Қызықты химия есептері



бет21/28
Дата02.12.2023
өлшемі0,57 Mb.
#131654
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   28

32 есептің жауабы:


З – оксиді. Оның құрамы MnOm болсын. Онда оның молекулалық массасы nx + 16m тең, осыдан x – металдың атомдық массасы.
%O = = 0,09343; x = 155,3m/n
а) n = 1, MOm, m = 1,2,3
б) n = 2, M2Om, m =1,3 мұндай шешім жоқ
в) n = 3, M3Om, m = 1,2,5
m=4, это Pb3O4
г) n = 4, M4Om, m = 1,3,5,7 –шешімі жоқ
Осыдан, З – Pb3O4.
3Pb + 2O2 = Pb3O4
Pb3O4 + 6 NaOH + 4H2O = 2Na2Pb(OH)4 + Na2Pb(OH)6
Pb3O4 + 4HNO3 = 2Pb(NO3)2 + PbO2 + 2H2O
Е газы – көміртек диоксиді немесе күкірттің диоксиді, яғни ізбес суы тұнба түзеді, бірақ содан соң еріп кетеді. Көміртек диоксиді алып тастау қажет, яғни құрамында Pb, C және O кез-келген қосылыс концентрленген азот қышқылымен қыздыра отырып әсер еткенде толығымен еріп кетеді.
Е заты – күкірт диоксиді болсын, онда Д тұнбасы азот қышқылында ерімейтін, қорғасын сульфаты болып табылады.
Егер Д заты – қорғасын сульфаты болса, онда А – күкірт немесе қорғасын сульфиді болып табылады. Онда қоспа 200 оС қыздыруға төзімді, онда күкіртті алып тастау қажет.
А затының құрамында оттек болмайды, онда Б затының құрамында міндетті түрде оттек болуы қажет, яғни қорғасын және күкірт болуы мүмкін. Егер Б затының құрамында қорғасын болмайтын болса, онда ол зат күкірттің диоксиді болуы мүмкін, (газ– болуы мүмкін емес); күкірттің триоксиді де болуы мүмкін емес, қыздырған кезде булану құбылыс байқалады. Осыдан, Б заты құрамында қорғасын болады деп шешуге болады. Егер Б затының құрамында күкірт болатын болса, онда екі түрлі нұсқаны ұсынуға болады –PbSO3 және PbSO4; бірақ мұндай қосылыстар жауапқа сәйкес келмейді, себебі қоспаны ыстық концентрленген азот қышқылының ерітіндісімен өңдегенде қоспада PbS осы заттардың кез- келгенімен ерімейтін PbSO4 түзеді, сонда ерітіндіде азот қышқылының артық мөлшерінен басқа заттар қалмайды.
Қорытынды: Б затының құрамында қорғасын және оттек болады, бірақ құрамында күкірт мүлдем болмайды. Pb үш оксидінің ішінен тек қана PbO ғана сәйкес келеді, қоспа азот қышқылымен тотыққан кезде қоспада PbS с Pb3O4 немесе PbO2 тұнба екі затта ғана түзіледі (PbSO4 және PbO2).
Реакция теңдеуін жазамыз:
PbS + 8HNO3 = PbSO4 + 4H2O + 8NO2
PbO + 2HNO3 = Pb(NO3)2 + H2O
PbS + PbSO4 = 2Pb + 2SO2
Ca(OH)2 + SO2 = CaSO3 + H2O
CaSO3 + SO2 + H2O = Ca(HSO3)2
800-900 оС температурада А және В заттары М және Е заттарын береді:
PbS + 2PbO = 3Pb + SO2
Бұл реакция қорғасынды өндірісте алу үшін қолданылады. Осыдан: А – PbS, Б – PbO, В – NO2, Г – Pb(NO3)2,
Д – PbSO4, Е – SO2, Ж – Ca(HSO3)2, З – Pb3O4.


33-есеп. Қиын балқитын металдың жоғарғы хлориді ашық-сары түсті кристалдық зат болып табылады. Аузы жабылған ампулада хлоридті осы металдың ұнтағымен қосып қыздырған кезде осы металдың басқа хлориді түзіледі. Реакция нәтижесінде алынған өнімнің сандық құрамын анықтау үшін екі түрлі анализ жүргізді:
Массасы 0,0703 г өлшеп алынған салмақ үлгісін сутегінде қақтады. Алынған газды ерітіндіге сіңірді, ол үшін газ 0,01 моль натрия гидроксидіне жіберілді, алынған ерітіндіні бейтараптау үшін концентрациясы 0,1 моль/л көлемі 89,9 мл тұз қышқылының ертіндісі қолданылды.
Массасы 0,1124 г басқа өлшеп алынған салмақ үлгісін ауада қыздырды. Осы кезде массасы 0,0789 г түсі ақ, жоғарғы оксид алынды.
Белгісіз металды атап, оның хлоридтерінің формуласына мысал келтіріңдер.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет