Микроорганизмдердің биосферадағы экологиялық ролі



Дата21.12.2023
өлшемі0,73 Mb.
#141917

Микроорганизмдердің биосферадағы экологиялық ролі
1.Қоршаған орта тепе-теңдігін сақтаудағы маңызы
2. Микроорганизмдердің геологиялық қызметі
Орындаған: Ғабитова Т.А.
Бисембиева Б.
Бактериялар өте ұсақ, мөлшеріне байланысты оңай түрде жарықтардан, саңылаулардан және тесіктерден өтеді. Бактериялар өте төзімді болады, қолайсыз жағдайда тіршілік етуге бейімделген: олар кеуіп қалуды, өте күшті тоңазытуды және қыздыруға шыдайды. Ал бактериялар споралары тіпті өмірде күнделікті қажетті өте маңызды қызметтерді атқарады.
Бактериялар кеңінен өсімдік өсіру мен мал шаруашылығына және тамақ өнеркәсібінің алуан тармақтарында қолданылып отыр. Микробиология кеңінен текстильдік және тері илеу өнеркәсібінде пайдалана бастады.
Топырақтағы бактериялар өсімдіктердің өсуі мен дамуына үлкен ықпалын тигізеді. өсімдік тамырларына көптеген бактериялар шоғырланады. Мұндай микрофлора өсімдік қоршаған ортамен байланысты пайдалы немесе зиянды болу мүмкін. Бактериялар өмір сүру кезінде адаммен қолданылатын заттарды бөліп шығарады. Сол заттар тізімінде антибиотиктер, аминқышқылдары, витаминдер, ферменттер және басқа қоспалар. Жыл сайын осы заттардың тізімі жалғаса береді; микробтар әлемі – ол сарқылмас өте маңызды заттардың қайнар көзі.
Бактериялардың геологиялық тіршілік атқару іс-қимылдары орасан зор болғаны мәлім. Бактериялар табиғаттаға зат алмасу шеңберіне тіпті белсене қатысады. Осы кезде барлық органикалық заттар және бірқатар бейорганикалық заттар аса маңызды өзгерістерге ұшырайды. Мұндай зат алмасу шеңбері – ол жер бетіндегі негізгі тіршілік атқарумен байланысты болады.
Бұрыңғы кезде бактериялық ағзаларды өсімдіктер әлеміне жатқызатын, ал қазіргі заманда бактериялар прокариоттар ретінде, ерекшелікті тірі жандар патшалығына жатқызады, ол өсімдіктер мен жануарлар патшалығынан өзгеше болатындығы дәлелденген.
Өсімдік текті және жануар текті органикалық қосылыстар микроорганизмдермен көміртегі, азот, күкірт, фосфор, темір және т. Б. элементерге дейін минералданады.
Көміртегі айналымы. Көміртегі айналымына фотосинтез процесінде көмірқышқыл газын сіңіретін цианобактериялар, балдырлар және өсімдіктер белсенді қатысады. Сонымен бірге, өлі өсімдіктер мен жануарлардың органикалық затын көмірқышқыл газын бөліп ыдырататын микроорганизмдер қатысады. Органикалық заттар аэробты ыдырағанда көмірқышқыл газы және су түзілсе, анаэробты ашытуда- қышқылдар, спирттер, көмірқышқыл газы түзіледі. Спирттік ашытуда микроорганизмдер (ашытқылық және т. Б.) көмірсуларды этил спирті мен көміртегінің қос тотығына дейін ыдыратады. Сүт қышқылды ашыту- сүтқышқылды бактериялар сүт қышқылын, сірке қышқылын және көміртегінің қос тотығын бөлумен сипатталады.
Азот айналымы. Атмосфералық азотты түйнекті бактериялар мен топырақтың еркін тіршілік ететін микроорганизмдері байланыстырады. Өсімдік, жануар және микроб қалдықтарының органикалақ қосылыстары микроорганизмдермен топырақта аммонии қосылыстарына айналып минералданады. Микроорганизмдермен ақуыз ыдырау процесінде аммиактың түзілуі аммониификация немесе азоттың минералдануы деп аталады. Псевдомонадалар, протейлер, бациллалар және клостридиялар ақуызды бұзады. Ақуыз аэробты ыдырағанда: аммиак, сульфат, көміртегі диоксиді және су түзілсе, анаэробтыда - аммиак, аминдер, көміртегі қос тотығы, органикалық қышқылдар, индол, скатол, күкіртті сутек түзіледі. Уробактериялар зәрмен бөлінетін мочевинаны аммиак, көміртегінің қос тотығына және суға дейін ыдыратады. Бактерияның органикалық қосылыстарды ферменттеуінен түзілген аммонии тұздарын жасыл өсімдіктер пайдалануы мүмкін.
Өсімдіктерге жақсы сіңірілетін нитраттар-азот қышқылды тұздар болып табылады. Бұл тұздар органикалық заттар ыдыраған кезде, аммиактың азотты, әрі қарай азот қышқылына дейін тотығу процесінде түзіледі. Бұл процесс-нитрификация, ал оны тудыратын микроорганизмдер -нитрифицирлеуші деп аталады. Нитрифицирлеуші бактерияларды орыс ғалымы С. Н. Виноградский (1890-1892) бөліп алып сипаттаған. Нитрификация 2 фазада жүреді: бірінші фаза-Nitrosomonas туыстастығының бактериялары арқылы атқарылады, бұл кезде аммиак азотты қышқылға дейін тотығып, нитриттер түзіледі. Екінші фазасында Nitrobacter туыстастығының бактериялары қатысады, бұл кезде азотты қышқыл тотығы нитратқа айналады.
Нитраттар топырақ өнімділігін арттырады, бірақ кері процесс- денитрификация процесі нәтижесінде нитраттар бос азотқа дейін қайта қалыптасып, топырақтағы оның тұз түріндегі қорын азайтып, топырақтың өнімділігін төмендетеді.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет