «Алаш»  сыйлығының

лауреаты  атағын  алған  жерлес  ақын  бүгінде

ғылыми-педагогикалық  «География  және

табиғат»  журналының  бас  редакторы  болып

қызмет істейді.

Кейінгі  он-он  бес  жылда  қазақ  өлеңі

көркемдік  бейнелеудің  жаңа  көкжиектеріне

көтеріліп,  жан  мен  жүрек,  о й  мен  се зім

үйлесімінің  үлкен  биіктерін  игерді  десек,  осы

тұрғыда  талмай  ізденіп,  талайлы  табысқа

жеткен  тамаша  талант  иесі  ақын  Әбубәкір

Қайран  екеніне  оның  2008  жылы  «Жазушы»

баспасынан шыққан «Мен ғашықпын ғаламға»

жинағындағы  жырлары  куә.  Жинақта  терең

тебіреніс,  телегей  толғаныстан  тумаған  бірде-

бір туынды жоқ. «Табиғатымның алдында» деп

басталатын бірінші бөлімде:



2014 №1 (22)

78

Шаттығым...

Және бар қайғым.

Жерікпін  –

Нұрға қанбаймын.

Құлазып батқан күндеймін,

Қуанып атқан таңдаймын.

Табиғатымның алдында

Мақтана, сірә, алмаймын,

Ақтала дағы алмаймын [4,3]!-

деп  шайыр  өзі  жайлы,  уақыт  жайлы,  қазіргі

өзгеше заман халі жайлы шалқыған шабытпен,

шалқар оймен шынайы жырлайды.

Ақын  «Кенес ары»  сынды  көлемді

шығармалары арқылы қазақтың өткен тарихына

саясат  жасайды.  Қазақ  тарихында  есімдері

ұмытылмауға  тиісті  тарихи  тұлғаларды,

құрметпен аталуға тиіс қазақтың ерлерін жырға

қосады.  Бұл  тұрғыда  Әбубәкір  Қайран  поэма

жанрына да қалам тартқан.

Өз замандастарынан озық  ойлы, зерек те

қабілетті  жас  ең  алғашқы  өлеңдерін  5-сынып

оқып жүрген кезінде жаза бастаған. Тырнақалды

тұңғыш  өлеңі  –  «Тау  өзені»  сол  кездегі

«Қазақстан пионері»  (қазіргі «Ұлан») газетінде

жарияланған.

Жас  талапкер  сол  өлеңінде  өзінің  тау

өзеніне деген құштарлығын былай бейнелейді.

Тау өзені бұрқанады гүрілдеп,

Айбатынан құз-жартастар дірілдеп.

Сескенесің қобалжиды жүрегің,

Түсіп көрші, мықты болсаң, бірің кеп! [5,

7].

Міне,  болашақ  ақынның  өлеңіндегі  тау



өзенінің  суреті  көз  алдыңа  келе  қалғандай.

Жалпы, табиғаттың арасында өскендіктен, ауыл

баласы арманшыл әрі өршіл келеді. Сондықтан

ақынның бала кезінен табиғат суретіне ынтық

болғаны  заңды.  Осы  өлеңінен-ақ  Әбубәкір

Қайранның  Ыбырай мен Абайға еліктегені және

солардан сусындағаны анық байқалады.

«Өнер дегеніміз, өлең дегеніміз еліктеуден

басталады  ғой»,  –  дейді  ақынның  өзі.  Өршіл

ақын  өзінің  өмір  сүрген  табиғи  ортасына

қашанда  ынтызарлықпен  көңіл  бөлген.  Тау

суреті,  дала  дидары  сол  бала  шағынан  бастап

көкірегіне ұялап қалған іспетті.

Ол  өзінің  «Биік  таулар»  атты  мына

өлеңінде былай деп толғанады:

Биік таулар

Биіктігін бұлдай ма?

Бұлдар болса –

Көркін мақтап тұрмай ма?!

Бұлт  шақырып,

Басына орап алады,

Көк заңғарын көрсетпейді мұндайда.

Аспан ашық,

Сағым көшіп жатқанда.

Тебіреніп,

Тербеледі тастар да.

Биік таулар кейде батыр сияқты,

Бата тілеп, қолын созған аспанға! [5,21].

Бұл өлеңнен жас ақынның балаң көңіл жас

жүрегінен  шыққан  табиғат    суретіне  деген

тамсанысын  ғана  емес,  адамдық,  азаматтық

көзқарастарын  да  байқағандаймыз.  Биік

таулардың  өзін-өзі  мақтап,  мадақтап-

масаттанып    тұрмай,  керісінше,  өз  келбетін

бұлттармен, сағым шымылдығымен бүркемелеп

алатындығын  аңғардық.  Алайда,  ақын  өлеңін

оқыған әрбір оқырман биік те асқақ таулардың

тәкаппар  емес,  батырлық  пен  байсалдылықты

танытатын табиғи  құдірет екенін  түсінеді. Тау

–  асқақ,  заңғар  көкті  жырлап  тұрған  ақын  да

асқақ  деп  ұғамыз.  Биікке  қол  созған  өршіл

суреткердің осындай асқақтығы тау баласы, кең

дала  баласы  болғандығынан  да  болса  керек.

Табиғаттың  берген  таланты  мен  дарыны

дарыған  ақынның  туындыларынан  осал  жыр

тумаса керек.

Ақын  өлеңінде  «биік»,  «көк»  сияқты

эпитеттерді символика негізінде қолданса, биік

тауларды  бата  тілеп,  қолын  созып  тұрған

батырға балайды.

Қазіргі қазақ өлеңі өрелі де өрнекті кесте,

жаңаша  түр,  өзгеше  үн  тауып,  ұлттық  көркем

ойды  байытып,  жыр  шалқарына  өзіндік

қайталанбас інжу-маржандарын тарту етуде.

Өлең  өлкесіне  1980-90  жылдарда  қадам

басқан  жас  толқын  қаламгерлеріміз  ұлттық

поэтикалық  дәстүрімізді алға  дамыта  отырып,

озат  ойлы,  еркін  үнді,  айтар  ойын  ірікпей,

замана шындығын, қоғамдық  ой-пікірін ашық

ӘДЕБИЕТТАНУ ЖӘНЕ ТІЛ БІЛІМІ

2014 №1 (22)


79

жеткізетін,  қанжардай  қадап  айтар  қуатты

жырдың,  қылыштай  қиып  түсер  өткір  сөздің

иелері бола білді.

1980  жылдардың  басында  семейлік

студент  Әбубәкір  Қайранның  «Бастау»  атты

жұқа ғана жыр жинағы басылып,  жиырмадағы

бозбала жаңалыққа құлағы түрік жастарды –

Ауыл қандай,

Ауылдағы жұрт қандай?

Сенің ғана намысыңды жыртқандай [1,108],-

деп жігерлі жырларымен елең еткізген.

Ауыл  баласына  ауылдың  алтын  арқау

тақырып  болуы  –  заңды.  Ауыл,  ел,  жер  киесі

талант  қаламына  қанат  бітірді.  Ауыл

тақырыбына  «Ескі  үй»,  «Жұт»,  «Алыс  ауыл»,

«Армысың    менің,  ақ  төрім    «Ақсуат»  деген

өлеңдерін  жатқызуға  болады.  Ақын  «Ескі  үй»

атты өлеңінде:

Бар адамға тілейтұғын амандық,

Аластайтын келмесін деп жамандық.

Анам байғұс отыратын мынау жер

Құлазып тұр, құлап қалған қазандық [1,111],-

деп, өзі түлеп ұшқан ұясына деген жан сезімін,

сағынышын осылай жеткізеді.

«Армысың  менің,  ақ  төрім  –  «Ақсуат»

деген өлеңінде:

Аспаның маған дегендей-ақ шуақ төгем.

Аңсарым жаным – арасы Қарғыба, Боғас –

Қорғалжың деген қорықтан жақсырақ дер ем

[1, 88 б.], - дейді.

Ақын 


Әбубәкір 

Қайран... 

Оның

өлеңдеріндегі «көк бөрілік» рухымызды қасиет



тұтатын арда мінез өмірден көрген өнегелерінен

тамыр тартады. Ол мінезді дарытқан өзінің өлең

жолдарындағы  «көкпаршы  мен  атбегінің

әулеті», «киелерге – түйелерге иегер, қабағынан

қар бораған қара шал». Бұл – тілге ұста, ділде

нұсқа  әкесі  Рахметолла.  Маң  даладағы  түйе

қора, құтырынған буралардың арасында жүрегі

шайлықпас, ат жалы, түйе  қомын жолдас етіп

өскен өжет бала осы Әбубәкір еді. Иә, кейінірек:

«Ғашық  еді  бар  сәулеге  жүрегім,  –  Ашық  еді

Ақсуаттың  аспаны»  деп  сағынышты  жырына

қосатын киелі атырап осы. «Тарбағатай сынды

қара нар таудың қос қапталында сүйретіліп соры

кеткен  қазақтың»    мұңын  да  осы  туған  жерде

ұққан-ды.

Шегірткелі, шеңгелді, шұбар шилі,

Жерімді аңсап жүрегім сыңарсиды.

Өзегімді өртесе өткен күндер,

Өн бойымнан өлең мен мұң аңқиды» [1, 124],

–   деп  өзі  айтқандай  Әбубәкір  ақынның  жан

жүрегін  тек  өлеңнен  ғана  балқытып  құйып

жаратқандай боп көрінеді.

Қара жерден үзілсе қайран табан,

Тікенегін жерімнің қайдан табам?!

деп ағынан жарылатын ақын туған жерді, өмірді

өртене сүюден танған емес.

Әбубәкірдің  «бауырсақтай  бауырмал»

жүрегі:


Терек діңін кісі екен деп,

Жапырағын құс екен,-

деп  қалатын  лүпілдеген  ағынды,  аңсарлы

шақтары да осы.

Әдебиеттанушы 

ғалым 


Қайым

Мұқаметханов пен қара сөздің қас шебері Төкен

Ибрагимов  болашағынан  үміт  күтіп,  жақсы

көріп, талай дәрістерін тыңдатушы еді. Ағалар

алдында  бұл  жасындай  жарқылдап,  жосылта

жыр  оқитын.  Әсіресе,  Алаш  арыстары  Ахмет

Байтұрсынов,  Міржақып  Дулатов,  Мағжан

Жұмабаев жайында сол 19-дағы отты шағында

алғаш  Қайымдай  қайраткер  ағаның  аузынан

естіп есейген болатын.

«Белгілі  мәтелді  сәл  бұрып  айтс ақ,

ақындар  ауылда  туады,  астанада  қанаттанады.

Әбубәкір Алматыға алғаш 1977 жылы жас ақын-

жазушылардың кеңесіне  келді. Оған  прозамен

қатысып,  «Көк  бура»,  тағы  басқа  әңгімелері

Оралхан,  Қалихан  сияқты  майталмандардан

мақтау  есітті.  Жұрт  жиыла  қалған  жерлерде

өлеңін  дүрілдете  және  оқып  жүрді.  Жатқа

оқитын.  Арқаланып,  аруақтанып,  көзінен  от

шашқан  ғажайып  шабытпен  буырқанып,

көмейінен  лықсытып  селдете,  тау  өзеніндей

күрілдеп, тасып оқушы еді» [6].



ӘДЕБИЕТТАНУ ЖӘНЕ ТІЛ БІЛІМІ

2014 №1 (22)

80

Жақсылық көрсе жанын салып қуанатын

абайтанушы-алаштанушы  ғалым  Тұрсын

Жұртбай:  «Прозаңды  білмеймін,  өй,  с ен

ақынсың ғой» деп қолынан жетелеп жүріп өлең

оқытып, көп ақынға таныстырды, әдеби ортаға

араластырды.  Ғафу  Қайырбеков,  Қадыр

Мырзаәлі ақындар «Бәрекелді!» дескен. Өлеңді

шындап осыдан соң бой салып жаза бастағаны

және  рас.  «Жан  баспаған  жасыл  бар,  мен

табамын!»  деген  сертті  сөзін  айтып,

ақындықтың мият жайқынына құлаш ұрған [6].

Жан  баспаған  жасылды  Әбубәкір

Қайранов тапты. Ол – өзгеге ұқсамайтын өзінің

ерекше  ақындық  әлемін  жасады.  Өмірін

өлеңінен,  өлеңін  өмірден  әсте  бөлектемейтін

талант  жырларындағы  асқақ  рух,  мөлдіреген

мейірім,  қазақы  қуақылық,  шыншылдық  пен

шынайылық  ұлттық  по эзиямыздың  әр

ке зеңіндегі  ең  бір  жарқын  беттерді  еске

салатындай.  Асылы,  ол  Қасым,  Мұқағали,

Төлеген,  Жұмекен,  Жұматай  ақындардың

жұлдызды  шоғырымен  үндес,  рухтас.  Ақын

жүрегінің  айнымас  темірқазығы  парасат  пен

ақиқат  нысанасынан  әсте  адастырмайды.

Шабытты шақтарында «әлемнің бүкіл ақ нұрын

бо йына  жиып,  ғарыштан  келген  сияқты

ғажайыптанады».  Көлгірсуге  жаны  қас.

Поэзияға  дәл  Әбубәкірдей  адал  ақын  сирек.

Оның  өлеңдерінің  аңсары  биік,  алауы  –  ақ

жалын,  шабыты  –  сәулелі  с езімдердің

толастамас  ағыны.  Ол  «сәукеледен  сығалаған

сәулелі  ойға»  сүйінеді,  «әйел  тұрмақ,  еркек

біткен  сыбырлап»  кетсе,  күйінеді.  Кей-кейде:

«Ең тәтті дәм – өмірдің уы ғана!» деп ащы айтып,

ақиқатқа  жүгінеді.

Жүректің осы күйзелістерін

Ұл боп туып қатынынан қазақтың,

Құл болуға тиісті едің сен неге?-

деген шырқыраған жанайқайға жеткізеді.

Әбубәкірдің сексенінші жылдардағы алау

шабытының  серт  семсеріндей  «Қасқыр»,

«Аспан»  атты  ғажайып  өмір  гимні  сияқты

өлеңдерін  білмейтін  адам  кемде-кем.  Белгілі

ақын Бауыржан Жақып сол шақты қазір:

«Қасқыр» мен «Аспанды» оқып біздің

Әбіш,

Қарсы келген жауын да құлататын,-



деп еске алса, сонысы нағыз шындық болатын.

Маңғыстаулық бөлекше дарын Советқали

Нұржан  да  осы  пікірді  қуаттап,  «Мұқағали

қарғып  тұрып  сұраса,  жыр-ғұмырыңды

жалғастырған  Әбубәкірің  бар  деп  айтармын»

деп толғаныпты.

Ал, Көкшетаудағы батыр мінезді Баянғали

ағасы  сол  жалынды  жырларды  еске  алып,

жүрегін былайша бүлкілдетеді:

Ақ қағазға түспеген мен дастан боп,

Таңғажайып сәттер өтті бастан көп.

Әбубәкір ақын інім екеуміз,

Түнгі бақты кезуші едік мастау боп.

Аппақ қарға аунап жата кетуші ек,

Өлең оқып: «Аспан! Аспан! Аспан!» деп.

Жыр  құдіреті  жүректерді,  міне,  осылай

елжіретеді.

Әбубәкірдің  өмірде  таусылмас  мұңы  да,

сарқылмас  ғажабы  да  –  қазағы.  Сол  үшін

қаракерей  Қабанбай батыр  рухына  шағынады.

1986 жылдың желтоқсанынан кейін албан Ұзақ

батырдың ақырғы сөзі болып шамырқанады.

Қазақ деген азап көрген арыстан.

Есіркей гөр жарық таң!..-

деп болашағынан үміт етеді. Әбубәкірше айтсақ:

Халықтың орны өлшенсе өткеніменен –

Бұл қазақ бүгін табысты көктеміменен.

Әбубәкірше толғасақ:

Халықтың орны өлшенсе болашақпенен,

Шын қазақ болып қалуға жарасақ дер ем…

Бүгінгі ұлт мұратын осынау ақжүрек ақын

сөзінен асырып айту қиын.

«Осыдан  төрт-бес  жыл  бұрын  ғана

Алматыдағы Ғалымдар үйінде шығармашылық

кешін  табысты  өткізіп,  «Мен  ғашықпын

ғаламға!» деп жар салған ақын жаны мазасыз.



ӘДЕБИЕТТАНУ ЖӘНЕ ТІЛ БІЛІМІ

2014 №1 (22)

81

Осынау  халқын  сүйген  қалтқысыз  ақынның

жантебіренісіне біз де қосылып:

Елдік пен ерлік

Байқалар әлі,

Шайқалар әлі талай көк.

Кеткенін халқым қайта алар әлі,

«Алла!» деп... Сонсоң «Абай!» деп,-

біз де Әбубәкірге ілесе қайталағымыз келеді» [6]

дейді Қорғанбек Аманжол.

Әбубәкір  Қайран  өлеңдерін  поэзияны

сүйетін барша қауым сүйсініп оқиды, ақындық

талантын мойындайды. Дегенмен ол:

Мен де жұрттың біреуі безектеген,

Жылап тұрып жауыма кезек берем.

Арлы болғым келген соң тірлігімде,

Артта жүріп, аяңдап тезек терем,-

деп  өзі  айтқандай  «нағыз  тұлпар  бойын

жасырып  ұстайды»  демекші  ақын  тасада

жүргенді  қалайды.  Бірақ  оның  өлеңдері

республикалық басылымдарда жиі жарияланып

тұрады.  Соған  қарамастан,  күні  бүгінге  дейін

оның шығармашылығын жан-жақты талдаған,

тұшынып  оқитын  көлемді  сыни  мақалаларды

баспасөз беттерінен  кездестірмедік.

Әбубәкір  ақынның  жаны  –  жомарт,  өте

нәзік,  тым  сезімтал.  Өлеңі  –  өзі,  өзі  –  өлеңі.

Өлеңдерін  оқыған  кезде  ақынмен  бірге

шаттанып  немесе  мұңға  бөленесіз.  Оның

поэзиясы – тұнып тұрған лирика.

Жұртым тыныш, ел аман,

Көңілім менің неге алаң?

Деймін бе ертең жоғалам,

Деймін бе ертең тоналам,

Көңілім менің неге алаң.

Жұртым деп жүрегі тебірене соққан алаң

көңілді  ақынның  түнге,  күнге,  далаға,  қалаға,

табиғат мезгілдеріне арналған, тіпті әлеуметтік

тақырыптардағы  өлеңдері  болсын,  бәрі-бәрі

оның  жан-сезімі  мен  көңіл-күйіне  бөленген

жырлар болып келеді.

Көгімде күн бар,

Көрімде түн бар, білемін.

Көзімде мұң бар,

Сезімді тыңдар жүрегім.

Өлең – өрнегім,

Өлген – көнгенім.

Жалғаусыз төзім,

Арбаусыз көзім – шындығым.

Алдаусыз сезім,

Жалдаусыз сөзім – мұң, жырым [1, 4 б.],-

деп поэзия құдіретін үнемі өлеңіне арқау еткен

ақынның өмірлік кредосы осы өлеңге сыйып тұр

деуге болады.

Әбубәкір Қайран «Ертіс өңірі» [7] газетіне

берген сұхбатында тілші- журналистің:

Алдымдағы күбірден қорқам,

Артымдағы дүбірден қорқам, -

дегеніңіз  не?  -  деген  сұрағына  «Алдымдағы

ағаларым күбірлеп ұрсатын сияқты, артымдағы

інілерім өкшемді қанатып, бол-болдың  астына

алып,  дүбірлетіп  келе  жатқан  сияқты»  деуі,

алдымдағы  ағаларым  бізді  ініміз  деп  сенім

артса, өзім кейінгілерге, заманға сай, үлгі тұтар

ақын ағасы болсам» дегенін аңғартса керек.

Филология  ғылымдарының  кандидаты

Сайлау  Қажыбекұлы  Әбубәкір  Қайран  туралы

былай деген: «Қара қылды қақ жарған алдаспан

жүзді»  жырымен  елудің  белесіне  ат  ойнатып

шыға  келген  ақсауыт  ақын  Ақсуаттың  кешегі

Әбіші, бүгін «Арманға ғашық, нұрға асық жыр

–  Музамен  сырласқан»,  «По эзия  маған

пайғамбарымдай,  анамдай»  деп  сыйынған,

ұлттық поэзиямызға құнарлы қазына сыйлаған

ақсауытты,  алдаспан  жырлы  ақын  қазақтың

Әбубәкір Қайраны» [7].

Әбубәкір ақын  шабыттана жыр  төккенде

аласапыран дауыл туғызады.

Мен дауылдың ұлымын,

Тұра алмаймын дауылсыз.

Қарсы алуға дайынмын,

Соқса да дауыл дамылсыз [8, 90],-

деп дауылды Ерлік  пен Намыстың символына

айналдырған дауылпаз ақын Қасымның «Өртке



ӘДЕБИЕТТАНУ ЖӘНЕ ТІЛ БІЛІМІ

2014 №1 (22)

82

тиген дауылдай өлеңіне» үн қосып:

Мен де ғашық құдіретке,

Дауыл қандай құмар болса.

Мен дауылға сыңар болам,

Дауыл маған сыңар болса [4, 15],–

деп жырлайды.

Белгілі  ақын  Бауыржан  Жақып  ақынға

арнау өлеңінде былай деп жырлайды:

Семейің қарағайдан ән ұшырды,

Ертістей таптың жырдан ағысыңды.

Саңқ етіп, өзің өлең оқығанда,

Таныды бүкіл қазақ дауысыңды.

Ә.Қайран  шығармаларымен  таныса

отырып, өлеңге өз үнімен келген, өз қолтаңбасы

қалыптасқан, айтары бар, ұлтжанды талантты

ақын  екенін  көруімізге  болады.  Ақын  қазір

толысқан  шағында  оның  қаламынан  әлі  де

өршіл,  дауылды  жырлар  туатынына  кәміл

сенеміз.


Халқының  қамын  ойлаған  Әбубәкір

Қайран 


сынды 

ақынымыздың

шығармашылығын  зерделеп,  кейінгі  ұрпақ  –

жырсүйер  қалың  оқырманға  таныстырып,

дәріптеу –  біздің міндетіміз.

Әдебиет

1Қайран  Ә.  Маңдайдағы  жазулар.  –

Астана: Елорда, 2003. – 216 б.

2  Құдайбердиев  Ш.  Шығармалары

(Өлеңдер,  дастандар,  қара  сөздер).  –  Алматы:

Жазушы, 1988. – 560 б.

3 Рамазан Д. Алдымдағы күбірден қорқам,

Артымдағы  дүбірден  қорқам  //  Ертіс  өңірі.  –

2004, 25 наурыз.

4  Қайран  Ә.  Мен  ғашықпын  ғаламға.  –

Алматы: Жазушы, 2008. – 160 б.

5  Қайран  Ә.  Бастау.  –  Алматы:  Жалын,

1980. – 60 б.

6 Аманжол Қ. Мен ғашықпын ғаламға //

Егеменді Қазақстан. – 2008, 27 ақпан.

7 Қажыбекұлы С. Ақсауыт ақын, Алдаспан

жыр // Ертіс өңірі. – 2008,  5 қараша.

8  Аманжолов  Қ.  Дариға  сол  қыз.  Өлең-

жырлар. – Алматы: Атамұра, 2003. – 212 б.

Resume

Резюме

ӘДЕБИЕТТАНУ ЖӘНЕ ТІЛ БІЛІМІ

2014 №1 (22)

В  статье  рассматривается  творчество  журналиста,  поэта,  члена  Союза  писателей

Казахстана Аубакира Кайрана.

The article discusses creative journalist, poet and member of the Union of Writers of Kazakhstan

Aubakir Kayran's.


83

А. ҚАЛИЕВА, филология ғылымдарының кандидаты

М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты

МӘТІНДІ КЕЗГЕН ЖАЛҒЫЗДЫҚ КӨЛЕҢКЕСІ

(Д.Амантайдың «Гүлдер мен хаттар» романы жайында)

Ұлттық  әдеби  үдеріс  ХХ-ХХІ  ғасырлар

тоғысында  елеулі  көркемдік  құбылыстарды

бастан  кешірді.  Өткен  ғасырдың  соңғы

ширегіндегі қоғамдық-әлеуметтік, саяси-мәдени

дағдарыстар салдарынан болған өзгерістердің,

шын  мәнінде,  әдеби-көркем  өмірде  бедер

таппауы,  оның  болмысына,  келешегіне  әсер

етпеуі  мүмкін  емес  еді.  Тәуелсіздікпен  бірге

келген  азаттық  рухы  сөз  өнерінің  де

тамырларына еркін бойлап, тұла бойын жайлап,

тынысын кеңейтті. Мұндай игі мәдени-рухани

түлеу  төл  әдебиеттің  сан  салалы  болып  өркен

жаюына, тың арналармен табиғи дамуына жол

ашты.

Егемендігін  нығайта  отырып,  жаһанмен



ашық  сұхбатқа  көшкен  қазақ  елінің  ендігі

тіршілік-тынысын томаға-тұйық қалпында көз

алдыңызға елестету қиын. Әдеби өмір аясында

зерделе сек,  әлемдік  пәлсападағы  соңғы

жаңалықтардың  бүгін  ұлт  руханиятын  сырт

айналып  өтуі  екіталай.  Жаһандық  рухани

кеңістікте  туындаған  алуан  түрлі  идеялардың,

біз қаласақ та, қаламасақ та, туған әдебиетімізге

тамыр жібере бастағаны рас.

Алғашында  ымырасыз  наразылықпен

қабылданған,  бүгінде  әдеби  полемиканың

нысанына  айналған,  ақыры  мәдени  ахуал

ретінде  бағасын  алып  байыз  тапқан

постмодернизм  өнер  сүйер  қауым  ортасына

көркемдік  жайлы  мүлде  тың  көзқарастарды

алып  келді.  Сайып  келгенде,  заманауи  әдеби

үдеріс  идеялық  қайшылығы  болғанымен,  бір-

бірін  мүлде  жоққа  шығармай,  дербес

қалыптарында  өмір  кешетін,  аракідік  өзіндік

үйлесім  тауып  жататын,  әйтеуір  әсіре

келісімпаздық  танытпас а  да,  үстемдікке,

жолындағыны  басып-жаншуға  ұмтылмайтын

«демократияшылдығы»  басым  көркемдік

бағыттар негізінде жүзеге асуда.

Постмодернистік әдебиеттің қалыптасып,

даму  жолдары  әр  мәдениетте  әрқилы  болып

келгенімен, олардың ортақ бір қабысар тұсы бар:

қай 


елдің 

руханиятында 

болмасын,

постмодернизм ұлт өміріндегі айрықша рухани

дағдарыстан кейін туындайды. Осы орайда ол

қоғамдық сананың тығырықтан шығуға саңылау

іздеген  өлермен  талпынысын  кейіптейтіндей.

Дегенмен, постмодернизмнің қазақ сөз өнерінде

«өсіп-өну» жағдайының өзіндік  сипаты да бар

екені даусыз.

* * *

Дидар  Амантайдың  2010  жылы  жарық



көрген  «Қарқаралы  басында»  атты  кітабына

жазушының  «Гүлдер  мен  кітаптар»  романы

(2003) мен «Мен сізді сағынып жүрмін» (2001)

повесі және осы уақытқа дейін жазылған отыз

жеті  әңгімесі  түгелдей  енген.  Шығармалар

жинағында  сонымен  бірге  қаламгердің  орыс

тілінде  жазылған  бірқатар  философиялық

эсселері мен ақ өлең үлгісіндегі туындылары да

ӘОЖ  821. 512. 122

  Мақала  қазақ  романының  заманауи  проблемаларына  арналған.  Автор  Д.Амантайдың

"Гүлдер мен хаттар" романындағы постмодернизм поэтикасын қарастырады.

Тірек сөздер: постмодернизм, әдебиет, Д.Амантай, "Гүлдер мен хаттар" романы.

ӘДЕБИЕТТАНУ ЖӘНЕ ТІЛ БІЛІМІ

2014 №1 (22)


84

қамтылған.

Дидардың  «Гүлдер  мен  кітаптар»  атты

шағын  романы  бүгінгі    әдеби  сында  түрліше

бағаланып жүр. Дәстүрлі роман жанры туралы

классикалық  теория  тұрғысынан  «Гүлдер  мен

кітапт арды» 

мо йындамайтындар 

да

(Д.Исабеков),  өзгені  қайталамайтын  айрықша



әдеби-көркем дүние ұсынғаны үшін (Г.Бельгер)

және  мазмұндық-идеялық  аспектіде  ұлттық

прозаны  жаңа  деңгейге  көтергені  үшін

(Ә.Бөпежанова) жоғары бағалайтындар да бар.

Қалай болғанда да, Д.Амантайдың «Гүлдер мен

кітаптар»  және  осы  тектес  «Тоты  құс  түсті

көбелек» (1996), «Шайтан  мен шайыр» (1998)

атты романдары ұлттық проза табалдырығынан

өзгеше көркемдік құбылыс  болып аттап, жаңа

дәуір  әдебиетінен  лайықты  орын  тапты  дей

аламыз. Бұған дейінгіні мүлде сызып тастамай-

ақ,  оқырман  қауым  назарын  өздеріне  аудара

білген  оқшау  әдебиет  көркемдік-эстетикалық

пәлсапаның  жаңа  арнасын  қалыптастыра

бастағаны рас.

«Гүлдер мен кітаптар» – идеялық тұрғыда

көп қырлы шығарма. Сан саламен өрбитін роман

идеялары  жазушының  бүгінгі  өмір,  руханият

(дін,  өнер  мен  әдебиет),  қоғамның  беталысы

жайлы  толғаныстарын  қамтиды.  Урбандалу

дәуірін  бастан  кешіріп  жатқан  қазақ  қоғамы

бүгін эпикалық құлашы кең романдарды, қалың-

қалың  кітаптарды  қажетсінбейді  деп  түйген

қаламгер  мәдени  парадигмалар  ауысымында

өнердің  эстетикалық,  т ағылымдық  мәні

құнарсыздана  бастағанын  зор  өкінішпен  тілге

тиек етеді. Замана желімен жарыса түлкі бұлаңға

салынған 

қоғам 

үшін 


құндылықт ар

иерархиясының  қайта  түзіліп,  танымастай

құбылғанына арзу айтқан қаламгер позициясы

романның баяндау стиліндегі айықпас мұңнан,

автордың  бейне  бір  мәтін  кеңістігіне  түскен

көлеңкесіндей 

Жалғыздықтан 

айқын


аңғарылады.  Бірнеше  идеялық  арнаның  қатар

дамыған,  өзара  шатысқан  өрімі  түбі  бір

түркілердің Көкбөріден тарауы, олардың қазақ

топырағына  ислам діні  келгенге дейін  Тәңірге

табынғаны  туралы  ой-түйткілдерді  тарата

баяндайды. Көз алдындағы қоғам тіршілігінен

жаны  түршіккен  кейіпкер  –  Әлішер  есімді

жазушы өмірдің мәні, болмыс құпиясы туралы

терең  толғаныстарға  беріледі.  Тұрлаусыз

Дүниеден  түңілген  Әлішер  айналасына,

барлығына күмәнмен қарайды. Өз түсінігіндегі

айрықша мәнге ие Құдай, автор, ізгілік сынды

құдіретті  тұғырнамалардың  қоғамдық  санада

теңселіп,  өлім  аузында  тұрғандығына  көзі

жеткен  зиялы  жігіт  өмірден  баз  кешіп,  оның

жалғандығына,  қисынсыздығына  мойынсына

бастайды.  Ғұмырлық  кітабына,  тіпті  өзінің

қасиетті  миссиясына  балаған  «Тәңірдің

Кіт абын»  жазып  шығуға  бел  буған  жігіт

романының соңғы нүктесін қоя алмай, рухани

әуре-сарсаңға түседі.  Ізденістер мол, тек белгілі

бір байлам жоқ, себебі кейіпкер көкейінде күмән

көп.  Ажары  қайтып,  қиюы  қашқан  тіршілік

базарының  бей-берекет  көрінісі  ақыры  оны

өлімге итермелейді.

Үш  бөлімнен  тұратын  «Гүлдер  мен

кітаптар» романының көлемі шағын. Жанрлық

табиғаты  жағынан  роман  модернистік,

постмодернистік  синтез  үлгісін  аңдатады.  Әр

бөлімі  бірнеше  қысқа  әңгімелерден  құралған

роман  мәтіннің  бастан-аяқ  тұтастай  оқылуын

қажетсінбейді. Кей тұстары зияткерлік деңгейі

(эрудициясы)  жоғары  оқырмандар  ортасына

ғана  қызықты  материал  болғандықтан,

интеллектуалдық прозаға жататыны рас. Автор

ғылымнан  –  заманауи  озық  философия  мен

филологиядан,  әлем  әдебиетінің  тарихынан

хабары  бар  зиялы  қауыммен  арада  диалог

орнатуды мақсат еткен.  Жалпы алғанда, автор

өлімі, роман поэтикасы және өзге филологиялық

мәселелерге,  дінтануға,  кітап  тарихына,

гүлдерге  қатысты  ой-толғамдарға  құрылған

жекелеген  мәтіндердің,  интермәтіндердің

ұшырасуы  шығарманың  по стмодернистік

поэтикаға сәйкес әрқилы оқырмандар ортасына

арналғандығын айғақтайды.

Әлем  әдебиетінде  жазылу,  оқылу

техникасы алуан түрлі роман үлгілері кездеседі.

Роман-кро ссворд  (М.Павичтің  «Пейзаж,

нарисованный  чаем»  романы),  роман-

комментарий (Е.Поповтың «Подлинная история

Зеленых музыкантов» романы) және т.б. - белгілі

бір  мөлшерде  оқырманның  тікелей  рухани

ізденісін,  көркем  шығармашылыққа  қатысуын

қажет  ететін  туындылар.  Осы  орайда

Д.Амантайдың  «Гүлдер  мен  кітаптары»



ӘДЕБИЕТТАНУ ЖӘНЕ ТІЛ БІЛІМІ

2014 №1 (22)

85

оқырман  қабылдауы  барысында  түрлі  «тосын

сыйларға» толы болғанымен, дәстүрлі сызықтық

баяндауға  (оқиға  динамикасы,  басы  мен  аяғы

бар) негізделген.

«Қай  тақырыпта  қаламыңызды  қалай

сілтесеңіз де қазір, алайда, ешкімді таң қалдыра

алмайсыз. Барша алабөтен озып шыққан кітап

оқырманға  тек  басқа  кітаптар  жайында  ғана

әңгіме  қозғайтын  секілді  және  сол  ізденімпаз

қаламнан  туған  кез  келген  кітаптың  мазмұны

басқа  кітаптардың  мазмұнынан  құралатын

тәрізді.  Тіпті,  кітаптың  ақырзаманына  келген

сықылдымыз.  Енді  игеретін,  жаңалық

тудыратын тың тақырып, жаңа форма, озық үлгі,

өзгеше тіл қалмаған құсап көрінеді де тұрады.

Тек  әрбір  кітап  құрылымын,  рисале  желісін

реттік  санымен  белгілеп  қо йып,  түрлі

құбылмада  түрлі  ғайыр  кітап  жасап,  қайтара

бұзып, ойда жоқта кездейсоқ санын, тосын ретін

шығарып,  тәртіпсіз  айналған  жұмбақ

таңбалардан жаңа мақтұбат тауып отыруымыз

ғана қалған секілді» [1, 46], - дейтін кейіпкер-

жазушы (Әлішер) сөздері «Гүлдер мен кітаптар»

романының  да  ішкі  құрылымдық  ерекшелігін

айқындайтын тәрізді. Әуелі логикалық тұрғыда

жоспарланып,  жазылып,  кейін  саналы  түрде

бөлшектеліп, 

сапырылыстыра

монтаждалғандай, 

бір-бірімен 

кейде


қиыспайтын мәтін телімдері мен интермәтіндер

тізбегі  (григориан  кестесі  негізінде  түзілген

түркі  күнтізбесі, қасиетті  кітаптардан  алынған

үзінділер, гүлдерге, кітап атауларына, олардың

авторларына  қатысты  ұзын-сонар  тізімдер)

романның біртұтас көркемдік жүйесін құрайды.

Яғни,  бей-берекет  жүйесіздіктің  өзі  мұнда

алдын  ала  о йластырылған  жүйе  болып

табылады.  Мәтін  ойыны,  соның  нәтижесінде

оқырманмен  ойын  романда  Әлішер  жазып

жатқан  «Тәңірдің  Кітабы»  романына  қатысты

өрбиді.  Оқылу  техникасын  әдейі  күрделендіру

арқылы  жазушы  шығарманың  о йындық

табиғатын  жетілдіру  үшін  түрлі  амалдарға

барады.  Оқырманның  романды  қабылдау

барысында 

шашыраңқы 

орналасқан

эпизодтардан ортақ мағына, тұтастық іздеп, бас

қатыратыны  өз  алдына,  автор  оны  кей  кезде

қилы эмоциялық толқуларға салады: байсалды

баяндалып,  оқиғасы  тартымды  өріліп  келе

жатқан роман ішіндегі роман бір мезетте жоққа

шығарылады  да  қайта  жазылады  (мәселен,

романның жазылған және оқырман тарапынан

қабылданған  нұсқасын  кейіпкер  жыртып

тастайды не өртейді).

«Гүлдер  мен  кітаптар»  романындағы  ең

негізгі  зерделеу  нысаны  –  мәтін.  Адамзат

мәдениетінің, дінінің тарихы мен жер бетіндегі

кітап  тағдырына  шолу  жасай  келе,  осы  көп

бағытты  пайымдарының  астарында  автор

түркілер  шежіресі  мен  тәңіршілдік  туралы

толғамдарын тұрақты түрде дамытып отырады.

Романдағы  қат-қабат  бірнеше  мотивтердің

ішінде  басыңқы  сипатқа  ие  түркілік  сарын

туралы түйінді пікір, сірә, келесісі болса керек:

«Тәңірді  ардақтаған  кітап  –  жаугершілік

замандарда  ерлікке  толы  өмір  кешкен,  кейін

дінін  де,  ділін  де,  түркілік  тұтастығын  да

жоғалтқан,  тарих  сахнасындағы  биік  төрінен

айырылған түркі жұрағатының ұзақ әпсаналық

шежіресі. Тәмсіл» [1, 45]. Әлішер өзінің барша

қаламгерлік  мұратын  «құрдымға  сіңіп»  бара

жатқан  төл  өркениетінің  келешегімен,  түркі

жұртының  тұтастығы  жайлы  идеямен

байланыстырады.  Бір  кездегі  асқақ  рухты,

айбынды,  байлығымыз  –  бірлігіміз  деген

парасатты  халықтың  ғасырлар  тоғысында

бытырап,  бір-біріне  көз  аларта  бастағанынан

түңілген Әлішер: «Ар-ождан туралы түсініктің

де  алалығы  ел  тұтастығына  сызат  түсіретіні

анық»  [1,  45],  -  дейді.  Осылайша,  Тәңірін

ұмытқан  түркілердің  ендігәрі  алқақотан  жиын

құрып, бас қоса қоярына күмән бой көтереді.

Жалпы 


оқырманның 

зияткерлік,

шығармашылық  тұрғыда  екі  есе  белсенділігін

талап ететін «роман ішіндегі романның» болуы

әлем әдебиетінде көптеп кездеседі (Х.Кортасар

«Игра  в  классики»  (1963),  И.Кальвино  «Если

однажды зимней ночью путник...» (1979), У.Эко

«Остров Наконуне» (1994)). Бұлардың барлығы

– оқырманның жаңа типін жасауға ұмтылыстан

туған шығармалар. Ең бастысы – оқырманның

шығармашылық  қатысына  сүйенген  әдебиет

әрқилы  көзқарас  тұрғысынан  зерделеніп,

түрліше  пайымдалуы  ықтимал.  Осы  қатарға

қо сылатын  Д.Амантайдың  «Гүлдер  мен

кітаптар» романы да сюжеттік-композициялық

тұрғыда бірнеше қабаттан тұрады. Күрделі ішкі



ӘДЕБИЕТТАНУ ЖӘНЕ ТІЛ БІЛІМІ

2014 №1 (22)

86

құрылымға  бағындырылған  баяндау  жүйесі

«Гүлдер мен кітаптар» романының негізгі желісі

мен оған кіріккен «Тәңірдің Кітабы» романының

«интермәтінін»  және  бұл  екеуіне  сюжеттік

ыңғайда қатысы жоқ бөгде эпизодтарды өзара

үйлестіреді.

Романның  интертекстуалдық  сипатына

және  өзге  факторларға  байланысты  мәтінде

әркелкі  стильдер  бедер  тапқан.  Көркемдік

тұрғыда роман авторы Д.Амантай мен «роман

ішіндегі роман» авторының – Әлішердің сөйлеу

мәнері  мен  жазу  машығының  әртүрлі  болуы

заңды.  Осының  үстіне  қасиетті  кітаптардан

алынған  интермәтін  үзінділерінің  әрқилы

стильде  болуын  ескерсек,  романның

эклектикалық сипаты ашылады.

Баяндау стилі кей арада лиризмнен де ада

емес.  Кейіпкер  позициясынан  зерделенетін

сыртқы  ортаның  аракідік  көңіл-күйге  сәйкес

әсершілдікпен лирикалық сипат алатын тұстары

ұшырасып  қалады.  Әлішер  өзінің  тарапынан

көңіл  бөлуді  қажетсінетін  адамдардан  гөрі

(мысалы,  Марфуға)  гүлдерімен  еркін

сырласатын  тәрізді.  Бірақ,  әрине,  қаламгер

егжей-тегжейлі 

психологизмнен 

бас


тартқандықтан,  ол  сырласудың  мазмұны  бізге

беймәлім  күйде  қала  береді.  Әйтеуір,

жалғыздықты  қалап  алған  кейіпкердің  гүлдері

ерекше ілтипатқа бөленген. «Ақ құба ажарында

мұң жоқ, күннің ыстығына налыған реніш табы

ғана бар. Ойлы көзі тайпаның көсеміне ұзақ зер

салды...» [1, 31], «Марфуға нұрға шомылғандай,

құлпырып  кетіпті»  [1,  35]  сынды  портреттік

штрихтар баяндау мәнеріне әлдеқандай нәзіктік

пен  се зімт алдық  үстеп  тұрғандай  әс ер

қалдырады. Ал: «Әлішер сыртта қайда барарын

білмей аялдап сәл тұрды. Өмірі аяқталған тәрізді

көрінді.  Көңілін  қайғы басты.  ...Саябақ  ішінде

сенделіп едәуір жүрді, сосын көлденең бір сәкіге

отыра кетті. Айнала толған қызылды-жасылды

әдемі жапырақтар...» [1, 39], - деген үзіндідегі

драматизм  мен  трагизм  аралығында  толқыған

көңіл-күй  ауаны  мен  пейзаж  көрінісі  еш

байланыссыз  берілген.  Тығырыққа  тірелген

кейіпкердің жан әлеміндегі қайғылы халге, шын

мәнінде,  құлпырған  табиғат  көрінісінің

ешқандай қатысы жоқ. Үзінді сана тұрғысынан

бақылаусыз  бедер  тапқан  авторға  тиесілі  ой

толқынын  аңғартады.  «Әлішер  сыртта  қайда

барарын  білмей  аялдап  сәл  тұрды.  Өмірі

аяқталған  тәрізді  көрінді»  сөйлеміндегі

синтаксистік  ауытқулар  баяндау  барысындағы

«с ана  тасқынының»  рөлін  айқындайды.

Кейіпкердің түрлі тақырыптағы  философиялық

толғаныстары  ақ  өлең  үлгісіндегі  әуезді

айшықтармен өрнектеліп отырады. Мұның өзі

де авторлық баяндау стиліне кей арада біршама

лиризм дарытады.

Романның  баяндау  жүйесінде  диалог,

монодиалог үлгілері өзгеше көркемдік ыңғайда

игерілген.  Ой  нығыздығын  басты  назарда

ұстайтын  автор  айтылар  сөзді  үнеммен

пайдаланып,  қашанда  аз  сөзге  көп  мағына

сыйғызуға  тырысады.  Сондықтан  Д.Амантай

қаламынан шыққан диалогтар автордың ауызекі

сөзге сараңдығын, кейіпкер лебіздерінің көркем

ой  көрігінен  қо рытылып,  нығыздалып

шығатындығын аңғартады.

Үшінші жақтан баяндау дәстүрін сақтаған

романдағы  кейіпкер  сөздері  қаламгердің

алабөтен  стильдік  тәсілімен  өрнектелген.

Д.Амантай  монологтарында  автор  сөзі  мен

кейіпкер сөзінің аражігін ажырату қиын. Төл сөз

бен  автор  сөзінің  шекараларын  айшықтайтын

стилистикалық,  пунктуациялық  ережелерді

қас ақана  бұзу  негізінде  қаламгер  еркін

игерілетін  төлеу  сөзге  жүгініп,  баяндауды

мейлінше  қарапайым  стильдегі  сөз  соқпағына

түсіреді. Сөйтіп, автор мәтін кеңістігінде өзінің

еркін  қозғалысына  тиімді  жағдай  жасайды.

«Әуелі  қолжазбалар  мен  кітаптарымды  өртеп

жіберейін деп ойлады ол» [1, 39], «Жүріп келе

жатып  романды  ешқашан  бітіре  алмайтын

шығармын деп ойлады» [1, 65] тәрізді төлеу сөз

формасындағы  Әлішер  ойын  кейіптейтін

сөйлемдер  көп  қабатты  романның  баяндау

жүйесінде  автордың  тырнақшаларға  сүрінбей,

емін-еркін  қозғалатындығына  мысал  бола

алады.


«Гүлдер мен кітаптардағы» стильдік соны

ізденістердің  бірі  –  «Тәңірдің  Кітабы»

романының  айрықша  мәнерде  жазылуы.  Жыр

үлгісіндегі  романның  тұтастығын  сақтай

отырып,  то сын  көркемдік  пішін  жас ау

мақсатында  автор  түркілер  шежіресін  үтір

арқылы,  бірде-бір  нүктесіз  жазып  шығыпты.

ӘДЕБИЕТТАНУ ЖӘНЕ ТІЛ БІЛІМІ

2014 №1 (22)


87

Мұндай  стильдік  тәсілге  бару  себебі  жайында

Әлішер-Дидар былай дейді: «...әр қысқа сөйлем,

бір  жағынан,  ұзақ  сөйлем  ішінде  тұрып,  оған

тәуелділік  танытады.  Ең  басты  нәрсе  –  бар

сөздің  бос  айтылмауы  және  арқалаған  өз  жүгі

болуы.  Содан  кейін  әуезділігі  міндетті  түрде

талап етілуі қажет» [1, 49].

Басты сюжеттік желі мен «роман ішіндегі

роман»  сюжеттерінің  жарыса  суреттелуі

негізінде үзіліп барып жалғасын тауып жататын

оқиғалардың негізгі үш-төрт арнасын ажыратып

айтуға  болады.  Олар:  Әлішер  өмірі  мен

«Тәңірдің  Кітабы»  романының  жазылуы;

«Тәңірдің  кітабындағы»  байырғы  заман

тіршілігі және үшінші бөлімге енген «Албасты»,

«Сағыныш» атты әңгімелердегі оқшау оқиғалар.

Роман  мәтініне  қосылған  сюжетсіз  әңгіме

құрылымдары және бар. Демек, бұдан «Гүлдер

мен  кітаптар» романының  ішкі  композициясы

ризомалық  принциппен  құрылған  деген

қорытынды    шығары  сөзсіз.  Ішінара  ортақ

байланысы  жоқ  мәтіндердің  кездесуі,  баяндау

ауқымында авторлық «мен»-мен бірге авторлық

мәртебеге  ортақтастық,  кейде  бәсекелестік

танытатын  жазушы  кейіпкердің  (Әлішердің)

«мені» қатар жүреді.

Көркемдік-эстетикалық тұрғыда қаламгер

барлық шектеулерден бас тартқан. Автор (автор-

кейіпкер  –  Әлішер)  жалпы  дін,  оның  түрлері,

соның ішінде қазақ елінің ислам дініне дейінгі

наным-сенімдері – тәңіршілдік туралы қасиетті

ұғымдарға  қатысты  пайымдарында  кей

жағдайларда сакральды табуларды саналы түрде

ысырып тастайды.

Бірінші  деңгейдегі  кейіпкер  Әлішердің

көркем  уақыты  мен  кеңістігі  нақты  (Алматы,

2002  жыл).  Түркі  күнтізбесін  жасау  үстінде

Әлішердің: «..Қазір екі мың екінші жыл», - деп,

реалды  уақытты  атайтыны  автор  уақыты  мен

кейіпкердің  көркем  уақытының  бетпе-бет

келетіндігін дәйектейді. Сонымен бірге екінші,

үшінші деңгейдегі (роман ішіндегі романдағы)

көркем  уақыттар  қоса  қамтылып  отырады.

Жалпы романда қазіргі дәуір мен бағзы бір заман

уақиғаларының қатар өрбуі – дүние болмысын

тану жолындағы ұлы сауалдарға жауап іздейтін

постмодернистік әдебиеттің айқын белгісі.

Кейіпкердің  ой  әлемін  суреттеуде  автор

сараңдық танытпағанымен, толықтай жан әлемі

бұлыңғыр  қалыпта  қала  береді.  Себебі

по стмодернистік  әдебиет  адамның  ішкі

әлеміндегі  күйзелістерді  тура  бейнелеуден

тартынады,  алайда  кейіпкер  психологиясы,

рухани  әлемі  авторлық  жанама  суреттеу  я

болмаса  оқырманның  зияткерлік  қатысуы

арқылы айшықталып отырады.

Мәтіннің  әр  тұсында  бой  көрсететін

философиялық-эстетикалық  толғаныстардың

өзі кейіпкер жан әлемінің қия-қалтарыстарына

жарық сәуле шашады. «...Гүл – бәрібір, азаттық

пен жалғыздықтың жалауы. Азаттықты іздеген

жалғыздықтан жеңіледі. Гүлде сол бір жасырын

мұң бар, сол бір жасырын мұң гүлге талмай ұзақ

қараған  соң,  сізге  көшеді,  кейін  қанша

қуансаңыз  да,  сізден  шыққан  күлкі  тереңдегі

күрсіністі  жасыра  алмай  –  бетіңізде  жүгірген

ізінің әйтеуір бір жерінен алаң көңілдің белгісін

әшкерелеп тұрады.

Қайшылық та сонда, гүл өсірген адам өзіне

серік іздейді» [1, 64-65] немесе «Қасірет шегіп,

бейнет  көргенде,  шындықты  танып,  бақыт

кешкенде, сіздің іргеңізден ұдайы гүл табылады.

Қайғыңызға  ортақтасады,  қуанышыңызды

бөліседі,  жалғыздықта  серік  болады»  [1,  60]

сынды ой-сезім толқындары кейіпкердің мұңды

жалғыздығынан  хабар  беріп  жатады.  Әлішер

жалғыздықты саналы түрде өзі таңдап алған. Ол

өз  ортасынан  -  әріптестерінен,  өзін  сүйген,

бағалаған адамдардан (романда оның туыстық

қарым-қатынастары туралы бірде-бір мәліметті

таппайтыныңыз қызық) бой тартып, белгілі бір

алшақтықты сақтауға тырысады.

Әлішер  автор  суреттеуінде  кей  сәттерде

жүрек  жылуынсыз,  сезімсіз  жан  болып  та

көрінеді. Ол – өз тіршілігінен еш рахат таппаған

жан;  романның  өне  бойынан  жалғыздықтың

мұңды әуені сарнап тұрғандай әсер қалдырады;

Әлішер тіпті бір кездері сүйіктісі болған, бірақ

өзін өзгеге айырбастап кеткен, кейін онысынан

опық  жеп,  өзіне  қайтып  оралуды  қалаған

Марфуғаға  да  немқұрайлы  көзқараспен

қарайды;  үйге  түскен  ұры  да,  есігін  қаққан

саудагер де, кездейсоқ тап болған жезөкшелер

де, көз алдында тонап кеткен сығандар да жанын

мұң  торлаған  жазушы  жігітті  селт  еткізе

алмайды. Сезім атаулыдан тек айықпас мұң ғана

ӘДЕБИЕТТАНУ ЖӘНЕ ТІЛ БІЛІМІ

2014 №1 (22)


88

бар.


Қорыта келе, Д.Амантай қаламына тән бір

ерекшелік  ретінде  оның  көркемдік-стильдік

оқшау ізденістерін атар едік. Қаламгер қазақ сөз

өнерін  өзінше  бір  тосын  стильдік  айшықпен

ұсына  отырып,  ұлттық  фило со фиялық-

эстетикалық  ойдың  жаңа  дәуірдегі  даму

үрдістерін  бажайлайды.  Заманауи  әдеби

үдеріске  дербес  көзқараспен  қарап,  өзіндік

көркемдік  принциптерді  ұстанған  Д.Амантай

прозасының    жанрлық  тұрғыда  да  дәстүрлі

көркем  сөзден  оқшау  тұратыны  анық.  Ең

бастысы  –  автор  қаламынан  туған  жаңашыл

көркем  дүниелер  бүгінде  өз  оқырмандарын

тауып үлгерді.



Әдебиет

1 Амантай Д. Қарқаралы басында. Роман,

по весть,  әңгіме,  эсселер.  Бес  томдық

шығармалар жинағы. Т.1.  – Алматы, 2010. – 396

бет.

Resume

Резюме

Статья посвящена проблемам изучения современного казахского романа. На примере романа

«Цветы и книги» Д.Амантая автор рассматривает вопросы поэтики постмодернизма.

Article is devoted to the study of modern Kazakh novel. Author examines the poetics of postmodernism

on the basis of the novel "Flowers and books" D.Amantay’s.

ӘДЕБИЕТТАНУ ЖӘНЕ ТІЛ БІЛІМІ

2014 №1 (22)


89

2014 №1 (22)

ӘОЖ  821. 512. 122



ӘДЕБИЕТТАНУ ЖӘНЕ ТІЛ БІЛІМІ

Г. ШАЙХРАЗИЕВА, аспирант

Казанский федеральный университет

А.ТАҺИРОВНЫҢ “ЯМӘЛКӘ ТАВЫ” ӘСӘРЕНДӘ

КОНФЛИКТ БИРЕЛЕШЕ

Ключевые слова:  Афзал Таһиров, “Ямәлкә тавы”, конфликт, тарихи каршылык, экспозиция,

төенләнеш, вакыйгалар үстерелеше, кульминацион нокта, чишелеш, тема, идея.

Афзал  Таһиров  –  XX  йөз  башы  татар

тормышының  үзәгендә  кайнаган  әдип,

драматург, җәмәгать һәм дәүләт эшлеклесе. Ул

1890  елның  25  октябрендә  хәзерге  Татарстан

Республикасының  Әлмәт  төбәгенә  караган

Габдрахман авылында ярлы игенче гаиләсендә

туа. Тугыз яшендә тулы ятим булып калгач, олы

абыйларының тәрбиясендә үсә. «Мөхәммәдия»,

«Хөсәения»  мәдрәсәләрендә  белем  ала.  1917

елгы революциядән соң авылда волостька совет

әгъзасы итеп сайлана, соңрак Оренбургта укыту

эшләре  белән  шөгыльләнә.  1925  елны  әдип

Мәскәүгә марксизм-ленинизм институтына ике

еллык  укуга  озатыла.  Аны  бетергәч,

Башкортостанда Үзәк башкарма комитет рәисе

итеп сайлана һәм бу урында репрессияләнгәнче

эшли.  1932  елдан  ул  Башкортстан  Язучылар

берлеген  о ештыра.  Алты  ел  буена  әлеге

республиканың  Үзәк  Башкарма  комитетын

җитәкли.  1937  елны  гаепсезгә  шпионлыкта

гаепләнеп атып үтерелә.

А.Таһировның  әсәрләре  ике  дистә  еллар

дәвамында басылмый килә. Шәхес культы фаш

ителгәннән 

соң, 


кайбер 

язмалары


Башкортостанда дөнья күрә, ә Татарстанда 2001

елда  гына  нәшер  ителә  башлый.  Аның  хикәя,

повесть  һәм  романнары,  драма  әсәрләре

(«Янгура»,  «Ямәлкә  тавы»,  «Безнең  көннәр»  ,

«Мазлумәләр»,  «Сатылган  кызлар»,  «Ил

өреккәндә», «Солдатлар»,  «Күчү чорында» һ.б.)

татар  халкының  тормышын,  катлаулы  тарих

битләрен яктырта һәм алар тирәнтен өйрәнүгә

мохтаҗ.  Әлеге  эшебездә  «Ямәлкә  тавы»

повестендагы  каршылыкларга  тукталырбыз.

Әсәрнең  сюжетын  күзәтеп,  конфликтын

билгеләү  аша  идея-тематикасына  юл  таба

алабыз.

Афзал  Таһировның  1927нче  елда  дөнья



күргән  «Ямәлкә  тавы»  повесте  Пугачевтан

калган 


архив 

материаллары 

буенча

чынбарлыкка  нигезләнеп  язылган,  ул  -



заводларда  яшәүче  крепостной  эшчеләрнең

Әлеге мәкалә Афзал Таһиров иҗатына, аның “Ямәлкә тавы” әсәренә багышлана. А.Таһиров

(1890-1937) – XX йөз башы татар әдәбиятының талантлы әдип һәм драматургы. Аның исеме

иҗтимагый-сәяси  сәбәпләр  аркасында  озак  еллар  “онытылганнар”  арасында  саналып  килә.

А.Таһиров әсәрләре кызыклы һәм эчтәлекле, сәнгати яктан бай. Әдип-драматург татар теленең

сурәт ясау мөмкинлегенән, сүз байлыгыннан оста файдалана, тел-стиль чараларын үзенчәлекле

куллана.  Әсәрләре  сюжет  төзелеше,  конфликт корылышы,  характерлар  бирелеше  ягыннан  да

игътибарны җәлеп итә.

Әдәбиятны үстерүгә, яңартуга үзенең әсәрләре, эшчәнлеге белән зур өлеш керткән А.Таһиров

иҗаты җентекле өйрәнүгә мохтаҗ. Шуларны истә тотып, әлеге язмабыз әдип мирасындагы

көчле әсәрләрнең берсе ? “Ямәлкә тавы” повестендагы конфликт бирелешен өйрәнүгә багышлана.

90

ӘДЕБИЕТТАНУ ЖӘНЕ ТІЛ БІЛІМІ

2014 №1 (22)

авыр хәлен, аларның Пугачев явына кушылып

китүләрен,  чынбарлык  ко нфликтларын

сурәтләүгә багышланган.

Әсәрнең  сюжеты  артык  катлаулы  түгел,

вакыйгалар гади,  аңлаешлы тел  белән бирелә.



Экспозиция  өлешендә  туачак  конфликтның

сәбәпләре,  алшартлары  белән  танышабыз.

Хикәя  юлда  баручыларны  сурәтләү  белән

башланып  китә.  Алар  –  заводларга  борын

заманнан бирле эшләргә беркетелгән, һәр елны,

заводка барып, ике йөз көннән артыграк эшләп

кайтырга  тиеш  булган  крестьяннар.  Көз  көне

килеп җиткән булса да, үз илләрендәге барлы-

юклы  җирләренә  чәчкән  игеннәрен  дә  җыеп

бетерә  алмыйча,  өйләрендә  калган  карт-коры,

хатын,  бала-чагаларына  тапшырып,  Әби

патшаның законы буенча Казан, Сембер, Вятка

губерналарыннан  Оренбург  губернасының

Преображенский,  Биларетский  заводларына

тимер, бакыр чыгару эшләренә, утын кисү, агач

әзерләү эшләренә баралар. Бу күренеш, андагы

геройлар  XVIII  йөзгә  хас.  Тарихтан  мәгълүм

булганча,  XVIII  йөздә  татар  халкының

күпчелеген  дәүләт  крестьяны  дип  аталган

яс аклы  кре стьяннар  тәшкил  итә.  Болар

«лашманчылык»  хезмәтендә  һәм  завод-

фабрикаларга  беркетелеп  интектереләләр.

Заводтагы  каты  эш,  начальникларның

эшчеләрне,  бигрәк  тә  авыллардан  заводка

беркетелгән крестьян эшчеләрен җәфалаулары,

кыйнаулары,  «батырраклар»ны  каторгага

җибәрүләре эшче көчтә канәгатьсезлек тудыра

һәм  каршылыкка  китерә.  Шушы  тарихи



конфликт  әсәрдә  дә  чагылыш  таба.

Конфликтның яралган ноктасы – төенләнеш –

эшчеләрдә  ризасызлык  артып,  аларның  үз

хокукларын  яклап  баш  күтәрүләрендә  күренә.

Бу  вакыйгадан  соң  каршылык  көчәеп  китә.

Вакыйгалар  үстерелешендә  гаделлек  эзләп,

мохтаҗлыкларын  сөйләп,  ярдәм  сорарга  дип

юлга  чыккан  илчеләр  (Миңлегалиев,  Матвей,

Корбан, Семен)  чынбарлык кырыслыгы белән

очрашалар:  битарафлыктан,  «күчтәнәч  өмет

итү»  дән  башканы  күрмиләр.  Заводка  кире

әйләнеп  кайткач,  эшчеләр  арасында  Пугачев

турында  хәбәрләр  тарала  башлый:  «Безнең

хатын патша хатын икән, патшалык икенче бер

иргә  тиеш  булган,  ә  ул  егет  бояр,  түрәләрнең

халыкны кысуларына каршы булган, ди, шуның

өчен  байлар,  аны  киңәшләшеп  үтереп,  әлеге

хатынны  патша  иткәннәр.  Теге  патша  булачак

кеше качкын булып йөргән, ил гизгән, боярлар

кулындагы  крестьяннарның,  заводлардагы

эшчеләрнең  тормышларын  үз  күзләре  белән

күргән.  Шуннан  соң  боярларга,  түрәләргә,

патшага  каршы  гаскәр  җыйнап,  яу  булып

чыккан, ди. Җаек буе халкы, ул тирәдәге ярлы

крестьяннар  бары  да,  шуның  ягына  чыгып,

боярларны  кисәләр,  ди.  Үзен  Ямәлкә  дип

йөртәләр  икән.  Җаек  буендагы  казакъ,

башкортлар,  атлы  казаклар  бары  да  шуңа

кушылганнар»,  –    ди  Корбан.  Телгә  алынган

«хатын патша» – тарих буенча таныш Екатерина

II. Ә Ямәлкә –   түрәләрнең бояр һәм байларның

халыкны  кысуларын  күреп,  аларга  каршы

чыккан  Емельян  Пугачев  бирелеше.  Тарихтан

билгеле булганча, Е.И.Пугачев үзен «патша Петр

Федоро вич»  дип  игълан  итә.  Чыгарган

манифестында ул крестьяннарга елга, җир, акча

һәм икмәк бүләк итүен белдерә. «Могҗиза белән

исән калган императорның»  ватанга хезмәткә

чакыруы,  юмарт  вәгъдәләре  куаныч  белән

каршылана.    «Петр  III»  байрагы  астына

тормыштан  канәгатьсез  йөзләрчә  кешеләр

җыела  башлый.  Шул  рәвешле,  вакыйгалар

нигезендә әлеге реаль күренешләр ята.

Әсәрдә  хыяллары  чынга  ашмаган

крестьяннар  азатлык  бүләк  итүче  Ямәлкәне

түземсезләнеп, әзерлек белән көтә башлыйлар.

Пугачев  вәгъдә  иткән  матур  тормыш  турында

ишеткәч,  аларның  йөзендә  өмет  чаткылары

уйный башлый, алар җанланып китәләр һәм җае

чыгу  белән  Ямәлкә  гаскәренә  кушылып,

түрәләргә  каршы  яуга  чыгалар.  Бу  көрәштә

милли-азатлык  хәрәкәтенең  чын  билгеләре

чагылыш таба, бу хәрәкәтне җанландыручылар:

Миңлегалиев,  Габдрахман,  Корбаннар.

Миңлегалиев  (Иртуган)  һәм  Габдрахман

образлары  әсәрдә  аеруча  ачык  һәм  аңлаешлы

итеп  бирелә.  Шәхси  сыйфатлары  көчле,  истә

калырлык  әлеге  персонажлар  аркылы  шәхес

иреген яклап, аннан котылуның юлларын эзләп

йөрүче батыр татар эшчесе үрнәген күрәбез.

Чыннан да, бөтен ил буенча барган әлеге

халык  восстаниесендә  татарларның  роле  зур

була,  Иртуган  кебекләр  Ямәлкәгә  килеп


91

ӘДЕБИЕТТАНУ ЖӘНЕ ТІЛ БІЛІМІ

2014 №1 (22)

кушылалар, 

әсәрдән 

аңлашылганча,

юлбашчының  ышанычын  казаналар,  зур

батырлыклар  күрсәтәләр.  Тик  азатлык  даулап

йөргән  көннәрдә,  күп  өлешне  тәшкил  итүче

башкортлар, кире борылып, үз илләренә кайтып

китә  башлыйлар,  шуның  аркасында  гаскәр

көчсезләнә бара. Биредә без бердәмлек җитмәү,

«аерылганны аю ашар – бүленгәнне бүре ашар»

дигән халык мәкаленең асылын күзәтәбез. Җан-

фәрман  сугышуларына  карамастан,  аз  санлы

Иртуган  гаскәрен  пленга  алалар.  Иртуганның

үзен исә кул-аяклары бәйләнгән хәлдә чиркәүгә

алып  киләләр.  Бу  урында  каршылыкның  иң

кискен,  югары  ноктасына  тап  булабыз.  Эшче

көчнең төп вәкиле Иртуган крестьяннарны изеп

яшәүче  боярларның,  аларга  буйсынган  мулла-

попларның  явызларча  җәберләвенә,  мәсхәрә

итүенә дучар була. Физик җәзалаудан тыш, аны

рухи яктан да  сындырырга тырышалар, ләкин

батыр Иртуган патшага каршы чыгуны дин бозу

дип  санаган  мулла  һәм  поп    сүзләренә  колак

салмый,  вәхшиләрчә  интектергәндә  көлеп

торган  бу  бәндәләрнең  үз  иманнары  күптән

сатылган  икәнлекне  яхшы  аңлый,  сынауларга

түзә.  Аны  бик  каты  кыйнап,  телен  кисәләр,

соңыннан  тиреслеккә  ташларга  боералар.  Бу

боерык йөкләнгән крестьян Иртуганны жәлләп

чишмә буена илтеп калдыра.

Алга таба аның улы турында да мәгълүмат

бирелә:  Габдрахман  яуда  батырларча  көрәшеп

һәлак була. Әсирләрнең башларын кисеп, тирән

базга егермеләп олау китерәләр, базны көч-хәл

белән  күмеп  куялар.  Ул  бик  биек  тауны

хәтерләтә. Бу урынны соңрак «Ямәлкә тавы» дип

йөртә  башлыйлар.  Шул  рәвешле  әсәрнең



чишелеше  исемендә  чагылган  атама  тарихын

бирү белән үрелә. Бу вакыйга – уйдырма түгел.

Революция  тәмамлангач,  бер  авыл  читендәге

урынны  –  яу  барган  курганны  Ямәлкә  исеме

белән  атыйлар.  Сугышта  җиңелсәләр  дә,  ирек

даулаган  көрәшкә  ышаныч  күрсәтү,  рәхмәт

белдерү  уңаеннан  бирелгән  атама  язучы

тарафыннан  әнә  шулай  искә  алына.  Афзал

Таһиров XVIII йөздәге сыйнфый каршылыкны,

аның нәтиҗәләрен оста чагылдыра, ләкин төп



игътибарны геройларның күңел дөньясына,

кешелек  сыйфатларын  ни  дәрәҗәдә

саклауларына  юнәлтә;  түрәләрнең,  аларга

буйсынып яшәгән мулла-попларның кансызлык,

шәфкатьсезлегенә, Иртуган кебекләрнең көчле

рухына басым ясый.

Әсәр  ахырында  үзенчәлекле  тәмамлау

өлеше бар: кенәз Галициннар кулында ун ел кол

булып торганнан соң качып кайткан Зөләйха –

күп авырлыклар күрүче, ләкин үзендә алга таба

яшәргә  көч  тапкан  гади  халыктан  бер  вәкил

буларак  бирелә.  Нинди  генә  авырлыклар

күрмәсен,  татар  кызы  рухи  яктан  чиста,  пакь

булып кала. Кызның Ямәлкә тавы янында басып

то руы 

– 

татар 



кешесенең, 

барлык


түбәнсетүләргә, авырлыкларга карамастан, кара

көчтән  өстен  калуы,  рухи  сафлыгын

югалтмавына ишарә итә.

Шулай итеп, Афзал Таһировның «Ямәлкә

тавы»ның  буеннан-буена  төп  каршылык

турында  сүз  барды.  Бу  каршылыкның  бер

ягында  – җәбер-золымга түзә алмыйча, азатлык

өчен көрәшкә чыккан, шундый авыр вакытта да

намусларын саклаган татар эшчеләре һәм алгы

сафта баручы Иртуган, Габдрахманнар, ә икенче

ягында  –  җәбер-золым,  көчләүне  корал  иткән

патша,  түрә,  боярлар  һәм,  шундый  явызларга

кушылып,  үз  намусларын  сатарга  әзер  торган

поп,  муллалар  тора.  Хикәя,  андагы

каршылыклар  белән  танышу  барышында,

әсәрнең  



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет